Педагогические  науки/5.Современные методы преподавания.

 

Адильбекова А.К., Сундетова Г.Ж.

 

(М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университет)

 

ИНТЕРАКТИВТІ ӘДIСТЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК, ОЛАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

 

Елімізде жүріп жатқан саяси-әлеуметтік реформаларға байланысты жалпы білім беру салаларына қойылатын талаптар да өзгеруде. Себебі білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші роль атқарады. 12-жылдық білім беруге көшууге байланысты әлемдік білім кеңістігіне ене алатындай, білімнің жаңа жүйесін құру керек екендігі туындайды. 

ҚР «Білім беру» заңында айтылады: «бастауыш білім беру бағдарламалары бала тұлғасының қалыптасуына, оның жеке қабілеттерін дамытуға, оқу іс-әркетінде оң мотивация және біліктіліктерді: дұрыс оқи білу, жаза білу, есептей білу, тіл аралық қатынастардың қарапайым тәжірибесін игере білу, тәртіп мәдениеті, жеке гигиена негіздері және салауатты өмір салтын сақтау негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын игеру үшін қажет болады». [1]

Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне интеграциясы, «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруін дамыту концепциялары» талаптарына сәйкес  бәсекелесуге қабілеттілігін дамыту отандық білімді жаңалауды, мектептегі білім берудің мазмұнын түп орнымен өзгертуді және жаңалауды  қажет етеді.  [2]

Қазіргі білім беру жүйесі мемлекеттің статусын, оның мәдениеті, ғылымы және білім беру деңгейлері жоғары ел  ретінде халықаралық престижын анықтайтын маңызды факторларының бірі болып табылады. Сондықтан, ел басының Қазақстан халқына соңғы жолдауында мемлекеттік тапсырма берілді: «Сапалы білім беру Қазақстан дамуының индустриализациясы және жаңашылдығының негізі болуы керек». [3]

Оқу бағдарламаларының берілген бағыттары оқыту әдістемесін (тәсілдерін) өзгертуді, олар оқушылардың өзіндік жауапкершілігіне негізделген жұмыс формаларын енгізуді қажет етеді. Бұл мұғалімнің біржақты белсенділігінен оқушылардың жауапкершілігіне, белсенділігіне, өздігінен оқуына әкеледі. Қарастырылып отырған оқытудың интерактивтік әдістерінде осы потенциалдар бар, бұл тақырыпты таңдап алынуын және дипломдық жұмыстың өзектілігін білдіреді.

Бастауыш мектеп – барлық келесі білім берудің негізі, ол болашақ білім беру бағытына өз үлесін қосу керек. Осы мәселені шешудегі бастауыш мектептің үлесі бастауыш сынып оқушыларында қалуптасуға қажетті білімнің және біліктіліктің беріктілігін күшейту болып табылады. [4]

Математика қазіргі білім беру жүйесінде негізгі орындардың бірін алып отыр, бұл осы облыстағы білімдердің ерекшелігін білдіреді, себебі математика қоршаған ортаны тануға қажетті ойлаудың айқын формаларының қалыптасуына көмектеседі.

Сондықтан бүгін, білім берудің негізгі мақсаттарының бірі жан-жақты дамыған құзіретті тұлғаны қалыптастыру болып табылады, бастауыш мектепте оқыту үрдісіне жаңашыл технологияларды, жеке алғанда интерактивті тәсілдерді енгізуге көп көңіл бөлу керек.

Бұл оқытуда интерактивті әдістерді қолдану, жалпы алғанда, білім беру сапасын арттыруына байланысты болады. [5, 6]

Интерактивті оқыту – бұл диалогтық оқыту, оқыту барысында мұғалім мен оқушының немесе оқушы мен оқушының арасында өзара іс әрекет орын алады.

Интерактивті оқыту – бұл танымдық әрекетті ұйымдастырудың арнайы формасы. [6]

Интерактивті оқыту әлемдегі 115 елге жуық елдерде кеңінен қолданылады (АҚШ, Еуропа елдері, Жапония, Қытай, ТМД елдері) және қысқа мерзім ішінде көпшілікке белгілі болды.  Интерактивті оқыту әдістерімен көптеген ғалымдар айналысты: В.С. Библер, А.К. Кусаинов, Е.В. Пономаренко, М.В. Кларин, Д. Джонсон, Д. Дьюи және т.б. [7]

Жоғарыда айтылғандай Қазақстан Республикасының білім беру бағдарламаларының негізгі психолого-педагогикалық идеяларының бірі  – оқытудың құзіреттілік идеясы.

Зерттеудің өзектілігі қоғамның білім беру мазмұнын жаңарту және оқыту бағдарламасының үйреншікті орындалуына бағытталған, бастапқы оқыту жүйесінің арасындағы қайшылықтан және бастапқы білім беру сатысында оқытудың интерактивті тәсілдерін жеткіліксіз қолдануынан туындайды.

Осы қайшылықты шешу қажеттілігі зерттеу мәселесін анықтайды: бастауыш мектептегі математика сабақтарында мәтіндік есептерді шығару дағдыларын тиімді қалыптастыру үшін оқытудың интерактивті әдістерін өзектілендіру.

 Қазiргi бiлiм одан әрі биiгiрек технологиялық деңгейге шығады. Ең алдымен, дәстүрлi тәлiм-тәрбиеден бас тартумен байланысты,  субъекттiк қатынастардың басымдылығына,  жалпы адамдық құндылықтар, iзгiлендiру теориясына арқа сүйейтiн жүйе ретінде педагогикалық процесстiң бүтiндiгiнiң идеясымен байланысты жаңа педагогикалық технологиялар iздестiрілуде.

Демек, вариативтi бiлiм шарттарында әр түрлі педагогикалық жүйелер, онымен қоса, әр түрлi мектеп түрлерiндегі(гимназия, лицейлер, мәдениеттер диалогi мектебi, вальдорфтік, дербес, авторлық) оқушыларды оқыту және тәрбиелеу процесінiң әр түрлi үлгiлерi ұсынылған, оқу-тәрбиелік процесті ұйымдастырудың өзіндік жолдары, оқытудың шынайы технологиялары және  инновациялық әдiстері қолданылады. [7]

Заман көшіне ілесе отырып жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу- барша ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттері екенін түсіне отырып, әр мұғалім өз іс-әрекетіне қажетті өзгерістерге сай әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мәліметтерде жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, келесі ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбиемен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми- педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

 Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, осы жолдаудың ІІІ тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандарылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген.

 Үйреншікті әдіс-тәсілдер баланы қызықтырмайды. Сондықтан, қайткенде баланың ойына , сезіміне серпіліс ендіруді мақсат етіп қою керек. Сан алуан әрекет арқылы ақыл-ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру бүгінгі қажеттілік. Мектептің негізгі құндылығы оқушы десек,оған жеке тұлға ретінде қарау міндетіміз. Білім беру саласында оқытудың ақпараттық жаңа құралдары игі әсерін тигізеді, өзін -өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.

 Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа сол сабақты өткізудің әр түрлі әдіс-тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ.

 Білім–теңіз, оның тереңіне сипатын жетік білетін, сырын меңгерген, құпиясын ашатындар ғана бойлай алмақ. Ондай адамдарды дайындайтын мұғалім. Ал мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. Ол мұғалімнің бір біріне ұқсамайтын жан жақты өткізген сабақтары.

 Интерактивті әдіс-тәсілдерді жиі пайдалану, әр сабақта оның мүмкіндіктерін түрлендіріп отыру – педогогтар қауымының басты міндеті.

 Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктелініп, қолданынады. Тиімді, пайдалыларын жетілдіре түседі. Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский «Сабақ жас өспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін,ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жас өспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» деп айтқан. Өйткені жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы,өзіндік қол таңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады.

 Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім білік дағдыларын емес,оның тұлға ретінде дамуын қоюда. Бүгінгі таңда ұстаздардан талап етіліп отырған үрдіс ол жаңа оқыту технологиялары негізінде инновациялық іс-әрекет атқару.

 Соңғы кезде «Қарасам – көремін,тыңдасам – естимін, ал әрекет жасасам-білемін» деген қағида педагогикалық қауым ортасында жиі айтылуда. Бұл мақал жаңа педагогикалық технологияларға көшудің қажеттілігін анықтайтын ой түрткі іспетті. Ғылыми деректерге сүйенсек, К.К.Плотонованың зерттеулері төмендегідей көрініс береді:

 Есту арқылы – он, көру арқылы – отыз, қарапайым әрекет арқылы – елу, ал белсенді әрекет арқылы – тоқсан пайыз есте сақтау пәрменділігін көрсетеді.

 Ж.Аймауытовтың пікірінше «Оқыту – білім көбейту, ақыл күшейту». Бұл барлық пәндерді оқытуда еске ұстайтын қағида. Оқыту барысында оқушылардың өмір дағдылары жөніндегі түсінігі қалыптасып, айналадағы өзін қоршаған орта жөнінде білімі кеңейіп, біртіндеп тұжырымдалып, реттелген сипатқа ие болады. Олар өмірде кездескен әр түрлі қиындықтардан, ситуациялардан алған білімдерін пайдалана отырып, өздері жол тауып шығуға дағдылануы қажет. Сонда оқушы өзі ойланып, өзі дұрыс шешім қабылдауға, өзін-өзі басқара білуге кіші жастан дағдыланады, білім сапасын жетілдіру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланады:

 -диалогтық; қарым-қатынас арқылы жаңаны түсіну (мұғалім-оқушы,оқулық-оқушы,оқушы-оқушы);

 -эвристикалық; өз бетінше іздену,іс-әрекет жасау арқылы білім алуы;

 -зерттеу. Объектіні білу үшін тәжірибелер жүйесін жасау.

 Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының, дағды мен ой-өріс,білім-біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз.

 Пәндерді оқытуды технологияландыруда интерактивті әдістер пайдаланудың маңызы зор. Ол білім беру іс- әрекетінде оқушылардың белсенділігін,өз бетінше жұмыс істеуінде пайдалы (Рөлдік ойындар, миға шабуыл, дебат, дискуссия, жаттығу, топтық жұмыс).

 Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңарту мен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

 Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан, әрбір әдіс-тәсілдің ұстаздар үшін маңызы зор.

Дидактикалық процесстi жетiлдiруге бағытталған бастауыш мектептiң мұғалiмiнiң инновациялық қызметi мектептiң бүтiн инновациялық жүйесiнiң компонентi болып табылады және оның дамып жатқан потенциалының орындалу мақсаты арқылы оқытудың  сапасын арттыратын оқыту әдістері мен формаларына, мазмұндына, шарттарына, мақсаттарына өзгерістерді енгізуді ойлайды. Бастауыш мектеп мұғалiмiнiң инновациялық қызметiнiң ерекшелiгi оқушылардың ой-өрісінің, ойлау қабілетінің дамуы мен оқытудың осы баспалдағының бағытымен, оған қоса, мектептегі белсенді ой-өрісті дамытуды ұйымдастыру ретінде оқу іс-әрекетімен анықталады.  Инновациялық жұмыс оқу процесіне  интерактивті оқыту әдiстерiн енгiзу арқылы жетедi. [8]

- Әдiс – кейбір мақсатқа жетудің әдісі немесе кейбір тапсырманы шешу («шетелдiк сөздерiнiң үлкен сөздiгi» құраст. А.Ю.Москвин)

- Әдiстер - оқу-тәрбиелiк істерді шешуге бағытталған мұғалiмнiң және оқушылардың байланысқан әрекеттерінің реттелген әдiстерi; әрбiр әдiстің күрделi құрылымы болады және оқу процесінің заңдары және бiлiм беру мақсаттарында  детерминантталған.

- Оқыту әдiстері – бiлiмді меңгеруді, ой-өрісін және қабілеттерінің дамуын, өзi үйрену және өздiгiнен үйрету әдістерін меңгеруді қамтамасыз ететiн мұғалiм және оқушылардың әрекеттері арасындағы  байланысты жүйе. (Г.М.Коджаспирова, схемалар және кестелердегi педагогика.)

 -  Оқыту әдiстері - қойылған дидактикалық мақсаттарға жетуге бағытталған оқушылардың оқу-таңырлық қызметі мен мұғалiмнің  педагогикалық қызметiнiң өзара байланысты әдістерінің реттелген жүйелері. Оқыту әдiстері - бұл күрделi педагогикалық бiлiм – оқытудың дидактикалық тәсілдер мен құралдарының жүйесi.

 - Оқыту әдiстері – мұғалiм және оқушылар қойылған мақсатқа жетуге әкелетін әдістер мен тәсілдерді таңдау арқылы қолданатын оқытудың қағидаларымен шартталған педагогикалық өзара әрекеттің ережелер жүйесі . [9]

 «Интерактивті әдiстер» ұғымының мағынасы.

«Әдіс» және «интерактивті» (интеракция) ұғымдарының анықтамаларынан қалыптасады. Педагогикадағы әдiс педагогикалық тапсырмаларды шешу, яғни, қалыптасуы үшiн мұғалім мен оқушылардың өзара бағытталған әрекеттесу әдісі ретінде түсiндiрiледі. «Интеракция» түсінігінде екi қосылғышты ерекшелеуге болады: «интер» - арасындағы; және «акция» - еселенген қызмет (активті – дамып келе жатқан, еселеніп әрекетесетін – сөздік). Осылайша, интеракцияны бiреулердің арасындағы еселі қызметi ретінде түсiндiруге болады. Бұдан, бiз интерактивті әдiстерді мұғалім мен оқушылар арасындағы өзінің дамуына ұтымды шарттарды құруына бағытталған еселенген субъект аралық өзара әрекеттесу ретінде анықтаймыз.

 

Әдебиет:

1       Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. – Астана, 2007. – 130 б.

2       Концепция 12-летнего среднего общего образования // Справочник руководителя образовательного учреждения.-2007.-№ 2.-C.5-28.

3       Ш. Х. Курманалина. Методологические основы проектирования содержания начального образования в 12-летней школе//12-летнее образование.-2006.-№5.-С.38-41.

4       И. Ш. Лактаева. Компетентностный подход в начальной школе// Мир образования - образование в мире.-  2010.-  №4 (40).- С. 11-14.

5       Инновационные методы обучения в высшей школе: учебно-практическое пособие/ Гусаков В.П., Пустовалова Н.И., Хрущев В.А., Карташова Е.Б., Исакова Е.К. – Петропавловск: СКГУ им. М. Козыбаева, 2007. – 92с.

6       Васенкова М. В. Технология интерактивного обучения русскому языку учащихся начальной ступени образования в школах международного типа: Автореф. дис… канд.пед.наук. – Алматы, 2010. – 26с.      

7       Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. - М.: Педагогика,1989.- 231с.

8       Кларин М.В. Педагогическая технология в учебном процессе. - М., 1989.-195 с.

9       Щуркова Н.Е. Педагогическая технология:- М., Просвещение, 1992.- 237 с.