Шалтықов А.И., саяси ғылымдар докторы, профессор
(Алматы, Қазақстан Республикасы)
КЕДЕНДІК САЯСАТТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ
ТӘЖІРИБЕСІ
Кедендік іс – ол мемлекеттер
арасында және мемлекет ішінде экономикалық және сауда
айланыстары аясында жүретін объективті процесс, сонымен бірге
экономиканы, сыртқы сауданы, қаржыны тұрақтандыруды
реттейтін бірден –бір тетіктердің бірі.
Бүгінгі күні Қазақстанның экономикасы
сыртқы елдеродің инвестициясының қатысуымен үлкен табыстарға жетіп отыр,
мұндай процестер, әрине, пәрменді тетіктердің
көмегімен бақылануы тиіс. Міне, осындай тетіктердің бірі
болып кедендік бақылау болады.
Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының
кедендік саясаты экономикалық және саяси егемендікті
нығайтуға, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз
етуге, сонымен бірге ТМД елдерінің біріңғай кедендік
кеңістігін құруға бағытталған.
Экономиканың басқа маңызды салаларымен бір
деңгейге жетіп, Қазақстанның кедендік ісі мемлекеттік
органдардан мемлекеттің саяси институтына, оның
тәуелсіздігінің атрибутына айналып отыр. Атап айтқанда,
мемлекеттің кедендік саясатының тетіктерін дұрыс, тиімді
және нақты енгізу экономиканың басқа салаларының
жемісті жұмысын анықтайтын шешуші кезеңі болады.
Қазақстан Республикасы кедендік саясатынынң алдында
қандай міндеттер?
Қазақстан Республикасының кедендік саясаты
қысқа тарихи мерзімде – бар жоғы 20 жылдың ішінде
қалыптасып, қызмет етуде. Осы жылдары елімізде үлкен өзгерістер
болды: қоғамды демократия негізінде қайта құру;
нарықтық қатынастардың негізінде экономиканы
реформалау; жаңа меншік
түрлерінің шығуымен қоғамның саяси
жүйесін және оның әлеуметтік құрылымын
өзгерту. Бүгінгі күні осындай өзгерістер -объективті
және субъектвті факторлар- мемлекеттің кедендік саясатына
және оның тиімділігіне көп әсер етті деуге болады.
Қазақстан
Республиканың ұлттық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мақсатында кеден саясаты мен кедендік
қызметінің негізгі міндеті болып табылады.
Қазақстанның сыртқы экономикалық
қызметінде әлемдік экономикаға, Дүние жүзілік
сауда(ДСҰ), басқа да халықаралық экономикалық
және саяси ұйымдарына кіру ықыласы жалпы сыртқы
экономикалық қызметте икемділік және көрегендік
сыртқы экономикалық саясатты жүргізуді, сақтықты,
соған сәйкес кедендік саясатты, заңдылық-
құқықтық негіздерді үйлестіруді,
тауарлық номнклатураны жасауды, кедендік рәсімдерді
үндестіруді талап етеді.
Кеден саясатының маңыздылығы оның кеден
органдарының саяси-құқықтық мәртебесі
проблемасымен де байланысты. Оны ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы»
Заңы тұрғысынан қарауға болады. Биліктің
атқарушы органдары қызметкерлерінің мәртебесі оларды
мемлекеттік саяси қызметкерлерімен қатар қояды. Бұндай жағдай
республиканың атқарушы билік органдарының барлығы,
соның ішінде кеден қызметінің субъектілері де,
Президенттің басшылығымен атқарушы биліктің
біріңғай жалпымелекеттік саясатын қаматмасыз етуімен
байланысты.
Қазіргі кедендік саясат үшін осы көрсетілген
міндеттерді шешу өзекті болып табылады, бірақ оның
дүдәмәл екендігі де анық. Осыған байланысты біз
кеден қызметін кең түрде жаңғыртудың
қажет екенін, оны көпқырлы сыртқы экономикалық
қызмет пен оның көлемінің өсуіне
сәйкестендіру, кеден қызметін Қазақстанның
тұрақты өзгеріске ұшырап тұратын ішкі және
сыртқы саясатына, халықаралық кедендік практикада
қабылданған ережелерге, нормаларға,стандарттар мен
рәсімдерге бейімдеуді табандылықпен жүргізу қажет деп
есептейміз.
Тәуелсіз Қазақстанның кеден
қызметінің жиырма жылдан артық өмір сүру
тәжірибесі стратегиялық мақсаттарды нақты
анықтамай, айқын басымдықтарды қалыптастырмай байыпты
жетістіктерге жетуге болмайтыны мүмкін еместігін көрсетеді.
Еліміздің эконмикасының дамуының жаңа кезеңінде
өмірдің өзі Қазақстан кеденінің алдында
кеден ісі проблемаларын шешудің жаңа амалдарын пайдалану
қажеттігін айқындайды.
Қазақстанның ТМД елдерін интеграциялық
бастамалары, Кеден одағы, оның себептері, біздің еліміз
үшін оның қандай пайдасы бар деген сұраққа
келетін болсақ, 1994 жылы ТМД-ның қызметіне өте
қауіп туғанда Қазақстан осы елдерді біріктіру
және өздерінің
барлық мемлекеттік егемендігін толық сақтап және біріңғай
экономикалық кеңістікті қалыптастырып, Еуразиялық
одақ туралы модульдік идея ұсынды. Бүгінгі күні Еуразиялық
одақтың теориялық
идеяларының көпшілігі үш елдің Кеден одағы
құжаттарында, сонымен бірге қалыптасып жатқан
Біріңғай экономикалық одақта іске асуда. Бұл
Еуразиялық одақтың бірте-бірте өмірге кіріп
жатқанын, ертелі кеш пе, ол еуразиялық кеңістікте
толық өмір сүретінін
көрсетеді. Бұл интеграциялық процеске басқа елдер
сияқты Қазақстан ынталы, бірақ та ол үш
елдің Кеден одағы ғана емес, Бүкіл Тәуелсіз
Мемлекеттер Достығы шеңберіндегі интеграцияның дем берушісі
болып табылады.