Боранбаева А.Н., Қосыбаева У.А., Ахманова Д.М.

 

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы

 

МЕКТЕП МАТЕМАТИКАСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНДЕГІ КӘСІБИ ІС-ТӘЖІРИБЕНІҢ РӨЛІ

 

Кілттік сөздер: мектеп математика, кәсіби іс-тәжірибе, оқыту әдістемесі, кәсіби білік, жоғары білікті маман, жаңашыл педагог, әдістемені жетілдіру, шеберлік сабақтар, теориялық білім, жаңа технологиялар.

Ключевые слова: школьная математика, профессиональная практика, методика обучения, проффесиональный навык, специалист с высшим оброзованием, инновационный педагог, совершенствование методики, уроки мастерства, теоритическое знание, новые технологии.

key words: school mathematics, professional practice, methods of teaching, professional skill, specialist with higher education, an innovative teacher, improvement of methodology, lessons of skill, theoretical knowledge, new technologies.

 

Түйіндеме: Мақалада мектеп математикасын оқыту әдістемесіңдегі кәсіби іс-тәжірибенің рөлі сиппаталады. Университет бағдарламасы аясындағы кәсіби іс-тәжірибенің  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігімен бекітілген заңды құжаттары көретілді. XX-ғасырдағы ЖОО-ғы кәсіби іс-тәжірибе мен осы кунгі кәсіби іс-тәжірибе салыстырылды. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттерінен сауалнама алынып, қорытынды жүргізілді.

Резюме: В статье характерезуется роль профессиональной практики в методике преподавания математики. Был показан юридические документы профессиональной практики, одобренные министерством образования и науки Республики Казахстан. Указано сравнение между профессиональной практики XX века и сегодняшнего дня . У студентов Карагандинского государственного университета им.Е.А.Букетова получена анкета и проведено заключение.

Resume: The article characterizes the role of professional practice in the methodology of teaching mathematics. Legal documents of professional practice, approved by the Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan, were shown. The comparison between the professional practice of the 20th century and today is indicated. Students of the Karaganda State University named after E.A. Buketov received a questionnaire and a conclusion was made.

Унивeрситeт студeнттеpінің іс-тәжіpибесі жoғары білімді мамандар дайындауда білім берудің ажырамас бөлігі болып есептелініп, мектептерде оқу бағдарламасы мен үрдісіне сай мамандықтарына байланысты іс-тәжірибені өтеді.

Cтyдeнттeрдің іc-тәжірибecі жoғapы oқy opындapындa тeopиялық oқy бapысындa aлғaн білімін нығaйтyғa жәнe aлдыңғы қaтapлы тәжірибeлepді мeңгeругe бaғыттaлaды.

Болашақ маманға университет қабырғасында білімділік және кәсіптік  бәсекелестікке төтеп бере алатын өз мамандығына ыңғайлы, қабілетті, ерекше педагогикалық қасиеттерді қалыптастыру қажет. Мұғалімге аса қажеттілігі: педагогикалық мамандыққа бейімділік, балалармен жұмыс істеуге айқын берілгендік, бейімділіктің көрінетін басты нәрсесі және мұғалім мамандығын тандай алудағы айқындаушы нәрсе балаларға деген сүйіспеншшік, т.б. қасиеттер.

Шынында да, балаларға деген сүйіспеншілік және олармен жұмыс істеуге ынта-ықылас болмайынша нағыз мұғалім болу мүмкін емес және ол өзінің педагогикалық шеберлігін де шыңдай алмайды. Оның негізгі бастамасы болашақ мұғалімді дайындау, қалыптастыру кезеңінде басталады. Бұл орайда педагогикалық іс-тәжірибенің алатын орны ерекше, өйткені қазіргі студент — болашақ ұстаз өзінің бейімділігін, шеберлігін, ыңғайлылығын, алған теориялық білімдерін мектеп өмірімен байланыстырып отырғанда ғана жүзеге асырады. Тек сонда ғана мұғалімге тән педагогикалық шеберлікке, іскерлікке жетуге   жол ашылады.

Жоғары оқу орындарында кәсіби іс-тәжірибені ұйымдастыру Білім Министрлігімен заңды түрде бекітіліп, арнайы өткізу қағиадаларына сүйене орындалады.

Кәсіптік іс-тәжірибені ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және іс-тәжірибе  базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын бекіту туралы

ЖаңаҚазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 наурызда № 13395 болып тіркелді.

Құжатта төмендегі негзгі талаптар көрсетілген:

Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және
практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидалары:

1.  Жалпы ережелер

2.  Кәсіптік іс-тәжірибені  ұйымдастыру

3.  Кәсіптік іс-тәжірибе  базасы ретінде ұйымды айқындау тәртібі

4.  Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орындары
білім алушыларының
іс-тәжірибе түрлерін ұйымдастыру және өткізу
тәртібі

5.  Жоғары оқу орындары білім алушыларының іс-тәжірибе
түрлерін ұйымдастыру және өткізу тәртібі

Жоғарғы оқу орын кафедраларында іс- тәжірибенің барлық түрлері бойынша құжаттардың болуы туралы жаднама

1.  Іс- тәжірибенің негізгі ережелері типтік бағдарламалар.

2.  Студенттердің педагогикалық іс- тәжірибесін жоспарлау тәртібі туралы ереже (2017-2018 оқу жылы )

3.  Кафедрада іс- тәжірибе бойынша студенттерге арналған бағдарлама мен іс-тәжірибенің барлық түрлері бойынша тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулардың болуы (іс- тәжірибе бағдарламасын бөлек). Бағдарламаны  факультет деканы бекітеді. Іс- тәжірибе базаларымен келісім- шарттардың түзілуі 2 дана және оған сәйкес бағдарламаның болуы (әр оқу жылына тиісті)

4.  Іс- тәжірибе бойынша студенттердің есептері мен күнделіктері (сақтау 2 жыл). Студенттердің есеп беруін қабылдағаны туралы хаттамалар (кафедрадан жетекші және базадан жетекші қолдары).

5.  Қондырғы (установка) және қорытынды конференцияның хаттамалары

6.  Студенттердің іс- тәжірибеден өткен қорытындыларын талқылаған кафедраның хаттамасы. (іс- тәжірибені толық сараптама жасап, студенттің қатысуы, үлгерімі (бағасы), келмеген студенттерге қолданған шаралар, ұсыныстар).

7.  Іс- тәжірибе жұмыстары бойынша ғылыми мектеп және кафедраның жоспары.

8.  Іс- шаралар жоспары.

Қоғамды ақпараттандырудың қазіргі заманғы жағдайында және жаңа технологияларды дамытуда білім беру жүйесі жоғары білікті мамандар даярлауды қамтамасыз етуде. Бұл мәселені шешуде мұғалімдердің маңызды рөлі: білімді, тәрбиелі  түлектерді дайындау. Осыған байланысты, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру педагог кадрлар даярлау жүйесінің басымдықтарының бірі болып табылады.

Болашақ мұғалімдерді оқыту жүйесінде педагогикалық іс-тәжірибе теориялық білімдер мен іс-тәжірибені ұштастыруға мүмкіндік беретін кәсіби дамудың негізгі нысандарының бірі болып табылады.

К.Д. Ушинский былай деп жазған: «Оқу әдісін кітаптан немесе мұғалімнің көмегімен оқып білуге болады, бірақ бұл әдісті іс-жүзінде тек ұзақ және ұзақ мерзімді тәжірибе арқылы игеруге болады» [1. 15 б].

Кәсіби шеберлікті арттыру үшін тек теория жүзіндегі оқыту жеткіліксіз. Болашақ мұғалімнің педагогикалық қызметті меңгеруі және оған дайындығы теорияның және іс-тәжірибенің  өзара ықпалдасуымен және өзара келісуімен мүмкін болады.

Педагогикалық іс-тәжірибеден өту кезінде студент өзінің кәсіби мамандығымен іс-жүзінде танысып болашақ мамандығы бойынша жұмыс жасауға өзінің қаншалықты дайын екенін анықтай алады.

Белсенді және ұзақ мерзімді тәжірибе барысында білім берудің қолжетімді және қажетті қоры арасындағы қайшылықтар айқындалады, бұл білім беруді жалғастырудың ынталандырушы факторы болып табылады.

Іс жүзінде, студенттердің оқу-әдістемелік қызметі мағыналы нақты материал негізінде жақсарды, білім мен тиімді дамуы тек тірі тәжірибе және бақылау аясында мүмкін. Іс-тәжірибе шынымен ойлар мұғалімнің пәндік құралы және өзін-өзі педагогикалық қызметпен, және педагогикалық шешімдерді шешім қабылдау процестеріне әдістері кезде, әдістемелік рефлексия табиғи педагогикалық процесінде қалыптастыру көмектеседі. өз қызметін талдау оның жұмысына туындайтын проблемалардың хабардар стажер, және сауатты оларды жеңу жолдарын табуға көмектеседі.

Педагогикалық іс-тәжірибенің негізгі мақсаты - оқыту процесінде студенттердің алған білімдерін нығайту және тереңдету, алған мамандығы бойынша болашақта жұмыс жасауына игемділіктерін, дағдыларын арттыру.

Болашақ мұғалімнің педагогикалық тәжірибесін ұйымдастыру тәсілдері бір мәнді емес. Дәстүр бойынша мектептегі тәжірибе студенттің теориялық дайындығы мен мектептегі болашақ жұмысының арасындағы байланыс. ЖОО студенттерді педагогикалық іс-тәжірибеге мұғалім-педагог ретінде іс-тәжірибеге дайындауға, оған кәсіби дағдылар мен дағдылар кешендерін, пәннің мұғалімінің оқу-тәрбие жұмысының негізгі түрлерін, шығармашылық жұмыстарын  көріп, үйренуі үшін жібереді[2. 56 б].

Педагогикалық іс-тәжірибе  кезінде болашақ мұғалімнің оқушы мұқтажын сезінуі, қарым-қатынас психологиясын меңгеруі, әр оқушымен жеке дара жұмыс тәжірибесінің дамуы, ата-анамен байланысының күшеюі, оқушылардың өзін-өзі басқаруына жағдай жасай білуі, еңбекке қатынасын, үлкенді сыйлау, т.б. мінез-құлықтарының қалыптасуына ықпал ету әдістерін меңгеруі жүзеге асады. Осы бастама кейін тәжірибеде, мұғалімдік қызмет   барысыңда   өз   жалғасын   табады.

Болашақ мамандардың тұлға ретінде қалыптасуында педагогикалық іс-тәжірибенің мәнін қөтерудің бірнеше себебі бар: біріншіден, жоғары оқу орны қабырғасында өткізілген теориялық дайындықтар нәтижесі педагогикалық іс-тәжірибе кезінде қолданылады да, оның жетістігі мен кемшілігі айқын көзге түседі. Екіншіден, педагогикалық іс-тәжірибе кезінде студенттер оқушылармен тікелей қарым-қатынасқа түсу арқылы оның жеке дара ерекшеліктері мен қабілеттерін айқындайды, олардың мінез-құлықтарындағы кейбір кемшіліктерді түзетуге ұмтылады. Үшіншіден, педагогикалық іс-тәжірибе  кезінде студенттердің өзіндік «менінің» мәні арта түседі. «Мен білемін», «үйренемін», «үйретемін», «тәрбиелеймін», «қарым-қатынас жасай аламын» деген сияқты сенімі нығаяды. Оқушыларды тәрбиелеуге көңіл бөле отырып студент өзін-өзі тәрбиелеумен айналысады, қиындықты жеңуге, сол сәтте кездескен мәселелердің шешімін табуға үйренеді, педагогикалық ойлауы дамиды[3. 34 б].

Салыстырмалы түрде талдауға ХХ ғасырдың 70-90-шы жылдары мұғалімдерді дайындау университетің алдым.

 ХХ ғасырдың 70-90-шы жылдары мұғалімдерді дайындау университетінің тәжірибесінде студенттерді 2-3-курстарында (түрлі жастағы балалармен, жастармен және ата-аналар қауымдастығымен) әлеуметтік-педагогикалық тәжірибеге ; 3-ші курстарында педагогикалық тәжірибеге (жазғы пионер лагерлерінде, мектептен тыс мекемелерде және кәсіподақтарда); 4-5 курс бойынша оқу-тәрбие тәжірибесіне (жалпы білім беру мекемелерінде пән мұғалімі және сынып мұғалімі ретінде жұмыс атқарған) жіберілген.

Педагогикалық іс-тәжірибеге педагог жасақтары жауапты болған . Педагогикалық жасақ әлеуметтік және педагогикалық практиканы ұйымдастырушылары ретінде тіркеліп  «тәжірибе алмасу, өзара қолдау, іс-тәжірибе мүшелерінің арнаулы жұмысы үшін ең қолайлы жағдайларды» ұсынған.

Педагог жасақтар «болашақ мұғалімдердің педагогикалық қабілеттерін дамытты, кәсіби педагогикалық бағдар көрсетіп, болашақ педагогтардың әлеуметтік қызметіне, оның педагогикалық дағдыларына  үйретті»[4. 78 б].

Көптеген білім беру мекемелері өздерінің педагогикалық тәжірибелерін алғашқы оқу курстарынан бастап бастады. Екінші семестрде Мұғалімдерді дайындау  педагогикалық институтында (ХХ ғасырдың 80-90 жылдарында) бірінші курс студенттері мектепке аптасына 4-6 сағат, оқу орындарында тоғыз апта іс-тәжірибе өткізді. Бұл практика барысында студенттер оқу орнының жұмыс жүйесімен, мектеп ұйымының қызметі, мектеп құжаттарымен және сынып мұғалімі мен пән мұғалімінің жұмыс ерекшеліктерімен танысты[5. 47 б].

Педагогикалық практиканың нәтижелерін бағалаудың негізгі критерийлері мыналар болды:

а) студенттердің теориялық тұрғыдан практикалық жұмысының деңгейі (оның мақсаттары, міндеттері, мазмұны, әдістері және жұмыс түрлері);

ә) кәсіби педагогикалық дағдыны қалыптастыру дәрежесі;

б) студенттердің кәсіби бағдарлау деңгейі, олардың әлеуметтік қызметі (тәжірибеде қызығушылық, балаларға деген сүйіспеншілік, жұмысқа жауапты және шығармашылық қатынас)[6. 54 б].

Негізгі қозғалатын мәселе:

Соңғы жылдары жоғары оқу орындарында да, жалпы білім беру мекемелерінде де педагогикалық тәжірибеге деген көзқарас өзгере бастады.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, матмематика және ақпараттық технологиялар факультетінің 3-4 курс студенттерінің арасында іс-тәжірибе жайлы сауалнама жүргізілді.

Сауалнама келесі мәселелерді аңықтады:

1) студенттердің көпшілігі (86%) іс-тәжірибенің кәсіби дамудың маңызды, қажетті кезеңі ретінде түсінеді, бірақ жауап берушілердің (32% -ы) «дайын емес» немесе «тек психологиялық дайындыққа» ие болды;

2) мектепте іс-тәжірибе өтушілермен тек пән мұғалімдері (мамаңдығы бойынша) жұмыс жасайды( 95%-ң жауабы) мектеп ұжымымен тығыз жұмыс атқармағандықтан мектепке үйренісе алмайды;

3) студенттер іс-тәжірибені ұйымдастырудағы мәселелерді байқамайды, оның (14% -ы) мектепте жұмыс істеу үшін жеткілікті кәсіби деңгейге ие деп санайды, (55%-ы) «белсенді» практикаға дейін кәсіби тестілеуге мұқтаж емес деп санайды;

4) студенттердің  (45%-ы) тәжірибелі ұстаздардың шеберлік сабақтарына іс-тәжірибеге дейін қатысқысы келеді, ал (41% -ы) іс-тәжірибеден кейін (өздерін бағалау, қорытындылау мақсатында) қатысқысы келеді.

Қалған студенттердің (14%-ы) мұндай шеберлік сабақтарына қатысқысы келмейді.

Сауалнаманың қуантарлық оң нәтижесі - студенттердің жартысына жуығы болашақта мектепте жұмыс істейтіндерін, ал (9%-ы) мұғалім мамаңдығын дәл таңдагандарына сенімде.

Қазіргі заманғы мұғалім оқытуда іс-тәжірибенің рөлін арттыру үшін, әрине, бірқатар мәселелерді шешу қажет:

- оқу орындарының базаларында студенттердің іс-тәжірибе және өздік жұмысы үшін сағат санын көбейту;

- «Білім мамаңдығы» бойынша студенттерді дайындау бағытында негізгі білім беру бағдарламасының инновациялық құрылымы мен мазмұнын әзірлеу;

- құрылымын, нысандарын, әдістерін және оқыту бағытының  педагогикалық мазмұнын жетілдіру;

- базалық білім беру мекемелерімен байланыс орнату туралы келісімдер жасасу;

Қорыта келгенде, педагогикалық тәжірибе болашақ мұғалімдердің кәсіби дамуында маңызды рөл атқарады. Тәжірибе барысында студенттердің теориялық білімі тереңдетіліп, кеңейтіліп, күшейтіледі, олардың педагогикалық дағдылары, кәсіби және жеке қасиеттері қалыптасады, педагогикалық ойлау, шығармашылық белсенділік және тәуелсіздік қасиеті дамиды. Мұғалімдер мен студенттерге тәуелсіз педагогикалық қызмет үшін болашақ мұғалімдерді даярлауды жетілдірудегі педагогикалық іс-тәжірибенің мүмкіндіктерін барынша арттыру міндеті тұр.

Педагогикалық іс-тәжірибені ұйымдастыру кезінде негізгі талаптың бірі – тәжірибе өту мекемелерін таңдап алу. Біздің тәжірибе өтетін мектептер: Қарағанды қаласындағы №39  М. Жұмабаев атындағы  мектеп гимназиясы және №66 жалпы білім беретін мектеп. Бұл мектептерде іс-тәжірибені нәтижелі, тиімді, педагогикалық ғылымының соңғы жетістіктерімен үйрететін білікті, маман ұстаздар бар.

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.     Берікханова А.Е. Педагогикалық мамандыққа кіріспе. Оқу құралы: Алматы, 2009ж.-15 б.

2.     Жексенбаева У.Б. Компетентностно ориентированное образование в современной школе: учебно-методическое пособие - Алматы, 2009ж.-56б.

3.     Абдыкаримов Б.А., Мамерханова Ж.М., Соколова М.Г. Педагогика профессионального обучения.– Қарағанды, 2007ж.–34 б.

4.     Мамантова Т.С.  История математики в подготовке учителя: учебно метадическое пособие 2014ж.-78 б.

5.     Чешуина Т.Г. Производственная практика как фактор формирования профессиональной компетентности студентов педвуза. Томск,2006ж.-47б.

6.     Шахмарова Р.Р. Методичская подготовка будущего учителя математики на основе фундирования опыта студентов в процессе педагогической практики: Омск, 2003ж.-54 б.