Жиенбай А.П., Омарбекова М.Т.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қаласы, ҚР

 

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІ ЖҰМСШЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕК ШАРТТАРЫН ЗЕРТТЕУ

 

Акционерлік қоғам (АҚ) «Қазақтелеком» – Қазақстанның ірі телекоммуникалық компанияларының бірі, байланыстың ұлттық операторы мәртебесіне ие, сондай-ақ советтік лауазым кеңістігінен бері серпімді түрде дамып келе жатқан, инфокоммуникациялық қызметтің кең спектрін ұсынушы телекоммуникациялық компаниялардың бірі. Компания телефондық, мәліметтерді тарату желілері, кең ауқымды интернет-желісі, IPTV, хостинг, SIP-телефондық, бейне-мәжіліс, телеграф және интеллектуалды байланыс қызметтерін ұсынады.

Компанияның екі басты офистері Астана мен Алматы қалаларында орналасқан және Қазақстанның барлық аймақтарында филиалдары бар. Олар әлемнің барлық жерлерінің байланыс қызметтерімен қамтамасыздандырады. 2013 жылдың 1 қаңтарына оперативті мәліметтер бойынша компания тіркелген байланыс абоненттерінің 3,333 млн. астамына қызмет етеді. Қазақстан Республикасындағы телефондық тығыздық орта есеппен 100 адамға 21,3 телефоннан құрайды. АҚ «Қазақтелеком» 40 астам алыс және жақын шетел операторларымен тығыз жұмыс жасайды және ынтымақтасады.     

Сонымен бірге АҚ «Қазақстелеком» бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырумен, модернизациялаумен және телекоммуникация жүйелерін фировизациялаумен, жаңа технологияларды енгізумен және ауылдарды телефондандырумен, сондай-ақ кең ауқымдағы қол жетімді Интернетті дамытумен айналасады.

Қазіргі кезде Қазақстан тәуелсіз және бәсекеге қабілетті телекоммуникациялық жүйеге ие. Оның қызмет етуі көбіне мемлекеттік маңызды АҚ «Қазақтелеком» ірі жобаның – Ұлттық ақпараттық супермагистральдық (ҰАСМ) негізгі сақыинасы құрылысының жүзеге асырылуымен шартталады. Ұсынылған жобаны жүзеге асыру «цифрленген мемлекетті» құру жолындағы маңызды қадам жасауға, «электрондық үкімет» инфрақұрылымды, сондай-ақ «ақпараттық қоғамды» қалыптастыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ҰАСМ әлемдік ақпараттық кеңістіктегінде Қазақстанның интеграциясын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Байланыс саласындағы дамудың маңызды бағыты модернизация мен телекоммуникациясының жергілікті желілерінің дамуы, мәліметтерді тарату желілерінің құрылысы, жаңа қызметтерді ендіру болып табылады. АҚ «Қазақтелеком» IP/MPLS магистральды желілерін дамытады. Жоба шегінде мәліметтерді таратудың кең масштабты жаңа сервистерін ендіруді қамтамасыз ететін мультисервистік маршрутизаторлары бекітілген. Қазақстанның облыстық және аудандық орталықтарының деңгейінде ADSL - «Megaline», IP VPN технологиясының негізінде кең ауқымды қол жетімді Интернет қызметтері қосылған.   

Жалпы NGN желілерін құру бойынша ірімасштабты жобалардың жүзеге асырылуы компания тұтынушыларына жаңа инфокоммуникациялық қызметтерді алуға мүмкіндік береді және сервистердің кең қол жетімділігін қамтамасыз етеді. NGN желісі сөздерді, суреттерді және мәліметтерді (Triple Play) таратуға арналған әмбебапты көпбағытты желі. NGN желісі қызметтердің барлық түрін, оның ішінде телефондық, Интернетке кіру рұқсатын және бейнені ұсынудағы қолданылатын бір ғана транпорттық ІР желісін қолдануына байланысты құрылысына кететін қаражаттандырудың азын ғана талап етеді. Сондай-ақ, бағдарламалық коммутаторлардың басқаруларымен рұқсатардың әмбебап шлюздарын қолдануды қарастыратын, байланысты ұйымдастырудың жаңа принциптері қолданылады. Каналдық коммунитацияның қабылданған дәстүрлі телефондық желілерінің орнына, яғни «бір желі – бір қызмет» принципі бойынша құрылған абоненттер арасындағы байланыстар шегінде NGN вертуалды қосылыстарды ұйымдастыру принциптерін жүзеге асырады. Оның көмегімен ІР желісіндегі тұтынушыға соңғы қызметтерді жеткізіп отырады. Жобаның жүзеге асырылуы жақын болашақта абоненттерге ескі желімен мүмкін болмайтын жаңа жоғары технологиялық қызметтерді ұсыныуға мүмкіндік береді.   

АҚ «Қазақтелеком» компания топтарының ары қарай дамуы үшін 4 басым бағыттық іс-әрекеттері белгіленген: инфроқұрылымдардың және қызметтердің деңгейі мен сапасын жоғарылату; кең ауқымды қол жетімділік пен Интернеттің дамуы; құны қосылған жаңа қызметтерді тез ендіру; мобильдік сегменттің өсуі; сыртқы нарыққа шығу.

Қызмет сапасының жоғарылауы мен олардың спектрінің кеңеюі, технологиялық новигациялары, серпімді тарифтік саясат, өзара пайдалы серіктестік оператор аралық қарым-қатынастардың дамуы компанияның даму саясатының негізгі басымдылықтары болып табылады. Бұл сұрақтар телекоммуникациялық нарықтың либерализаиялауы мен бәсекелестіктің өсу шартында ерекше өзекті болады. Аталған тапсырмалардың жемісті жүзеге асырылуы АҚ «Қазақтелеком» компаниясының халықаралық телекоммуникациялық қоғамының толық құқылы қатысушысы болуына мүмкіндік береді және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына байланыс саласының даму деңгейі бойынша енуіне ықпал етеді. 

Алуан түрлі компаниялардың кәсіби іс-әрекетінің деңгейі мен қызмет көрсету саласындағы ұйымдар сөзсіз сұранысқа ие және қайталанбас өзіндік бейнені құруға көмектесетін корпоративті киімдермен байланысты. Қазіргі кезде АҚ «Қазақтелеком» байланыс поштасы операторларының корпоративті киімі жейде мен белдемше (маусымнан тыс гардероб), жакет (қысқы жинақ) және мойын тағылатын орамал-галстуктан тұратын формалы костюмді ұсынады. Жейденің жеңінің ұзындығы төрттен үш бөліктен тұрады. Бұл көп физикалық жұмыстарды атқаратын операторлар үшін қолайлы. АҚ «Қазақтелекомның» жаңа формасының түстік шешімі дәстүрлі негізгі – көк және қосымша – сары түстерге негізделеді.  

Сондықтан да, оперторларға арналған корпоративті киімдер (талап бойынша олар жұмыс орнында болуы тиіс) тек қолайлы және компания логотипінің түстік гаммасында «фирмалық» орындалған бірдей ғана болып қоймай, сонымен бірге әдемі және көңілге жағымды болуы тиіс.

Біздің ғасырымыздағы екпінді дамып жатқан барлық мүмкін болатын техникалар мен автоматтандырылған үрдістерінде электроника, радиотехника және осы бағыттармен байланысты салалар сияқты өнеркәсіптер екпінді дамып келеді. Компьютерлік техникаларда да зерттеулер екпінді дамуда. Қондырғылар мен құрылғылардағы қандай да бір параметрлерді (жіберілетін токтардың және қысымдарды, жұмысшы токтар мен қысымдарды және т.с.с.) компьютермен өлшеу көмегімен және ары қарай оларды бағдарламалық қамтамасыздандыру көмегімен (жоғарыда аталған түрлендірулерді графикалық не болмаса сандық түрге айналдыруға және түзетілген түйіндер параметрін салыстырға арналған компьютерлік бағдарламалар) өңдеу, ақауларды анықтау мүмкін болып отыр. Бүгінгі күнде компьютерлер жұмыстың көп бөлігін атқаруда, яғни көптеген еңбексыйымды және айналма процестерді компьютерлік басқарулармен машиналар атқарады.  

Бүгінгі күнде телекоммуникация мен байланыс өте жақсы дамыған және пайдасы мол салалардың бірі болып табылады, сондықтан еңбек нарығында байланыс инженерлеріне әр уақытта да сұраныс болып тұрады. Байланыс инженері – кең ауқымды түсінік, оның ішіне алуан түрлі мамандықтар кіреді. Әсіресе соңғы жылдары мұндай инжерелерге сұраныс арты түсті, бұл желісіз технологиялардың өте тез дамуымен байланысты. Жалпы байланыс инженері – бұл байланыс құрылғыларын орнатумен, реттеушімен және қызмет көрсетумен айналысатын маман, олар: интернет-желілер, автоматтандырылған телефон станциялары (АТС). Байланыс инженері жұмысының аумағы күн арта кеңеюде. Компьютерлік және ұялы мен станциялық құрылғылар аппараттаныңы қамтамасыздандырылуна байланысты жаңа байланыс түрлері пайда болуда. Ортақ көрсеткіш ретінде жеке қорғаныс тәсілдерінің және арнайы киімдердің болуы міндетті болып қала береді.

АҚ Қазақтелекомда байланыс операторларынан басқа халыққа қызмет көрсететін және өзіндік арнайы киімдері бар алуан түрлі мамандар жұмыс жасайды. Бірақ, залалсыздандыру бөлмелерінде де жұмыс жасайтын жұмысшылар да көптеп келеді. Станциялық қосылған жабдықтарды орналастыру бөлмелерінің (СҚЖОБ) жұмысшылары осы қатарға кіреді. Станциялық қосылған жабдықтарды тарату бөлмесінің инженері – бұл көрсеткіштердің жұмысын реттеуші және тұтынушының қоңырауын қажетті бағытқа ауыстырушы адам. Бұл адамдарсыз бір-бірімен байланыс жасау қиындау болады. 

СҚЖОБ жұмысшылары үшін арнайы киім халат болып келеді, бұл қауіпсіздік талаптарына сәйкестенбейді және пошталық ханымдарды сәндендірмейді. Сондықтан бұл сұрақ өзекті болып қала береді.

Нарықтық шарттарда адамның күнделікті өмірде біршама өзгерістер болды. Жаңа ғылыми техникалық өңдеулерді ендіру еңбек шартын өзгертуге оны жеңілдетуге ықпал етеді. Барлық еңбек үрдістері жетілдіріледі. Бұл тұжырымнан шығатыны мамандар заманауи білімдермен және қабілеттермен қамтамасыздандырылуы қажет.

«Қалалық телефон байланысының станциялық жабдық инженері» мамандығы бойынша тағылымдаманы жоғарылату келесі курсы бойынша жүзеге асырылады: «Сандық телефондық желілердің және электробайланыс жабдықтарының тұрғызылу принциптері» негізінде кәсіби білім деңгейіне ие – арнайы орта және біліми-мамандандырылған деңгей – мамандандырылған жұмысшы.

Осының негізінде жұмысшы меңгерілетін курстар шегінде технологиялық (станция болктарын компьютерде тестілеу; компьютер көмегімен ақауларды анықтау; ток қысымының өлшемі; блоктардың, үлгілердің және платтардың ақаларын ауыстыру; абоненттердің қосылуы бойынша кроссирлеу жұмыстары; АЛ өлшеу) және ұйымдастырушы (ауыспалы жұмыс әдістерін қолдану, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру және қамтамасыздандыру; электроэнергияны үнемді тарту; ТҚ және ПБ ережерін сақтау) сияқты іс-әрекеттерді орындауына болады.

Болашақта өндірістік оқу жүйесін нақтырақ таңдау үшін маманның іс-әрекеті еңбек үрдістерінің қай тобына жататынын анықтап алу қажет.

Еңбек үрдітерінің үш тобы төменде келтіріліп сипатталған:

Еңбек үрдістерінің топтары негізгі оқу-өндірістік сипаттамалардан және өндірістік оқу үрдісінің негізгі ерекшеліктерінен тұрады:

1-ші топ, әр түрлі бұйымдардың ауысымында негізгі іс-әрекеттердің қайталануы. Бөліну мүмкіндігі, типтік өндірістік жұмыстарды орындау кезінде кәсіби оқуларды ұйымдастыру мүмкіндігі. Өндірістік шарттардағы операциялардың жиілеуі және ауысу қажеттілігі. Өңдеудің бастапқы тәсілдерін өндіру үшін оқу нысандарын ендіру, операция кешендерінің болуы.

2-ші топ, жағдайға байланысты маңызды ауысым кезіндегі операциялардың аз қайталануы. Өндірістік шарттардағы мүмкін есемтікті немесе біршама қиындықты анықтау және жиілету операциялары. Операция кешендерінің жоқтығы. Жаттықтырушыларды (тренажерлерды), макеттерді, имитаторларды оқу агрегаттарының схемаларын, технологиялық жағдайлардың шешімін, оқу-өндірістік алгоритммен жұмыстарды орындауды қолданып, мамандық негізін меңгеру.

3-ші топ, өндірістік жағдайлардағы операциялардың қиын анықталуы кезіндегі көп қайталануы. Операция кешендерінің жоқтығы. Полигондағы және шеберханалардағы есепті-шашу-жинақтау және зертхана-тәжірибелік жұмыстардың орындалуымен мамандықтар бойынша өндірістік еңбек негізінде оқулардың үйлесімі.

Берілген мамандық еңбек үрдісінің 2-ші тобына жатады, өйткені жұмысшы іс-әрекеттің көп көлемін орындайды және олардың қайталануы көп емес. Яғни, орындалатын іс-әрекеттер негізі мен саны қандай жұмыс орындайтынына байланысты.

Жоғарыда аталған аспектілерден қорытынды жасауға болады, қалалық телефон байланысының станциялық жабдық инженері реттеші қызметін атқарады. Станциялық қосылған жабдықтарды бөлу бөлмесінің инженері – бұл көрсеткіш құралдарының жұмысын реттеуші және тұтынушының қоңырауын қажетті бағытқа ауыстырушы адам. Бұл адамдарсыз бір-бірімен байланысу қиынға түседі.

Мамандардың іс-әрекеттер құрылымының қызметі мен оған қойылатын талаптар келесілер: қызметтің аты – реттеуші және ауыстырушы; қызметтік кезеңдер – дайындау және ұйымдастыру; іс-әрекеттің сабағы – жұмыс орны; іс-әрекеттің заттары – станциялық жабдық; іс-әрекет үрдісі – қоңырауларды ауыстыру; маманға қойылатын талап – жұмыс орнын дайындау және аппаратураны реттеу, білімі мен дағдысы – көрсеткіш құралдардың жұмысын реттеу және тұтынушылардың қоңырауларын қажетті бағытқа ауыстыру.

Мұндай мамандарды дайындау оқудың тактикалық мақсатын қолдануды талап етеді. Бұл мақсаттар кәсіби бағытты (еңбектің жоғары нәтижесіне, еңбек істерін тез және сапалы жүзеге асыруға қызығу арқылы көрініс табатын жинақталған мамандар іс-әрекетін), кәсіби компетенттілікті (еңбек сапасын), коммуникативті дайындықты (қабылданған шешімді негіздеп, түсідіре алуын, нысанды сипаттауын, бағыныштыларға нұсқаулар беруін және белгілі бір тезарусты игеруін), эконмикалық эрудиция мен құқықтық компетенттілікті (жасай алуы: материалдарды, жарықты үнемді жұмсауға, өндіріс заттарына мұқияттылықпен қарауды, еңбек ережелерін сақтауы және т.с.с.), кәсіби жады мен ой-өрісін сипаттайтынын, техникалық тапсырмаларда шығармашылық ізденіс қабілетін (қажет кезінде) өзін-өзі реттеу және өзін-өзі сараптау қабілетін (кәсіби іс-әрекеттерді бақылай алуы және қажет болғанда түзету) бейнелеуі тиіс. Мұндай кешенді мақсаттарды қою және оны ары қарай жүзеге асыру жұмысшы тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал етуі тиіс.

Сонымен, байланыс операторларынан басқа АҚ Қазақтелекомда халыққа қызмет көрсететін алуан түрлі мамандық иесінің мамандары жұмыс жасайды. Дегенмен олардың арнайы киімдері бар, бірақ залалсыздандырылған бөлмелерде жұмыс жасайтын жұмысшылар да бар екені анық. Станциялық қосылған жабдықтарды бөлу бөлмесінің жұмысшылары осы жұмысшылар қатарына жатады. СҚЖОБ жұмысшыларына арналған киім халат түрінде болы келген. Бұл қауіпсіздік талаптарына еш сәйкес келмейді және осы сұрақ бүгінгі күнде өзекті болып қала береді. 

 

 

Әдебиеттер:

1.       Порядок проведения проверок физических и юридических лиц, осуществляющих деятельность в области связи, и радиоконтроля на территории Республики Казахстан.

2.       Статья 28-4 от 12 января 2007 года №222. Общие требования охраны труда.

Интернет-материалдар//www.textileClub.ru.//www.metrotex.ru