Шукенова Ж.С.
Қорқыт ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университетінің
«Құқықтану» кафедрасының аға
оқытушысы, заңтану магистрі
Темірбек
А.
Қорқыт ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университетінің 3курс студенті
Моральдық зиян
келтірудің туындайтын міндеттермелер
Еліміз Егеменді ел болған кезден
бастап, азаматтарымыз Қазақстан Республикасы соттарына
бұзылған немесе даулы конституциялық
құқықтарын, бостандықтарын сонымен қатар,
заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау
үшін сотқа жүгінулері арыта түскен. Оның ішінде,
жылдар өте моральдық зиянды өтеу туралы талап
арыздардың саны артып келеді.
Азаматтарға
тумысынан берілген немесе заң бойынша тиесiлi мүлiктiк емес
игiлiктер мен өзiндiк құқықтарды
қорғау және азаматтарға келтiрiлген моральдық зиянды
толық өтеу, бұл аса маңызға ие мәселелер
болып табылады. Себебі моральдық зиян құқық
бұзушылықтың салдарынан,әрбір
тұлғаның өзіне тиесiлi мүлiктiк емес игiлiктер
мен өзiндiк құқықтардың кемiтiлуiнен немесе
олардан айырудан туындаған жан немесе тән азабын болып табылады.
Жан
азабы деп адамның кемсiтуге, ызалануға, түңiлуге,
ашуға, ұятқа, қажуға, жайсыздыққа
байланысты басынан кешiретiн эмоциялық-өзiндiк жанкүйзелiсi
сезiмдерi болып табылады. Бұл сезiмдер тiкелей жәбiрленушiнiң
өзiне немесе оның жақын туыстарының
(ата-анасының, жұбайының, баласының, бауырының,
апа-сiңлiсiнiң) өмiрi мен денсаулығына
құқыққа қайшы қол
сұғуға; бас бостандығынан заңсыз айыруға
немесе шектеуге емiн-еркiн жүрiп-тұру
құқығынан заңсыз айыруға;
денсаулығына зиян келуiнiң нәтижесiнде, оның iшiнде бет
әлпетiне адам танымастай болып жарақатпен сызаттың
түсуiнiң салдарынан алғашқы бейнесiнен айырылуына
байланысты белсендi еңбек ету және қоғамдық
қызметтi жалғастыру мүмкiндiгiнен толық немесе
iшiнара айырылуға; отбасылық, жеке және
дәрiгерлiк құпияның ашылуына; хат-хабар алмасу,
телефонмен телеграф ақпараты құпиясының
бұзылуына; азаматтың қадiр-қасиетi мен ар-намысына кiр
келтiретiн, шындыққа жанаспайтын мәлiметтердi таратуға;
өз атына, өз бейнесiне құқықтарының
бұзылуына; авторлық және аралас
құқықтарының бұзылуына жәнет.б.
байланысты болуы мүмкiн.
Тәннің
азабы деп құқыққа қайшы күш
қолдануға немесе денсаулығына зақым келтiрiлуiне
байланысты сезiнетiн тәнiнiң ауыруы.
Бұзылуы,
айырылуы немесе кемiтiлуi азаматқа моральдық зиян келтiруге
әкеп соғатын мүлiктiк емес өзiндiк
құқықтар бұл- азаматқа тумысынан немесе
заңға сәйкес тиесiлi және оның жеке басымен
тiкелей байланысты құқықтар мен игiлiктердi болып
табылады. Адамға тумысынан тиесiлi игiлiктерге өмiр сүру,
денсаулықты, ар-намысты, бостандықты, жеке басына қол
сұқпаушылықты, ал құқықтарға -
тұрғын үйiне немесе меншiгіне қол
сұқпаушылық құқығын, жеке
өмiрiнiң немесе отбасының құпиясын, телефон,
телеграф хабарларының құпиясы мен хат алысу
құпиясы құқығын; атын пайдалану
құқығын; өз бейнесiне
құқығын; интеллектуалдық қызметтiң
нәтижелерiне құқығын қорғау туралы
заңнамаға сәйкес авторлық
құқықты және мүлiктiк емес өзiндiк
құқықтарды; емiн-еркiн жүрiп-тұру
және тұратын жерiн таңдау, нанымды ақпарат алу
құқығын және республиканың
заңнамалық актiлерiмен көзделген басқа да
құқықтарды жатқызамыз.
Бұл
жоғарыда көрсетілген игіліктер мен құқықтар
еліміздің Ата Заңымен қорғалады. Осыған
байланысты аса маңызға ие болатын аталған иегіліктер мен
құқықтарды құқық
бұзушылықтан қорғау соттардың негізгі
мақсаты болып табылады.
Қазақстан
Республикасы Азаматтық кодексiнiң 187-бабының
1) тармақшасына сәйкес моральдық зиянды өтеу туралы
талаптарға талап қою мерзiмi қолданылмайды.
Қазақстан
Республикасы Азаматтық кодексiнiң 917-бабының
1-тармағына сәйкес моральдық зиянды оны
құқыққа қайшы (қасақана немесе
абайсыздықтан) жасаған әрекетiмен (әрекетсiздiгiмен)
келтiрген тұлға толық көлемде өтеуі тиіс.
Талап
қоюшы өз талап арызында оның нақтылы мүлiктiк
емес өзiндік құқықтарының бұзылуын
растайтын дәлелдемелердi және осы
құқықтарды қорғау тәсiлдерiн
көрсетуге мiндеттi. Мүлiктiк емес зиян үшiн ақшалай
өтем жасау туралы талабын бiлдiрген жағдайда талапкер, оның
пiкiрiнше, оған келтiрiлген мүлiктiк емес зиянның
өтелуiн қамтамасыз ететiн өтем сомасын көрсетуi
қажет.
Дегенмен,
кейбір жағдайларда сотқа талап коюшылар өзінің талап
арызында бұзылған мүліктік емес
құқығы мен игіліктерінің, жауапкердің
қандай құқыққа қайшы
әрекетінің немесе әрекетсіздігінің салдарынан
келтірілгенін талап арызда көрсетпей сотқа жүгініп жатады.
Моральдық
зиянды өндіру туралы талаптарды қарау барысында
жауапкершіліктің шарттары болып, зиянның болуы,азаматтың
құқыққа қайшы әрекетінің немесе
әрекетсіздігінің салдарынан тұлғаның
жан немесе тән азабына түсуі, зиян келтірген адамның
әрекетінің құқыққа қарсы
болуы; құқыққа қарсы әрекет пен
келтірілген зиянның арасында себептік байланыстың болуы және
зиян келтірушінің кінәсі анықталуы тиіс.
Моральдық
зиян, зиян келтiрушi тарапынан оның заң актiлерiнiң
нормаларының тiкелей талабына сәйкес ол iске асыруға мiндеттi
немесе жәбiрленушiнiң талабы бойынша сот шешiмiмен белгiленген
ақша нысанында моральдық зиянға өтем жасалған
кезде моральдық зиян толық өтелген болып табылады.
Қазақстан
Республикасы азаматтық кодекстiң 952-бабына сәйкес
моральдық зиян тек ақша нысанында өтеледі.
Сот
тәжірибиесінде моральдық зиянды өндіру барысында өтем
тек ақша нысанында жасалатындықтан, келтірілген моральдық
шығынның ақшалай мөлшерін анықтау барысында
қиындықтар туындайтыны рас.
Алайда
соттар моральдық зияннан келген өтемнің мөлшерін
анықтау барысында әдiлеттiлiк пен ақылға сыйымды
қажеттiлiктi негiзге ала отырып, анықтайды. Себебі кейбір
жағдайларда талап қоюшылар моральдық зиянды өндіру
туралы талабын жоғары мөлшерде бағалап, соттан өндіруді
талап етеді. Соттар істің мұндай жағдайында мүліктік
емес өзіндік құқықтарының бұзылуына
байланысты барлық нақтылы мән-жайларды анықтап, сот
анықталған өтем мөлшерi талапкер мәлiмдеген
талаптардың тиiстi мөлшерде қанағаттандырылуы туралы
негiздi тұжырым жасауға мүмкiндiк берсе, ол әдiл
әрi жеткiлiктi мөлшерде жасалды деп саналады. Егер бiрiншi
сатыдағы сот өндiрген мүлiктiк емес зиянға жасалатын
өтемнiң мөлшерi, егер бұл мөлшер жоғарыда
аталған заң талаптары мен принциптерге сәйкес келмейтiн
болса, аппеляциялық және қадағалау тәртiбi
бойынша қайта қаралуы мүмкiн.
Сот
тәжірибиесінде көптеп кездесетін жағдай, ол
жоғары қауiптiлiк көзi келтiрген моральдық зиян
үшiн өтем өндiру туралы азаматтардың талаптары, егер
осы зиянның жойқын күштің немесе
жәбiрленушiнiң қасақана ниетiнiң салдарынан не
жоғары қауіптiлiк көзiнiң зиян келтiрушiнiң
құқыққа қайшы әрекеттерiнiң
нәтижесiнде оның ырқынан шығып кетуiне байланысты
келтiрiлгенiн дәлелдей алмаса, жоғары қауiптiлiк көзi
иесiнiң моральдық зиян үшiн ақша нысанында өтем
жасауға тиіс.
Жоғары қауiптілiк көзiн
иеленген адамдар құқыққа қайшы
әрекеттерiмен жәбiрленушiге мүлiктiк зиян келтiрген
жағдайда, моральдық зиянды өтеу жөнiндегi мiндеттердi
осындай зиянды келтiрген адамдар тiкелей өздерi көтередi.
Егер жоғары қауiптiлiк көзi оның иесiнiң
кiнәсi болған кезде де құқыққа сай
иелiктен шықса, онда мүлiктiк зиян үшiн жауапкершiлiк
үлес тәртiбiмен зиян келтiрушiнiң тiкелей өзiне,
сондай-ақ жоғары қауiптiлiк көзiнiң иесiне
жүктеледi. Сот тәжірибиесі бойынша аталған
санаттағы істерді қарау барысында тәжірибие
жинақталған, соттар бұл санаттағы істерді қарау
барысында зиянның болуын,зиян келтірген адамның
әрекетінің құқыққа қарсы
болуын; құқыққа қарсы әрекет пен
келтірілген зиянның арасында себептік байланыстың болуын және
зиян келтірушінің кінәсін, мүліктік емес өзіндік
құқықтарының бұзылуына байланысты
барлық нақтылы мән-жайларды анықтап, әдiлеттiлiк
пен ақылға сыйымды қажеттiлiктi негiзге ала отырып шешеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Теория государства и права
/Под ред. С.С Алексеева. - М: Юридическая литература. 1985. 425-бет.
2.Юридическая газета. 1999. 28
шілде.
3.Белякова А.М.
Гражданско-правовая ответственность за причинение вреда: Теория [ практика. М.:
Изд-во Московского ун-та. 1986. 21—37-беттер.
4.ҚР Азаматтық кодексі Алматы, 2015 жыл