Ф.ғ.к., доцент Қайырбекова Ұ.С.
ҚИПХДУ-нің
магистранты Құлатаев Д.Б.
Жыраулық поэзия
және көркем аударма
Көркем аударма –
шығармашылық өнер. Өнер болғанда, ол ¾ сөз, әдебиет,
публицистика
ғылымдарының
бөлінбейтін бір бөлігі. Аударма адамдардың
көп
уақытқа
созылған ұзақ тарихында
тілі өзге адамдар
қауымын
түсінудің
құралы, олармен
қарым-қатынас
жасаудың негізі болып
табылған. Ал аудармашылық ¾ нағыз
творчестволық өнер.
Аудармашы ¾ өз
елінің, өз
айналасының, өзі
өмір кешкен заманының перзенті.
С.Мәуленов: «Поэзия ¾ халқымыздың
жан-күйінің жарқылы, сезімнің сырлы
шектерінің пернесі, оның
эстетикалық арманының
айнасы» деген.
Поэзия
аз ғана сөздің аясына
кең мағына сыйғызып, қысқа да шағын
шығармада бір елдің тіршілік-тынысы, мәдениеті, тарихы,
әдет-ғұрпымен терең таныстырады. Бірнеше шумақта
адамның жан-дүниесін, сезімін баурайтын ойлар тұнады. Поэзия
¾ ұлттық тіл болмысының жоғарғы түрі. Поэтикалық
шығармашылықта
халықтың рухы, өзіндік тарихи ерекшелігі, мәдени
дамуы, тілінің байлығы сезіледі. Басқа халықтың
поэзиясын түсіну ¾ халықтың мінез-қылығын басқа мәдениеттің сезімдік
әлемін түсіну деген сөз. Өлең тілі
лексиканың өзіндік үлгісі ретінде сипатталады.
Өлеңдегі сөз саптау тәсілі түрдің
(форманың) талап етуіне байланысты.
Өлең сөздері шағын да қысқа,
сұлу да сыршыл, бейнелі, екпінді ырғақты болып келсе,
поэтикалық мәтіндегі ой тұжырымды да тиянақты,
көркем де мазмұнды түрде оны ажарлайды.
Профессор
Ә.Тарақ өзінің «Аударма әлемі» атты
еңбегінде: «Көркем аударма мақсаты – шет тілін білмейтін
оқырманды сол халықтың шығармаларымен, әлем
әдебиетінің озық үлгілерімен, классикалық
туындылармен таныстыру. Шығарманың көркемдік ерекшелігін,
дербес құрылымдық сипатын, ұлттық колоритін
сақтау – аудармашының табысқа жетуінің басты
кепілі» [3, 7] - деп көркем аударманың
ерекшелігін айқындай түседі.
Демек
көркем аударманың ішіндегі поэзияны басқа жанрлардан даралайтын бір ерекшелігі ¾ ұйқасқа құрылатындығы деп білеміз.
Өлеңдегі ұйқастың өзіндік
мән-мағынасы бар. Аудармада ұйқас дәл
түпнұсқадағыдай қайталанбайды. Бұлай болуы
мүмкін емес. Алайда ұйқасқа
құрылған
өлең өз қасиетін сақтауы тиіс.
Демек аударматану ғылымында
қазақ шығармаларын өзге тілге тәржімалауға
байланысты бірталай мәселелер зерттеуді қажет етіп отыр.
Тәржімаланған жыраулар
поэзиясын таразыласақ, оның өз деңгейінде еместігін
айқындаймыз. Оның себептері көп. Негізгі себептерінің
бірі – жалпы қай тілде болса да аударма өнеріне айтарлықтай мән берілмегенімен,
оны талдау, саралау жағы жетіспейді. Аударылған дүниелерді
жүйелеу, жоспарлау, жарыққа шығару ісінде де қиындықтар жетіп жатыр.
Өйткені көркем аударма принциптері туралы тағлым аларлық теориялық тұжырымдар да
аз. Қай шығарманың болсын түпнұсқадан
аударылғаны жөн. Бұл аударма өнерінің негізгі қағидасы,
аударма саласы сыншыларының айтуынша, аудармашы шығарманы түпнұсқадан
аударғанның өзінде
көркемдік қасиетінің
80 пайызын ғана сақтай алады екен. Ал енді екінші тілге
аударылған шығарманы алып, үшінші тілге тілге аударсақ оның не қасиеті
қалады.
Жыраулар
поэзиясын танып болдық па, оларды басқа жұртқа
таныстыра алдық па дегенде, ойға алдымен оралатын сауал – орыс
тіліне аударылу деңгейі қалай, сол аудармалардың сапасы
көңіл толарлық па деген сауалдар. Өйткені
қырғыз, өзбек сияқты жақын тілдер болмаса,
басқа тілдерге және шет
тілдерге қазақ поэзиясы орыс тілі арқылы аударылып келе
жатқаны белгілі. Ал оларды оқитындар орыстар ғана емес,
орыс тілін білетін басқа халықтардың да өкілдері десек, мұндай
оқырмандар аса көп екені түсінікті ғой. Олай болса
мәселенің маңызды екенін арнайы дәлелдеп жату қажет те емес.
Көптеген
ақындар шығармаларының
әлі күнге дейін орыс тілінде бар мазмұн-мағынасымен, толық көркемдік
қуатымен жеткізілмей келе
жатқаны, әрине, үлкен олқылық. Осы
олқылықтың орын алу себептері аз емес және олар айтылып
та келеді. Мысалы, қазақ тілін білмейтін аудармашылардың тәржімалап келгені және
солардың өздері де көбінесе атүсті, асығыс
аударатыны, шығарманы өз қалауынша бөліп, не тигенін
алып, өзінше аударып келгені – осының өзі-ақ біраз
жайды аңғартады.
Аударма
зерттеушісі Қ.Жаңабаев өзінің зерттеу еңбегінде
анықтап айтқан болатын. «Қазақ әдебиеті
үлгілерін орыс тіліне аударудағы ең басты кемістік – түпнұсқаның
жайдақталып кетуінде. Жайдақтап аударушы қашан да өз ісіне жауапсыз қарайды,
түпнұсқаның бар
көркін сақтауға тырыспайды. Қиналып жатпай жекелеген
үзінділердің жалпы
мағынасын ғана сақтап, өз қалауынша төтелеп
тарта береді. Бұл әдіс –
ең алдымен тілі нәрлі,
өзіндік қолтаңбасы бар көрнекті жазушылардың шығармаларының жұты» [6].
Орыс
аудармашыларының қазақ шығармаларын аудару барысында
түсінбеген жерлерін
ойланбастан-ақ тастап кету, өзінше өңдеу, тіпті
абзацтарын алып тастау жиі кездесетінін орыс тіліне аударылған
классиктеріміздің
шығармаларын талдау барысында көз жеткіземіз.
Қазақ халқының
тарихын, тұрмыс-салтын, мінез-құлық
ерекшеліктерін жақсы білмеген
адамның өзінің
тіл өнерін жете меңгерген
сөз зергерлерінің
шығармаларын орыс тіліне бар бояу, бар нақыш, көркін
сақтай отыра аударып шығуы
екіталай. Бұл туралы белгілі ғалым-аудармашы С.Талжанов былай
дейді: "Орыс достарымыз қазақшадан орысшаға
аударғанда өзінің
стиліне жақын, өмірін, творчестволық еңбегін жете ұғатын авторларды
таңдап алса екен" [8,121] деп, орыс тіліне аударылған
шығармаларға талғаммен қарауға назар
аудартады. Орыс тілі ұлт тілдері арасында дәнекер
тіл болғандықтан. Сол
арқылы шығармалар өзге тілдерге аударылатыны белгілі. Осы орайда Қазтуған
жыраудың өзі туралы жырлаған өлеңінің
аудармасына мән берсек:
Қазақша:
Алаң да алаң, алаң жұрт
Ақала ордам қонған жұрт,
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт
Қарғадай мынау Қазтуған батыр
туған жұрт,
Кіндігімді кескен жұрт [9, 29].
Орысша:
Сколько привольной земли здесь!
Белые юрты стоят здесь!
Отец Суюниш, женихом здесь ездил,
И мать, Бозтуған, его встретила здесь.
И я, Казтуған, родился здесь.
Мне пуповину перерезали здесь [10,17].
Аудармашы
П. Косенко мағыналық тұрғыдан дәлме дәл
аударған десек болады. Аудармада «ақала ордам» деген
тіркестің қазақтың өзіне тән
қазақ үйінің тікелей баламасы «юрта» сөзімен
алмастыруы аудармашының тапқырлығын танытады. Аударма
тұжырымды, аудармашы өз мақсатына жеткен. Аудармашыны автор
шығармасын көшіруші емес, оны қайта жасап шығушы ретінде
тануымызға болады. Аудармашы автордың дербес
шығармашылық стиліне терең ене білген.
Болгарлық
аударма зерттеушісі Анна Лилова «Ең жақсы аударма –
түпнұсқа стилін сақтай білу. Аударма тілі
түпнұсқа мәтінінің тілімен сәйкестікті
талап етеді. Көркем аударманың образдық бірлігін,
эмоционалдық-бейнелі, рухани мазмұндық түрін дәл
жеткізу жоғарғы дәрежедегі көркем аудармаға
тән сипат» [3,17].
Аударма
тарихын жасау – қазақ тілінен орыс тіліне аудару теориясы мен
тәжірибесін зерттеудегі маңызды міндет. Өзге елдермен
салыстырғанда қазақ аударматану мәселесінің
бұл қыры жалпы әдеби
үрдістің дамуынан көш
кейін қалуда. Қазан төңкерісіне дейін қазақ
тілінен орыс тіліне жасалған аудармалар санаулы болғанмен, одан
кейін аудармашылық үрдіс елеулі түрде дамыды.
Төл
шығарма мен аударма тілін салыстырып қарасақ, біраз
нәрсені аңғарамыз.
Сонда аударма тілі мен төл шығарманың тілінде көп жағдайларда
айырмашылық барын көреміз.
Төл шығарманың тілі неғұрлым жатық,
қазақ тілінің заңдарына сәйкес, ұғымды
келсе, аударманың
сөйлемдері байланыссыз, сөздері бір-біріне қабыспай,
оқуға ауыр болып келеді де, аударма екені бесенеден белгілі болып
тұрады. Асан қайғының бір өлеңін
мысалға алайық:
Қазақша:
Қыр
қадірін не бiлсiн?
Қырда
жүрген дуадақ.
Су
қадірін не бiлсiн?
Ауылдағы
жамандар .
Ер
қадырын не бiлсiн?
Көшсе
қона бiлмеген,
Қонса
көше бiлмеген,
Ақылына
көнбеген
Жұрт
қадірін не бiлсiн? [9, 26]
Орысшаға аударылғанда өзінің
мағынасын жоймаған. Мұнда аудармашының сөздік
қорының аздығын былай байқауға болады.
Біріншіден, қазақ тілінен аударғанда, орыс тілі мен
қазақ тілінің
өздеріне тән ерекшеліктерін, заңдарын кейбір сөз
тіркестерінің әр ұлттың өзіне сәйкес
қалыптасу түрлерін ескермей, біріне-бірін ықтиярсыз
бағындыруға тырысқан, яғни дәл аудара
алмаған. Дәл аудару дегенді мағына жағынан дәл аудару
деп ұғынып, осы
тұрғыда қолдануымыз керек.
Мысалы, "ақ", "қара",
"келді" деген сөздерді
дәлме-дәл аударуға болады. Ал енді жай ғана «Озерный
гусь о степном разнотравье что может знать» деп аудару "дәл аударма " еместігін бірден
байқатады. Алқап туралы
емес, қырдағы жағдайды толық жеткізе алмаған.
Әрине,
осылардың бәрін істегенде, шығармадағы
аудармашының өзінен
ешқандай із қалмауы, яғни оның тек өзіне
тән творчестволық даралығы сезілмеуі мүмкін емес.
Түйіндей
айтсақ, жыраулық поэзия аудармасында ең алдымен көзделетіні ¾ сөз, содан кейін поэтикалық мазмұн. Жыраулық
поэзия аудармашысы сөздің мән-мағынасын, дыбысталуын,
образдылықты, синтаксистік және стилистикалық
құрылымын (элементтерін) дұрыс жүйелеп, саралай білуі
арқылы түпнұсқаның көркемдігіне,
ырғақтық-әуездік сөз үйлесімділігіне,
мағыналық толық қуатына жеткізуге ұмтылады.
Нағыз классикалық өлең
дәрежесіне жеткізу ¾ аудармашы талантының шыңы.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Ә.Тарақ.
Аударма әлемі. Алматы, 2007.
2. Жаңабаев Қ. Казахские
жырау (IX-XIX веков в системе мировых
носителей
эпической традиции)
// ҚазҰУ хабаршысы №7 2006.
3. Талжанов С. Аударма және
қазақ әдебиетінің мәселелері. Алматы, 1975, -
286.
4. Бес ғасыр жырлайды. Бірінші том.
(құрастырушы М.Мағауин,
5. М.Магауин. Кобыз и копье. Алма-ата, 1970