Институт
языкознания им А.Байтурсынова
К.ф.н.А.Аманбаева
ПОЭТИКАЛЫҚ
ДИСКУРСТЫҢ ИНТОНЕМА МОДЕЛЬДЕРІ АРҚЫЛЫ КӨРІНІС ТАБУЫ
Қазіргі қазақ тіл білімінде тілді
құрылымдық жағынан ғана емес антропоцентристік
бағытта зерттеу мәселесі жан-жақты көрініс тауып
жатқандығы белгілі. Осы жағынан алып қарайтын
болсақ, поэтикалық мәтінді прагмалингвистикалық
тұрғыдан қарастыра отырып, оның интонема модельдерін
айқындау қажеттілігі туындайды. Өйткені поэтикалық
мәтінді оқу барысында, оны түсіну арқылы
коммуникативтік байланыс, яғни дискурстық қатынас орнайды,
яғни адамның танымына әсер етеді.Ал танымына әсер ету
бұл прагмалинвистиканың қарастыратын мәселелерінің
бірі. Яғни прагмалингвистикада адамды танымдық
тұрғыдан, яғни қабылдау, ойлау, түсіну,
өзгеге жеткізу қабілеттерімен байланысты қарастырылады
Прагмалингвистика
саласының негізін салып, «прагматика» терминін енгізген Ч.Моррис
еңбегінде прагматика туралы ұғымең алғаш рет
ғылымға енгізілген болатын. Онда ғалым семиотикадан тараған
негізгі үш саланы қарастырады. Біріншісі таңба мен
ұғымды – семантика зерттесе, таңба мен таңба
арасындағы қатынасты синтактика зерттейді. Ал прагматика
таңба мен қолданушы арасындағы қатынасты зерттейді.
Яғни прагматика семиотиканың бір бөлігі ретінде тілдік
таңбаның іске асуын білдіреді [1, 63б.]. Прагматика – ой
иесінің мақсаты мен уәжіне сай тілдік құралдарды
таңдаудың мәнін, сондай-ақ тыңдаушының
айтылған ойды, тіл арқылы берілген бағаны түсінуін
зерттейтін сала [2, 32б.].
Қайсібір
мәтінді алсаңыз да авторы мен оқырман арасында байланыс
орнайды. Яғни коммуникативтік акт пайда болады. Коммуникативті
актінің қарама-қарсы екі қыры бар. Мыс: хабар таратушы
– хабар алушы, жазушы – оқушы, сөйлеуші – тыңдаушы, процедент
– реципиент, адресант – адресат. Осы орайда сөйлеу
қатысымындағы коммуникация адресант пен адресат деп бөлінсе,
мәтін коммуникациясы автор мен оқырман арасында болады. Өйткені адресант пен адресат сөйлеу
коммуникациясы арқылы ауызша қарым-қатынасқа
түссе, жазбаша формасы – мәтін арқылы автор мен оқырман
арасындағы қарым-қатынасты көрсетеді. Яғни автор
мәтін арқылы екінші адамға әсер етіп, жаңа
көзқарастың туындауына, білім аясының кеңеюіне ықпал
етсе, дискурс тікелей сөйлеу коммуникациясы арқылы әсер
етеді, қарым-қатынас орнатады. Демек, дискурс – сөйлеу
арқылы қарым-қатынасқа түсу, сөйлеу актісі
және оның шешімі болса, мәтін – тілдік жүйедегі
лингвистикалық білім аясы. ОсығанбайланыстыН.Д.Арутюнова: «Дискурс –
связный текст в совокупности с экстралингвистическими, социолингвистическими, психолингвистическими
и другими факторами; текст, взятый в событийном аспекте» – дейді [3, 136с.].
1960-70 жылдары дискурс
сөйлемніңнемесесөйлеуактісініңғанабайланысыретіндеқарастырылса,
кейінкелеоныңауқымыкеңейіп,
күрделікоммуникативтікқарым-қатынасты, соныменбіргеэкстралингвистикалықфакторлар
(әлемтуралыбілімі, көзқарасы)
арқылыбайланысқатүсудіқамтиды.
Сөйлеукоммуникациясы мен
дискурстыңатқаратынқызметінанықтаубарысындаолардыңбірдей,
теңдәрежедеіскеасатындығыкөрінеді. Осы
орайдамәтін мен дискурсты «мәтіндегеніміз –
сөзактісініңжазудағыкөрінісіболса, ал дискурс –
қолданыстағымәтін,
яғнисөйлеутілініңнақтылыкоммуникативтікқарым-қатынасорнатудағықызметі»
– депсипаттайды[4, 4б.].Осы жағынан алып қарайтын
болсақ, дискурстың да өзіндік ерекшелігі байқалады
Өйткені дискурс – экстарлингвистикалық факторларды (әлем
туралы білімі мен көзқарасы, айтушының мақсаты мен
бағыты) қамтитын күрделі коммуникативтік құбылыс.
Дискурста коммуникативтік жағдаят пен оған қатысушылар
және тілдік материалдар тоғысып жатады.
Дискурс – көпдеңгейлі үдеріс болғандықтан, ол
айтушының вербалды қатынасы (дауыс ырғағы, интонация,
паузаларға бөлуі) мен бейвербалды қатынасын (ым-ишара)
қамтиды.Сондай-ақ дискурс – грамматика мен стилистика ережелері
арқылы көрініс табатын, айтушының (жазушының) белгілі
бір ойын немесе коммуникативтік ниетін көрсететін,өзіндік
прагматикалық мәні бар және танымындық
тұрғыдан құндылықтар жүйесін тануға
көмектесетін когнитивтік функциялары бар, оның ішкі әлемін, «менін» қоса көруге
мүмкіндік беретін тұтас тілдік шығарма. Олай болса, дискурс тілдік шығарманың
айналасына шоғырландырылған, прагматикалық мазмұнымен
толыққан шығарма иесінің өзіндік қырын
көрсететін күрделі жүйе ретінде көрініс табады.
Сондықтан дискурсты бірнеше түрге бөле отырып, өзіндік
ерекшеліктерінің болатындығын байқаймыз. Айталық,
әскери, іскери, ғылыми дискурстарда нақты бір мақсатты
көздейтін тұжырымдарға негізделген ой мен
таным-түсініктер орын алса, ал поэтикалық дискурс сезім мен
қиялға әсер етеді. Яғни дүниені тану, адам
бойындағы жақсы мен жаман қасиеттерді ажырату,
көңіл-күйге әсер ету сияқты ойлар ақын
өлеңдерінде көрініс тауып, оқырманын ерекше
әсерге бөлейді. Өйткені «поэтикалық мәтін»
(өлеі\ң мәтіні) – басқа көркем әдеби
шығарманың бірі ретінде оқушы үшін арналған
көркем дүние.
Поэтика термині – гректің «poltik fehne» –
«шығармашылық өнер» деген сөздерінен пайда
болған. Ол көркем шығармадағы
құндылықты бар болмысымен айқындар жүйе туралы
әдебиеттану мен лингвистиканың тоғысындағы ең
көне ғылым саласы [5]. Сондықтан поэтиканы тек қана
әдебиеттану тұрғысынан ғана емес, тілтаным
тұрғысынан да зерттеп, өзіндік ерекшеліктерін
анықтауға болады.
С.Оразалин поэтиканы жалпы (теориялық немесе
жүйелік «макропоэтика»), жеке баяндау түрінде (микропоэтика)
және тарихи болып, үшке бөлінетіндігін айта келіп,
мәтіннің дыбыстық, сөздік және образдық
құрылымына байланысты үшке бөлінетіндігін де ажыратын
көрсетеді [6]. Осы негізде академик З.Ахметов өлеңнің
табиғатына үңіле отырып, ондағы ырғақ пен
өзіндік әуенді және әуезділікті байқап,
«өлеңді сөйлеп айтпай, іштей оқығанда да,
оның үні, әуезділігі, ырғақ-интонациясы,
үйлесімі адамға қалай да әсерін тигізбей
қоймайды» – деп өлең мен интонацияның бір-бірімен
байланыстылығын ашып көрсетеді [7]. Яғни поэтикада
өзіндік ұйқас арқылы көрініс табатын
өлеңнің ішкі табиғаты әдебиетке қатысты
болса, ал ондағы өзіне тән әуен, ырғақ,
үдемелік, кідіріс, әуез, қарқын секілді компоненттер
тіл біліміндегі суперсегметті фонетика саласының қарастыратын
мәселелері болып табылады. Сондықтан поэтикалық
мәтіннің интонациялық ерекшеліктерін анықтау
қажет.Ол үшін ақын өлеңдерінде берілген 7-8
және 11 буыннан тұратын шумақтарды бунақтарға
бөле отырып, ондағы синтагмаларды ритмикалық топқа
бөліп, өзіндік ерекшеліктерін байқауға болады.
Әсіресе интонацияарқылы көрініс табатын өлең
түріндегіпоэтикалық мәтінді прагмалингвистикалық
жағын қарастыру да дискурстық тұрғыдан
анықтауды қажет етеді.Проф. З.М.Базарбаева
«Сөйлемдердің интонациясы әрқашан олардың
құрылымы мен мағынасынабайланысты болады. Сондықтан
поэзияда кездесетін сөздердің, буындардың санына
дейінреттеліп, дыбыстары үйлесіп, ерекше түзілетін
сөйлемдерде олардаң мағынасына қарай интонациясы да
барлық компоненттерін (әуен, қарқын, үдемелік,
ұзақтылық, пауза) өзгеше әсемдікпен реттеп,
өлеңнің ырғақты кестесін сызады.
Өлеңдердің шумақтарының жалпы интонациялық
келбетін алып қарасақ, синтагмаларының әуені біркелкі толқынданып келіп,
көтеріңкі-бәсең тонмен сипатталып, кейбір сөздер
мағынасына қарай акценттеліп, соңы төмендеп барып
кідіріспен бітеді» – деп өлең түріндегі поэтикалық
мәтіндердің интонациялық ерекшеліктерін, яғни
өзіндік интонемаларын анықтап береді [8].
Поэтикалық дискурстың интонациялық
ерекшеліктерін анықтау үшін қазіргі заман жайында ой
толғайтын, поэзия жанрында өзіндік
орны бар ақындардан М.Мақатаев пен М.Шахановты үлгі
ретінде алып қарауға болады. Әсіресе қазіргі
ақындардың арасында париоттық, отанына деген
сүйіспеншілігін дәріптейтін М.Шахановтың шығармалары
ерекше.М.Шахановтың өлеңдері әртүрлі
тақырыпта көрініс тапқан. Мәселен «Арифметикадан басталған өлең», «Соқыр
музыкант», «Ғашықтық
ғаламаты», «Жігерлендіру
өлеңі»,«Намыссыз
дарын сатқындығы немесе бiрiншi мен оныншы кезектегi iстi
шатастырғандар», «Тәуелсіздіктің екі түрі немесе рух
пен қарын егемендігі», «Жігіттің екі сипаты» атты
өлеңдері адамды патриоттыққа тәрбиелейтін,
өз елін, жерін қастерлеуге итермелейтін көркем туындылар.
Ақын М.Шахановтың өлеңдерікөбінесе 11-15-16
буыннан тұрады.Онда ақын өзіндік аралас келетін
ұйқас арқылы 7 шумақтан тұратын өлеңінде
ұлттық рух пен отанына деген сүйіспеншілігін және
тіліне деген құрметін жоғары қоя отырып,
оқырманын жігерлендіріп отырады. Өлеңнің басынан
аяғына дейін тиянақты, тиянақсыз және арнаулы
сұрақ интонемасы арқылы жасалғандығы
көрінеді. Шумақтың әр тармағы екі-үш
синтагмадан тұрып ритмикалық топ құрайды. Әрбір
ритмикалық топта өзіндік ырғақ, дауыс үдемелігі
мен әуені орын алған.
«Тәуелсіздіктің
екі түрі немесе рух пен қарын егемендігі» атты
өлеңнің интонема модельдері
Кейде тұтас, →/ кейде жалқы,
→/кейде аралас/→көлемде,↑~
Қос тармақты тәуелсіздік↑/бағыт алды →/әлемде↓.
Дәуірдің бас айбынгері→/– ҚАРЫН ЕГЕМЕНДІГІ,→
Қарын тоймай↑/істің алға →/жылжымасы
белгілі↓.
Бірақ қарын→/басып кетпеу→/ керек→/
рухи байлықты ↑
Оның көзсіз зорлығынан→/ғасыр
көңлі →/шайлықты↓.
Ал, ↓/РУХАНИ ЕГЕМЕНДІК↑/– халқымыздың
арманы, ↑
Елдік, ↑/ұлттық мүддеміздің →/сүйеніші,
→/қорғаны↓.
Қуат алса →/ашқарақ көз,→/
материалдық санамыз↑,
Тою, →/баю мүмкіндігін→/басқа елден де→/
табамыз↓.
Өз жеріңде→/ұлтсыздансаң↑/қайғы
бар ма↑/ оған тең?↑
Ата-баба →/рух- сенімін→/басқаның
бұл →/табанмен↓.
Неге қарын байлығыңды→/тарта бердің→/көлденең? ↑
Рух семсе,→/бірге тыныс→/ ала алмайсың→/
елменен↓.
Тілден қашсаңтоғышарсың→/тек
байлыққа→/шөлдеген,↑
Ешкім→/баба тілін қорлап→/бақытты боп↑/көрмеген↓.
Қайда барсаң↑/материалдық байлық
үшін→/алқыныс, ↑
Аз да болмас↑/бұл салада→/игі қадам, →/жарқын
іс↓.
Ана тілсіз егемендік→/– жарты демеу,→/жарты ырыс, ↑
Ол алқыныс↑/ – ұлтсыздыққа
бағытталған →/талпыныс.↓
Егер →/ана тілің сөнсе,↑ /түрің,
↑/қарның қалады. ↑
Басқа тілде →/жол ашарсың→/байлығыңа
салалы. ↓
Ерте, кеш пе,↑/сені баба ғасырының→/саналы ↑
Ызасы мен қасіреті,↑/киесі іздеп ↑/табады.↓
Тілің кетсе↑/– ұлтың өлер,→ /өлер
және →/елдігің, ↑
Кеш таққаннан →/не қайыр бар →/ар
мен намыс→/белдігін?↑
Ойлашы өзің,→/кімге қажет →/тәуелсіздік-теңдігің, ↑
Қарын мүдде →/сыртқа тепсе↑/Рух
егемендігін?! ↓
Қорыта келгенде ақын М.Шахановтың
өлеңдерінде дискурстық қатынас ерекше көрініс
тапқан. Өйткені ақын өлеңінде суреттеуден
гөрі, күрделі фразалық тұтастыққа құралған тіркестер арқылырухтандыру, әрекетке
итеру, ұлтын, елін сүюге тәрбиелеу басым. Әсіресе
интонациялық жағынан қарастырғанда интонема модельдері
өзіндік ырғақ, ұйқасы жағынан ерекшеленіп
отырады.
Әдебиет
1.
Моррис
Ч.У. Основания теория знаков. «Семиотика». –М.: Радуга, 1983. –636с.
2.
Жақсыбаева
Ф.З. Газет мәтінініңпрагматикалықфункциясы:
Филология ғылымдарының
кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертация. –Алматы: 2000. –153б.
3.
Арутюнова
Н.Д. Дискурс // Лингвистический энциклопедический словарь.
–М.: 1990.
4. Кеншінбаева Ж.Қазақмәтінінің
семантика-интонациялықмүшеленуі.
(экспериментті-фонетикалықзерттеу):
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу
үшін дайындалған диссертация. –Алматы: 2004. –161б.
5.
Лотман Ю.М. О поэтах и поэзии, анализ поэтического
текста –СПб., 1996.
6.
Оразалин С. Поэтикалық мәтіннің
құрылымдық сипаты // «Тілтаным» журналы 2011 №1-2.
7.
Ахметов З. Өлең сөздің
теориясы. А., 1993.
8.
Базарбаева З.М.Қазақ тілі: интонология,
фонология. Алматы, 2008.