Көшекова А.А.
Ф.ғ.к.,
қауымд.проф.м.а.
ҚазМемҚызПУ
Қазақстан
Алматы
Оқушылардың танымдық
белсенділігін арттырудың мәні
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру проблемасын
терең теориялық мазмұнсыз, оқыту процесіндегі
дидактикалық белсенділік принціпінсіз, ҚР жалпы орта білім беруде
қазіргі концептуалдық жолдарды есепке алмастан шешу мүмкін
емес./1/
Оқушының танымдық белсенділігі педагогикалық
құбылыс ретінде әр оқушының белсенді
өмірлік позициясымен де тығыз байланысты. Оқушылардың
белсенді өмірлік позициясы олардың қоршаған ортада,
еңбекте адамға өмір сүру образының
қалыптасуына байланысты және ол әрекеттің түрлі
процесінде әсіресе рухани дамытатын оқыту процесінде
қалыптасады. /2;3;4/
Оқушының белсенді өмірлік позициясын
қалыптастырудың нақты жолы мен танымдық белсенділігіне
және тұлғаның әлеуметтік белсенділігі ретінде
танылатын фактор оқыту процесіндегі белсенділік принципі. /4;5;6;7/
Соңғы жылдары педагогикалық теория мен практикада оқту
процесінде белсенділік принципін іске асыру үшін көп жұмыс
жасалуда. Жаңа білім беру пирамидасы бойынша оқушылардың
танымдық белсенділігін арттыру мына жағдайларда іске асырылады;
-
Оқушы оқу процесінде және дамудың
белсенді субъектісіне айналады;
-
Оқу пәндерінің ғылыми
деңгейін жоғарылату үшін мектепте білім жаңа
мазмұны ойластырылып енгізіледі;
-
Жаңа ұрпақтың жалпы білім беретін
мектепте арналған оқулықтары оқушылардың ойлау
қабілетін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға
бағытталған. Бұл оқулықтарда
құбылысты факт жүзінде емес, оның мазмұнын
түсінетін деңгейде және ол оқушылардың
белсенділігін дамытуға бағытталған./8/
-
Жаңа педагогикалық және
ақпараттық психологияны оқыту процесінде қолдану
оқушылардың оқу процесіндегі формасы мен әдісін
күшейтуде белсендік танытуда. Дидактикалық ықпал етуде
түрлі психологиялық ықпалдар әсер етті.
-
Оқушылардың дидактикалық
жұмысында оқушының және жұмыс көлемі
көбейеді, оқушылардың таным процесіндегі белсенділігін
арттыруда және жұмыс мазмұны мен көлемі елеулі
өзгеріске ұшырайды.
-
Психо-шығармашылық мазмұнындағы
өзіндік жұмыс енгізіледі.
-
Оқытуда техникалық құралдар мен
ақпараттық технологияны енгізу.
-
Оқытуды жекелендіру, мұның астарында
оқушының оқу мүмкіндіктері есепке алынады.
-
Оқу процесіне
ұжымдық шығармашылық енгізу.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру проблемасы
Ресей дидактиктерінің өткен ғасырдың 70-80 жылдарынан
бері қызықтырып келеді. Оқытудың белсенділік принципін
іске асыруды оқымыстылар білім беру сапасының
жоғарылағанымен шығармашылықтың дамуымен
және жеке тұлғаның әлеуметтік белсенділігімен
байланыстырады.
“Танымдық белсенділік” категориясы “ойлау әркеті”,
“шығармашылық белсенділігі”, “танымдық өзінділігі”
категориялары мен астарласып жатады. “Танымдық белсенділік”
түсінігін жете түсіну үшін танымдық және ойлау
әрекеттерінің айырмашлылығын ашып алу керек.
Танымдық белсенділікті арттыру оқушылардың
белсенділігін қалыптасыру, білім беру процесінің күшейтілуі
үшін жүзеге асырылады. Зерттеушілер ішкі (ойлау) белсенділігі мен
сыртқы (моторлы) белсенділікті бір-бірімен ажырата білудің
маңыздылығын атап өтеді. Оқу процесіндегі екі
белсенділік түрінің де өзіндік орны бар. Алайда
оқушылардың танымдық
белсенділігін арттыру бірінші кезекте ойлау белсенділігімен байланысты,
сыртқы (моторлы) әрекет мұнда ішкі белсенділіктің
қалыптасуы оның дамуы үшін маңызды қызмет
атқарады.
Кейбір
зерттеулершілер белсенділікті атқарушы және
шығармашылық деп екіге бөледі. Белгілі психолог В.А.Крутецкий
белсенді және өзіндік ойлау туралы былай деп жазады, “белсенді
ойлау”, “өзіндік ойлау” және “шығармашылық ойлау”
“түсініктерінің ара - қатынасы” концептриналық айналым
ретінде белгілеуге болады.Бұл ойлаудың түрлі
деңгейлері, бұлардың әр қайсысының
бір-біріне қатысы бар.Оқушылардың белсенділігі
проблемасының танымдық белсенділік әрекетіне қатынасы
қазіргі педагогика оқулықтарында айтылған.
Қорытындысында, субъектілігі белсенді
жағдайға алып келу оның сыртқы орта мен
қарым-қатынасының нәтижесі. Танымдық
белсенділікке және индивидуалды қасиет тән. Белсенділік,
танымды қалыптастырушы фактор ретінде, адамның туа біткен
қасиеті емес – ол танымдық
әрекет процесінде туып, қалыптасып, танымға, ойлау
дәрежсесіне, оқушының және еркі қабілетіне байланысты
сипатталады, сонымен бірге белсенділік әрекет сапасына ықпал
етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1.
Назарбаев
Н.Ә. Қазақстан-2030: Барлық
Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,
қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел
Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алиматы:
Білім, 1997,176б.
2.
Қазақстан
Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы.
Астана, 2004ж.
3.
С.Назарбаева.
Өзіңді өзің танып - білу бұл да ғылым.
Егемен Қазақстан-2004ж.
4.
Н.Ф.Талызина.
Формирование позновательности младших школьников. Москва 1988, 97с.
5.
Т.И.Шамова.
Активизация учения школьников, Москва: Педагогика 1982, 208с.
6.
Дьяченко
В.К.Новая дидактика. М; Народная оброзавание,2000-197с.
7.
Куписевич
И.Основы общей дидактики. М; Педагогика, 1986-206с.
8.
Оконь
В.Введение в общую дидактику.М; Педагогика,1990-234с.