Қайырбекова
Күлсара Серікқызы
«Тұран»мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қазақстан, Жетісай
қаласы
Оқушылардың танымдық қабілетін
жан – жақты дамытумен байланысты
принциптер
Оқушылардың игерген,
меңгерген білімдерін тәжірибеде ұтымды, дұрыс
қолдануға үйретуді білдіретін принцип-білімнің
беріктігі және оның оқушылардың танымдық
күш қабілетін жан – жақты дамытумен байланыстылығы.Оқушылар
бұл ұстаным бойынша сауат ашу сабақтарында тек ториялық
білімді ғана меңгермей, сол білімді тапсырмалар мен
жатығуларда дұрыс пайдалануға дағдыландырылады. Б.
Тұрғынбаева : «Бұл принципті балалардың теорияны
жаттауы, терминдерді есте сақтауы деп түсінбеген жөн.
Керісінше, оқыту барысында қарапайым бақылаулар, зерттеулер
жасау арқылы, өмір заңдылықтарына көздерін
жеткізу, қорытынды жасауға дағдылындыру»-, деп,
ұғыну қажет деп ой қорытады.
Оқушылардың технологиялық дағдылары мен
біліктерін дамыту сабақтарында
оқушыларды тапсырмаларды теориялық тұрғыдан шешуге
дағдыландыру, олардың осындай тапсырмаларды дұрыс
орындауға, білімдерінің берік қалыптасуына және
олардың жан- жақты дамуына игі
ықпал етеді. Оқушылардың игерген білімдерін дұрыс
қолдану дағдыларын қалыптастыру тапсырмалардың
проблемалық сипатта құрылуына, олардың дыбыстарды тек
сыртқы қасиеттеріне қарай емес, ішкі айырмашылығына
қарай( айтылу, жазылу, қолдану, тіркесу) меңгеруіне тікелей байланысты. Мысалы,
дәстүрлі оқытуда « жеңілден қиынға,
қарапайымнан абстрактіге » принципі жетекші ұстаным негізінде
қолданылады.Ал,дамыта оқытуда керісінше оқушыларды
ойландыруға, олардың ізденімдік, зерттеу қабілеттерін
жетілдіруді мақсат тұтады.
Дамыта оқыту тапсырмалары оқушылардың жас
рекшеліктерін ескере отырып, жауабын өздері іздену арқылы қол
жеткізуге болатындай етіп құрылды. Мұндай
қиындыққа құрылған тапсырмалар
оқушылардың зерттеу қабілеттерін дамытып, шығармашылық
ойлауын жетілдіреді[1] .
Оқушылардың
психологиялық ерекшеліктерін ескеру принципі бойынша оқушылардың
технологиялық дағдылары мен біліктерін дамыту сабақтарында мұғалім әрбір
оқушының таным мүмкіндіктеріне, темпераменттерінің
өзгешеліктеріне, өтілген
материалдарды игеру қабілеттеріне
баса назар аударуы қажет. Бесінші сыныптағы барлық оқушылардың жасы
шамалас болғанымен, олардың мінез-құлықтары мен
темпераменттері, жалпы ойлау қабілеттерінің даму дәрежелері
бірдей болмайды. Кей балалар тапсырманы тез қабылдап, тез ұмытады.
Ал кейбір оқушылар өтілген материалдарды жай қабылдап,
ұзақ уақыт бойы есінде сақтай алады. Сондықтан,
оқушылардың технологиялық дағдылары мен біліктерін
дамыту сабақтарында ұстаз осыны ескере отырып, оқушылармен
жеке жұмыстар жүргізіп, білімі төмен балаларға
жеңіл тапсырмалар беріп, мақтау мен жылы сөздер айту
арқылы оқушыларды сабаққа ынталандырып, кейінірек
тапсырмаларды қиындату арқылы олардың білімдерін
сыныптағы балалардың білімдеріне жеткізуге болады. Сондықтан
оқушылардың технологиялық дағдылары мен біліктерін
дамыту сабақтарында оқушылардың жас және дара ерекшеліктері
үнемі ескерілуі тиіс [2].
Оқытудың
жүйелілік принципі арқылы оқушыларға
олардың технологиялық дағдылары мен біліктерін дамыту
сабақтарында дамыта оқыту жаттығулары мен тапсырмалары
белгілі жүйелілікті сақтап, жүргізіледі. Осы арқылы оқушыларға игертілетін білім, дағды және
біліктер өзара ішкі тәртіппен бір-бірімен сабақтаса
байланыстырылады. Мысалы,
оқушылардың технологиялық дағдылары мен біліктерін
дамыту сабақтарында оқушылардың шығармашылық
жаттығуларды орындауына қол жеткізу үшін алдымен олар
оқу, танымдық, ізденімдік тапсырмаларды орындауға дағдыландырылады.
Мұның өзі бірнеше жүйелеген сатыларға
бөлініп, үнемі мұғалімнің қадағалауы
арқылы жүргізіледі.Оқыту дағдылары мен біліктерін қалыптастыру сатысында
оқушыларға тапсырмаларды шешу жолдары көрсетіліп,
мұғалімнің көрсеткен тәсілімен орындау
жүктеледі. Мұндай тапсырмалар бірнеше рет орындатылып
оқушылардың тек оқу дағдыларын дамытып қоймай,
сондай- ақ олардың қимыл дағдылары мен біліктері
жетілдіріледі. Ал меңгеру
сатысында оқушылар мұғалімнің көрсеткен
тәсілімен өздігінше орындауға талаптанады. Бұл
олардың өз қимылдары мен
шешімдерінің дұрыстығына көз жеткізуге, сол
арқылы тапсырманы дұрыс орындауға дағдыландырады.
Оқыту дағдылары мен біліктерін дамытудың қорытынды сатысында оқушыларға
тапсырмалар мен жаттығулардың бірнеше варианттары беріліп,
оқушылардың тапсырмаларды дұрыс орындау дағдылары
қалыптасады. Ізденімдік дағдылары мен біліктерін қалыптастыру сатысында оқушыларға
түрлі қызықты тапсырмалар мен жаттығулар ұсынылады.
Оқушылар проблеманы шешуде өзіндік тәсілдерді табуға
дағдыланады. Меңгеру
сатысында оқушылар тапсырмаларды жаңа жолмен,
тәсілмен өздігінше
орындауға талаптанады. Бұл олардың өз
шешімдерінің дұрыстығын дәлелдеуге, сол арқылы
тапсырманы жаңа тәсілдермен дұрыс орындауға
дағдыландырады. Ізденімдік
дағдылары мен біліктерін дамытудың қорытынды
сатысында оқушылар тапсырманы шешу
жоспарларын түзуге, сыныптастар алдында дәлелдеуге дағдыланады.
Шығармашылық
дағдылар мен біліктер оқушыларды үнемі өз
ой-тұжырымын дәлелдеуге, дұрыс шешім қабылдауға
үйретіп, өзінің де, өзгенің де ісіне дұрыс
баға беруге дағдыландырады.Оқушылардың
шығармашылық дағдылары
мен біліктерін қалыптастыру
сатысында оқушыларға проблемалық сипатта жобалар
ұсынылады. Оқушылар жобаларды орындауда жоспар
құруға, өз жобасының ауқымын, мақсаты
мен міндеттерін айқындауға дағдыланады. Меңгеру сатысында оқушылар жобаны өздігінен
орындауға, орындау үшін материалдарды табуға, материалдарды іріктеуге,
салыстыруға талаптанады.
Оқушылардың шығармашылық дағдылары мен біліктерін
дамытудың қорытынды сатысында оқушылар өз жобасын
дәлелдеуге, сыныптастар алдында жетістіктерін айтуға дағдыланады.
Қорыта айтқанда, оқушылардың
технологиялық дағдылары мен біліктерін дамыта оқыту жүйесін дәстүрлі оқыту
жүйесінен салыстырғанда
мынадай айырмашылықтары бар:
|
Дидактиканың
құрылымдық компоненттері |
Дәстүрлі
оқыту жүйесі |
Дамыта оқыту
жүйесі |
|
Оқыту
мақсаты |
Оқушылардың қарапайым оқу және
қимыл дағдыларын
қалыптастыру |
Оқушылардың
ізденушілік – зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру,
оқушының сабақта белсенділігін арттыру, олардың
білімді өздігінен меңгеру білік,
дағдыларын қалыптастыру, әрбір баланың жеке
және дербес ерекшеліктерін ескеру арқылы шығармашылық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. |
|
Мәні |
Оқушыларға
өтілген материал көлемінде дағды,білік қалыптастыру |
Оқушылардың аталған
дағдыларын дамыту арқылы
олардың таным әрекетін белсендіруге, өзіндік шешім
шығаруға, алдарында тұрған проблеманы өздігінен
шешуге баулу |
|
Мұғалім мен оқушының
қарым-қатынасы |
«Мұғалім-субъект», «оқушы -
объект» формасында қатынас орнайды |
«Мұғалім-субъект», «Оқушы -
субъект». Мұғалім тарапынан
оқушының жеке тұлғалық қасиеттері, мінезі
мен темпераментінің дербес ерекшеліктерін құрметтеуі
жүзеге асады. |
|
Оқушының
әрекеті |
Оқушы мұғалімнің
ұғындырған, түсіндірген дайын білімін меңгеріп,
жүйелі баяндау, көрсету, жаттатқызу, қайталату
арқылы оқушыға өтілген материалдарды игертеді. |
Оқушы білімді игеруде өз бетінше ізденістер,
зерттеулер жүргізіп, өтілген материалдарды өздігінен
меңгеруге ұмтылады |
|
Мұғалімнің
әрекеті |
Мұғалім
басты рөлде |
Мұғалім
бағыттаушы, жол көрсетуші |
|
Сабақты
ұйымдастыру формалары |
Сабақтарды ұйымдастыру түрлері
фронталды және топтық болып екіге бөлінеді |
Тапсырмаларды орындау формалары жекелік,
жұптық, ұжымдық болып белгіленді. |
|
Оқытуда
басшылықққа алынатын дидактикалық принциптер |
Ғылымилық, жүйелілік,
көрнекілік, саналылық пен белсенділік, теорияның практикамен
байланысы, жеке оқушылардың психологиялық ерекшелігін ескеру
принциптері. |
оқытудың көрнекілігі,
оқыту барысында оқушыны тәрбиелеу, білімнің беріктігі және
оның оқушылардың танымдық күш қабілетін жан
– жақты дамытумен байланысты-лығы, оқытудың саналы-лығы
және белсенділігі, оқушылардың жас және дара
ерекшеліктерін ескеру, оқытудың ғылымилық және
түсініктілік, оқытудың жүйелілік принципі. |
|
Сабақта
қолданылатын әдістер |
Репродуктивті,
мұғалімнің монологі, жаттығу, сұрақ –
жауап т.б. |
талдау, жинақтау,
талдау-жинақтау, ойын, тест, эвристикалық, жобалау |
|
Оқушы білімін тексеру |
Нақты критерийлер арқылы, басқа оқушылармен
салыстыру арқылы бағалайды |
Оқушы индивид ретінде өсу барысын анықтай отырып,
әр сабақтағы өз бетімен «ашқан
жаңалығының» санын ескере отырып, болашақта
қандай мүмкіндіктері табылуы мүмкін екенін болжай отырып
бағалайды. |
Бастауыш мектепте сауат ашу кезеңін
жетілдіру жүйесінің тиімділігін төмендегідей саралауға
болады:
-Оқушылар
технологиялық
дағдылары мен біліктерін дамыту сабақтарында мүмкіндігінше
өз бетімен ізденеді;
-проблемалық
тапсырмаларды орындауда продуктивті ойлау қабілеттері дамиды;
-оқушы білімді игеруде
өз бетінше кіші зерттеулер жүргізеді;
-оқушының сабақта белсенділігі артады;
-олардың білімді өздігінен меңгеру
біліктері мен дағылары қалыптасады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Байтұрсынов
А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана
тілі, 1992. -448 б.
2. Жұмабаев
М. Педагогика. -Алматы :Ана тілі, 1992.-155 б.