Қайырбекова
Т.Қ., Ахметова Б.Б.
Академик Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан
Мектепке
дейінгі ұйымдарда жаңа технологияны қолданудың
ерекшелігі
Елбасымыздың халыққа Жолдауында
«Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін
үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі
мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн және
бұл сатыны олардың шығармашылық және
интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді
бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрбір
балалардың білім алуға, еңбекке және
қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ
осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек» - деп
айтылған [1].
Адам өмірінің маңызды кезеңдері
жүзеге асатын, адамдардың ең басты шаттығы - баланың
өсіп, өмір сүретін орыны. Қазіргі таңда алға
қойылып отырған маңызды мәселердің бірі - жан-жақты
дамыған өнегелі, рухани ізденісі мол жас ұрпақ
тәрбиелеу. Білім берудің алғашқы сатысы мектепке
дейінгі ұйымнан басталады. Мектепке дейінгі ұйым балаға жан-жақты
білімді, тәрбиені, ақыл-ойды дамытатын,
қызығушылығын оятатын баланың екінші жанұясы
десек артық айтпаған болар ек. Балаға тәрбие беруде
отбасымен балабақша тығыз байланыста болса ғана, жан-жақты
дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз. Мектепке дейінгі білім
беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектеп алды даярлық
топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл
әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды
пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде
инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып,
жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға
тәрбиелеу.
Қазіргі таңда білім беру үрдісі
өзгерді. Саналы білім беруде жаңа көзқарастар пайда
болып, біздің алдымызға жаңа міндеттер жүктеліп отыр. Осы
міндеттердің бірі - білім берудің әдіс- тәсілдерін
түрлендіріп, жетілдіріп отыру және жаңа инновациялық
білім технологиясын меңгеру.
Жаңа технология бойынша білімді үнемі
бүгінгі жас ұрпақ тәрбиеленушілерге меңгертіп
отырсақ, балалардың жаңаша көзқарас үрдісі
дамиды. Жас ұрпақ тәрбиесінің үлкен міндетін шешуге
мектепке дейінгі мекеме тәрбиесінің орны ерекше. Олар енді
ғана қалыптасып келе жатқан жас ұрпақтың
ақыл-ойының, сана-сезімінің дамуына, адамгершілік
қасиеттері мен эстетикалық талғамның қалыптасуына
жағдай жасайды. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу - мақсатты
қоғам талабынан туады. Өйткені, елімізге Отанын
сүйетін, білімді, моральдық бейнесі жоғары,
шығармашылық еңбекке бейім, рухани дүниесі бай,
жетілген адамдар қажет [2].
Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдар түрлі
технологиялармен жұмыс жүргізеді. Сол технологиялардың жан -
жақты тараған түрінің бірі «Тәй-тәй»
технологиясы және бұл технологияның негізін қалаушы Джорж
Сорос. Бұл теория баланың шығармашылығын және
интеллектуалдық қабілетін дамытады. Италия педагогы М.Мантессори:
«Баланың өсіп жетілуі үшін не қажет?»-деген
сұрақ қойып, оның қажеттілігі, өзіне
қызмет етуге, өзін-өзі дамытуға деген ұмтылыс
болып табылатынын өзі ашқан мектептерде дәлелдеп берген. Сондықтан
баланы өмірге тәрбиелеу, дайындау дамытушылық ортада жүзеге
асады. Дамытушылық орта дегеніміз - балалардың
қызығушылығын туғызып, балаларды оқыта отырып тәрбиелеу
жағдайы әрбір балаға өзінің жеке
қарқынмен дамуына мүмкіндік береді.
«Тәй-Тәй» технологиясы стандарты балаларға
бағдарланған педагогтардың оқу үрдісін
баланың даму деңгейіне, жеке бас қажеттіліктеріне,
қызығушылықтарына, сонымен қатар әртүрлі
түсініктер мен ұғымдарға сәйкестендіре
бағыттап, іске асыра алатын оқу мекемелерін
құруға әсерін тигізу мақсатымен
дайындалған. Оқу орындарына, педагогтарға арналған
стандарттар барлық балалар үшін сапалы білім алу жағдайын
қалыптастыруға бағытталған жеке тұлғалардың,
оқу орындарының, қоғамдастықтардың
күш салысуларын қажет етеді. «Тәй-Тәй» технологиясының
инклюзивті оқыту тұжырымдамасын сипаттай отырып, стандарт
барлық балалар мен олардың жанұяларының
технологияға қатысуларын қамтамасыз етеді, сонымен
қатар кейбір дамуында мүмкіндігі шектелген, ерекше
мұқтаждықты қажет етуші балалардың
қызығушылықтарына қажетті жағдайды тудырады.
Білімді ұрпақ келешек кепілі демекші, жаңа
технологияның тиімділігі
баланың жан-жақты құзіреттілігін дамытып,
жан-жақты біліммен қаруланған
ұрпақ тәрбиелейді. Мектепке дейінгі ұйымдарда
әрбір технологияның өзіндік ерекшелігі бар. Бала
толыққанды жетіліп, ата-анасымен байланыс күшейгенде, бала
бойында білімге әуестік, білімге құмарлық пайда болуы
тиіс. Білім беру үрдсіндегі алға қойылған басты
мақсат баланың білім беру мазмұнын толықтырып, жаңаша көзқараста, жаңа
технология бағытында жұмыс жүргізіп, баланың
өмірін жаңа ортада, жаңа бағытпен ұйымдастыру.
Бала құзіреттілігінің белсенді дамуы балабақшадан
бастау алады. Бұл бастаманың негізгі міндеті балаларды заман
талабына сай, қоғамды шынайы
қабылдай алуға дайындау. Болашақта балалар өз жолында
кездескен қиыншылықтарды жеңіп, өз бетімен шешім
қабылдаулары тиіс. Ендеше, баланың ойлау қабілетін
жан-жақты дамыту мен шығармашылық ізденіс дағдыларын өзімізде
үйренейік және үйреніп қана қоймай
үйретейік. Өйткені, оқыту технологиясы педагогикалық
үрдістің сапасын жетілдіруді, дамытуды талап етеді [3].
Мектепке дейінгі ұйымда «Тәй-тәй» технологиясымен
жұмыс істейтін топтардағы тәрбиешілер мәлімет беруші
емес, бағыттап, танымдық процесті жеңілдетуші. Ол
біліктілікті ынталандырып, оқуға деген жауапкершілікті сезінеді
және топтағы ортаның қауіпсіздігін жоспарлайды.
Тәрбиеші балаларды түрлі материалдармен қамтамасыз ете
отырып, қоршаған ортамен шектеусіз қарым-қатынас
жасауға қолайлы жағдай туғызады. Тәрбиеші
балаларға ашық сұрақтар қою арқылы
балалардың жаңа мәліметтерді игеруіне көмектеседі.
Ашық сұрақтарға бірнеше дұрыс жауап бере отырып, баланың
ойлау жүйесін түсінуге мүмкіндік тудырады.
Сұрақ-жауап ойлауды ғана емес, баланың тілін де
дамытады. Тәрбиеші балалармен бірге ойнайды, әңгімелеседі. Ол
балалардың білсем деген ынтасын бөлісіп, олар
ұйымдастырған заттың бәріне
қызығушылық танытады.
«Тәй-тәй» технологиясы арқылы ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінде балаға өз бетімен жұмыс
жасауға жағдай туғызады. Балалар да өздерінің
мүмкіндіктері мен қызығушылықтарына сай жұмыс
түрін таңдау арқылы жекешелендіруді жүзеге асырады.
Қызықты, әрі икемделген жұмыс түрлерін
(тапсырмаларды) жоспарлап, әр баланың қалай орындағанын
немесе ойнағанын бақылай отырып, тәрбиеші материалдар мен тапсырмаларды
ауыстыруы, не жеке балаға бейімдеп өзгертуі мүмкін. Әр
баламен жеке жұмыс жасау үшін топтық жұмыстарды
шағын топтарда өткізу тиімді. Осындай көзқараспен
оқыту баланың өз деңгейінде өсуі мен дамуына игі
әсер етеді [4].
Сонымен қатар, «Тәй-тәй» бағдарламасы ата-аналарды
балабақшаның тыныс-тіршілігіне тартудың ең бір тиімді
жолдарын ашып отыр. Аталған бағдарлама негізінде отбасымен
қарым-қатынас жасаудың төмендегідей түрлері іске
асырылады:
- отбасының топқа келуі;
- үйге бару;
- бірлескен саяхаттар;
- әкелерді балабақшаға тарту;
- қызықты отбасылық кештер;
- отбасылар арасында өзара достықты орнату т.с.с.
Қорытындылай келе, бүгінгі таңда
балабақша жалпыға міндетті үш қадам бойынша жұмыс
жүргізуде. Осы жылдан бастап «Тәй-Тәй» технологиясы енгізіліп,
ондағы орталықтар бойынша балалар зерттеу бағытында, еркін
ойнауға, өз ойын ашық білдіруге мүмкіндіктері бар.
Жалпы алғанда «Тәй-Тәй» бағдарламасы баланы
жан-жақты дамыту және ата-анамен тығыз байланыс орнату
секілді екі бағытта жұмыс жасайды. Ең негізгісі
ата-аналардың оқыту процесіне еркін қатысуларына жағдай
жасалуы қуанарлық жағдай.
Әдебиет:
1.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың жолдауы.- Астана, 2008.
2. Бөрібаев Б., Балапанов Е. «Жаңа
ақпараттық техналогиялар», - Алматы, 2001ж.
3.
Ахметұлы Қ., Баймолдаев Т. « Жаңа буын оқулықтары
арқылы жас ұрпаққа білім беру жолдары», - Алматы,
2003ж.
4.
Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика
нововедений в системе образования: научный фонд и перспективы развития. –
Алматы: Ғылым, 2001.