Экономические
науки/Экономика предприятие
Ибраева
Гулаим Алиходжаевна
«Қаржы»
кафедрасының оқытушысы, Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университеті
Компания тәуекелдерінің сыртқы
ортаға қатысты түрлері
Компания біраз
тәуекелмен бетпе-бет келеді,
оның ішінде сыртқы орта,
нарықтық, операциялық, қаржылық,
инвестициялық және корпоративтік
басқару тәуекелдері.
Компания тәуекелдерді
басқару кезінде тәуекелдерді
басқару саясатына жүгінеді.
Компанияның тәуекелдерді басқару саясаты
акционерлік құнның өсіміне, корпоративтік басқару сапасының артуына бағытталған, ол
өз кезегінде тәуекелдерді айқындап,
оның қандай екендігін талдаумен,
оны барынша аз болуы
жолындағы іс-шараларды дайындаумен
және тәуекелдерді азайту бойынша жасалынатын шараларды бақылауға негізделеді.
Сыртқы ортаға
қатысты тәуекелдер. Компанияның сыртқы ортаға
қатысты тәуекелдері негізінен саяси, экономикалық және
аймақтық тәуекелдер болып
бөлінеді.
Саяси тәуекелдер:
–– Ел басшылығының
сыртқы және ішкі саяси
курсының ықтимал өзгерістері жалпы
елдің және компанияның инвестициялық
тартымдылығына кәдімгідей әсер етуі
мүмкін.
–– Заңдылықтың
жағымсыз бағытқа өзгеруі, мәселен,
өнеркәсіптің шикізаттық салаларынан
түсетін бюджеттік табысты
арттыру бағытында салық
заңдылығының өзгеруі;
–– Мемлекеттік
биліктің органдарын реформалау
кезінде органдардың ыдырау
үдерісі орын алуы ықтимал,
компанияның жұмысын қадағалайтын жаңа министрліктер мен ведомствалардың құрылуы–компания
жұмысына тиісті нормативтік
құжаттарды болдырмауы немесе
олардың бекітілуін ұзартып жіберуі мүмкін;
–– Қазақстан
Үкіметі өзінің экспорттық квотасының
көлемін айтарлықтай шектеуі мүмкін немесе ішкі нарыққа
бағытталған міндетті көлемді
өзгертуі ықтимал, ал бұл өз кезегінде
компанияның қаржылық көрсеткіштеріне кәдімгідей
әсер етуі мүмкін.
–– Қазақстан
Үкіметінің екінші деңгейлі банктерде орналасқан қаржылық айналымды басқаруды шектеуі.
Экономикалық тәуекелдер:
–– Қазақстанның
экономикасының әртараптануы әлсіз және шикізаттық
тауарлардың әлемдік бағасына кәдімгідей тәуелді. Шикізат бағасының айтарлықтай және
ұзақ уақыт бойы төмендеуі
шикізаттық компаниялардың пайдасының құлдырауына,
ал кейіннен бүкіл экономиканың
құлдырауына алып келуі
ықтимал.
–– Экономика
инфрақұрылымының тозығы жетуі
компания бизнесінің тиімділігіне
кәдімгідей жағымсыз әсер етуі
мүмкін.
–– Тауар
мен қызмет сатып алу
саласындағы заңдылық материалды-техникалық
қамтамасыз ету мен логистиканың тиімділігін арттыруға мүмкіндік бермейді.
–– Жабдықтаушылар мен
мердігерлердің арасындағы әлсіз бәсекелік орта
компаниялардың ұсынатын жұмыс және қызмет
түрлерінің сапасын төмендетеді.
–– Қазақстандық
қаржылық жүйенің даму деңгейі айналымдағы
бос қаржыны орналастыру жағдайын нашарлатуы мүмкін.
Аймақтық тәуекелдер. Компанияның жұмыс істейтін аймақтары – Қазақстан республикасы және шетелдік компаниялар. Қоғамдастықтың негізгі өндірістік бөлімдері өз
өндірісін ауа-райы қиын аймақтарда
жүзеге асырады, бұған қоса, кей аймақтарда өндіру, қайта
өңдеу саласында жоғарғы сапалы жұмысшылар тапшы болуы мүмкін. Бұл аймақтар компанияның жұмысына
айтарлықтай әсер ететін
экономикалық және әлеуметтік қатерге ие аймақтарға жатады.
Компания өзі жұмыс істейтін аймақтағы әлеуметтік
тұрақтылықты сақтап, оны бекіте
түсуге ынталы, аймақтағы
өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу
үшін жергілікті әкімшілік,
қауымдастық өкілдерімен ықпалдаса жұмыс істейді.
Ел мен негізгі
аймақтардағы өзгерістердің жағымсыз әсерін азайту үшін мынадай
әрекеттерден тұратын тиісті кешенді іс-шаралар дайындалып жатыр:
–– Қалыптасқан
жағдайды реттеуге бағытталған
әрекеттер, оның ішінде компанияның бизнес-моделін өзгерту, аймақтарға дем беру үшін өндірістік филиалдарды
өзіндік жұмыс істейтін
компанияларға айналдыру;
–– Компанияның
географиялық әртараптандыру деңгейін арттыруға
арналған әрекеттер. Мұның мақсаты қандай да
бір аймақпен қатысты тәуекел
деңгейін азайту;
–– Негізгі іс атқарар аймақтағы әлеуметтік шиеленісті азайтуға арналған әрекеттер;
–– Бизнестің тиімділігін арттыруға арналған
іс-әрекеттер, бұлар Компанияның бизнесті
дамыту мүмкіндіктеріне әсер етуі ықтимал қатерлерді азайтуға
арналған.
Компания өзінің
әлеуметтік бағдарламаларының тиісті
салаға барынша әсер етуін
және қоғамның қажеттіліктеріне сай болуын қалайды. Алайда ереуілдер мен
әлеуметтік шиеленістермен байланысты
қатерлерді азайтуға арналған коммерциялық емес шығынның артуы
компанияның қаржылық көрсеткіштеріне жағымсыз
әсер етуі ықтимал.
Бұл аталған
аймақтардағы климаттық жағдай әрқилы,
оның үстіне аймақтардың географиялық
тұрғыдағы алыстығы–компанияның үздіксіз
жұмыс істеуі үшін транспорттық
және электр қуатымен қамтамасыз етуіне
баса көңіл бөлуді қажет етеді.
Өзі жұмыс істейтін
аймақтардағы климаттық ерекшеліктерге
байланысты ықтимал қатерлердің
әсерін азайту үшін, оның ішінде дүлей апат немесе төтенше жағдайлардың
үздіксіз жұмыс істеу және
өнеркәсіптік қауіпсіздікке аса үлкен назар аударады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. Ақпанов
А.К. Компанияның қаржылық тәуекелін басқару
// Банки Казахстана.-2011.-№5.-17-19 б.
2. Хохлов Н.В./ Управление риском: Учеб. пособие для вузов. –
М.:ЮНИТИ-ДАНА, 2008. – 239 с.
3. Шапкин В. А., Шапкин А.
С., Теория риска и моделирование рисковых ситуаций. – М.: «Дашков и К°», 2007.
– 165 с.