“Педагогические науки”
Тазабекова
А.С. - п.ғ.м., аға оқытушы,
Орашбек
С. – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
мамандығының 4 курс студенті
Абай
атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық
университеті, Қазақстан
Бастауыш сынып математика сабағында оқушыларының
танымдық іс-әрекетін қалыптастыру
Қазақстан
Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев: «Болашақта
өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін
заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған
елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім»
екенін айта келіп, ол үшін «Бізге экономикалық және
қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы
заманғы білім беру жүйесі қажет»,- деп білім беру
жүйесін жетілдіру мәселесін алға қойды [1].
Білім
беру жүйесінің мазмұны қоғамдық
ағымдағы және болашақ қажеттіліктерді ескеріп
және адам танымының ерекшеліктерін бейнелеп, әлеуметтік даму
ағымын есепке алудың негізінде қоғамда
қабылданған білім берудің даму тұжырымдамасына
сәйкес келуі тиіс [2].
Жаңа
буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар
бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір
мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл
шығармашылық ізденісін, оқушылардың іс-әрекет мен
қызығушылығын арттыруды талап етеді [3].
Бiлiм
беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк –
экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны
әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң
қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi
мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа
қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы
деп аталады.
Таным теориясының
басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол
бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы
ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Танымдық әрекет – шәкiрттiң бiлiмге деген өте
белсендi ақыл – ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен,
мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң
негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен
iзденiмпаздық қалыптасады. Бұл теорияда ақыл – ой
тәрбиесiне көп көңiл бөлiндi, әсiресе
шәкiрттiң өз ой тұжырымын дамытуға ерекше
мән берiлдi. Сократтың
өзi оқыту барысында шәкiрттердiң танымдық
белсендiлiгi мен iзденiмпаздығын арнайы басқарудың
маңыздылығын атап көрсеткен. Ол шәкiрттердiң
танымдық iзденiмпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдiсiн
– эвристикалық әңгiмелесудi алғашқылардың
бiрi болып қолданды. Сократ бiлiмдi жай ғана бере салмай,
шәкiрттерiне сұрақ қоя отырып, олардың ойлау
қабiлетiн, қызығушылығын арттырып, өз ой
тұжырымдарын жасай бiлуге үйретедi.
Таным
қабілетін дамыту туралы кеңестік педагог-ғалымдардың
(Н. Дайри, М. И. Махмутов, Л. В. Занков, М. Н. Скаткин, И. А. Лернер, А. И.
Пискунов т.б.) тұжырымдары мен пікірлері бар [4]. Олардың идеяларының мәні
мынадай:
1) танымдық
қабілеттің дамуы — бұл
мұғалімдердің барлық пәндер бойынша оқыту
процесіндегі мақсаттылық іс-әрекеттері;
2) оқушыларға
білім беру және объективтік шындықты тану мәселелері
жайындағы оқулықтың рөлі;
3) оқытудың
әдістері мен формаларын жетілдіру;
4) мұғалімнің
теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі,
білімдарлығы - оқушылардың таным
іс-әрекетін дамытудың шешуші құралдары болып табылады.
Н.Ф.Талызина: «Формирование познавательной деятельности
младших школьников» атты еңбегінде екі тәжірибелі
мұғалім бала жауабын екі түрлі бағалауы мүмкін
деп көрсеткен [5]. Оған мысал ретінде Мәскеу
бастауыш мектептерінің бірінде математика сабағында жүргізген
тәжірибесінде оқушы үшбұрыштың перпендикуляр
қабырғалары тең болатынын теория жүзінде айтып бергенде
мұғалім жауапты беске бағалайды. Бірақ оқушыдан
үшбұрышты сызып, бұрыштарын латын алфавитімен белгілеп,
дәлелдеп беруін сұрағанда тапсырманы орындай алмайды.
Бұдан шығатын қорытынды оқушы
теорияны түсінбей жаттанды түрде оқыған,
сондықтан балада білімнің ешқандай негізі
қаланбаған. Ол үшін берілетін білім танымдық іс-әрекет
процесі негізінде жүзеге асуы керек.
Оқыту процесі адамның іс-әрекеті мен шындық
танымдық әрекеттерінің бірлігі арқылы орындалады. Ал,
танымдық әрекеттердің әр түрінің
өзіндік ерекшелігі, маңызы мен орны бар. Танымдық
іс-әрекет, арнайы ұйымдастырылған мектептік оқытуда,
жалпы кез-келген оқытуда құрылады да, күрделі
психологиялық білім бола отырып, оқыту үрдісінің
өзімен қоса өрбіп отырады.
Математика
пәні бастауыш сынып оқушыларының танымдық
іс-әрекетін анықтайтын құрал болып табылады.
Ол білім, іскерлік дағдыны меңгеру және
практикалық қолдану барысында жүзеге асады. Ол үшін мынадай
міндеттер шешілуі керек:
Ø оқыту
үрдісінің ойлау деңгейі оның құрылымын
анықтап алу, құрылымына оқыту үрдісінің
қатарлары, танымдық іс-әрекеттің кезеңдері
кіреді;
Ø таным міндеттерін жете
білу;
Ø жаңа
тақырыпты қабылдау,ұғыну;
Ø жаңа оқу
тақырыптарын түсініп, жинақтау;
Ø білімді, іскерлікті
және дағдыны бекіту және жетілдіру;
Ø білімді, іскерлікті,
дағдыны тәжірибеде қолдана білу;
Ø оқушылардың
жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін, дағдысын тексеру және
бағалау.
Математика
сабақтарындағы танымдық іс-әрекетті
қалыптастыруға ықпал ететін жағдайларды үш
топқа бөлуге болады. Бірінші топ оқу материалының
мазмұнымен тығыз байланысты. Оған мазмұнның
жаңалығы, меңгерілген білімдерді жаңарту, хабарланатын
материалға деген тарихи тәсіл жатады. Екінші топ – оқыту
үдерісін ұйымдастыру. Мұнда өзіндік
жұмыстың түрлі нысандарын, проблемалық оқытуды,
зерделенетін материалға ізденушілік тәсіл, шығармашылық
жұмыстарды жатқызуға болады. Үшінші топ оқушылар
мен мұғалімдер арасында қалыптасатын
қарым-қатынастармен анықталады, мұнда
оқушылардың қабілеттері, мұғалімнің
өз пәніне деген қызығушылығы, оның
оқушыларға үнемі көмекке дайын тұруы,
олардың күші мен мүмкіндіктеріне деген сенімін
жатқызады.
1. «Қазақстан
- 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты» /Қазақстан Республикасы Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы
Қазақстан халқына Жолдауы.
2. Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы.
3. ҚР Білім және ғылымды дамытудың басым
бағыттарын жүзеге асыру бойынша 2014-2016 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспары (ҚР БҒМ 2014 жылдың 13
қаңтарындағы №9 бұйрығымен бекітілген).
4. Қоянбаев Ж.Б.,
Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 1998.
5. Талызина Н.Ф.
Формирование познавательной деятельности младших школьников. М.: Просвещение, 1988.
.