География сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Мажитов С.К.

КГУ «Казахстанская средняя общеобразовательная №1 опорная школа (ресурсный центр)»

 

Функционалдық сауаттылық – білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор. Яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы. Сонымен, функциональдық сауаттылық адамның мамандығына, жасына қарамастан үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Мұндағы басшылыққа алынатын функциональдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

  Жаратылыстану ғылыми сауаттылық – жаратылыстану ғылымындағы білімін қолдана білу, қоршаған ортаны және адамзат енгізген өзгерістерді түсіну үшін, табиғи-ғылыми мәселелерге қатысты және ғылыми дәлелдермен негізделген сұрақтарды анықтап тану және негізделген қорытынды жасай білу қабілеттері.

Осыған орай, Қазақстандағы мектептегі білім беру жүйесі балалардың дағдыларын дамытуда әртүрлі оқу және өмірлік жағдаяттар, тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастар білімін қолдануға бағытталуы тиіс.

Білім берудің басым бағыттарының бірі тәрбие жұмыстарының әлеуетін күшейту болып табылады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлт Көшбасшысы: «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек», - деп көрсеткен болатын.

Ғылыми-жаратылыстану білім беру саласы оқушылардың бойында табиғат құбылыстары және заңдылықтары туралы ұғым қалыптастырады; табиғатты танып-білудің ғылыми әдістерімен таныстырады. Ол адамға табиғаттың бір бөлігі ретінде тек қана табиғат әлемін түсінуге ғана емес, сонымен қатар бұл құбылмалы әлемде дүниетанымдық, мәдени және білікті тұлғаның қалыптасуына, жүйелі-құнды жеке тұлғалық тәрбие беруге бағытталған.

Осыған байланысты «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқыту барысында функционалдық сауаттылықты білім мен біліктерді адамның әртүрлі іс-әрекеті салаларында өмірлік мақсаттарды кең көлемде жүзеге асыруға қажетті дағды ретінде қалыптастыру.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мен қалыптастыру моделі

Ағаш – функционалды сауатты тұлға

Су – педагогикалық технологиялар

Су сепкіш – мұғалім

Алма – негізгі құзіреттіліктер

Тамыр – оқушылардың қабілеттіліктеріне байланысты бөлінуі.

Қабілеттері әртүрлі оқушыларды оқыту барысында, әртүрлі технологияларды пайдалана отырып, функционалды сауатты тұлға қалыптастыра аламыз. География сабағында көбінесе проблемалық оқыту, сыни тұрғысынан ойлау технология элементтері мен тірек логикалық конспектілерді пайдаланамын.

Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалық оқыту негізінде оқушыларға бейтаныс проблеманың жататыны, оқушылардың оны салыстыру, дәлелдеу шешу үшін болжамдар жасай отырып еңбектенуі керектігін тұжырымдайды. Проблемалық ситуацияны, проблеманы шешу-зерттеу, іздену еңбегін шығармашылық еңбекті талап етеді.

Проблемалық оқытудың мақсаты – ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзіне де, процесінде меңгеру, оқушының таным  дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Дәстүрлі оқытуда

Проблемалық оқытуда

-Тапсырмаларда проблема қою міндет емес.

 

 

-Проблеманы шешу міндетү

-Тапсырмалар оса бағытта беріліп, олар дербес ізденіс, зерттеушілік еңбекті талап етеді.

-Жауабы оқулықтарда, мұғалім түсінігінде бар.

 

-Дайын жауабы жоқ. Проблемалық ситуацияны шешуді қажет ететін тапсырмалар

- Оқушы-обьект.

Оқушы- субъект. Ол белсенді -тұлға.

-Орындаушы, жауап беруші, дайынды қайталап айтушы.

Білімді өз ізденісімен алушы және зерттеуші.

-«Жаңалық» ашу, жаңа өнім жасау міндетті емес.

Жеке тұлғаны дамытуға, ғылыми – ізденіске жетелейтін шығармашылық бағыттағы тапсырмалар.

Оқу барысында

Ø Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырады.

Ø Оқу еңбегіне қызығушылығы артады.

Ø Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді.

Ø Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді;

 

Тірек логикалық конспектілерді пайдалану

Тірек сызба жаңа тақырыпты жеңіл түсінуге, есте сақтап қалуға көмектеседі.

Негізінде орташа оқитын оқушыларға өте қолайлы деп есептеймін: себебі олар тірек сызбалар арқылы сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып жеткізуге үйренеді, сабаққа қызығады, еңбектенуге талпынады.

Оқушылардың құзыреттіліктері дамиды. Құзыреттілік – оқушы іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі. Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» сияқты ұғымдарды қамтиды. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. 

Ақпараттық құзыреттілік арқылы нақты объектілер көмегімен қажетті ақпаратты іздеу, талдап таңдап (іріктеп) алу, ұйымдастыру, түрлендіру,сақтау және ақпаратты беру біліктері қалыптасады. Бұл құзыреттілік оқушының оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын қамтамасыз етеді. 

Коммуникатвтік құзырет – бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасында сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, дәстүрді білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері. 

Әлеуметті-құқықтық құзырет - өз елінің азаматы ретінде өзінің және қоғам мүшелерінің әлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту жатады.