|
|
Орталық-Азия
Университетінің 6М030100
– Құқықтану мамандығының
магистранты Алматы |
Мемлекеттің
жеке адамның құқығын қорғаудағы
конституциялық-құқықтық жауапкершілігін
іске асырудың тетіктері
Түйін: Бұл мақалада құқықтық мемлекет –
адам құқықтары мен бостандықтарын жан-жақты
және iс жүзiндегi құқықтары мен
бостандықтарының кепiлдiктерi, құқық пен
заңның жоғарылығы, заңның тiкелей
әрекетi, азаматтардың мемлекет алдындағы және мемлекеттiң
азамат алдындағы өзара жауаптылығы, тәжiрибеде
қолданылатын билiктi бөлу қағидасы, демократиялық
режим, мемлекетпен қорғалатын заңдылық және
конституциялық тәрiздi белгiлермен сипатталатын, мемлекеттiк
дамуының ерекше түрi және деңгейi ретінде ашылады,
бұл саладағы жасалған қадамдарының негізгі
қорытындылары бағаланады.
Тірек сөздер: Қазақстан Республикасы, адам құқықтары
мен бостандықтары, Конституция, құқықтық
мемлекет, жеке азамат.
Қазіргі
таңда Қазақстан Республикасының конституциялық
құқығы ғылымының зерттеу объектісі
және құқық саласы ретінде институттары
көлемінің кеңейіп келе жатқандығы,
конституциялық құқықтың әлі де шешуін
табуды қажет ететін өзекті мәселелерінің бар екендігін
дәлелдейді. Сол өзекті мәселелердің бірі –
мемлекеттің жеке тұлға алдындағы жауаптылығы. Осы
мәселе - конституциялық жауаптылық жүйесіндегі
мемлекеттің жеке тұлға алдындағы
жауаптылығының іске асыру тетіктерін жан-жақты ашу болып
табылады.
Қазақстандық
конституционализм түсінігін ашуда оның басты элементтерін атап
өту қажет. Олар: құқықтық мемлекет,
азаматтық қоғам, адам өмірінің,
құқықтары мен бостандықтарының
басымдылығы және т.с.с.
ҚР
Конституциясының 1-ші бабының 1-ші тармағында
«Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам
және адамның өмірі, құқықтары мен
бостандықтары» деп көрсетілген. Бұл аталғандар да
Қазақстан Республикасының конституциялық
құрылысындағы мемлекеттің конституциялық
сипаттамасы мен оның ең басты құндылығы [63, 4
б.]. Аталып өткен конституциялық норма мемлекет пен
тұлғаның арасындағы қатынасты ашып беріп отыр.
М.В. Баглай
мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және
адамның өмірі, құқықтары мен
бостандықтарын: «ең басты құндылық»
түсінігі – бұл заңи емес, ізгілік категориясы. Бірақ
оның конституциялық мәтінде орын алуы, оны
құқықтық категорияға айналдырады,
яғни ол енді қоғамның барлық мүшелеріне
міндеттілікке ие болады…. Осыдан шығатыны биліктің барлық
тармақтары, мемлекеттік механизмнің барлық буындары бір
ғана мақсатқа қызмет етеді: адам мен азаматтың
құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз
ету», - деген ұғымда қарастырады [4, 98 б.].
Ал
конституциялық құрылыстың идеалдық
көрінісі, ол мемлекет пен жеке тұлғаның өзара
кешендік құқықтары мен міндеттерінің болуы
және міндеттерінің орындалмауымен байланысты
жауаптылықтың туындауы.
Тұлғаның
құқықтары мен бостандықтарын ашатын
конституциялық нормалардың бұзылуы мемлекеттің
конституциялық жауаптылығын, ал конституциялық
құқықтық нормалардың бұзылуы
оның конституциялық-құқықтық
жауаптылығының туындауына негіз болып табылады.
Осыған
сәйкес мемлекеттің жеке тұлға алдындағы
конституциялық және
конституциялық-құқықтық
жауаптылығының түсінігін ашып алу қажеттігі туындайды.
Мемлекеттің
жеке тұлға алдындағы жауаптылығының
конституциялық-құқықтық жауаптылық
жүйесіндегі орны жоғары. Әрі аталған
жауаптылықтың өзектілігіне қарамастан мемлекеттің
жеке тұлға алдындағы
конституциялық-құқықтық жауаптылығы
заң ғылымында әлі жан-жақты ашылмаған.
Мемлекет
конституциялық-құқықтық қатынастардың
субъектісі ретінде мемлекеттік биліктің барлық органдарының
жүйесін қамтиды. Мемлекеттің
конституциялық-құқықтық
жауаптылығының ерекшелігі жауаптылық субъектісінің
өзінің спецификасымен анықталады. Жауаптылықтың
дәстүрлік түсінігі бойынша қандай да бір субъект
мемлекетке қатысты құқықтық
жауаптылықта болады және жасалған
құқық бұзушылық үшін жауаптылық
мемлекет тұрғысынан қолданылады. Ал қарастырылып отырған жағдайда мемлекет
халыққа және әр адамға қатысты
жауаптылық субъектісі болып табылады [4, 125 б.].
Жоғарыда атап
өткендей мемлекеттің жеке тұлға алдындағы
жауаптылығының негізі болып адам және азаматтардың
құқықтары мен бостандықтары
айқындалған тек конституциялық қана емес, сонымен
қатар конституциялық-құқықтық
нормаларының да бұзылуы табылады.
Сонымен қатар
Конституцияның 3-ші бабының 3-ші тармақшасында: «Халық
пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің,
сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттігі
шегінде Парламенттің құқығы бар. Республика
Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар өздеріне берілген
өкілеттіктер шегінде ғана мемлекет атынан билік жүргізеді», -
деп көрсетілген [3].
Жоғарыда
аталып өткен нормаларға сүйене келе, халық және
мемлекет атынан билік жүргізетін ең жоғары лауазымды
тұлға және конституциялық жауаптылық субъектісі
ретінде тоқталу кезінде жан-жақты әрі ерекше
көңіл бөлуде ең басты орынға ие болатын
президенттің конституциялық-құқықтық
жауаптылығы. Себебі біздің ойымызша ол мемлекет атынан әрекет
еткеннен кейін сәйкестелген түрде мемлекет атынан жауаптылыққа
ие болуға тиіс. Осы субъектінің
конституциялық-құқықтық жауаптылығын
қарастырғанда конституциялық нормалардың өзінде
көптеген қарама-қайшылықтарды кездестіруге болады. Атап
айтатын болсақ, ҚР Конституциясының 40-шы бабының 2-ші
тармағына сәйкес: “Республиканың Президенті - …
Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат
құқықтары мен бостандықтарының нышаны
әрі кепілі”. Біздің ойымызша кепілдік беру жауаптылықпен
ұштасуға тиіс. Ал ҚР Конституциясының 47-ші
бабының 2-тармағына сәйкес Республика Президенті өз
міндеттерін атқару кезіндегі әрекеті үшін тек қана
мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді.
Яғни Конституцияның мызғымастығы, адам және
азамат құқықтары мен бостандықтарының
кепілі ретінде олар бұзылған жағдайда
конституциялық-құқықтық мәртебесіне
сәйкес жауаптылықта болмайды. Біздің ұстанатын
көзқарасымыз бойынша осы нормаларды бір-біріне сәйкестендіру
қажет.
Мемлекеттің
жеке тұлға алдындағы жауаптылығының
түсінігін ашу кезінде мемлекет атынан билік жүргізетін ең
жоғары лауазымды тұлға және халық өкілі
ретінде конституциялық-құқықтық
жауаптылықтың жеке субъектісі ретінде президенттің
конституциялық жауаптылығын ашу мен оның тетігін
анықтау осы мәселені шешуде қандай да бір жетістіктерге
жеткізуі сөзсіз.
Әдебиеттер тізімі:
1 Назарбаев Н.А. Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан.
// Қазақстан Республикасы Президентінің
халыққа Жолдауы. «Егемен
Қазақстан», - Астана, - 2007, 1 наурыз. - № 55.
2 Қазақстан Республикасының Конституциясы / 1995 жылы 30
тамызда республикалық референдумда қабылданған (7 қазан,
1998 жылғы № 284-1, 2007 ж. 21 мамырда № 254-ІІІ Қазақстан
Республикасы Заңдарымен енгізілген өзгерістер мен
толықтырулармен бірге) // Қазақстан Республикасы
Парламентінің жаршысы. – 1996. - № 4. – 217-қ.; 1998. - № 20. –
245-қ.; 2007, – № 10. – 68-қ.
3 Сапаргалиев Г., Салимбаева Ж. Проблемы конституционной ответственности.
– Алматы: Жеті Жарғы, 2001. – 152 с.
4 Салимбаева Ж. Конституционно-правовая ответственность: дисс. канд. юрид.
наук. - Алматы, - 1997. – 26 с.
5 Авакьян С.А. Актуальные проблемы конституционно-правовой ответственности.
// http: law.edu.ru/script/cntSource.asp?cntID=100046012 14.07.06