Смакова А.К., Искакова
Г.М., Касымова Э.С.
«Қарағанды облысының балаларға арналған
психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ
Ақыл-ой
кемістігі бар балаларды
тәрбилеу ерекшеліктері
Г.М. Дульнев көрсеткендей, арнайы мекемелерде
баланың әртүрлі жағдайларға араласуы оның
әлеуметтік жетілуінде маңызды шарты болып табылады. Балалар
өздерінің жетістіктерімен бағалатынын, беделі жоғарлайтынын
тәжірибе үстінде көздерін жеткізеді. Ақыл-ойы кемістігі
бар бүгінгі баланы өзіне тұлға ретінде байқатуы
үшін оның қандай қасиеттерін тәрбиелеу керек?
Ең алдымен, интеллектуалды, физикалық, кәсіби еңбекке
деген саналы қатынасы: еңбек дағды мен машықтарын игеру
өзгелердің еңбегін құрметтеу;
қоғамдық еңбекке араласу, өмірін жоспарлауды
қалыптастыру; мамандық таңдауға дайындау. Осы қасиеттер
еңбек оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде
тәрбиеленеді.
Ақыл-ойы артта қалған
биологиялық және мәдени дамудың өзара
әрекет шешімдерін табу ұстанымы бар баланың даму
үдерісін қарастырған, Л.С. Выготский ақыл-ойдың артта
қалуының негізгі және қосымша белгілерін бөліп
шығарды. Тәрбие жұмысында оқушының
азаматтық тұлғаның сапаларын қалыптастыру
маңызды бағытының бірі: – еліміздің азаматтары негізгі
құқықтарын мен міндеттерін сақтауы мен
түсініктігі. – құқықтың білімді
азаматтың, отбасының негіздерді: еңбек, қылмыстық
құқықтарды игеруі. – мемлекеттік заңдарының
өзінің құқықтары мен міндеттердің
маңызын түсінуі. – өзінің іс-әрекеті үшін
жауапкершілігін сезіну.
Санитарлық-гигиеналық
мәдениет дағдылардың қалыптасу мен
денсаулықтың нығаюы, физикалық қалпын
жақсарту мақсатында дене шынықтырумен айналысуы тәрбие
жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып келеді.
Тәрбие үдерісі толығымен немесе бір бағытының
жүзеге асуын ескере отырып, интеллект бұзылыстары бар
оқушылардың қандай ерекшеліктері бар екен?
1. танымдық дамуының
бұзылуы, яғни баланың барлық жақтарына
дұрыс дербес қарым-қатынасын қиындатады;
2. жинақтық нақтылау
қабілеттердің төмендеуі нақты іскерлікке және
сөздердің үйлестірмеушілігіне әкеледі; 3.
эмоционалдық-еріктік сфераның бұзылуы, дербестіктің
төмен- деуіне, мықты болуға тырысуы, жағымсыз
қылықтардың бекітуіне және пайда болуына әкеледі;
4. өзін-өзі бағалау
қажеттілігі болғанымен, ақыл-ойы кем оқушылар өз
тәртібіне баға беруде қиналады;
5. арнайы түзету мектебінің
оқушылары лайықты мадақтауға қуанышпен
қарайды;
6. ең алдымен интеллектуалдық
бұзылыстары бар балалардың жас ерекшеліктерін ескеру,
кемістіктің құрылымын білу, біріншілік және екіншілік
ауытқушылықпен байланысты көріністерді айыра білу қажет;
7. жеке дара және типологиялық
көріністерді ескеріп, тәрбиелеу үдерісі кезінде
оқушыларға деген жеке дара және дифференциалдық
ыңғайын табуын жүзеге асыру.
Тәрбиенің педагогикалық
заңдылықтары, тәрбие үдерісінің ерік субъектісіне
тәуелсіз екендігінің объективті көрінісі ретінде
қарастырады. Заңдылықты анықтау – бұл, яғни
педагогикалық іс-әрекетті дұрыс жоспарлау; ал
заңдылықтарды орындамау немесе ескермеу – бұл
тәрбиелуеде жағымды нәтижелерге жетпеуді білдіреді.
Тәрбиелеу үдерісі кезінде келесі заңдылықтар
жүзеге асырылады: Бірінші заңдылық
тәрбиеленушінің интеллектуалдық, жанішілік және
физикалық жаңа бейнелерді табу және де дамуының
нақты сәтіндегі белсеңдігімен анықталады. Жалпы мектеп
оқушылары осы заңдылық туралы біледі және «қатал»
мұғалімдерді, тәрбиешілерді кінәламайды, ал керсінше,
олардың қойған талаптарын жақтайды, себебі
олардың даму үдерісінің ерекшеліктері айқын. Ал арнайы мекеменің
балалары керісінше мұғалім қойған талаптарды
әрдайым түсінбейді де, оларға берілген әрбір
жұмыс қиын, орындалмайтын және т.б. болып көрінеді.
Жағымды бекітулер мен арнайы әдістемелік тәсілдер
балалардың жүктілік қалпын шешеді де,
іс-әрекеттің жеңілдетілген режимімен қамтамасыз етеді.
Балалар ойнайды, тәрбиеші оқып жатқан кітабын тыңдайды,
сурет салады, ермек-сазды қолданады, яғни жоспарланған
педагогикалық үдеріс- тің қатысушылары болады.
Тәрбие үдерісінің екінші заңдылығы
балалардың өзекті қажеттіліктерімен шартталған.
Әрбір бала бірдеңе істеуге, жасауға ынта білдіреді. Біреуі
ойнағанды жақсы көреді, ал екіншісі пирамидалардан үй
құрастыруға, келесі жақсы, батыл дельфиндер туралы
бағдарламаларды тыңдағанды құптайды.
Егерде мұғалім
ұжымдық немесе тұлғалық сипаттағы
өзекті қызығушылықтарды қалыптастыру туралы
материалмен қалып қойса, онда оны басқа бір материал
толтырады, бірақ оның тәрбиешіге, не тәрбиеленушіге
ешқандай пайдасы болмайды. Арнайы оқыту мен тәрбиелеу
жағдайла- рында осы заңдылық –
түзетушілік-дамытушылық оқыту мен тәрбиелеудің
негізігі бағыты ретінде қарастырылады. Үшінші
заңдылық – тұлға дамуы үшін ең
нәтижелі бірегей- бөлшектік іс-әрекеті ретінде
қарастырылады. Оның мәні, тәрбиеленуші мен
мұғалімнің іс-әрекеті белгілі пропорцияда жүзеге
асырылуы қажет. Бастапқы кезеңде мұғалімнің
рөлі ұлғаяды, ал есейген сайын мұғалімнің
рөлі төмендейді, бірақ та жойылмайды. «Бірге» мен
«бөлек» іс-әрекеттің қатынасысының мөлшерін
қалыпты дамыған және де түзету мектебінің
оқушыларымен жұмыс істеген кезде анықтауға қиын.
Оның бірнеше себептері бар: – сенімділік пен белсеңділіктің
жетіспеушілігі, баланың іс-әрекетке толығымен
қосылмауы; – іс-әрекеттің пайдасын және оның
нәтижелілігін түсінбеушілігі; – эмоция арқылы
нәтижелілігін көрсетудің кедейлігі: қуаныш, уайымдау
және т.б.; – тәрбиеші жағынан ұсынылған
көмекті қабылдауы, дербестігінің төмен деңгейі; –
баланың іс-әрекетке даярлығы, интеллектуалдық даму
деңгейінің төмендігі. Төртінші заңдылық
іс-әрекет объектілерге қатынасын және баланың ішкі
күйін сипаттайды. Тәрбие үдерісі кезінде мұғалім
балаға өз қатынасын білдіруі керек, яғни оның
барлық іс-әрекетін тұрақты түрде
құрметтеу мен сүйіспеншілік еріп жүретінін
көрсетуі қажет. Сонда ғана тәрбиеленуші
тәрбиешінің оған әрдайым көмекке келетінін, оны
қорғайды, әділетті, мейрімді және т.б. бола алатынын
түсінеді. Бесінші заңдылық. Осында мұғалім
оқушының іс-әрекетін басқарады және осы
іс-әрекетте сәттілік жағдайларын ұйымдастырады да, оны
әрбір бала сезіп көруі керек.
Тұлғаға әсер ету
жүйесі ретінде жазалауды қолдану кезінде тәрбиешісі
түсіну қажет:
– әрбір жазалау қойылған
міндетті шеше алмайды;
– жазалау мұғалімге
тәрбиеленушінің тұлағылығын төмендетуге жол
бермейді; – тәрбиеленуші оны не үшін жазалағанын білу керек,
сонымен қатар ары қарай не істеу керектігін және өз
кінәсін мойындауы қажет;
– ұжымдық жазалауды
қолдануға болмайды
– фильмді көруге, серуендеуге
және т.б. сәттерді болдырмауға болмайды;
– ауру көріністері үшін
жазалауға болмайды;
– оқушыларға тәрбиеші
жағынан физикалық әсер етушілік жоқ.
Барлық айтылған тәрбие
әдістері кешенді түрде қолданылады және
тұлғаның жағымды жақтарының, тәртіптің
саналы адамгершіліктің қалып- тасуына бағытталған.
1. Шпек О. Люди с умственной отсталостью. Обучение и воспитание / Шпек О.; пер. с нем. А.П. Голубева; науч. ред. текста Н.М. Назарова. - М.: Академия, 2003. - 432 с.
2. Петрова, В.Г. Психология умственно отсталых школьников: Учеб. пособие для студ. вузов / В.Г. Петрова, И.В. Белякова. - М.: Академия, 2011. - 325 с.
3. Зырянова С.И. О социализации детей с особыми образовательными потребностями / Зырянова С.И.// Дошкольная педагогика. - 2010. - № 6. - С. 43-45.