«Шетел тілін оқытуда жаңа технологияларды
қолдану»
Елімізде
білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды
қолдану басты мақсат болып отыр.Ол тек қана техникалық
құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық ,
коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі
сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр[1]. Елбасымыздың
Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда
ақпараттық қоғам қажеттілігін
қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей
міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: «Компьютерлік техниканы,
интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және
телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық
электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді
пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы
-жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «шетел
тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін
шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып
шығуы керек деген еді. Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі
қоғамда үлкен қолданысқа ие. Мәселен
бизнесте, ақпараттық құралдарда, ғылым мен
білімде[2,3].
Тіл – халықтың ең
басты қазынасы. Тіл білу –
байлық. Ел халқы сауатты болса, бұл әлемдік
деңгейде бізге жоғары дәреже, үлкен абырой алып келері
сөзсіз.
Шәкіртінің дарындылығының даму
қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның
тұлғалық қасиетіне байланысты. Мұндағы
негізгі мақсат – білім алушы тұлғаның
шығармашылық, дарындылық қабілетін дамыту, жеке
тұлғаны жетілдіру. Ал мақсатқа жету оқу
бағдарламасын тереңдетіп оқыту және білім
алушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге
асады. Шәкірт болашақтағы мамандығына байланысты,
яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.
Оқыту білім беру жүйесінің негізгі
мақсаты – болашақ маманға білім, дағды, іскерлікті
қалыптастыру. Ондай мүмкіндік тек сабақ арқылы
беріледі.
Сабақ – оқу
үрдісінің ең негізгі формасы. Сабақтың
мұндай міндеттен шығуы үшін оны психологиялық
тұрғыдан дұрыс ұйымдастыра білу қажет.
Сабақты психологиялық тұрғыдан дұрыс
ұйымдастыру дегеніміз – шәкірттің ішкі жан дүниесіне
терең үңілу, ойына ой қосу, қиялына қанат
бітіру, білім алуға деген құлшынысын, қызығушылығын
ояту. Ол үшін мұғалім барлық мүмкіншілігін
пайдаланады. Өйткені жай сабақ құнарсыз тамақ секілді,
адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімтың
ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы,
әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері
арқылы ерекшеленіп шәкірт жүрегінен орын алады[4].
Яғни, қазіргі таңда шетел
тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке
айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан шетел тілін
оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір
сұрақ:
- Шетел
тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға
қалай үйрету керек?
- Оқушыны
ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді,
технологияларды қолданған жөн?
Шетел тілін оқытуда жаңа
технологияларды, техникалық құралдарды сабақта
жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген
қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің
ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік
туғызады.
Осындай жаңа жолдардың
біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік
бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді
жатқызуға болады.
Қазіргі таңда білім беруде
әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша
оқыту төрт бағытты қамтиды. Олар мыналар:
Модульдік
технологиясы
Рейтингтік
жүйе
Дамыта
оқыту технологиясы
Сын
тұрғысынан ойлау
Әрбір технология өзіндік
жаңа әдіс тәсілдермен ерекшеленеді.
Әдіс-тәсілдерді мұғалімтың ізденісі арқылы
шәкірт қабілетіне қабылдау деңгейіне қарай
іріктеліп қолданады. Сондай – ақ қазіргі
ақпараттық қоғамда білім дамуының негізгі
құралы ретінде жаңа технологиялар маңызды рөл атқарып
жүр.
Жаңа технологиялардың білім
беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы
шарттарын ғалымдар төмендегідей саралайды:
1. Өзге
құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның
қатысымдық құрал бола білуі. Яғни, білімгер, ол
арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге
асыра алады. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу,
тыңдау әрекеттері. Тіл меңгеруде бұл мүмкіншіліктері ең маңыздысы болып келелді.
2. Компьютер шексіз
ақпарат әлемінде еңуге
және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға
мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары
жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің
үнемі өсуіне жағдай жасайды.
3. Компьютер адамның
зерттеу-танымдық әрекетінің әмбебап құралы
ретінде ерекшелінеді.
4. Құрал
білімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын
көрсете алады. Білім алуда дұрыс шешім жасай білуге деген
оқушылардың өзіндік тәсілін, стратегиясын
қалыптастырады.
5. Компьютердің
көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз
уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды[5].
Тілді меңгеруде компьютерді
қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың
өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені
кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке
келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы
оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену
қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып
табылады. Барлық сабақтарды компьютерлердің
қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі
күннің кезек күттірмейтін өзекті
мәселелерінің бірі.
Нәтижесі:
- жаңа
ақпараттық технологияны қолдану арқылы білімнің
сапасын көтеру;
- жаңа
ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша
оқушылардың мамандыққа баулу механизмін
құру;
-мультимедиялық
электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды
және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету.
Ақпараттық технология –
ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін
бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен
өндірістік және бағдарламалық-технологиялық
құралдардың жиынтығы. Қазіргі кезде сабақта ақпараттық
технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз.
Қорыта айтқанда,
жаңа технологиялардың көмегімен тілді меңгертуге, сондай-ақ
білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады[6,7]. Компьютерлік және
ақпараттық технологиялар заман талабы. Бұл
жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін және
мультимедиялық - электрондық құралдарды шет тілі
сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда шетел тілі
сабағында презентацияларды және мультимедиялық -
электрондық құралдарды мектеп қабырғасында
және білім беру процесінде терең қолдану. Ең тиімді
программалардың бірі Microsoft Power Point. Ол мұғалімге
қысқа мерзімде өзінің үлкен дидактикалық
материалдармен қамтамсыз етіп, компьютерлік білімін даярлауға
көмектеседі. Және ол оқушылардың түрлі
қабілеттерін ашады. Олар: есте сақтау, көру, есту, ойлау,
эмоционалды, автоматты және т.б. Интерактивті тақтамен
презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа
деген қызығушылығын ерекше арттырады. Шетел тілі
сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық
оқулықтарды және интерактивті тақтаны
пайдаланғанда:
• лексиканы оқып
үйретеді;
• сөйлеу
ырғағын;
• диалог, монолог
және рөлдік ойындарды;
• хат жазуға
үйретеді;
•
грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп,
оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі[8,9].
Қазіргі
кезде шетел тілімен компьютер, телекоммуникациялық құралдарды
меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі
жылдары олардың рөлі ұлғая түсуде.
Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген
қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа
ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр - түрлі
әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және мен
өз сабақтарымда қолданамын. Мен өз сабағымда электронды
оқулықтарды, грамматикалық, лексикалық ойындарды,
аудиожазбалар мен мультфилмдерді қолданамын. Және бұл
ақпараттық құралдар оқушылардың қызығушылығын
тудырып, ынтасын жоғарылатады. Қорыта келгенде шетел тілі
сабағында компьютер және т.б. жаңа ақпараттық
құралдарды пайдалану заман талабы. Жаңа
замандағы - Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе
жатқан қадамында оқу процессіне жаңа
ақпараттық технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы
болатынына көз жеткізеді. Сабақта ақпараттық технологияны
пайдалану оқушының дүниетанымын кеңейтуге, пәнге
деген ынтасын, танымдық қызығуын арттыруға,
алғырлыққа, ізденімпаздыққа,
шығармашылыққа жетелеуге,нақты,тұжырымды айта
білуге, дербес ой-қиялын дамытуға ықпал етеді [10].
Пайдаланылған әдебиеттер.
1.Білім заңы. Алматы, 2007 ж.
2. Н.Ә.Назарбаев. «Болашақтың
іргесін бірге қалайық» Қазақстан халқына Жолдауы.
//Егемен Қазақстан, 29.01.2011ж.
3.
Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы»
Заңы. Астана, Ақорда, 2007.
4. Қазақстан
мектептеріндегі шет тілдері (журнал) №4 2004. - Б.28.
5. А.
Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру
ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000. - Б.14.
6.Мектептегі
шет тілі №5 2004.(журнал) - Б.22-24.
7.Республикалық әдістемелік – мұғалімикалық
журнал. «Мектептегі шет тілі».№04 (10) шілде/ тамыз 2004. - Б.30-31.
8.
Полат
Е.С. «Иностранный язык в школе» № 3 , 2003. - С.21.
9.
Рогова
Г.В., Верещагина И.Н. Методика обучения английскому языку на начальном этапе в
общеобразовательных учреждениях: Пособие для учителей и студентов пед. вузов. -
3-е изд. - М.: Просвещение, 2000. - С.211-213.
10.
Цели
обучения иностранному языку: учебное пособие. / Под ред.Е.И. Пассова, Е.С.
Кузнецовой - Воронеж: НОУ "Интерлингва", 2002. - С.17-18.