Педагогические науки/5. Современные методы
преподавания
М.ғ.д. Тебенова К.С., п.ғ.м. Мусеева Г.Н.
Карагандинский
государственный университет им. Е.А.Букетова
Зияты
зақымданған мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық
қабілетін дамыту
Мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты
мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі
мәселелердің бірі, оларды қоғамдық өмірге
дайындау, әлеуметтік бейімдеу, жан-жақты дамуларына көмек
көрсету, әлеуметтік өмір шеңберде тең
құқылы тіршілік ете алуларына жағдай жасау. Психикалық
дамудың тежелуі бар балаларда зейін, есте сақтау, ойлау,
қабылдау, қиялдау, кеңістікті бағдарлау сияқты
құбылыстар төмен болып келеді. Осы себептерге байланысты
психикалық дамуы тежелген балалардың оқу үлгерімі
төмен болады. Бұл балалардың оқуға
үлгермеушілігі 7 – 8 жастан анық байқалады. Оның
негізгі белгілері: сабаққа белсенділігі байқалмайды, берілген
тапсырмаларды үлкендердің көмегінсіз дұрыс орындай
алмайды, сыныптастарымен аз араласады, өз ойын ашық айта алмайды,
есептеулерде көп қате жібереді, тез шаршағыш, зейіні
тұрақсыз болады. Зияты зақымданған балалардың
танымдық қабілеттерін дамыту, ол жеке тұлғаның
жан-жақты толыққанды дамуының бір аймағы.
Яғни, мектепалды топ балаларының жеке тұлға ретінде
дамуында ең бастысы. Баланың
танымдық-қызығушылық аумағының
қалыптасу механизмін түсінгеннен кейін, біз мақсатты
түрде тәрбиелік әрекеттердің көмегі арқылы
қызығушылықты арттыруға әсер ете аламыз. Зияты
зақымданған мектепке дейінгі баланың оқу
жоспарының бағыты неғұрлым дұрыс
таңдалған болса, соғұрлым оның әлеуметтік
бейімделуі мен интеграциясының да жетістікке жетуіне аз емес
мүмкіндіктердің жолы ашылады. Сонымен қоса баланың
танымдық қабілеттерінің көрсеткіштері де жоғары
болады [1-3]. Сондықтан амалмыш
мәселені жан-жақты зерттеу өте маңызды.
Аталмыш
жұмысының мақсаты зияты зақымданған мектеп жасына
дейінгі балалардың танымдық қабілетін дамыту, танымдық
қабілеттердің қалыптасуы деңгейін зерттеу
жөніндегі әдістемелік кешенді құрастыру болды. Зерттеу «Ертөстік» балабақшасында жүргізілді. Тәжірибе жұмысына 2 топтың 17
психикалық дамуы тежелген балалар қатысты.
Зерттеулер 3 кезеннен тұрды.
Бірінші кезеңнің мақсаты – тексеруге қолайлы
психологиялық - диагоностикалық әдістемелерді таңдап алу
болды. Екінші кезеңнің мақсаты – балабақшадағы
психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық деңгейін
анықтау, алынған нәтижелерге талдау жасау. Үшінші
кезеңнің мақсаты – танымдық қабілеттерді
арттыруға арналған жаттығулар кешенің қолданып
түзету экспериментін жүргізу және жүргізілген
психологиялық экспермент жұмысының тиімділігін
дәлелдеу, салыстырмалы анализ жасау, ұсынылып отырған
әдістемелік кешеннің маныздылығын анықтау болды.
Зерттеулер
барыснда танымдық әрекетінің есте сақтау, ойлау, зейін,
қиял және қабылдау сияқты қабілеттерін
анықтау барысында 5 әдістеме қолданылды: 1 Әдіс. А.
Лурия тестісі немесе «Сөздерді есте сақта» әдістемесі
арқылы есте сақтау қабілетінің тиімділігін
анықтау және қысқа уақыт мерзімдегі динамикасын
зерттеу; 2 Әдіс. Рубинштейн тестісі, яғни «Төртінші
артық» әдістемесі арқылы ойлау қабілетін анықтау;
3 Әдіс. М.Монтессори әдісі немесе «Айырмашылығын тап»
әдістемесі арқылы зейіннің бір объектіден екінші объектіге
ауысуын, яғни зейіннің аударылуын анықтау; 4 Әдіс.
Калинина әдісі, яғни «Әңгіме құрастыр»
әдістемесі арқылы шығармашылық қуатты, оның
даму деңгейін айқындау; 5 әдіс. Немов әдістемесі - «Не
жоғалды?» деген, оны
баланың бейнені тұтас қабылдау деңгейін, оның
қалыптастыру қабілетін анықтау болды.
Зерттеуден алынған
нәтижелер келесі нормалар бойынша бағаланады: Жоғары
деңгей - 2-3 минут көлемінде тапсырмаларды еш қатесіз орындап
шыққандар; Орташа деңгей – тапсырманы орындау кезінде 2-3
қате жібергендер; Төмен деңгей – тапсырманы орындай
алмағандар.
Аталмыш
әдістемелерді қолдана отырып біз келесі нәтижелерге ие
болдық (1 сурет).

1 сурет. Жыл
басындағы тәжірибеге дейінгі бақылаушы және
тәжірибелік
топтардың көрсеткіші
Жоғарыда аталған көрсеткіштерге қарап
балалардың ете сақтау қабілетінің төмен, зейіні
шашыраңқы, қабылдау, қиял дағдылары, ойлау
қабілеті томен екенін көрдік. Осыларды ескере отырып біз келесі
кезеңде балалардың танымдық қабілетін дамытуға
арналған тапсырмалар топтастырылған әдістемелік кешен
құрастырып ұсынылды. Сонымен қатар «Мектеп жасына
дейінгі психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық
үрдісін дамыту» әдістемелік кешен дайындалды. Психикалық
дамуы тежелген балаға психологиялық – педагогикалық сипаттама
олардың ерекшеліктері туралы сипаттаған.
Оқу әдістемелік кешенге танымдық үрдістерге
қысқаша сипаттама және психикалық дамуы тежелген
балалардың танымдық қабілетін дамытуға арналған
әдістемелер мен жаттығулар енгізілген. Сол жаттығуларды
қолдана отырып мектеп жасына дейінгі психикалық дамуы тежелген
балалардың есте сақтау қабілетін, зейінін, қиял мен
қабылдауын және ойлау қабілеттерін дамытуда 5 тапсырмалардан
туратын кешенді іске асырдық. Ол тапсырмалар кешенінде «Суретті есте сақта», «Сөздерді
есте сақта», «Лабиринт», «Не бейнелеген?», «Суретші нені ұмытып
кетті?», «Не бейнеленгенін тап», «Қандай фигура?», «Әңгіме
құрастыр», «Ертегіні айтып бер», «Менің көңіл
күйім қандай?», «Не бейнеленген?», «Елестет те ойлап көр....Егер...»
сияқты жаттығулар қолданылды.
Тапсырманың соңында баланың деңгейі екінші
констатациялық диагностика барысында анықталды. Психикалық
дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық
белсенділіктерін дамыту барысында қолданылған
әдістемелік кешеніміздегі тапсырмалар жинағын қолдану
тәжірибесі барысында айтарлықтай қиындықтар
туындаған жоқ. Оқушылар эксперимент барысында
психологиялық сабақтарда пайдаланылған тапсырма
түрлерін қызығушылықпен орындады, кейбір
балаларға тәрбиеші тарапынан үнемі көмек
көрсетіліп отырды және тапсырмалар балалардың жеке психикалық
ерекшеліктеріне сәйкес топтастырылды. Барлық танымдық
әрекетінің қабілеттері бойынша оң өзгерістер
байқалды, яғни 4-6 мин арасында тапсырмаларды орындаған
балалар саны 36,4% дан 56,4% дейін өсті.
Дамытушы эксперимент жұмысынан кейін
негізгі және бақылау топтарына қатысқан балаларға
психикалық процестерді дамытуға арналған тапсырмаларды екінші
мәрте диагностикалық әдістемелер көмегімен тексеру
жұмысы жүргізілді. Алынған нәтижелер дамытушы
эксперимент жұмысының нәтижелілігі мен
қолданылған әдістемелік кешенінің тиімділігін
көрсетті.
Мысалы:
балалардың есте сақтауы, ойлау қабілеті, зейін ерекшеліктері,
қиялдауы, қабылдауы айтарлықтай өзгерді. Экспериментке
дейінгі жүргізілген көрсеткіште бақылау тобы
жоғарғы көрсеткіштерге ие болса, негізгі тобының
көрсеткіші көңілге қонымсыз. Үздіксіз
жүргізген эксперименттен кейін бақылау тобы жоғары
деңгейде, ал негізгі тобы – орташа деңгейде екенін көрсетті.
Жоғарыда келтірілген салыстырмалы мәліметтерден балалардың
танымдық деңгейінің дамуы екі топта екі түрлі
қарқынмен жүргендігін көрсетеді. Эксперимент
тобындағы балаларда кездесетін қателер пайызы бақылау
тобындағы оқушылардың қателеріне қарағанда
анағұрлым төмен, көрсеткіштерден оң динамика
байқалады. Демек дамытушы эксперимент жұмысы өзінің
нәтижелілігі мен тиімділігін дәлелдейді.
Бастапқы
жүргізілген әдістеме бойынша интеллектуалдық даму
деңгейі, соның ішінде: есте сақтау қабілеті, ойлау,
зейін ерекшеліктері, қиял мен қабылдау деңгейі біршама артта
қалғаны байқалды. Тапсырманы орындау барысында
ұзақ, яғни бала көп ойланады, берілген уақыт
мөлшерінен әлдеқайда ұзақ отырады.
Ұмытшақтық, баланың тапсырмаға деген зейіні
шашыраңқы, үлкен адамның көмегін қажет
етеді. Біздің ұсынып отырған, мектеп жасына дейінгі
психикалық дамуы тежелген балалардың интеллектуалдық даму деңгейін
біршама арттыруға септігін тигізеді. Тапсырмалар жинағы
жеңілдетіліп берілген, ұсынып отырған тапсырмалардан кейінгі
нәтиже бастапқыға қарағанда айтарлықтай
жақсы болып отыр.
Әдістемелік
кешеннің маңыздылығын айқындай отырып, оны
психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балалардың
танымдық қабілетін дамыту мақсатында кең
қолдануға болады деп ұсынамыз.
Әдебиеттер:
1. Байтұрсынова А.А. Арнайы педагогика: проблемалары мен даму
болашағы. –
Алматы, 2008. – 21 – 35 б.
2. Тебенова Қ.С., Рымханова А.Р. Арнайы психология. – Алматы, 2011. –
249 б.
3. Тебенова Қ.С. Дамуында ауытқулары бар балалар. –
Қарағанды, 2003 – 160 б.