Магистрант, З.Р. Кайроканова

 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан

 

СОМАТИКАЛЫҚ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ТАЛДАУЫ (ҚАЗАҚ, ОРЫС, АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ НЕМІС

ТІЛДЕРІНІҢ МАТЕРИАЛЫНДА)

 

Мақалада қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерінің соматикалық фразеологизмдердің лексикалық сәйкестігі төрт тілде бірдей толық, көп жағдайда (үш тілде), жартылай (екі тілде) сәйкес келеді және сәйкес келмейді категориялар бойынша талдау жасалынды. Сондай-ақ, берілген тілдерде неғұрлым жиі қолданылатын соматикалық фразеологизмдер анықталды.

 

Кілтті сөздер: соматизм, соматикалық фразеологизм, соматикалық компонент, лексикалық сәйкестік.

 

Соматикалық лексика ХХ ғасырдың ортасында, мәдениетті жаһандандыру, шоғырландыру және байыту мәселелері мәдениаралық қарым-қатынастар мәселелерін, соның ішінде елтану білімдерін байытуға ықпал ететін, коммуникативтік лингвистиканың мақсаттары мен міндеттеріне және шет тілін белсенді меңгерудің  практикалық мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін тілдің лексикалық құрамын тиімді зерттеуді арттыру мәселелерін төзімділік тұрғысынан шешу жолын іздеуді талап еткен тұста тілтанушылардың назарын аудара бастады.  

Ю.Н. Караулов атап айтқандай, тілді оның шегінен шықпай, оның жасаушысына, таратушысына, пайдаланушысына, адамға, нақты тілдік тұлғаға жүгінбей, өз бетінше тану мүмкін емес. [2, 7-б.]. Тілді жасаушыға жүгіну лексиканың өзін танып білуге себепкер болатын, бәрінен бұрын, оның құрылысын атайтын және бейнелейтін соматикалық лексиканы талдамай, яғни оның тұрқы бөліктерінің атауларын топтамай, сол лексиканы талдап және түсініп алмай, нәтижелі болуы мүмкін емес. Кез келген тілдегі лексикалық құрамның ежелгі тобына жататын соматикалық лексиканың көптен бері тілтанушылар назарының объектісіне айналуы кездейсоқ емес. Соматизмдердің қоршаған әлем шындықтарымен байланыстарының кеңдігін адам денесі бөліктерінің онтогенетикалық функционалдық қасиеттерімен және оларды шартты белгілер арқылы білдірумен түсіндіреді. 

Адамның жаңа объектіні атауында, бәрінен бұрын, оған жақсы таныс, үнемі оның жанында болатын ассоциация пайда болады. Адам ең алдымен айналасындағы заттарды өзімен, өз денесінің бөліктерімен салыстырады. «Дене бөліктерінің үнемі көз алдында болуының арқасында олар салыстыру үшін өзгеше эталондар бола бастайды», - деген қорытынды жасайды Т.Н. Чайко [3, 98-б.].

Біздің зерттеуіміздің мақсаты ағылшын, неміс, орыс және қазақ тілдерінің соматикалық фразеологизмдерінің лексикалық ұқсастықтары мен айырмашылық-тарын анықтау болып табылады. Зерттелетін материалда 600-ден астам соматикалық  фразеологизмдер есепке алынған. Зерттеу материалдары қазақ, орыс, ағылшын және неміс халықтарының ертегілерінен жаппай іріктеу әдісімен таңдап алынған соматикалық фразеологизмдер болып табылады.

Қазақтың халық ертегілері: «Сүлейман патша мен байғыз», «Залым түлкі», «Арыстан мен тышқан», «Қошқар мен теке», «Қызыл мысық», «Ер төстік», «Екі иттің достығы», «Күн астындағы Күнікей қыз», «Сырттандар», «Мыстан кемпір».

Орыс халқының ертегілері: «Ведьма и Солнцева Сестра», «Морозко», «Дочь и падчерица», «Крошечка-Хаврошечка», «Баба-Яга», «Василиса Прекрасная», «Терешечка», «Гуси-Лебеди», «Правда и Кривда», «Иван Быкович», «Жар-птица и Василиса-царевна», «Сивко-бурко», «Царевна-змея», «Елена Прмеудрая», «Кощей Бессмертный», «Окаменелое царство», «Несмеяна-царевна».  

Ағылшын халқының ертегілері: «The Frog prince», «Faithful John», «Snow-White and the Seven Dwarfs», «Brother and sister», «Mother Carey», «Rapunzel», «Hansel and Grethel», «The Fisherman and his wife», «Little Red Riding Hood», «Tom Thumb», «The Six Swans».

Неміс халқының ертегілері: «Der Wolf und die sieben Geißlein», «Die zwölf Brüder», «Rotkäppchen», «Die kluge Else», «Schneewittchen», «Die zwölf Jäger», «Der Wolf und der Fuchs», «Der Fuchs und die Gänse», «Vom Fischer und seiner Frau», «Hänsel und Gretel».

Жоғарыда аталған халық ертегілері төрт тілдегі ертегілердің жалпы санынан жаппай іріктеу  әдісімен, сондай-ақ аталған ертегілердің өз мәдениетінде неғұрлым кең таралуымен байланысты таңдап алынды. Бұны балаларға арналған ертегілер жинағы растайды. Мысалы: қазақтың халық ертегілерін құрастырушылар: 1) Қазақ ертегілері. 1 том. - Алматы: Жазушы, 1957ж. 2) Қазақ ертегілері. 2 том. - Алматы: Жазушы, 1962ж. 3) Қазақ ертегілері. 3 том. - Алматы: Жазушы, 1964ж. 4) Қазақ ертегілері. 5-6 том. - Алматы: Жазушы, 2000ж. 5) Жанузакова Ф. «Казахские народные сказки». - Алма- Ата,«Жазушы» - 1977 г..

Орыс халқының ертегілерін құрастырушылар:  1) Афанасьев А.Н. Народные русские сказки.— М.: К. Солдатенков и Н. Щепкин, 1855-1863. - Вып. 1- 8.  2) Афанасьев А.Н.Народные русские сказки. - Изд. 2-е, вновь пересм.- М.: К. Солдатенков, 1873. -  Кн. I -IV. 3) Афанасьев А.Н. Народные русские сказки: В 3 т. / Подготовка текста, предисловие и примечания В.Я.Проппа. - М.: Государственное Издательство Художественной литературы (Гослитиздат), 1957 — 1958. 4) Афанасьев А.Н. Народные русские сказки. Полное издание в одном томе.— М.: Альфа-книга, 2010.

Ағылшын халқының ертегілерін құрастырушылар: 1) Joseph Jacobs. English folktales. - G. P. Putnam's Sons, New York, London, 1892. 2) Flora Annie Steel. English folktales. -Macmillan And Co., Limited, London, 1918. 3)Dan Keding, Amy Douglas. English folktales. - Libraries Unlimited, 2005. - 256с.

Неміс халқының ертегілерін құрастырушыла: 1) Jacob and Wilhelm Grimm. - Cupples and Leon Company, New York, 1922. 2) Jacob and Wilhelm Grimm.  Grimm's fairy tales (Translated by Edgar Taylor and Marian Edwardes, this book contains 62 of Grimm's fairy tales). - R. Meek & Co., London, 1876. 3) Jacob and Wilhelm Grimm  (Translator: Margaret Hunt). Household tales by the Brothers Grimm. - George Bell and Sons, London, 1884.

Зерттелетін материалда қазақ тілінің фразеологиялық бірліктеріндегі соматикалық компоненттер ретінде мынадай бірліктер  алынды: шаш, жан, бармақ, көз, арқа, бас, ауыз, мұрын, құлақ, қол, тіл, кеуде, маңдай, жүрек, сүйек, тіс, сан, бет, аяқ, иек, иін, ұрт, табан, ес. Мысалы: төбе шашы тік тұрды, жаны шыға жаздады, бес саусақтай білу, көзінен от жану, арқадан жүк тасу, басқа тұру, аузын буған өгіздей, мұрнын астын көрмеу, құлағы түрік болу, бармағынан бал тамған және т.б.

Зерттелетін жұмыста қазақ тілінің 150 фразеологиялық бірлігінің қатарынан мынадай соматизмдер іріктеліп алынды: бас (17 ФЕ), көз (15 ФЕ), қол (12 ФЕ), жан (9 ФЕ),  құлақ (8 ФЕ), ауыз (7 ФЕ), мұрын (6 ФЕ), тіл (4 ФЕ),  жүрек (4 ФЕ), тіс (4 ФЕ), аяқ (4 ФЕ), бет (4 ФЕ), бармақ (2 ФЕ), иін (2 ФЕ), шаш (2 ФЕ),  маңдай, иек, арқа, кеуде, сүйек, сан, ұрт, иек, табан, ес.

Қазақ тілінің фразеологизмдеріндегі неғұрлым жиі қолданылатын соматикалық  компоненттер: көз (глаза), бас (голова), қол (рука).

Орыс тілінде фразеологиялық бірлікті зерттеу материалының корпусына жатқызуға ықпал ететін компоненттер-соматизмдер ретінде мынадай лексикалық бірліктер танылды: голова, волос, плечо, шея, глаз, нос, рот, зуб, око, ухо, язык, сердце, пятка, рука, нога, пята, язык, бок, грудь, спина, палец, плоть, кожа, кость, пазуха, кулак, мозг, лицо, лоб. Мысалы:  водить кого-либо за нос, волосы становятся дыбом, душа ушла в пятки, знать как свои пять пальцев, искры из глаз посыпались, как гора с плеч свалилась, ломать голову над чем-либо, набрать в рот воды, держать ухо востро и т.д.

Зерттелетін жұмыста орыс тілінің 150 соматикалық фразеологизмдерінен мынадай соматизмдер іріктеліп алынды: рука (24 ФЕ),  голова (15 ФЕ), глаз (13 ФЕ), нос (12 ФЕ), зуб (7 ФЕ), нога  (7 ФЕ), сердце (6 ФЕ), ухо (6 ФЕ),  язык (6 ФЕ), лицо (5 ФЕ), рот (4 ФЕ), палец (3 ФЕ), око (2 ФЕ), бок (2 ФЕ), спина (2 ФЕ), горло (2 ФЕ), шея (2 ФЕ), кулак (2 ФЕ), волосы (2 ФЕ), лоб (2 ФЕ), кость (2 ФЕ), пазуха,  ум, грудь,  кожа, плечо, пята, губа.

Орыс тіліндегі соматикалық компоненті бар неғұрлым жиі қолданылатын фразеологизмдер: глаз, голова, рука, нос.

Зерттелетін материалда ағылшын тілінің фразеологиялық бірліктеріндегі соматикалық компоненттер ретінде мынадай бірліктер алынды: head, shoulder, brain, hair, eye, nose, mouth, tooth, ear, tongue, bosom, heart, hand, foot, heel, neck, arm, back, finger, leg, flesh, palm, skin, bone, face, lung, elbow. Мысалы: to draw the wool over someone’s eyes,  one’s hair stands like a mountain, one’s heart sank into one’s boot, a load off one’s mind, a heavy heart, to cudgel one’s brains over something, to keep one's ear to the ground, to have a head like a sieve и тд.

Зерттеліп отырған жұмыста ағылшын тілінің 150 фразеологиялық бірліктерінен мынадай соматизмдер іріктелініп алынды: eye (14 ФЕ), hand (14 ФЕ), heart (13 ФЕ), head (11 ФЕ), ear (9 ФЕ), finger (7 ФЕ), nose (5 ФЕ), tongue (5 ФЕ), leg (5 ФЕ), hair (3 ФЕ), mind (2 ФЕ), brain (2 ФЕ), back (2 ФЕ), tooth, bosom, face, skin, elbow, bone, neck, shoulder, palm, forehead, heel.

Ағылшын тілінің фразеологизмдеріндегі неғұрлым жиі қолданылатын соматикалық компоненттер мыналар деген қорытындыға келдік: eye (глаз), heart (сердце), hand (рука), голова (head), ear (ухо).

Неміс тілінің зерттеліп отырған материалына компоненттер-соматизмдер ретінде мынадай лексикалық бірліктер алынды: Nase, Haare, Herz, Ohr, Kopf, Mund, Hand, Sprache, Auge, Buse, Finger, Haut,  Knochen, Gesicht, Gedachtnis, Lippe, Rucken, Bein, Korper, Schulter. Например: j-n an der Nase herumführen, j-m stehen die Haare zu Berge, das Herz ist (ihm) in die Hose gefallen, sich etwas hinter die Ohren schreiben, etwas wie seine Westentasche kennen, Es ist mir schwer ums Herz, sich den Kopf über etwas zerbrechen, Er Kann den Mund nicht aufkriegen, die Ohren spitzen, haben Sie die Sprache verloren и т.д.

Зерттеліп отырған жұмысқа неміс тілінің 150 фразеологиялық бірлігінен мынадай соматизмдер алынды: Hand (17 ФЕ), Auge (16 ФЕ), Kopf (13 ФЕ), Knochen (11 ФЕ), Herz (10 ФЕ), Nase (9 ФЕ), Ohr (9 ФЕ), Zahn (5 ФЕ), Finger (5 ФЕ),  Mund (4 ФЕ), Sprache (4 ФЕ),   Gesicht (4 ФЕ), Bein (3 ФЕ), Haare (2 ФЕ),  Kehle (2 ФЕ), Rucken (2 ФЕ), Schulter,  Knie, Gedachtnis,  Buse, Haut,  Lippe.

Неміс тілінің фразеологизмдерінде жиі қолданылатын соматикалық компоненттер мыналар: Hand (рука), Auge (глаз), Ohr (ухо), Nase (нос), Herz (сердце), Kopf (голова).

Жүргізілген талдаудан, сондай-ақ мынадай соматикалық фразеологизмдер де таңдалды: 1) төрт тілге бірдей толық сәйкес келеді; 2) көп жағдайда сәйкес келеді (үш тілде); 3) жартылай сәйкес келеді (екі тілде) және 4) сәйкес келмейді (1 тіл). Оларды жеке-жеке қарастырамыз.

Төрт тілге де толық сәйкес келетін соматикалық фразеологизмдерге мыналар жатады: «мұрын» соматикалық-компоненті бар фразеологизм . Мысалы: орыс тілінде «не видеть дальше своего носа», ағылшын тілінде «not to see an inch beyond one’s nose», неміс тілінде «nicht über die eigene Nase hinaus sehen» және қазақ тілінде «мұрнын астын көрмеу». «Құлақ» соматикалық-компоненті бар: орыс тілінде  «навострить уши», ағылшын тілінде «to prick up one's ears», неміс тілінде «die Ohren spitzen» қазақ тілінде «Құлақ түру»; орыс тілінде «покраснеть до кончиков ушей», ағылшын тілінде «blush to the tips of one's ears», неміс тілі «bis über die Ohren erröten» және қазақ тілінде «құлағының ұшына дейін қызару».

«Қол» соматикалық-компоненті бар: орыс тілінде «не спускать глаз», ағылшын тілінде «to keep an eye on someone\something», неміс тілінде «das Auge auf jedem haben» және қазақ тілінде «көзінен екі елі тайғызбау», орыс тілінде «сидеть сложа руки», ағылшын тілінде «to sit on one's hands», неміс тілінде «die Hande in den Schoss legen» және қазақ тілінде «қол қусырып отыру»; орыс тілінде «играть на руку кому-л.», ағылшын тілінде «to play into someone's hands», неміс тілінде «j-m in die Hande arbeiten» және қазақ тілінде «қол шоқпар». «Көз» соматикалық-компоненті бар: орыс тілінде «сделать большие глаза», ағылшын тілінде «to make big eyes», неміс тілінде «grosse Augen machen» және қазақ тілінде «көзі алақандай болу»; орыс тілінде  «невооруженным глазом», ағылшын тілінде «with the naked eye», неміс тілінде «mit nacktem Auge» және қазақ тілінде «аспапсыз көзбен».

  Көп жағдайда сәйкес келетін соматикалық фразеологизмдерге (үш тілде), мыналар жатады: «Жүрек» соматикалық-компоненті бар фразеологизмдер орыс тілінде «камень на сердце», ағылшын тілінде «a heavy heart»,  неміс тілінде «Es ist mir schwer ums Herz» және қазақ тілінде «көңілі сынық». «Бас» соматикалық-компонентімен орыс тілінде «ломать голову над чем-либо», ағылшын тілінде «to cudgel one’s brains over something», неміс тілінде «sich den Kopf über etwas zerbrechen». «Ауыз» соматикалық-компонентімен орыс тілінде «набрать в рот воды», ағылшын тілінде «to keep mum», неміс тілінде «Er Kann den Mund nicht aufkriegen» және қазақ тілінде «аузын буған өгіздей». «Құлақ» соматикалық-компонентімен орыс тілінде «держать ухо востро», ағылшын тілінде «to keep one's ear to the ground», неміс тілінде «auf der Hut sein» және қазақ тілінде «құлағы түрік болу». «Көз» соматикалық-компонентімен орыс тілінде «око за око, зуб за зуб», ағылшын тілінде «tit for tat», неміс тілінде  «Auge um Auge, Zahn um Zahn» және қазақ тілінде  «кек алу». 

«Тіс» соматикалық-компонентімен орыс тілінде «иметь зуб», ағылшын тілінде «to have a bone to pick with someone», неміс тілінде «ein Zahn auf jeden haben» және қазақ тілінде «тісін қайрау». «Көз» соматикалық-компонентімен орыс тілінде «бросаться в глаза», ағылшын тілінде «to catch someone's», неміс тілінде «ins Gesicht fallen» және қазақ тілінде «көзге ұрып тұру»; орыс тілінде «выплакать все глаза», ағылшын тілінде «to cry one's eyes out», неміс тілінде «die Augen verweinen» және қазақ тілінде «ағыл-тегіл жылау»; орыс тілінде «глаза разгорелись», ағылшын тілінде «to set one's heart on something», неміс тілінде «die Augen brennen ihm danach» және қазақ тілінде «көз тұну».

Жартылай сәйкес келетін соматикалық фразеологизмдерге (екі тілде) мыналар жатады: «мұрын» соматикалық-компонентімен орыс тілінде «водить кого-либо за нос», ағылшын тілінде «to draw the wool over someone’s eyes», неміс тілінде «j-n an der Nase herumführen» және қазақ тілінде «түлкі бұлаңға салу». «Саусақ» соматикалық-компонентімен орыс тілінде «знать как свои пять пальцев», ағылшын тілінде «to know something like the back of one's hand», неміс тілдінде «etwas wie seine Westentasche kennen» және қазақ тілінде «бес саусақтай білу»;  орыс тілінде «палец о палец не ударить», ағылшын тілінде «not to do a hand's turn», неміс тілінде «keinen Finger ruhren» және қазақ тілінде «бұта басын сындырмау». «Көз» соматикалық-компонентімен орыс тілінде «искры из глаз посыпались», ағылшын тілінде «to see stars», неміс тілінде «Jemand sieht Sterne» және қазақ тілінде  «көзінен от жану»; орыс тілінде «глазом не успеть моргнуть», ағылшын тілінде «not to turn a hair», неміс тілінде «wie im Flüge» және қазақ тілінде «көзді ашып-жұмғанша».

«Маңдай» соматикалық-компонентімен орыс тілінде «на лбу написано», ағылшын тілінде «written all over one`s face», неміс тілінде «jedem aus den Augen sehen» және қазақ тілінде «маңдайға жазылған». «Бет» соматикалық-компонентімен орыс тілінде «в поте лица», ағылшын тілінде «by the sweat of one's brow», неміс тілінде «im Schweiße seines Angesichts» және қазақ тілінде  «жан терге түсу». «Құлақ» соматикалық-компонентімен орыс тілінде «не верить своим ушам», ағылшын тілінде «cannot believe one's eyes», неміс тілінде «seinen Ohren nicht trauen» және қазақ тілінде «құлағына сенбеу». «Ауыз» соматикалық-компонентімен орыс тілінде «забот полон рот», ағылшын тілінде «to have one's hand's full», неміс тілінде «alle Hände voll zu tun haben» және қазақ тілінде «азабы көп». «Аяқ»  соматикалық-компонентімен орыс тілінде «не чувствовать под собой ног», ағылшын тілінде «to walk on air», неміс тілінде «vom Fleisch fallen» және қазақ тілінде «екі аяғын қолына алып жүгіру».

Тек 1 тілге қатысты соматикалық фразеологизмдерге мыналар жатады: «Мұрын» соматикалық-компонентімен фразеологизмдер орыс тілінде «зарубить на носу», ағылшын тілінде «put it into your pipe and smoke it», неміс тілінде «sich etwas hinter die Ohren schreiben» және қазақ тілінде «есте тұту». «Иық» соматикалық-компонентімен орыс тілінде  «как гора с плеч свалилась», ағылшын тілінде «a load off one’s mind», неміс тілінде «Ihm ist ein Stein vom Herzen gefallen» және қазақ тілінде «арқадан жүк тасу». «Қол» соматикалық-компонентімен орыс тілінде «как рукой сняло», ағылшын тілінде «it vanished as if by magic», неміс тілінде «wie weggeblasen» және қазақ тілінде «көзі шайдай ашылу». «Бас» соматикалық-компонентімен орыс тілінде «как снег на голову», ағылшын тілінде «like a bolt from the blue», неміс тілінде «aus heiterem Himmel» және қазақ тілінде «ойда жоқ жерден». «Тіс» соматикалық-компонентімен орыс тілінде «заговоривать зубы», ағылшын тілінде «to spin someone's yarn», неміс тілінде «Schmus mächen» және қазақ тілінде «алды-артын орау». «Қол» соматикалық-компонентімен орыс тілінде «мастер на все руки», ағылшын тілінде «a jack of all trades», неміс тілінде «den Handel verstehen» және қазақ тілінде «ағаштан түйін түйеді».

Соматикалық фразеологизмдердің лексикалық сәйкестігіне графалық талдауды ұсынамыз (1-диаграмма қарау).

1 диаграмма

Осылайша, жүргізілген талдау төрт тілдегі фразеологиялық шағын жүйелерден ұқсастықтың да, сол сияқты айырмашылықтардың да байқалатынын көрсетті. Мәдени-тарихи даму мен нәсілдің әртүрлі жолдары бар халықтардың төрт түрлі тілінен 27%-дық лексикалық эквиваленттердің сәйкес келуі байқалды. Лексикалық эквиваленттердің 32%-ы зерттеліп отырған үш тілде көп жағдайда сәйкес келеді. Әрбір лингвомәдени ортақтық белгілі бір дәрежеде өзінше бөлінеді және қоршаған әлемді жікке бөледі. Бір халықта бар шынайы болмыстың дәл сондай құбылысы туралы ортақ ұғым болуы мүмкін, бөліктерге бөлмей және бір сөзбен семантика туралы кең ұғымды білдіретін, сонымен қатар басқа халыққа осы құбылыстардың, жекелеген феномендер ретінде танылатын және жекелеген лексикалық бірліктерді білдіретін оның бөліктерінің әртүрлілігі туралы неғұрлым тар ұғым тән. Лексикалық эквиваленттердің 30%-ы жартылай, яғни екі тілде сәйкес келеді. Лексикалық айырмашылықтар денотат бойынша сәйкес келетін түрлі тілдегі сөздердің байқалуымен және өзінің эмоционалдығымен, бағалау реңктерімен, яғни коннотациялармен ажыратылуы мүмкін.

Кез келген тілдің лексиалық құрамында аталған мәдениеттің спецификалық құбылыстарын білдіретін сөздер бар. Зерттеліп отырған материалда соматикалық фразеологизмдердің лексикалық тұрғыдан сәйкес келмейтіндерінің барын атап өткім келеді. Сонымен, лексикалық эквиваленттердің 11%-ы белгілі бір тіл үшін бірегей болып табылады, сондай-ақ олар тіларалық және мәдениаралық қарым-қатынастар кезінде тілдік қиындықтар тобын тудырады. Нақты бір тілдердегі әмбебап санаттардың ұлттық бояуының ұлттық нәсілдікпен - «затты түсіну әдетімен» байланысты екені соңғы емес. Атап айтқанда, бұл бір тілдегі қандай да бір санаттардың қалыптасуына және басқа тілдерде оның болмауына негізделген.

Бір-бірімен өзара генетикалық байланыспайтын төрт тілдің салыстырмалы  лексикологиялық зерттеуінде ол басқаша, бір тілдің лексикасын басқа тілдік мәдениет айнасында зерттеу сияқты. Мұндай зерттеу әрбір тілде бар білімді байытады және тереңдетеді, сондай-ақ халықтардың, жасаушылар мен тілді тасушылардың рухани әлеміне араласуға себін тигізеді. Сонымен қатар, В.Гумбольдт былай деп жазған: «тіл, қандай пішінде болмасын, ұлттың жеке өмірін үнемі нақтылы түрде көрсете алады» [1, 72-б.] оның үстіне «тіл – күретамыр, ұлттың жаны» [1, 303-б].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер:

 

1.                 Гумбольдт В. Избранные труды по языкознанию. - М., 1984. - 572 б.

2.                 Караулов Ю.Н.Русский язык и языковая личность / Ю.Н.Караулов. – М.: Наука, 1987. - 262 б.

3.                 Чайко, Т.Н. Названия частей тела как источник метафоры в апеллятивной и  ономастической лексике / Т.Н.Чайко // Вопросы ономастики. – Свердловск, 1974. – № 8-9. – 245 б.

4.                 Гак В.Г. Национально-культурная специфика меронимических фразеологизмов/ В.Г.Гак // Фразеология в контексте культуры. - М.: Языки русской культуры, 1999. - 278 б.

5.                 Вайнтрауб P.M. О соматической фразеологии в русском языке. // Лексические единицы русского языка и их изучение. - Ташкент, 1980. - 356 б.

6.                 Эмирова А. М. Некоторые актуальные вопросы современной русскойфразеологии (опыт семантического анализа фразеологических единиц). / А. М. Эмирова. – Самарканд, 1972. – 298 б.

7.                 Телия В. Н. Русская фразеология: семантический, прагматический и лингвокультурологический аспекты / В. Н. Телия. – М.,1996. – 516 б.

8.                 Вакк Ф.О. О соматической фразеологий в современном эстонском языке: Автореферат: дис. канд. … филол наук. – Таллинн, 1964. – 18 б.

9.                 Сулькарнаева А.Р. Отсоматическая вторичная номинация в технической терминологии: Монография. - Астана, 2004. - 199 б.

10.             Карлинский А.Е. Методология и парадигмы современной лингвистики. - Алматы, 2009. - 212 б.

11.             Мордкович Э. М. Семантико-семантические группы соматических фразеологизмов: Актуальные проблемы фразеологии / Э. М. Мордкович. – Новосибирск, 1971. – 429 б.