К.э.н. Елпанова М.А., Казбекова Л.А., Дузельбаева Г.Б.

Магистранты: Дабыл Н.А., Қайырбай А.А., Жеткербаева Ж.Ж.

Кызылординский государственный университет имени Коркыт Ата, Казахстан

 

Экономикалық тұрақсыздық жағдайында мұнай- газ кәсіпорнының шығыдарын тиімді басқару

 

Әлемдік дағдарысқа байланысты мұнай бағасының күрт төмендеуі кәсіпорынның өнімінің (мұнай) өндіру көлеміне теріс әсерін тигізді. Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар өздерін мүлдем ақтамай, осы компанияларда шығындар саясаты мен менеджментін қайта қарастыруды талап етеді. Сондықтан мұнай- газ өндіруші кәсіпорынның шығындарын басқару ерекшеліктерін, кәсіпорынның өнімді өндіруге жұмсалған шығындарын, олардың құрамы мен құрылымын және кәсіпорынның қызметін тиімді жүргізу жолдарын қарастыру қажеттілігін қарастыру туындап тұр.

Мұнай- газ өндіруші кәсіпорындарда шығындарды басқарудың бірнеше ерекшеліктері бар. Олар басқа да өндіруші компанияларда (көмір, тау-кең, мұнай өңдеуші компанияларда) кездесетін ерекшеліктер болып табылады. Осы ерекшеліктердің бірқатарына тоқталатын болсақ, олар өнімнің өзіндік құнын  қалыптасуына және басқаруға әсерін қалай тигізетінін көруге болады. Өндіру өнеркәсібінің бірінші ерекшелігі - кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінде шикізат деген жоқ. Мәселен, мұнай- газ өндіруші компания өнімінің өзіндік құнында шикізат қарастырылмайды, ал қайта өңдеуші өнеркәсіпте өнімнің өзіндік құнының құрамында шикізат негізгі элементі болып саналады. Шығындар құрамында да материалдардың үлестік салмағы аз болады, көптеген жағдайда шығындар тобы тек қосымша материалдармен қарастырылады. Екінші ерекшелігі - бұл салада мұнайдың тынайған жері жұмысшыдан алыс жер қойнауында орналасқан. Жұмысшы өз еңбегінің затына тікелей әсерін тигізбейді, ол оған жер бетіндегі мұнай құбыры арқылы ықпал етеді. Мұнай- газ кәсіпорнының үшінші ерекшелігі еңбек өнімділігінің өсуіне және өнімнің өзіндік құн деңгейіне табиғи жағдайлар әсер етуі. Төртінші ерекшелігі - мұнай- газ саласының мұнайды механикаландырған тәсілмен өндіруі үлкен энергиялық сыйымдылыққа ие болуы. Мәселен, мұнайды жер бетіне ұңғыма астынан шығару көп электр энергияның, қысылған ауаның немесе газдың, будың және т .с. с. шығындарын талап етеді. Бесінші ерекшелігі - мұнай мен ілеспе газды өндірудің технологиялық үдерісі мұнай ұңғымасын пайдалануда әртүрлі тәсілдерді қолданылатыны. Қазіргі кезеңде ұңғыманы пайдалануда үш түрлі тәсілді қолданады: фонтандық, компрессорлық және тереңдік-насостық. Ұңғыманы пайдаланудың әр түрлі тәсілдері шығындар мөлшері мен құрамына да өзгерістер еңгізеді.

Алтыншы ерекшелігі - жер қыртысынан мұнай ұңғымаға қыртыстың гидродинамикалық күші арқылы жетеді. Бірақ мұнайды жер қыртысынан шығарған сайын оның гидродинамикалық күші  азаяды,  қыртыстық қысым түседі, мұнайдың ұңғымаға ағуы азаяды, ұңғыма дебиті төмендейді. Жер қыртысының табиғи энергиясын және ұңғыманың дебитінің тұрақтылығын сақтап қалу немесе қайта құру үшін мұнай шығатын жер қыртысына айдайтын ұңғымалар арқылы су немесе газды айдау (толтыру) қажет. Кейбір кездерде мұнайға кедергі келтірмеу үшін ұңғыманы арнайы өңдеуге келтіреді (тұз қышқылы). Яғни, қыртыстың қайтарымын ұлғайтуға жұмсалған шығындар өзіндік құн баптарының номенклатурасында ескерілу керек.

Мұнай- газ өндіруші өнеркәсіптің жетінші ерекшелігі ұңғымадан мұнай су және механикалық қоспалармен, жиі тұрақты эмульсия түрінде құбырлар желілері арқылы жинақтау резервуарларына түседі. Мұнайды айдау және сақтау шығындары деэмульсация мен тұрақтандыру кезеңдерінде өзіндік баптары болып ескерілу қажет. Кәсіпорынның сегізінші ерекшелігі - өндірудің біртұтас технологиялық үдерісі бірден екі өнім береді – мұнай және газ. Сондықтан өндірістік персоналдың еңбек ақысы, ұңғымалардың амортизациясы және т.б. шығындар мұнайды және ілеспе газды өндірумен байланысты. Мұнайды және ілеспе газды өндірудің жалпы шығындары тек шартты түрде бөлінуі мүмкін. Кәсіпорынның тоғызыншы ерекшелігі мұнай- газ өндіруші кең орны тек өзіне тән геологиялық ерекшелігімен сипатталады. Бұл мұнайды өндіру жұмыстарын жүргізуге техникалық құралдарды таңдау шарттарын анықтайды. Осыларды пайдалану еңбек өнімділігінің өсуі деңгейіінде, өзіндік құнында және өндірістің тиімділігін арттыруда көрінеді. Кәсіпорынның қызметі үдерістер немесе жұмыс операциялар түрлерінде қарастырылады. Кәсіпорынның  шығындарының сомасы кезең мөлшерінде немесе белгілі өнім түрінің шығындарына тиісті үдерістер мен операциялардың жиынтығына негізделеді.

«N» компаниясының зиянсыздығын талдау үшін арнайы жұмыс форматын дайындау қажет. Форматты дайындау екі нұсқа есебін қарастырады: біріншісі қазіргі өндіріс жағдайына сәйкес келеді, екіншісі жобаны іске асырған кезеңге келеді. «N» компаниясының әр кезеңіне мұнай өндірудің шығындарды жабатын және керек пайданы алатын қажетті көлемін;  мұнай тасымалдауының бағасы компания пайдасына байланысты өзгеруін; өзгермелі және тұрақты шығындар көлемін пайдаланамыз. Тұрақты шығындарға келесі шығындар баптарын жатқызамыз: еңбек ақы қорынан салықтар, үстеме шығындар, негізгі қорлардың амортизациясы, компания мүлігіне салықтар. Олардың жалпы сомасы 70 815 055,6 мың теңгені құрады. Өзгермелі шығындарға келесі шығындарды белгілейміз: материалдық шығындар, еңбек ақы шығындары, өзге шығындар. Олардың жалпы сомасы 106 222 583,4 мың теңгені құрады.

Залалсыз нүктені есептеуге келесі табыс балансына негізделген жай теңдеуді пайдаланамыз:

Өнім өткізуден түскен табыс = Өзгермелі шығындар + Тұрақты шығындар + пайда

 

Үлгінің негізгі теңдеуі келесі нақты дәлелді түсіндіреді, салыққа дейінгі пайда қосынды табыстан барлық тұрақты және өзгермелі шығындардың қосындысын шегеруімен анықталады.

Заласыз нүкте келесі формула арқылы есептелінеді:

 ,

 

Мұндағы: - тұрақты шығындардың мөлшері; – өнім бірлігінің бағасы; - өнім бірлігіне өзгермелі шығындардың мөлшері.

Осы формула негізінде залалсыз нүкте есебін жүргіземіз:

мың тонна, немесе 1,441 млн. тонна

Мұндағы: 70 815 055,6 мың теңге –тұрақты шығындар сомасы; 87 243 тенге – өнім бірлігінің өткізу бағасы; 38 100 тенге - өнім бірлігіне үлестік өзгермелі шығындар құны (106 222 583,4: 2 788 000).

График арқылы залалсыз нүктені анықтау келесі кесте 1 мәліметтерін пайдалану арқылы жүргізіледі.

Кесте 1 -  Залалсыз нүктені графиктік әдіспен анықтаудың бастапқы мәліметтері

Көрсеткіштер

Сомасы

1. Өнім өткізуден түскен табыс, мың теңге

2. Тұрақты шығындар, мың теңге

3. Өзгермелі шығындар, мың теңге

4. Өнім бірлігінің бағасы, теңге/тонна

550 218 968

70 815 055,6

106 222 583,4

87 243

 

Залалсыздықты талдау графикте толық ашылып көрсетіледі (сурет 1).

 

 

 

 

 


550 218 968

 

177 037 639

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                     70815056

 

0                                                                                         

 

 

 

Сурет 1.  «N» компаниясының залалсыз нүктесі

Графикте көрініп тұрғандай, зиянсыз нүкте (тепе-теңдік нүктесі) - бұл жаңа өндірістің көлемін ұлғайтып игеру кезеңіндегі табыс пен өндірістік шығындар сызықтарының қиылысқан жері.

Осы нүктенің «Өндіріс көлемі» осіне проекциялағанда, сол шекті табыс пен шығындардың теңелген өндіріс көлемін табамыз, яғни заласыз нүктені. Өндірістің көлемін ұлғайтып, рентабелдік қадамынан асқанда қай кәсіпкер болсада жағымды аймаққа, яғни пайдалылық аймағына өтеміз. Бұл аймақта өнім өткізуден түскен табыст өндіріс шығындарынан асты.

Көрсетілген сызба бірнеше маңызды сұрақтарға жауап береді:

- өндірістің залалсыз болуы үшін қанша тонна мұнай өндіру қажет;

- пайданың қажетті сомасы мен рентабелдіктің деңгейін жеткізу үшін қанша тонна мұнай өндіру қажет;

- мұнай бағасы, өндірістің өзгермелі және тұрақты шығындарының көлеміне экономикалық нәтижелердің әсерін үлгілеу.

Бұл айтылған міндеттерді залалсыз нүкте сызбасына іске еңгізу үшін қосымша ақпараттар болу қажет. Алдымен, нарық мұнай бағасының деңгейіне, қандай бағада қанша тонна мұнай өндірілетінін білу қажет. Мамандар бұл мәліметтерді баға сұранысының икемділігі деп атайды. Өнім көлемі аз болған жағдайда өнімге баға қанша жоғары қойылған сайын, залалсызға жетуге болады және пайда түсе бастайды. Керісінше, шартты-тұрақты және шартты-өзгермелі шығындар жоғары болған сайын, сонша өнімді (біздің жағдайда мұнай) көп өндіру қажет, яғни ззалалсыздыққа жету үшін және пайдалы болу үшін құқық алу. Тұрақты шығындардың көлемі 70 815 055,6 мың теңге, өндіріс көлемі 2 788 000 тонна. Бекітілген шығындар түзуі мұнай өндіру көлемі 0-ден 2 788 000 тоннаға дейін өзгергенде, тұрақты шығындар көлемі өзгермейді, яғни 70 815 055,6 мың теңге деңгейінде тұрады. Өзгермелі шығындардың түзуі, олардың жалпы сомасы 0-ден 106 222 583,4 мың теңгеден өзгергенін көрсетеді. Өндіріс көлемі 2 788 000 тонна болғанда жалпы шығындардың мөлшері өзгереді. Жалпы табыс түзуі өнім өткізуден түскен табыстың 0-ден 550 218 968 мың теңгеге өзгергенін көрсетеді.  Жалпы шығындар түзуі және табыс түзуі заласыз нүктеде (Тб) қиылысады. Есептеу бойынша мұнай өндірісінің көлемі залалсыз нүктеде 1 441 мың тонна құрады. Әрбір мұнай өндірісінің көлемі қосымша өскен сайын залалсыз нүктеден жоғары, сол пайда өсімін құрап «пайда аймағы» деп аталады. Керісінше, мұнай өндірісінің көлемі залалсыз нүктеден төмен түскен сайын, өндіруші зиян тартады – бұл «залал аймағы».  Келтірілген график және аналитикалық есептеу залалсыз сату көлемі, залалсыз аймақ тұрақты және өзгермелі шығындар сомасынан және өнім бағасының деңгейінен тәуелді екенін көрсетеді. Бағаны көтерген жағдайда өнімді аз көлемде өндіру қажет, себебі тұрақты шығындарды өтеу үшін рентабельдік қадамынан асатын және қауіпсіз аймақты төмендететін өнім өткузуден табыс алу қажет. Сондықтан компания тұрақты шығындарын азайтуға тырысады. Оңтайлы болып өнім бірлігіне тұрақты шығындар үлесін төмендететін, зиянсыз сату көлемін азайтатын және қауіпсіз аймағын жоғарлататын жоспар саналады. Заласыз нүктені табуыдың тәжірибелік маңызы өте зор. Компанияның осы мәселерді шешу барысында операциялық левереджін, яғни тиімділігін формула негізінде анықтауға болады.

 

Мұндағы: -операциялық левередж тиімділігі; - маржиналдық табыс; - тұрақты шығындар; - пайда (табыс).

 = 1+70 815 055,6/130 577 227=1,54 мың теңге. Пайданы барынша көбейту мақсатында үш факторлар әсерін пайдаланамыз: тұрақты шығындар, өзгермелі шығындар және баға. «N» компаниясында тұрақты шығындарын 25% азайтатын болсақ (70 815 055,6×0,75=53 111 291,7), зиянсыз нүкте мөлшеріне жету үшін () өнімнің шығарылу көлемін 1081 мың тоннаға дейін төмендету қажет. Компанияның өзгермелі шығындарын 25% азайтатын болсақ (38 100×0,75=28 575), зиянсыз нүкте мөлшеріне жету үшін () өнімнің шығарылу көлемін 1 207 мың тоннаға төмендету қажеттілігі туындайды. Бірақ осыны қаржылық менеджер тұрақты және өзгермелі шығындардың мөлшерін, компанияның ішкі мүмкіндіктерін басшылыққа ала отырып өзгертеді. Өнім бағасының өзгеруі, көп жағдайда сыртқы бәсекелестікке тәуелді болады. Сондықтан компания өз өнімінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату үшін бағасын төмендетеді. Егер өнім (мұнай) бағасы 25% төмендесе (87 243×0,75=65 432), онда зиянсыз нүкте мөлшеріне жету үшін () өнімнің шығарылу көлемін 2 591 мың тоннаға арттыру қажет. Сонымен, рентабелдіктің  табалдырығының осы мөлшерге өскенін көреміз. Бірақ тәжірибеде операциялық тұтқаға бірден үш фактордың әсер еткені орын алады. Келтірілген есептер нәтижесі келесі қорытындыға әкеледі: өндірістік левередж тиімділігінің өзгеруінің негізінде компания шығындарының жалпы сомасындағы тұрақты шығындардың үлес салмағының өзгеруі жатады. Осыған байланысты тұрақты және өзгермелі шығындарының қатынасы әр түрлі болатын компанияларда сату көлемінің өзгеруіне пайданың сезімталдығы әр түрлі болуы мүмкін. Компанияның жалпы шығындар құрамындағы тұрақты шығындардың үлес салмағы төмен болған сайын, компанияның сату көлемінің өзгеруіне байланысты пайданың мөлшері көп деңгейде өзгереді. Осы іс-әрекет жүзеге асырылғаннан кейін мұнай өндірісінің бағасын төмендету немесе көтеретін жағдайлар болуы мүмкін және тұрақты немесе өзгермелі шығындардың үлестері өзгеріп, табыстың мақсатты жоспарлауына өздерінің әсерін тигізеді.  Осындай кезде компания «N» компаниясының қызметінің тиімділігін арттыру үшін және стратегиялық дамудың маңызды шарттардың бірі - өндірістің зиянсыздығын бақылау.

Әдебиет

1. Вартанов А.С. Экономическая диагностика деятельности предприятия: организация и методология: Учеб. пособие / А.С. Вартанов. – М.: Финансы и статистика, 2014. – 326 б.

2 Комплексный анализ хозяйственной деятельности предприятия: учеб. пособие / В.И. Бариленко; под общ. ред. В.И. Бариленко. - М.: ФОРУМ, 2012. - 463 б.