К.э.н. Шайнуров А.С., Елпанова М.А., Казбекова Л.А., Дузельбаева Г.Б.
Магистранты: Дабыл Н.А., Қайырбай А.А., Тұрсынбаев Қ.Б.
Кызылординский государственный университет имени Коркыт
Ата, Казахстан
Дағдарыс
жағдайында мұнай- газ кәсіпорындарының стратегиялық
дамуында қаржылық тетікті пайдалану қажеттілігін негіздеу
Еліміздің қазіргі кезеңдегі
маңызды міндеттерінің бірі болып оның әлемдік
дағдарысқа байланысты болып жатқан қиын
экологиялық, әлеуметтік саяси және экономикалық жағдайларда
тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету болып
табылады. Әлемдегі болып жатқан төнкерістердің
себебінен, мұнайға деген бағаның күрт
төмендеуі әрине Қазақстан экономикасына да
өзгерістерді алып келуіне себеп болды. Мұнай- газ саласы
ұлттық экономиканың маңызды саласы болғандықтан,
мұнай компанияларының осы салады тиімді жұмыс жасау
әрекеттері ел экономикасына, оның тұрақтылығына
ықпалын келтіреді.
Қазақстан Республикасының нарықты
экономикасын әлемдік қоғамдастық мойындады. Дағдарысқа
қарсы тактикалық міндеттерді орындауда мемлекеттің
күш-жігерінің үйлесуі ел дамуының тұтастай
бейнесін көруге мүмкіндік бере бермейді, сондықтан әр
кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты
сапалы параметрлерді жасау, дамудың жоғары деңгейіне
жетудің жолдары мен тетіктерін әзірлеу маңызды қадам
болмақ. Мемлекет басшысы 2050 жылға дейін
Қазақстанның дамуының стратегиясын ұсына отырып,
өсудің жаңа параметрлері мен ел дамуының басым
бағыттарын белгіледі. Ол, шын мәнінде, мемлекеттік
менеджерлердің алдына бүкіл мемлекеттік тетікті «дағдарысқа
қарсы қолма-қол әрекет етуден» алып шығып,
дамыған мемлекет құру міндетін қойды [1].
Елбасы алға қойған тапсырмалардың бірі ретінде
дамудың жоғары деңгейіне жетудің стратегиялық
жоспарының маңызды бөлігі – әлемнің
дамыған 30 елінің қатарына ену жоспарын айтуға болады.
Елбасының идеясы бойынша стратегиялық даму жолында бұл құралдарды
бірыңғай құрылымға жұмылдырып,
орталықтандырылған бақылау жасау секілді алға
қойылған міндеттерді кезең-кезеңімен орындауға
көшіретін кез жетті. Жалпы алғанда, ұсынған
ұзақ мерзімді дамудың мақсатты, кешенді,
стратегиялық тұрғыдан зерделенген. Мұндағы
нақты міндеттер мен тапсырмалар стратегиялық
болашақтық тұрғыдан тұтас жүйенің
динамикалық дамуына жағдай жасайды.
Нарық жағдайынды мұнай
компанияларының тұрақты даму факторы болып оның стратегиясын
тиімді басқару тетігі саналады. Бұл мәселені шешу жолында
оперативтік шаралар жүргізіліп, кәсіпорынның
қаржылық көрсеткіштерінің стратегиялық
дамуға оң әсерін қамтамасыз етуін қарастыру
қажет. Сондықтан кәсіпорынның стратегиялық дамуын
қамтамасыз етудің тетігін құрған мәселені
шешудің маңызды жолдарын анықтауда нарық талаптарын
ескеру, бәсекелестердің іс-әрекетін бақылау, бизнес
жүргізу ортасын зерттеу және т.б. іс-әрекеттерді жасау талап
етіледі. Бұл мәселе әсіресе мұнай- газ өндіруші
компанияларға өте өзекті болып табылады.
Мұнай- газ саласын әрі қарай қайта
құрылымдаудың теоретикалық- тәжірибелік
мәселелерінің белгілі бір дәрежеде әзірленгендігіне
қарамастан, қаржылық стратегиясын дамыту мәселелері
анағұрлым терең экономикалық талдауды, ғылыми
жалпылау мен жүйелеуді қажет етеді. Дамыған елдердің
мұнай- газ саласын стратегиялық дамыту мен қайта
құру тәжірибесін, сонымен қатар
Қазақстандағы жаңартулар мен өзгерістер
тәжірибесін пайдалана отырып, кәсіпорынның стратегиясын
дамытуға ықпал ететін қаржылық көрсеткіштерді
талдаудың ғылыми-теориялық әдістемесін тереңдету
қажет.
Қазіргі күні кәсіпорынның қызметі
сыртқы ортада жүріп жатқан өзгерістермен
анықталады. Бұл ұғым жуырда кәсіпорынның функциясына
әсер ететін тікелей және жанама факторларды сипаттау үшін
пайдаланыла бастады. Оларға жаңа міндеттердің пайда болуы
және күрт артуын, тұрақсыздық
қарқынының өсуі, стратегиялық
кездейсоқтықтардың пайда болу ықтималдығы жатады.
Сыртқы ортаның күрделі жағдайында кәсіпорынның
тіршілік етуінің сенімді негізі
болып, болуы мүмкін жағдайларға бағытталған
стратегияны әзірлеу табылады. Сөз бұл жерде дамудың
режимі ретіндегі қаржылық-экономикалық
тұрақтылық сипаттамасы туралы болып отыр.
Қызметтің дамуын басқарудың стратегиялық
тәсілі тұрақты бәсекелестік басымдықтармен
қамтамасыз етумен қарастырылады. Бұндай тәсіл Компанияға
нарықта тұрақты жағдайды сақтауына кепілдік
береді. Сонымен қатар өсу стратегиясы еншілес компанияларды ашу,
инвестициялық белсенділіктің дәстүрлі емес,
көздерін іздеумен, әртүрлі бірлестіктерге кіру арқылы
компания қызметін біріктірумен байланыстырылуы тиіс.
Кәсіпорынның қаржылық жағдай
сипаттамасының қазіргі тәсілдерін талдау, бірқатар
тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді. Біріншіден,
қаржылық жағдай - бұл нарықтық
ортаның сыртқы факторларымен және кәсіпкерлік
қызметті ұйымдастырумен анықталатын ішкі факторларға
байланысты көп мағыналы ұғым. Екіншіден,
қаржылық жағдай категориясын теориялық түсіндіруде көптеген
мәселелер бар. Бір жағынан, оны табысты тұрақтандыру
және арттыру ретінде, екінші жағынан, кәсіпорынның
іс-әрекетін анықтайтын жедел-тактикалық шешімдерді
әзірлеу үдероісі ретінде түсіндіреді. Әрине, табыс алу
- кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты,
сондықтан оны тұрақтылықтың негізгі критерийі деп
санауға болады. Үшіншіден, қаржылық жағдай деп
сипаттамалардың жиынтығын айтады. Олардың
бағыттылығы әртүрлі болмайды: бұл
табыстардың тұрақтылығы да, сыртқы ортаның
өзгерісіне тез әрекет етуі де, және дамудың режимін
қаматамасыз ету. Төртіншіден, кейбір авторлар қаржылық
жағдайды қарастыра отырып, оны кәсіпорынның
қаржылық жағдайымен байланыстырады. Бұл ерекшелік өте маңызды, өйткені тек
ішкі емес, сонымен қатар сыртқы факторларға
бағытталған экономикалық
тұрақтылықтың барлық сипаттамалары ескерілуі тиіс
[2]. Сонымен, кәсіпорынның қаржылық жағдайы –
бұл кәсіпорынның шаруашылық қызметі жеткілікті
табыс және тиісті шығындарының, яғни
өндірістің тиімділігінің арқасында мемлекет, мекемелер,
жұмысшылар алдындағы міндеттемелерін орындауын қамтамасыз
ететін жағдайының
көрсеткіштерінің абсолюттік немесе
салыстырмалы өзгерісі.
Осылайша, нарықта кәсіпорынның қаржылық
жағдайын қамтамасыз етудің негізгі ерекшеліктерін
анықтау мәселесін, теориялық тұрғыда ары
қарай зерттеуді талап етеді. Оның ішінде қаржылық
жағдайдың жекелеген түрлері бойынша көрсеткіштерді
анықтаумен қарастырылатын
және ары қарай
өндірістік-шаруашылық жүйенің осындай жағдайын
үлгілеуді басқару негізіне алынатын
қаржылық-экономикалық тұрақтылықтың
түрлерін бөліп көрсету қажет. Кәсіпорынның
даму мониторингі арқылы басқарушылық үлгілерін жасау,
нақты бағалауға ғана мүмкіндік беріп
қоймай, сонымен қатар жағдайда болжауға, яғни
даму тұрақтылығына өту шарты ретінде
қаржылық жағдайды қамтамасыз ету бойынша шараларды
әзірлеуге, өтуге мүмкіндік береді.
Әдебиет:
1.
«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ». Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
Астана, 2014.
2. Бердалиев К.Б. Стратегиялық менеджмент:
Оқулық.-Алматы.-2011.