«Қарағанды
облысының балаларға арналған психоневрологиялық
медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ
Ойын терапиясын әлеуметтік-психологиялық мекеме жағдайында
қолданудың маңыздылығы
Ойын терапиясын практикалық психология бөлімі
ретінде қарастырады, оның негізін салушылар – З.Фрейд, К.Г.Юнг,
К.Роджерс, Р.Мея теориялық, концептуалдық негізінің
міндеттілігін атап өтті. Соңғы жылдары Ф.Е.Васильюк,
Е.Т.Соколова, Т.А. Флоренская, А.Ф.Копьев, А.У.Хараш т.б. ойынтерапияны
диалогтық тұрғыда қарастырады. Бұл
көзқарастың теориялық базасы А.А.Ухтомскийдің
доминантасының физиологиялық концепциясы болып табылады.
Қазіргі әлеуметтік жағдай жеткіншек ұрпақ
тәрбиесіне қатысты мәселелерді ағарту саласында бірінші
орынға шығарады. Әсіресе, баланың әлеуметтік
бейімделуі ересектермен, өз қатарластарымен
қарым-қатынасты тиімді жасалуы педагокикалық,
психологиялық теория мен практика үшін аса мәнді. Заманауи түзете оқыту мен
тәрбиенің алдында көптеген міндеттемелер орын алған,
қазіргі таңдағы толыққанды сау баламен
қатар психофизиологиялық жағдайы төмен балалар да
тең құқылы деңгейде білім алып тәрбиеленуге
құқылы. Дамуында күрделі ауытқуы бар
балалардың танымдық деңгейін, бойындағы
сақталған қасиеттердің әрекетсіздігін ескере
отырып, түзете-тәрбиелеу және оқыту процестерінің
жаңа бағыт-бағдарларын іздеу қазіргі
таңдағы ең өзекті мәселе.
Заман ағымында оқытудың жағартылған
технологияның қарқынды дамуы түзете-дамыту және
оқу-тәрбие жұмыстарында кеңінен қолдануға
мүмкіндік береді. Осындай технологияның қарқынды
дамуы түзете-дамыту,
оқу-тәрбие жұмыстарының барлық
әдіс-тәсілдерімен формаларының өзгеруіне бірден-бір қайнар
көзі ретінде енгізіп отырған сала ол – ойынды технология саласы. Ойын
дәстүрлі әдіс-тәсілдердің дамуына жаңа
мүмкіндік беруде.
Мәселен, интерактивті сурет және анимациялар тақырыпты
тез әрі оңай түрде қабылдауға мүмкіндік
береді. Өйткені қарапайым түрде ауызша түсіндіру,
ақыл ойы кем балаларды оқу-тәрбиемен қамтуға
жеткіліксіз әдіс-тәсіл десек те болады.
Заманауи технологиялардың ішінде ойынтерапиясы тиімдірек. Ол – әлеуметтік мекеме
жағдайында мүмкіндігі шектеулі балалардың эмоционалдық
ерік–жігер салаларын түзете-дамыту
бағыттарын ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері
мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі әлеуметтік
мекеме жағдайында мүмкіндігі шектеулі балалардың
эмоционалдық ерік–жігер салаларын түзете-дамыту
қолайлы жағдайларда тудырып, мүмкіндігі шектеулі
балалардың қызықтырушы құрал
ретінде қолданылады. Әлеуметтік мекеме жағдайында
мүмкіндігі шектеулі балалардың эмоционалдық ерік–жігер
салаларын, мүмкіндігі
шектеулі балалардың
тәрбиелеуде ойын технологиясының берері мол. Сонымыен қатар
ойын кезінде жеке тұлғаның өзін–өзі басқару
қабілеті жетіліп, қалыптасады. Оның функциялары –
тәрбиелік, бейімдеушілік, дамытушылық, әлеуметтендіруші,
баланың психикалық, физиологиялық және рухани
күшінің дамуы мен қалыптасуы.
Ойын
терапиясы - арттерапияның түріне жатады. Ол
үлкендер мен балалардың әлеуметтік және
психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және
эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала
ойынға белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу
әсерлі болады.
Ойын баланың психологиялық ахуалын
сақтауға, оның қоғаммен
қарым-қатынасын анықтауға, ересек өмірге
дайындайды. Ойын балаларға белгілі дағдыларды меңгеру
үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген
құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық
жағдайын жақсартады. Ойын психологиялық күйзелістен
шығу үшін емдеудің бір тәсілі ретінде
қолданылады.
Бала ойынға өз еркімен қатысып, ойыннан
қуаныш рахатын көру керек. Балалардың ойын барысында
эмоционалды әсерін мөлшерлеп, өзін қалай сезінетінін
бақылауға болады.
Балаларды оқыту мен тәрбиелеу
барысында келесі ойын технологияларын жүзеге асырудамыз: шағын
дәрістер - «жағдаятта қалай көмектесу керек?», сюжеттік
– рольдік ойындар, Монтессори ойындары, қимыл қозғалыс
ойындар, релаксациялық ойындар.
Біздің
дәлелеуімізше, ойын терапиясы – мүмкіндіктері шектелген балаларға және
ересекерге ойынды пайдалана отырып әсер етудің бірден бір тиімді
әдісі. Тәжірибемізде қолданылатын ойын – жағдаяттарды
игеру, қоршаған ортаны зерттеу, дене, ақыл және
әлем мүмкiндiктерін түсіну қабілетін дамытуға мүмкіндік
береді. Осы мағынада, ойын сөзсіз когнитивті дамуын ынталандырады
және қалыптастырады. Сондықтан да ойындар адамның
өзін-өзі белсендіруге мүмкіндік беретін ортаны жасауға,
тудыруға бағытталған. Ойын терапиясы адамдар арасындағы
жағымды мінез-құлықтары әлсіреген адамның өзін-өзі
дұрыс тануына себепші болады. Бұл мақсатқа
эмпатиялық тыңдау, қабылданатын мінез-құлық
шегін құру көмегімен жетеді. Ойын топта жылы достық
қарым-қатынас құру тәсілі ретінде ғана
емес, даму құралы ретінде де қолданылады. Мұндай
ойындарда осы рөлдермен ассоциацияланатын идеялар, жағымды
мінез-құлық және құндылықтар меңгеріледі.
Ойын терапиясындағы бұл процесс тұлғада түрлі
эмоция тудыратын, әртүрлі адамдардың рөлін ойнау
барысында жалғасын табады.
Қорыта келе, заманауи технологияларды
түзету педагогикасында
қолдану арқылы сапалы
білім деңгейін арттыру, педагогтың кәсіптік деңгейін,
құзіреттілігін арттыру, дамуында күрделі ауытқуы бар
балалардың қызығушылығын оятып, эмоционалдық
ерік-жігер саласын қалыптастыру болып табылады.
Пайдалынылған әдебиеттер:
1.Аллан Дж. Ландшафт детской души (юнгианское консультирование в школах и клиниках).СПб. - Минск, 1997,256с.
2.Винникот Д. Игра и реальность. М., 2002,266с.
3. Аймаганбетова
М.К. «Дамуында күрделі ауытқуы бар балалардың жан-жақты
дамуына заманауи түзете-дамыту,
тәрбиелеу жұмыстарын қолдану», Қарағанды, 2017