Экономика/
Маркетинг и менеджмент
Ибраева
Гулаим Алихожаевна
«Қаржы»
кафедрасының оқытушысы, Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университеті
ЖОБАНЫ БАСҚАРУДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТТІ
ЖОСПАРЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ҮРДІСТЕРІ
Менеджменттегі жобаны басқару
үрдісі дегеніміз – ол жобаны жасап шығару, жүзеге асыру мен
аяқталуы, басқарудың келесі деңгейлерінде басқару
қызметтерін орындау жолымен жүзеге асыруға
бағытталған әрекеттер жиынтығы, оның
құрамына мыналар жатады:
- стратегиялық
(жобаның барлық өмірлік мерзімін қамтиды);
- жылдық
(жобаның жыл ішінде орындайтын
жұмыстарын қамтиды);
- тоқсандық
(жобаның тоқсан ішінде
орындайтын жұмыстарын қамтиды);
- оперативті немесе ағымдағы
(жобаның ай, онкүндік, апта, тәулік, ауысым және т.б.
бойынша орындалатын жұмыстарын қамтиды).
Жобаның жүйелік
үлгісіне келесі жобаны басқару
қызметтерін кіріктіреді: жобаның
құралдық аумағын басқару,
уақыт параметрлері бойынша жобаны
басқару, жобадағы құнды басқару,
жобадағы тәуекелдерді басқару, жобадағы
қызметкерлерді басқару, жобадағы ақпараттарды
басқару, жобадағы келісім-шарттарды басқару,
жобадағы өзгерістерді басқару.
Жобаларды
басқару өзара байланысқан үрдістердің
көбісін қосатын интеграциялық үдерісі болып
табылады, оларға басқарудың нақты
қызметтерін жүзеге асыру мен қойылған
мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін
іс-әрекеттер мен шаралар жатады.
Барлық жоба
үрдістерін екі топқа бөлеміз: жобаларды басқару
үрдістері мен өнімге бейімделген үрдістер. Бірінші
топқа кіретін үрдістер жобаның ұйымдастырылуы мен
жұмыстардың жүргізілуі жатады, ал екіншісіне - өнімді
өндіру үрдістеріне жатады. Сондықтан өнімді
өндіру үшін қажетті жұмыстардың кешенін
айқындаушы жоба мақсаттарын және жоба өнімінің
қасиеттері мен қызметтерін айқындайтын жоба мақсаттарын
ажырата білген жөн.
Үрдістің өзара байланыстылығы
олардың табыстылығы (оларға сәйкес үрдіс
орындалатын құжаттар немесе құжатталған
көрсеткіштердің жиынтығы) мен шығыстары
(үрдіс нәтижесі болып табылатын құжаттар
немесе құжатталған көрсеткіштердің
жиынтығы) арқылы жүзеге асырылады. Ал табыстың
шығысқа айналатын тетіктеріне сәйкес әдістемелер мен
тәсілдер біріктіреді.
Менеджменттегі
жобаларды басқару үрдістерін 1-кестеден көруге болады.
Кесте 1. Жобаны басқарудағы
менеджментті жоспарлаудың негізгі үрдістері
|
№ |
Үдерістердің аталуы |
Үдерістердің қорытынды
нәтижесі |
|
1 |
Мақсаттарды
жоспарлау кезеңі |
Мәселелерді қою
(жобаға негіздеме жасау, негізгі кезеңдері мен
жоба мақсаттарын анықтау) |
|
2 |
Мақсаттарды
жүйелеу кезеңі |
Көбінесе
әрекетті бақылауды қамтамасыз
ету үшін жоба мақсаттарын шағын бөліктерге
бөлу |
|
3 |
Жоба операцияларының (жұмысының) құрамы мен құрылымын анықтау |
Жобаның
түрлі кезеңдерін қамтамасыз ететін
операциялардың тізімін жасау |
|
4 |
Жобадағы операциялар- дың өзара байланысын анықтау |
Жоба операцияларының технологиялық өзара байланысының құжаттамалық дәрежеде көрсету |
|
5 |
Жұмыс мерзімінің ұзақтылығы немесе көлемдерін бағалау |
Жобаның
әрбір операциясын
анықтау үшін қажетті уақыт шамасы мен жұмыс
көлемінің шамасы бағалау қажеттілігі |
|
6 |
Жоба қорларының деңгейін анықтау |
Жобаның
барлық қорларының жалпы саны
мен сипаттамасын алуға қол жеткізу |
|
7 |
Қорларды тағайындау жолдары |
Жобаның жеке операцияларын
орындауға қажетті қорлардың
көлемін алу |
|
8 |
Құндарды бағалау жолдары |
Жоба операцияларының
құрамдық құндары мен оларды
әрбір операциямен, қорлар үшін бағалауға
қол жеткізу |
|
9 |
Жұмыстарды орындауының кестесін
құрастыру |
Жоба жұмыстарының
орындалуын, жоба операциясының ұзақтылығының
тізбектілігі, қойылған
шектеулер мен өзара байлыныстылықты
есепке алғанда қорлар мен шығындарға
қажеттілікті уақыт бойында бөлу |
|
10 |
Бюджетті бағалау үдерісі |
Жоба құнын толығымен
кезеңдер бойынша, сатылап және
мерзімдер бойынша
бағалау |
|
11 |
Жобаның орындалуына жоспар құру |
Жобаның
барлық үрдістерінің интеграция
нәтижелерін сипаттайтын
жобаның толық жоспарын қалыптастыру |
|
12 |
Жоба сәтті нәтижесінің критерийлерін анықтау |
Жоба сәттілігі нәтижесінің критерийлер бойынша тізімі жасау |
|
Ескерту: кесте [1., 183б] мәліметтері негізінде автормен сызылған |
||
1-кестеде
көрсетілген үрдістер бірінен
кейін бірі орындалады, әр түрлі
белсенділікпен орындалады және жобаны орындаудың түрлі
кезеңдерінде бір-бірімен өзара байланысты болады. Бір
үрдістің нәтижесі басқасы үшін
бастапқы ақпарат болып табылады. Жобаны жоспарлау
үрдістері жоба идеясын ұсынудағы мүмкіндігін
және жобаның келесі сатысына өту шешімін
қабылдауды қамтамасыз етеді.
Жобаны басқарудағы
менеджментті жоспарлау үрдістері өте көп түрлі
және олар негізгі және көмекші деп бөлінеді (1-2
кестелер).
Кесте 2. Жобаны
басқарудағы менеджментті жоспарлаудың көмекші
үрдістері
|
№ |
Үдерістердің аталуы |
Үдерістердің қорытынды
нәтижесі |
|
1 |
Сапаны жоспарлау кезеңі |
Жобада қолданылатын
сапа стандарттары мен оларды орындау әдістерінің
жиынтығы |
|
2 |
Ұйымдастыруды жоспарлау кезеңі |
Компанияда рөлдерді,
өзара қарым-қатынастарды, жауапкершіліктерді
және есеп берудегі тағайындауды құжаттамалық
рәсімдеу |
|
3 |
Персоналдарды тағайындау кезеңі |
Персоналдардың қорлардың
жобасындағы нақты жұмыстарын орындауға
бағыттау |
|
4 |
Өзара әрекеттестікті жоспарлау кезеңі |
Ақпараттар ағындары
мен жобаға қатысушыларының өзара әрекет ету
әдістеріне талдау жасау |
|
5 |
Тәуекелді сәйкестендіру кезеңі |
Жобаға әсер
ететін тәуекел түрлерін құжаттамалық
рәсімдеу |
|
6 |
Тәуекелді бағалау кезеңі |
Тәуекелдік жағдайлардың
басталу ықтималдығы,
олардың жобаға әсер ету
дәрежесін бағалаудың нәтижелеріне қол
жеткізу |
|
7 |
Жобалар нәтижесі
бойынша жауап қайтару кезеңі |
Тәуекелдерді
және оларға жауап қайтарудағы
қажетті әрекеттерді көрсету |
|
8 |
Жеткізулерді жоспарлау кезеңі |
Жобаны орындауға қажетті
қорлардың, жұмыстардың және
қызметтердің құрамы мен көлемдерін
алуға қол жеткізу |
|
9 |
Жеткізу шарттарын дайындау кезеңі |
Жеткізуге талаптар
мен қолайлы жеткізушілерді анықтау |
|
Ескерту: кесте [1., 186б] мәліметтері негізінде
автормен сызылған |
||
Жобаны басқарудағы менеджментті
жоспарлаудың орындалуы мен жоба жоспарын жүзеге асырудағы
бақылау үдерістері жоспарлау үдерістері сияқты
негізгі және көмекші деп бөлінеді .
Талдау үдерістері жоспарды талдау
үдерістері мен жобаның орындалуын талдау
үдерістеріне бөлінеді.
Жоспарды талдаудың үдерістерін
жасалған жоспардың қойылатын талаптарға
және жоба қатысушыларының үмітіне
сәйкестігін тексеруге негізделген. Бұл талдаудың
нәтижесі - жоспарға нақты өзгертулерді
енгізудің мақсаттылығына және оның
жаңа нұсқасын қалыптастыруға жайлы шешім
болуы мүмкін. Егер бұл
болмаса, онда жоспардың жасалған нұсқасы бойынша жобаның негізгі жоспары ретінде алынуы
және жоспардың орындау нәтижелерін мөлшерлеудің
негізі болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Полковников, А.В.
Управление проектами. Полный курс МВА / А.В. Полковников, М.Ф. Дубовик. - М.:
Олимп-Бизнес, 2013. - 552 c.
2. Бердалиев К.Б., Өмірзақов
С.Ы. Басқару негіздері (оқу құралы): Алматы: Экономика, 2010
3. Гонтарева, И.В. Управление
проектами /И.В. Гонтарева, Р.М. Нижегородцев, Д.А. Новиков. - М.: КД Либроком,
2014. - 384 c.
4. Егембердиева С.М.
Инновациялық жобаларды бизнес – жоспарлау: Оқу құралы.
– Астана. 2014. Мастер ПО ЖШС-164 б.