Медиева С.Х.,Әмірбекова М.Р.,Асетова Ж.Б.,Ниетуллаева Н.Н.

Қарағанды мемлекеттік университеті ,Қазақстан

 

Педагогикалық технологияны іс-әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тиімді пайдалану

 

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық қажеттіліктерімен тығыз байланысты білім беру және техногияларды жетілдіру көзі» деп атап көрсеткендей, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестірумен және оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.

Қазіргі заман педагогтерінің негізгі мақсаты-білім алушылардың білімін сапалы ету, оның толық қанды жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жасау.Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технолгиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп қолдануда[1]

 Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады.

Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың қазіргі кездегі қалыптасқан жүйесі оның құрылымын, ұйымдастырылуын, мектеп практикасымен және білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістерімен өзара байланысын кайта қарауды талап етеді.

 Бұл жоғары оқу орныңда мамаңдар даярлаудың сапасын арттыруда мұғалім тұлғасының өздігінен дамуына, оның шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасауды және оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану көзделеді.

Технологияны педагогикалық іс-әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тимді пайдалану оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге септігін тигізеді[2].

Бүгінгі таңда педагогикалық технология мәселесі теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы болып отыр.

Теориялық тұрғыдан алып қарағанда, педагогикалық технология - педагогиканың категориясы ретінде қарастырылады оның мәні мен құрылымы айқындалады, педагогикалық іс-әрекеттің әртүрлі саласындағы (дидактика, тәрбие, білім беруді басқару) педагогикалық технологияның ғылыми негіздерін оқып-үйренеді, педагогикалық технологияны жобалаудың әдіснамасы мен теориясы зерттеледі және педагогикалық технология теориясының негіздері ашып көрсетіледі. Ғылыми-педагогикалық зеріттеулерге жасалынған талдау жаңа педагогикалық технологиялардың бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік берді. Енді солардың ішінен жоғары оқу орындарының оқу үрдісінде қолдануға ұсынылатын бірқатарына тоқталайық.

Қазіргі кезде республикадағы және аймақтағы экономикалық нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы қоғам өмірінің барлық саласында, оның ішінде мектепте оқыту мазмұны мен оқытудың қазіргі технологияларын жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр[3].

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында (1999) білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі - жеке адамды қалыптастыруға бағытталған рөлі және педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, олардың жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі қарастырылған.

Дәстүрлі оқыту технологиясының білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрініс табуда.

Осыған орай оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің қазіргі технологияларын жетілдіріп, мектепте сабақ беруде қолдану арқылы білім сапасын жақсартуға болатындығына басым бағыт берілуде. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.

Әртүрлі әдістерді қолдану және оқушылар бірін-бірі тексеру арқылы есептің дұрыстығына көз жеткізулеріне болады, дамыта оқыту технологиясы (Л.С.Выготеский, Л.В.Занков, Д.Б.Элькокин, В.В.Давыдов) дамыта оқыту жүйесі жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапалармен сәйкестікте жан-жақты дамытуға бағытталған, оқытудың модульдік технологиясы (В.М. деңгейде тапсырма беру және т.б. [4].

 Ғалымдардың пікірінше шағын комплектілі мектептер жағдайында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда жүйелік негізде оқыту мен шоғырландырып оқыту технологияларының оқыту сапасын арттыруда дидактикалық мүмкіндіктері мол.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Оспанова Қ.О.,Жаңа технология туралы Бастауыш мектеп 2006 №2

2.  Бұзаубақова К. Ж., Жаңа педагогикалық технология Тараз, ТарМУ 2003

3.  Барсай Б. Педагогикалық технология ұғымының мәні мен әдіснамалық сипаттамалары // Бастауыш мектеп №8, 2010ж      

4. Назымбекова Г.Қ. Тіл үйретуде ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігі. халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдар жинағы, Алматы, 2009 ж.