Байжанова Қ.У. - з.ғ.к., доцент

Құсайынов С.А. - магистрант

Орталық-Азия Университеті

 

 

Тонау қылмысының ОБЪЕКТІСІне құқықтық талдау

 

Қазақстанның жаңа қылмыстық құқығында меншік – ең маңызды қорғалатын объектілердің бірі болып табылады. Қылмыстық иемденуден меншікті қорғау ҚР ҚК-і мақсаттарының бірі болып жарияланды. Ең маңызды қорғау объектілері ретінде меншік адам құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінен кейін екінші орында қол сұғушылықтан мемлекеттік заңмен қорғалады. Меншік түсінігі қылмыстық кодексте ерекше сипатты алады. Сондықтан да қоғамға қауіпті әрекеттердің кесірінен, Қылмыстық кодекстің «Меншікке қарсы қылмыстар» атты 6-тарауымен жауапкершілік көзделген [1, 6 б.].

Кеңестің қылмыстық құқығында меншікке қарсы қылмыстың объектісі мен экономикалық түсініктің ойы туралы тарапты алғаш Д.Н. Розенберг түсіндірді. Марксизм классиктеріне сүйене отырып, ол Қылмыстың бұл түрінің объектісі қоғамдық қатынас ретінде – капиталистік қоғамдағы жекеменшік және социалистік қоғамдағы социалистік пен жеке меншік. Социалистік меншік пен жеке меншік ерекшелігі экономикалық сапаны ғана көрсетпейді, сонымн қатар оның нақты базисі болып қоғам санасының белгілі түрлеріне сай заңи және саяси құрамы болады. Зерттелген қылмыстың қоғамдық экономикалық негізі мен материалдық құндылықтардың жүйесін бөлу туралы Кеңес криминалисттер де жазды. Келтірілген амалдың қазіргі уақытқа дейін де зерттеушілер арасында тараптары бар [2, 55б].

Қылмыстық құқықтық ғылымында меншікке қарсы заң құбылысы ретінде шектелген ой туындады. Бұл көзқарас Б.С. Никифоров пен П.С. Матышевский ұстанды. Б.С.Никифоров айтуы бойынша: «Тонау, алаяқтық сияқты қылмыстардың объектісі иенің заңмен реттелген кепілдігі болып, мүмкін өз қалауы бойынша қолдауымен оған билік ету. Иенің өз меншігіне қатысты заңи құқықтарын шектеу құқықбұзушылық болып саналады, бөлек жағдайлар шараларында, меншік құқығы элементтерінің бөлшектеріне қол сұғушылық туралы емес, оның бұл құқыққа толық көлемде әсер етуі қылмыс болып табылады». П.С. Матышевский жазды: «Социалистік меншікке қарсы қылмыстар қоғамдық қатынастардың барлығына әсер етпейді, тек оның бір бөлігіне қатысты – ол меншік құқығы, оған қатысты иелік етуі жүзеге асырылады. Социалистік меншікке пайдалану мен билік етуді субъективті түсінікте меншік құқығы болады». Меншікке көзқарас құқықтық құбылыс болып қылмыстық құқық ғылымында өзінің тараптарынан тұрады [3, 199 б.].

Сонымен қатар, айта кетсек, меншікке қарсы қылмыстарды қол сұғушылық заты рөлін алатын меншік ұрланған мүліктің объектісі болмайды. Логика заңдары қылмыстың объектісі болып қоғамдық қатынастардан басқа ештеңені санамайды, себебі олар барлық қылмыстың жалпы және тектік обектілерін құрайды.

ҚР ҚК 6-тарауымен көзделген кейбір қылмыстарда екі объектілі болады. Ең бірінші қатарда күш қолданумен байланысты меншікке қарсы қылмыстарға тән. Олар: Қарақшылық (ҚРҚК 179-бап), Қорқытып алушылық (181-бап) және т.б.

Күш қолдану мүліктік қылмыстарда негізгі объект меншік болады. Негізгі айырылмас объектіні бөлген кезде оның қорғалатын мұқтаждық мағынасы мен құрамдас объектілерінің жоюылына әкеп соқтырады. Сол үшін де, қылмыстың объектісі концепциясына ҚРҚК 178-бабымен көзделгендей: тектік объект – мүліктік қатынас, құрамдас – меншік қатынастары, тікелей негізгі – сол мүлік қатынас, тікелей қосымша – жәбірленушінің тұлғасы (күш қолданған тонауда).

Мағлұматты да (заң түсінігінде) ұрлауға болмайды. Ал егер мәліметтің белгілі бір қасиеттері болса, онда олардың заңсыз иемденуі тек қана ҚРҚК-тің ұрлау туралы баптарымен ғана емес, басқа да заңдармен жауапкершілік көзделеді. Мысалы 200-бабында коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді құжаттарды ұрлау, коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтер құжаттарды ұрлау, коммерциялық немесе банктік құпияны білетін адамдарды немесе олардың туыстарын сатып алу немесе оларды қорқыту жолымен және басқа да сол сияқты бұл мәліметтерді жария ету не заңсыз пайдалану мақсатында өзге де заңсыз тәсілдермен жинаған әрекеттері үшін бас бостандығын айыру жазасы көзделген.

ҚРҚК 5-тарауы «Мемлекеттің конституциялық құрлысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар», мемлекеттік құпияларны құрайды (мемлекеттік опасыздық, шпионаж, мемлекеттік құпияларды заңсыз жария ету, мемлекеттік құпиядан тұратын құжаттарды жоғалту).

Мағлұмат туралы ҚР ҚК 227-бабында көрсетілген, бұнда заң мен қорғалатын компьютерлік ақпаратқа, яғни машиналық сақтағыштағы, электронды есептеу машинасындағы (ЭЕМ), ЭЕМ жүйесіндегі немесе олардың желісіндегі ақпаратқа заңсыз кіру, сол сияқты ЭЕМ-ге, ЭЕМ жүйесіне немесе олардың желілеріне пайдалану ережелерін бұзуы егер бұл әрекет ақпаратты жоюға, бөгеуге, жаңартуға не көшіруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желісін бұзуға әкеп соқтырса, онда 2 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға болады.

ҚРҚК-нің «Меншікке қарсы қылмыстар» атты 6-тарауында ұрлық жағдайларына көп ұқсайтын «қосымша» құрамнан тұратын баптарда кездеседі. Ол ҚРҚК 182-бабымен адамды алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен меншік иесіне немесе өзге мүлік иеленушіге ұрлық белгілерінсіз мүліктік залал келтіргені үшін 3-жылға бас бостандығын айыруға жазаланады. Қарастырылған жағдайда ұрлықтың заты сияқты элементі жоқ, бірақ жасалған әрекеттерін қалған сипаттары – алдау, залал келтіру – ҚРҚК-нің бабында көрсетілгендей кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз береді. Тонауда кінәлінің әрекетін дұрыс сипаттау, оның ұрланған мүліктің статусы, оның әр мүлік формасына жатқызу, үлкен мағыналы болады. Мысалы, мемлекеттік, жеке немесе меншік басқа белгілі бір мақсаттармен тапсырылған тұлғадан ұрланса. Тонаудың заты сияқты бөтен мүлік – бұл, кінәлінің иелігіне жатпайтын мүлікке байланысты құқықтар.

Бұл мүліктің ұрланған кезінде міндетті түрде меншік иесінде болу керек емес. «Ол басқа тұлғаның уақытша иелігінде, қорғанысында болу мүмкін мемлекеттік не жекеменшік болған мүліктер белгілі меншік түрінің ұрланғанда, ол сәйкес түріне қол сұғушылық деп танылу мүмкін. Тонаудың қылмыстық құрамына жалғыз фактінің қатысуы жеткіліксіз. Мысалға айтатын болсақ, егер ұрлықшы басқа тұлғалардың қатысуымен темір жолдан, палаткалардан, сатылатын тауар жерде өзінің қызметін жүзеге асырып жатқандай немесе меншік иесінің өтінішін орындамағандай іс әрекет жасап мүлікті алып кетсе, онда бұл тонау болып қарастырылады.

Тонаудың заты материалдық болуымен қатар, оның құны болуы керек. Егер мүліктің құны болмаса, онда оның заңсыз иемденуі тонау болмайды. Құн категориясы – міндетті экономикалық түрде болуы қажет. Құнның болуы, затқа еңбектің әрекеті салынғанын білдіреді. Бұдан түсіндіруге болады, әрбір мүлік зат болып табылмайды, сондықтан да тонаудың заты әр мүлік болмайды (мысалы орман, көп жылдық екпіндер, жануар әлемінің объектісі).

Бірақ бұндай әркеттердің қорытындысы құқықтық бағалаусыз қалмайды. Көрсетілген ұқсас белгілердің кесірінен заңгерлер адамдардың жасалған еңбектері үшін ҚРҚК табиғатқа қол сұғушылыққа қатысты арнайы баптар енгізілді. Келтірілген әрекеттер ҚРҚК-нің «Экологиялық қылмыстар» 11-тарауының кейбір баптарымен қарастырылған.

Кейбір анықталған шарттарда қарастырылған құндылықтар тонаудың заты бола алады. Бұл адам еңбектерімен қолданылса: балық аулау, ағаштар мен малдар өсірілсе. Сонымен назарға салу қажет, мемлекет үшін меншік қатынастарын қорғаумен, кейбір ерекше құрамы бар заттар мен белгілі бір түрлерінің құндылықтарының қол сұғушылықтан қорғалуын қамтамасыз етеді. Осы заттардың өз арзан құнына байланысты ұрлық кезінде меншік қатынастарына үлкен залал келтірмесе де, басқа қоғамдық қатынастарға әсерлі залал тигізу мүмкін. Сондықтан да, олардың қорғанысы қылмыстық заңмен қамтамасыз етіледі.

Егер тонау кезінде, ерекше тарихи құндылығы бар, бірақ оның құны мәдениет жағынан құнды заттар мен құжаттар, сирек кездесумен, индивидуалды белгілермен анықталса («Мәдениет туралы» 15 желтоқсан 2006 жылғы №207 заңы), онда бұл әрекетті ҚР ҚК-нің 180-бабымен сарапталуы қажет.    

Ал егер тонау кезінде радиоактивті материалдар ұрланса («Атом энергиясын қолдану туралы» 14 сәуір 1997 жылғы №93 заңы), онда әрекеттер ҚР ҚК 248-бабымен сараланады.

Тонау уақытында қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғылары ұрланса, онда ол әрекеттер ҚРҚК-нің 255-бабымен сараптауға болады. Бұл екі жағдайда тонаудың обектілері өзгереді. Тектік объект болып қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп болса, тікелей объект – радиоактивті материалдар мен қарулардың қауіпсіз айналымы (негізгі объект), ал радиоактивті құрылғылар, қарулар мен т.б. заттар кіреді (қосымша объект).

Тонау кезінде есірткі заттар немесе психотроптық заттар ұрланса, онда бұл әрекеттерді ҚРҚК-нің 260-бабымен саралау керек. Бұл жағдайда, бұның алдындағы екі жағдай сияқты қылмыстың объектісі ауысады. Аталған қылмыстың қоғамдық қауіптілігі жеке меншікке зиян келтіруден гөрі, денсаулыққа айтырлықтай зиян келтіруімен байқалады. Бұл қылмыстың объектісі – халықтың денсаулығы. Есірткі заттарды ұрлау немесе қорқытып алу кезінде қосымша тікелей объект ретінде жеке меншіктің қатынастылығы болуы мүмкін.

Қылмыстың заты – есірткілік заттар және жүйкеге әсер ететін заттар. Есірткілік заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау немесе қорқытып алу аталған топтың дербес қылмысы болып табылады.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1.   Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі.- Алматы: Юрист, 2009. - 144 б.

2.    Клепицкий И.А. Собственность и имущество в уголовном праве. Государство и право.- 2003. №5 - с 83.

3.   Матышевский П.С., Никифоров Б.С. Мошенничество как форма хищения чужого имущества. М.Юриспруденция., 2002 .- с 386.

4.    Суханов Е.А. Лекций о праве собственности.- М., 1991. с 697.

5.    Философия собственности ( XVII XX вв). Спб, 1993. - с 604.

6.    Завидов Б.Д. Уголовно-правовой анализ грабежа, разбоя и вымогательство. Консультант Плюс, -М., 2007.- с 357

7.    Завидов Б.Д. Уголовно-правовой анализ преступлений против собственности. Консультант Плюс, -М., 2005. – с 320.

8.    Уголовное право. Особенная часть. Под.ред. Б.Д.Здравомыслова, А.И. Рарога.-М., 1994. - с 543.