Р.Ж.Абтихалова
, Ғ.А.Бисенова
Қызылорда
көпсалалы гуманитарлық- экономикалық колледж
оқытушылары
АҒЫЛШЫН ТІЛІН
ОҚЫТуда ОҚУШЫЛАРДЫ АУЫЗША СӨЙЛЕУГЕ дағдыландыру
to train students to speak oral speech in learning english language
Қазақстан Республикасы жалпы
орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Шетел
тілін оқытудың басты мақсаты — оқушыларға шетел
тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту»
деп көрсетілген . Өйткені қазіргі нарық
жағдайында шетел тілін, оның ішінде ағылшын тілін
меңгеру, шетел тілінде сөйлей білу өмірдің өзекті
мəселесіне айналды. Сондықтан өсіп келе жатқан
ұрпаққа шетел тілін оқытуда əр түрлі əдістемелік
жаңа тəсілдерді түрлендіре, күрделендіре түсу
қажеттілігі туындап отыр.Ағылшын тілі
— əлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі,
тазалығы мен сөздік құрамының молдығы
жөнінен дамыған тілдердің бірі. Ауызша сөйлеу адам
арасындағы қарым- қатынасты атқарады. Ағылшын
тілінде сөйлеуді үйрету үшін қолданылатын оқыту
əдісінің мазмұны оқушының тілдік
қарым-қатынаста жинаған білімінің,
қалыптасқан дағдысының, игерген шеберлігінің
жиынтығына байланысты. Адамның
өмірінде сөйлеудің маңызы өте зор.Ол сөйлеу
арқылы өз ойын айтып жеткізеді және біреудің ойын
ұсынады. Ауызша сөйлеу адам арасындағы қарым – қатынасты
атқарады.
Біреудің дыбыстауынан құлағымызға жеткен
сөз ауызша сөйлеу деп аталады. Ауызша сөйлеуде кеңістік
және уақытқа байланысты біреу шектеулер болады. Әдетте,
әңгімелесушілер бірін – бірі көріп тұрады немесе
дауыс жететіндеу алшақтығы болуы мүмкін. Сөйлеуге
үйрету манолог және диалог түрінде
іске асырылады. Манолог және диалог түрінде сөйлеу іскерлігі,
біліктілігі қарым – қатынас әрекетінің,
ақпараттық, регулятивтік, әдептік және сезімдік –
бақылау сияқты атқаратын қызметіне байланысты
анықталады.
Монолог – оқушылар мәтіндердің мазмұны
туралы өз ойын, көз қарасын білдіру үшін жеке
тәжірибиелеріне және суреттер тізбектерімен тағы басқа
көрнекіліктеріне сүйене отырып, суреттеу, хабарлауды
қолданып, мәлімдемелер жасайды.
Диалог – оқушылар қысқа және толық
жауап беру түрлерін қолдана отырып, құттықтау,
шақыру, кешірім сұрау, бір нәрсе жайлы керек мәліметті
сұрап білу немесе айту, талқылаған деректерді анықтау,
оларға баға беруге дағдыланады. Диалогтық сөйлеу
әңгімелесушілерді өз ара қысқа сөз алмасуы,
түзілетін сөйлемнің құрылымы толық болмауы
мен ерекшеленеді. Оқушылардың ағылшынша сөйлеу
дағдысын қалыптастыру үшін сөйлеудің дұрыс
үлгісін көрсету керек. Оқушының сөйлеу
дағдысын қалыптастыру үшін: сөзді, сөз
тіркестерін дұрыс айтуға үйрету, мәтінді,
өлең сөздерді айтқанда дауыстың анық болуын
қадағалау, сұрақтарға жауап беру, дұрыс
сөйлеуге үйрету, сұрақ қоя білу мен
әңгіені бастау, жалғастыру, аяқтай білу қабілетін
қалыптастыру сияқты жұмыстар қатар өрбіп отырады.
Сондай ақ берілген мәтіннің мазмұнын айту мен
сөйлеу үлгілерін сауатты түрде құрастыра білуге,
диалог арқылы сұхбаттасу сияқты жұмыстар кеңінен
жүргізіледі. Мысал келтіре кетсек: әр сабақта
ұйымдастыру кезеңінде және жаңа тексті
қорытындылағанда оқушылармен диалог жүргізіп отырамын.
Оқушыларға
әртүрлі тақырып беріп, уақыт беріледі олар екеу ара
диалог құрастырады.Арасында сөз тіркестері, сөз
құрылымдары беріліп, сол бойынша диалог құрастыруда
беріледі. Кей сабақтарда текстен кейін сол текстің жаңа
сөздерімен диалог құрау беріледі.Оқушылардың
сөйлеу мәнеріне ,әрбір сөзді,сөз тіркесін
дұрыс айтуына көп көңіл бөлінеді.Олардың
сөздік қорлары күнделікті текст алған сайынсол
текстің жаңа сөздерімен толығып,көбейіп отырады. Диалогтық
сұрақтарда әр жаңа сабақтың жаңа
сөздерімен толығып отыруына көп көңіл
бөлемін.Осындай жұмыс кең түрде жүрген
тұста оқушының сөйлеу ерекшелігі күннен
күнге дамып, жан жақты артып отырады. Оқу біліктілігін
меңгерту мақсатында мәтінді оқу, көру
арқылы мазмұын түсіну мен мәтіннің мазмұнын
өз бетінше оқып түсіне білу, мәтін бойынша
талқылауға белсенді араласу сияқты жұмыстар
кеңінен қолданылады. Ал бұл сөйлеудегі оқушы
сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін: оқушы
меңгерген лексикалық материалдар бойынша талқылауға
қатысып, мәтін бойынша түсінгенін еркін жеткізе білуге
дағдыланады. Қойылған сұрақтарға тез
және нақты жауап беру және сурет бойынша әңгіме
құрастыру, әр түрлі жағдаяттарға байланысты
сұрақ қоя білу мен схема бойынша сөйлемдер
құрастырып айту жұмыстары басты рөл атқарады.
Оқу
біліктілігін меңгеру мақсатында ортадан жоғары деңгейде
жұмысты күрлендіре отырып, көптеген жұмыстарды іске
асыруға мүмкіндік туады. Көлемді мәтінді оқып
қана қоймай, көру арқылы мазмұнын түсініп
мәтіннің мазмұны бойынша түсінгенін айта білу. Сондай-
ақ өз бетімен әңгіме құрап, мәтінге
байланысты қанатты сөздерді, мақал мәтелдерді пайдалану
арқылы сөйлеуге дағдыландыру. Бұқаралық,
ақпараттық хабарларды оқып түсіну (газет, журнал
материалдары,теледидар хабары,бейне баян ) мен талқылауда белсенділік
танытып, біліктілікті жоғарылату жұмыстары басшылыққа
алынады.Оқу біліктілігін меңгерту мақсатында роман, поэма,
эссе, әңгіме оқыту арқылы жан жақты жұмыс
жүргізуге жол ашады.Сөйлеу дағдысын қалыптастыру
үшін, оқыған үзінділері бойынша негізгі кейіпкерлерге
сипаттама беру, роман, эсселердің тақырыбын, идеясын
талқылау, пікірсайыс, дебат барысында өз ойын әдеби тілде
еркін жеткізе білуге дағдыландыру басты мақсат болып
табылады.Ағылшын тілін орта мектепте оқытудың шарттарын
ескере отырып, оқушылардың мектепті бітіргеннен кейін де шетел
тілінде сөйлеп, оқып түсіне білу қабілеттерін
қалыптастыруға мектеп қабырғасында мән берілуі
тиіс.Одан кейін колледж қабырғасында жүрген кезде одан
әрі дамыта түседі. Оқушыларды шетел тілінде сөйлеуге
және кітап арқылы жұмыс жасауға баулу қажет.
Шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеруге
үйреткенде оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулып,
алған білімін, икемділік дағдыларын жаңа
жағдайларға тап болған кездерде шығармашылықпен
қолдана білуге машықтандыру көзделеді. Осы мақсатпен
анықтама әдебиетерді пайдалана білу, мәтін мазмұнын
өз бетімен түсінуге бейімделу және одан түйгенін
қысқаша етіп қағазға жазып алу, шағын
хабарлар дайындау және өз пікірін айтып, баға беру
сияқты әрекеттерге дағдыландырудың маңызы зор. Ауызша сөйлеуді дұрыс жолға қою
үшін ең әуелі оқушылардың шетел тілінен
сөз қорын дұрыс жинақтауына көңіл бөлу керек. Оқушылар әр сабақта
өтілетін жаңа сөздерді жазыпалып,жаттауы міндетті. Тіл үйренуші
мектептегі сабақта тілді қалай үйренудің, қалай
сөйлеудің жолдарын
үйрене, үйде, сабақтан тыс кезде көп оқыса білімі
сөйлеу дағдысы бай болары сөзсіз. Оқытушы шәкірті жақсы сөйлесін десе оқушылардың
екеуара
сөйлесуіне көп көңіл бөлгені жөн.Пәнді жақсы меңгеріп
келе жатқан оқушы мен үлгерімі
төмендеу оқушыны нашар үлгерімді
баланың айтқанын түзеп, көмектесіп отырады.
Қорыта айтар болсақ ауызекі сөйлеуді
қалыптастыру үшін оқушы әр сабақта жаңа
білім алып қоюмен шектелмей, өз бетінше ізденіп,талдап, пікір
таластыру деңгейіне жетіп,
даму біліктілігін жетілдіріп отыруы қажет.Ауызша сөйлеуге, яғни
шет тілінің әңгімелесу түрін түсінуге және
сөйлесуге үйрету үшін әрбір сабақта оқытушы
ағылшын тілінде сөйлеуге тиіс. Сонда ғана оқушы ауызекі
сөйлеу мақсатына жетіп өз ойын еркін жеткізе алады .
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қазақстан
Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты. — Астана: ҚР БжҒМ,
2.Бегазова М.Ж. Шетел
тілі сабағында білім алушылардың коммуникативті
құзыреттілігін қалыптастыру жолдары //Мектептегі шет тілі. —
2011. № 4.
3.Брекеева А.С. Жаңа
білім беру əдісі // Ағылшын тілін оқыту əдістемелігі. —
2014. № 1.
4. Қазақстан
мектептерінде ағылшын тілін үйрету журналы.-Алматы:
Білім, №1.2001.