Педагогические науки/3.Методические основы воспитательного про­цесса

 

Карсыбаева А.М., Қорғанбекова Г.К.,

ОҚМПУ, Шымкент, Қазақстан.

 

Оқушыларды қазақ халық музыкасы арқылы тәрбиелеу.

 

 

Қазіргі заман талабынан туындайтын басты мәселелердің бірі жас ұрпақты жаңа қоғам мүддесіне лайықты жан жақты дамыған парасатты адамзат ретінде қалыптастыру, оның бойында ұлттық психология, ұлттық сананы орнықтыру, әлеуметтік ортадағы, өзін қоршаған дүниедегі табиғат, адам өміріндегі, әдебиет пен өнердегі тұрмыстағы, салт-дәстүрдегі сұлулықты, әсем көріністерді сезіне, түсіне білуге тәрбиелеу. Олай болса, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін, әдет ғұрпын, әдеби, мәдени бай қазынасын баланың зердесіне орнықтырып, парасатты, музыкалық-эстетикалық талғамы жоғары азамат тәрбиелеп өсіру баршаның міндеті.

Бүгінде қоғамның жаңару дәуірінде музыкалық-эстетикалық тәрбиеге ерекше мән беріліп отыр. Музыкалық-эстетикалық тәрбиеге өмір құбылыстарын терең қабылдауға, сенсорлық әрекетін дұрыс дамытуға, білімге құштарлығын арттыруға ықпал етеді, байқағыштығы мен әсерленгіштігін тереңдетеді. Музыкалық-эстетикалық жүйенің дамуына классиктер И.Кант пен Г.В.Гегель, ұлы ойшыл Я.А.Коменский, демократ-педагог И.Г.Песталоцци, ағартушы педагог Жан-Жак Руссо т.б. мол қосқаны белгілі.

Жас жеткіншектерге рухани тәрбие беру жүйесін зерттеген ғылымдардың ғылыми еңбектерін талдай келе, эстетикалық тәрбие туралы әр ғалымның өзіндік пікірі бар екеніне көзіміз жетті. Мәселен, «Музыкалық-эстетикалық тәрбе болыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті қабылдау және эстеткалық түсінікті, сезім мен талғамды тәрбиелейтін, өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін жетілдіруге арналған шаралар жүйесі», - деп түсіндірсе, ғылыми еңбектерін эстетикалық тәрбие теорисына арналған ізденуші Л.Г.Арчажникова «Эстетикалық тәрбие-сұлулық және эстетикалық және эстетикалық даму заңдылықтарына сай, сұлулық пен әсемдікті бағалай алу қабілетін жетілдіруге бағытталған мақсатты жүйе», - деп анықтама береді [1].

Ұлттық мәдениет пен жеке тұлғаның рухани және жан-жақты дамуындағы ауыз әдебиетінің әсері мен оқу, білімнің маңызы туралы Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов сынды халқымыздың ағартушы-қайраткерлері құнды пікірлер айтқан.

Музыкалық педагогикада балалар фольклорының тәлімдік мәніне көңіл бөлген, атап айтқанда оның ғылыми теориялық және әдістемелік мәселелерін: Б.В.Асафьев, Б.В.Яворский, О.А.Апраксина, Д.Б.Кабалевский, А.Қ.Жұбанов, М.Х.Балтабаев, Ш.Б.Құлманова т.б. қарастырған.

Музыкалық-эстетикалық тәрбиені дамытуда қазақ халқының музыкалық-шығармашылық өнері маңызды орын алып отыр. Оның балалар үшін өнегелік-әсемдік мәні бар, себебі музыка олардың әсерлі сезімдерін оятып, көтеріңкі көңіл тәрбиелеп, рухани өрлеуге жетелейді. Музыкалық шығармаларды тыңдау негізінде балалардың есту қабәлеті дамиды. Бұл орайда ғалым М.Х.Балтабаев өз еңбектерінде қазақтың халықтық музыкалық шығармашылығы жас жеткіншектерге көркем-эстетикалық тәрбие беру, құралы ретінде қарастырылып, оның мәні мен орны белгіленген, өзіндік ерекшелігі анықталған [2].

Мектептегі музыкалық тәрбие мен оқытуда халық әні шығармашылығының ерекше маңызды екенінін және оның жалпы білім беретін мектептегі музыкалық мәдениетті қалыптастыруда бірінші орында екенін назарға ала отырып, академик Б.В.Асафьев мектептегі музыкалық білім беруде халық фольклорын кеңірек қолданудың өте қажет екенін түсіндіреді.

Ал, А.Сейдімбектің күй өнеріне арналған еңбегінде күйдің шығу тарихы, жанрлары қарастырылып, халқымыздың жоғары эстетикалық сезімі, талғамы көзқарасы, дүниетанымы эстетикалық психологоиялық тұрғыдан ашылған. Ұлттық тәрбие мен мәдениетті негізге ала отырып, жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру жөніндегі мәселе ғалым С.А.Ұзақбаеваның еңбегінде зерделенген. Жас ұрпаққа эстетикалы тәрбие берудегі халық педагогикасының ролі ескеріле отырып, оның әдіснамалық және функционалдық мәні жүйеленген.

Музыкалық-эстетикалық қабылдау-адамның қоршаған ортаға, табиғатқа, еңбекке деген адамгершілік сапалары мен эстетикалық көзқарасының қалыптасуына негіз болатын сезімдік-эмоционалдық және интеллектуалдық қабілет. Ол мақсаттылығымен ерекшелене отырып, рухани түсінік пен эстетикалық таным әрекеттері бар жерде толық жүзеге асады.

Баланың таным процесі эстетикалық әсерленумен неғұрлым тығыз байланыста болса, оның қабылдауы соғұрлым тереңірек және нәтижесі құндырақ болады. Сондықтан музыкалық-рухани қабылдау жөніндегі жұмысты нақты белгіеп, талаптарды дұрыс анықтаған жөн. Бұл рухани тәрбие құралдары мен әдістемелік тұрғыдан дұрыс іріктеп, түрлендіре пайдалануға мүмкіндік береді.

Музыкалық шығарманы қабылдауда тыңдаушының көңіл-күйінің ахуалы аса маңызды. Ол үшін оқушы жасына, музыкалық тәжірибесіне лайық жоғары көркемдіктегі репертуар таңдаумен бірге соған сай әсерлі де орынды балалар фольклорын да сұрыптау бірқатар жүргізіледі. Алдын-ала, болмаса кейін фольклор материалдарын қолдану оқушы қызығушылығын күшейтіп, оның тыңдаушылық мақсаткерлігін белгілеп мақсаттандырады, сөйтіп музыкаға деген қажеттілікті туғызады.

Музыкалық-рухани талғам-деп қоршаған ортадағы көріністерге, заттарға әр түрлі жағдайларға олардың эстеткалық қасиеттері тұрғысында баға бере білу қабілеттерін айтамыз. Музыкалық-эстетикалық талғам көптеген ғалымдардың зерттеу еңбектерінде зерделенген. Мәселен, Берк Эдмунд музыкалық-эстетикалық талғамды адамның табиғи қабілеті ретінде қарастырып, оны үшке: сезім, ойлау және талдау қабілеті деп бөледі. Эстетикалық талғамды біржақты қарастырмай, талғам адамдардың қоғамда алатын орны мен жеке ерекшелігін білдіреді деп есептейді.

Балалардың эстетикалық талғамының дамып, қалыптасуында оқыту әрекетінің маңызы зор. Сабақта олар көркем әдебиет, ән-саз, бейнелеу туындыларымен танысады, әсемдік әлеміне саяхат жасайды, содан рахаттанып, түсіну, көру, сезу талғамы қалыптасады, бұл баланың болашақтағы рухани дүниесінің баюына негіз болады. Осы орайда оқушылардың музыкалық-рухани талғамын қалыптастыратын, олардың ертеңгі болашаққа деген арман сезімдерін бейнелейтін балалар фольклорын пайдаланудың маңызы зор.

Орындалған музыканың түсінікті болуы үшін, бейнелер ассоциациясының пайда болуы үшін логикалық пайымдауға, тыңдауға, музыка әлеміне енуге оқушыларды неғұрлым жақындату керек. Бұл міндетті шешуге нақты сыныптағы оқушылардың қабылдау мүмкіндіктерін және музыкалық дайындықтарын ескеріп құрылған мұғалімнің сөзі қызмет етеді.

Балалардың айналадағы қоғамдық өмірге, табиғат дүниесіне сезімталдық, танымдық көзқарасын қалыптастыру құралы-қазақ фольклоры. Көркем сөз шеберлерінің пайымдауынша, тума көркемдік қабілет кез-келген кісіде бар. Белгілі әдебиетші З.Қабдолов: «Олай болмаса кез-келген адам өнерді де, көркем әдебиетті де жан жүрегімен қабылдап сезіне, түсіне алмас еді»-деп түйіндеген [3].

Алайда айналадағы қоршаған өмірден тың тумалар іздеп табу, ерекше әсерлену, көз алдында болып жатқан құбылыстарды, табиғат өміріндегі сұлулықты сезіну, түсіну, қабылдау-тәрбие нәтижесінде ғана іске асырылып, аясы кеңіп, бала санасына орнығатыны хақ. Сол себептен де мектепке дейінгі педагогикада музыкалық-рухани тәрбие беру мәселесіне арнайы бөлім беріліп, әсемдік, сезімталдық әрекеттерді қалыптастырудың басты құралдарына ұлттық шығармашылық өнер туындылары, көркем әдебиет, музыка, сәулет, бейнелеу, мүсіндеу, қолданбалы өнер т.б. жатады делінген. Дегенмен осылардың ішінде арнасы, қолдану аясы кең түрі-қазақ фольклоры.

Фольклор-тарихи оқиғалар ізімен қиялдау, образдау тәсілі арқылы жасалған көркем сөз байлығының басты бір саласы, танымдық, тәрбиелік мәні зор мәдени мұра. Қазақ халқының мәдени және рухани байлығын игеруде фольклор жанрларының орны ерекше. Өйткені, жастарға дәстүрлі дүниетанымды түсінуге мүмкіндік беретін халық даналығының қайнар көзі.

Балалар фольклоры мектеп оқушыларының жас ерекшелігіне орай, олардың өзіндік қиял-армандарын, талап-талғамдары мен ой-пікірлерін, айналадағы құбылысты рухани тұрғыдан қабылдау, сезіну мүмкіндіктерін дамытатын халқымыздың ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасы. Балалар фольклоры бөбектердің қызыға да сүйсіне тыңдайтын, еліге де еліктей орындайтын, шығармашылық қасиеттерін арттыратын, логикалық ойлау қабілеті мен тілін дамытатын құнды жанр.

Сонымен, оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне сәйкес, оларға білім беретін, тәрбиелейтін және дамытатын мазмұндағы балалар фольклорлық шығармалары балалардың қоршаған орта туралы түсінігін, білімін арттырып, рухани адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық қабылдауы мен сезімін, музыкалық-эстетикалық талғамы мен көзқарасы және эстетикалық қызығушылығын жетілдіріп, үлкендер тарапынан қойылатын талап-тілектермен сабақтасып, ұштасып жатады.

Қазақ балалар фольклоры зерттеулеріне ғылыми тұрғыдан талдау жасап, оның осы күнге дейін арнайы сөз болмай келген өзіндік табиғатын тұтас құбылыс ретінде іштей саралаудың тұңғыш тәжірибесін жасаған Қ.Матыжанов. Ғалым ғылыми еңбегінде: «Ең алдымен балаларға арналған халық шығармалары – балалар психологиясын, көркемдік талғамын, шығармашылық мүмкіндіктерін танытатын асыл мұра. Ол өзінің бала қабілетіне лайықтылығымен, логикалық жүйелілігімен, тілінің нәрлілігімен, музыкалық сазымен, өнегелі мазмұнымен, ойындық жеңіл формасымен, балалардың рухани азығына айналған бағалы тәрбие құралы»,-деп фольклордың жас жеткіншектер тәрбиесіндегі құндылығын анық көрсетеді [4].

Балалар фольклорын сабақта қолдану балалардың ақыл ойы мен сезіміне әсер етіп, олардың шығармашылық қабілеттерін, белсенділігін дамытуға жәрдемдесіп, танымдық-тәрбиелік маңызға ие.Ұрпақтан ұрпаққа мирас болған оның таңдаулы үлгілері өскелең ұрпақты тәрбелеудің таптырмас құралына айналды. Ой мен музыкаға деген сезіміңді басқалардың санасына, жүрегіне жеткізуге сезгіштік, құдіреттілік қажет.

Қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиесіне мұра болып келе жатқан балалар фольклорын сабақтың тақырыбына лайықтап құрылған білім тәрбие үрдісінің негізінде балаларды халық қазынасын, музыканы қастерлеуге, ойлау, қабылдау, сезу, процестерін дамытуда бағытталады.

Музыка тәрбие құралдарының бірі бола отырып, мақалдар мен мәтелдер, ауызекі халық шығармашылығының басқа да жанрлары сияқты, халықтың сан ғасырлық даналығы балалар мен жастардың тәрбелеу тәжірибесін, қазақ халық педагогикасының аса маңызды идеяларын өз бойына жинақтап қорытқан.

Сонымен оқушылардың рухани-музыкалық тәрбиесінде қазақ фольклорын неғұрлым мақсатты және белсенді пайдалану үшін музыкалық шығарманың ерекшеліктеріне, балалардың музыкалық дайындық деңгейлері мен жас ерекшеліктеріне, жеке тұлғалардың даралылықтарына сай қазақ фольклор қоры оңтайлылық тұрғысынан таңдалып қолданылады. Әсіресе, сыныптағы оқушылардың нақты сабақтағы музыкалық дайындық ескеріп, ол әдістер мейлінше сараланған, дараланған бағытта қызмет ететін жағдайларды яғни балалар фольклорын саралап оқытуды ұйымдастырып отыруды қамтамасыз ету әруақытта есте сақталады [5].

Жас ұрпаққа азаматтық-эстетикалық, музыкалық тәрбие беру концепциясының жобасында қазақ мектептерінде ұлттық музыкалық аспаптарды   меңгерту, фольклорлық-этнографиялық балалар ансамблін көптеп құру, музыкаға баулу нақтылы түрде белгіленген. Бұл қадам жас жеткіншектерге идеялық-эстетикалық, көркемдік-азаматтық тәрбие берудегі, ұлттық өнердің маңызына ерекше мән бергендік болып табылады. Әрбір ұстаз алдында тұрған осы мақсатты іске асыруда, жас түлектерін бойындағы көркемдік талғам мен шығармашылық ізденіс дағдыларын дамытуда, талант пен дарын көзін дер кезінде ашуда оқушылардан құралған домбырашылар  тобы, музыка сабағында пайдаланылатын фольклорлық аспаптардың, күйлердің ролі ерекше. Мұнда оқушылар туған халқының ән-күйлерімен, аспаптарымен танысып, өзінің ұлттық музыкалық дәстүріне деген сүйіспеншілігі дамып қалыптасады. Жалпы өнерге деген ой-қабілеті, мәдениеті, түсінігі жүйеленеді.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.       Арчажникова Л.Г. Профессия учитель музыки.-М.,1986

2.       Балтабаев М.Х. Современная художественная культура Казахстана. -  Алматы, 1998.                                                                                                                          

3.           Қабдолов 3. Сөз өнері. - Алматы, 2002.

4.           Мурзалин С. Рухани байлық - қазына. - Алматы, 1988.

5.     Музыка әлемінде (журнал).- №2.- 2004