К.э.н. Шайнуров А.С., Елпанова М.А., Казбекова Л.А., Дузельбаева Г.Б.,

Магистрант Қалман А.Б., Жеткербаева Ж.Ж.

Кызылординский государственный университет имени Коркыт Ата, Казахстан

 

Компанияның тұрақты дамуындағы қаржылық көрсеткіштерді талдаудың маңыздылығы

 

Қаржылық жағдайды талдау барысында қаржылық көрсеткіштер салыстырмалы көрсеткіштер болып саналады. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайының абсолюттік көрсеткіштерінің  қатынастарын, және олардың тізбектік комбинациясын көрсетеді.

Тәжірибе көрсеткендей кәсіпорынның қаржылық дамуын және оның өзгеру тенденциясын нақты және толық бағалау үшін коэффициенттердің бір шамасы жеткілікті. Абсолюттік өтімділік коэффициент (Кал) нақты кезеңге ақша қаражаттарымен және оның эквиваленттерімен ағынды міндеметтелердің қамтамасыз етілуін сипаттайды, яғни кәсіпорынның несиелік борышының қандай бөлігін компания тез түрде жаба алады (кесте 1).

Кесте 1   - Абсолюттік өтімділік коэффициентінің сипаттамасы [1, б.114]

Көрсеткіштер

Сипаттама

Норматив

Абсолюттік өтімділік коэффициент (Кал) - ақша қаражаттарымен және оның эквиваленттерімен ағынды міндеметтелердің қамтамасыз етілуін көрсетеді (құнды қағаздар және депозиттер)

0,2 төмен

1. Компания жедел түрде ақша қаражаттарының барлық түрлерін, және құнды қағаздарды өткізуден түскен өзге қаражаттардың есебінен міндеттемелерді төлеуге жағдайы жоқ

2. Кәсіпорынның төлемқабілеттілігіне қосымша талдау қажет

0,5 артық

1.Капиталды оңтайлықсыз құрылымы: қолма қол ақша түріндегі және шоттағы қаражаттардың жұмыс істемейтін активтерінің өте жоғары үлес салмағы.

2.Запастарға салынған меншік қаражаттарының айналымдылығы жеделдетіледі.

 

Жедел өтімділік коэффициентісл) белгілі кезеңге ең өтімді активтерінің ағынды міндеттемелерімен қамтамасыз етілу деңгейін көрсетеді (сурет 1) [2].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сурет 1. Жедел өтімділік коэффициентінің сипаттамасы

 

Ағынды өтімділік коэффициенті (Ктл) – ағынды міндеттемелердің 1 теңгесіне қанша ағынды активтер келетінін көрсетеді (сурет 2).

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сурет 2. Ағынды өтімділік коэффициентінің сипаттамасы

 

Кәсіпорынның қолда бар ақша қаражаттарымен уақытылы борышын жабу мүмкіндігін төлемқабілеттілік дейді. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіш.

Компанияға ұзақмерзімді салымдары бар төлемқабілеттік коэффициентімен, меншік коэффициентімен, қаржылық тәуелділік коэффициентімен, несие берушілерді қорғау коэффициентімен анықталатын несие берушілер мен инвесторлардың мүдделерін қорғайды. Олар кәсіпорынның ұзақмерзімді борышын жабу қабілетін сипаттайды.

Меншік коэффициенті соб) компания капиталы құрылымындағы меншікті капитал үлесін сипаттайды, яғни кәсіпорынның меншік иелері және несие берушілер мүддесін сипаттайды (сурет 3).

Скругленный прямоугольник: Қарызға алынған активтердің өсуі мүмкін Блок-схема: альтернативный процесс: Жалпы қаражаттар сомасындағы  меншік иелерінің үлесін көрсетеді Блок-схема: альтернативный процесс: Компанияның қаржылық тұрақтылығы өседі
 

 

 


           

 

 

 

 

 


Сурет 3. Меншік коэффициентінің сипаттамасы

 

Батыс тәжірибесінде бұл коэффициентті өтә жоғары деңгейде ұстау қажет, себебі ол бұл жағдайда несие берушілер қаражаттың тұрақты құрылымына қарайды. Бұл қарыздық капиталдың аз үлесін және меншікті қаражаттың көп үлесін көсету керек. Іскерлік белсенділіктің түсіп кетсе және несие алуға кепілдеме болып жоғалтулардан сақтап қалады.

Сонымен қатар, егер кәсіпорынның қаржылық тәуелділік коэффициенті жоғары болса, онда оның ақша қаражатының дефициты пайда болады. Нарықты бұл коэффициенттің мәні 1 жоғары болмау керек. Қаржылық тәуелділік коэффициент 1 жоғары болса жаңа несиелерді орташа нарықтық ставкамен алу қиынға түседі және қаржыландыру көздерін таңдау туралы компания шешім қабылдаған сәтте рөлі арта түседі.

Қаржылық жағдайды сипаттайтын тағы бір көрсеткіш болып қаржылық тұрақтылық коэффициенті фу), саналады. Ол шаруашылық субъектінің қызмет етуі мен дамуына; өзінің активтері мен пассивтерінің сыртқы және ішкі ортада тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік береді; тәекел деңгейінің шектеулі мәнінде ұзақмерзімді перспективасында оның төлемқабілеттілігі мен инвестициялық тартымдылығын сақтайды (сурет 4).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сурет 4. Қаржылық тұрақтылық коэффициентінің сипаттамасы

 

Қаржыландыру коэффициентінің (Кф) – қызметтің қай бөлігі меншікті қаражат есебінен, қай бөлігі қарыздық қаражат есебінен қаржыландырылады,, яғни инвесторға компанияны қаржыландыру тиімді және қауіпсіз болады дегенді көрсетеді  (сурет 5).

 

 

 

 

 

 

 

 


Сурет 5. Қаржыландыру коэффициентінің сипаттамасы

 

Қаржыландыру коэффициенті (Кк) – қарыздық қаражаттар мен капитализациялау сомасының қатынасын көрсетеді және кәсіпорынның меншікті капиталының пайдалану тиімділігінің деңгейін сипаттайды (сурет 6).

Скругленный прямоугольник: Компания өз қызметін өз қаражатымен қаржылындырады Блок-схема: альтернативный процесс: Компания пассивтерінің ең көп бөлігі қарыз қаражаттары
 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сурет 6. Капитализациялау коэффициентінің сипаттамасы

 

Сонымен, қаржылық талдаудың теориясы мен тәжірибесінің заманауи тенденцияларына қаржылық көрсеткіштер жүйесінің модификациялау мәселесі, бұл жүйені компания стратегиясына басқарушылық шешімдерді қабылдаудың оңтайлығына келтіру тән болады.

Дағдарыстық құбылыстар кәсіпорынның қаржылық жағдайына қауіп төндіреді, бірақ соған қарамастан олар дамудың қажеттілігі мен заңдылығы. Осыған байланысты қаржылық-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету банкроттықтың алдын алуға мүмкіндік беретін әдіс және тәсілдерді зерттеумен байланысты басқару ғылымының жаңа бағытын білдіретін тұжырымдалған ұғым ретінде сипатталады, екінші жағынан оның тұрақтылығын сақтау мақсатында нақты Компанияға қатысты дағдарысқа қарсы процедураларды жүзеге асырудың формалар мен әдістердің жиынтығын білдіретін микроэкономикалық үдеріс ретінде түсіндіріледі.

Нарықта қазақстандық компаниялардың кәсіпкерлік қызметі олардың сыртқы және ішкі қауіптерден қорғансыздығы, экономикалық тұрақтылықты төмендетуге әкеп соқтыратын заңның тұрақсыздығы басқару қағидалары мен тәсілдерін қайта қарауды туындатты және дағдарысқа қарсы басқаруды пайдалана отырып компаниялардың тұрақты дамытудың әдіснамасын қалыптастыруға ықпал етті. Кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметін дағдарысқа қарсы басқару, экономикалық жүйенің тұрақтылығының теориялық және практикалық мәселелеріне арналған зерттеулердің ауқымды көлеміне қарамастан, кәсіпорынның қаржылық-экономикалық тұрақтылығын сақтауға дағдарысқа қарсы басқару әдістеріне әлі де жеткіліксіз көңіл бөлінуде.

 

Әдебиет

1. Лисовская И.А. Основы финансового менеджмента. - М.:ТЕИС,2006. – 120 б.

2. Жуйриков К.К., Раимов С.Р. Корпоративные финансы: Учебник. – Алматы: Алматинская академия экономики и статистики, 2004. – 512 б.