«Оқушылардың математикалық
сауаттылығын дамыту жолдары»
Хамитова М.И.
«үміткер жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Қазіргі ғылым мен техниканың
даму кезеңінде алдымыздағы шәкірттің жан-жақты,
білімді, ой өрісінің кең болып шығуына ықпал ететін
мұғалім екені түсінікті. Мектептегі оқу
процесінің негізгі мақсаты: арнайы педагогикалық
әдістермен мақсатты және жүйелі түрде
оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту, белсенділігін
қалыптастыру, адамның бойындағы туғаннан пайда болған
интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету,
оқушының табиғи қасиеттерін математикалық білім
деңгейін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде
ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына
негізін салу болып табылады.Оқушының математикаға ынтасын
дамытуда мұғалімнің негізгі мақсатының бірі.
Сабақтың
тиімділігін арттыру және оқушылардың математикалық
сауаттылығын дамыту жолдарының бірі – сабақ барысында
оқушылардың алған білімін баяндауға ынталылығын
арттыру керек деп ойлаймын.Оқушы назарын аударатын, ойына түрткі
болатын математика туралы қызығушылықты материалдар, әртүрлі
қызықты тартымды есептер,ойындар сабақ үстінде
өзінің орнын табу керек. Мұндай есептер
оқушылардың математикаға деген ынта-ықыласын арттырып,
есептерді өздігінен шешуге итермелейді, сонымен қатар логикалық
ой-өрісін дамытады. Қызғылықты есептер мен
математикалық ойындар әсіресе бесінші, алтыншы сыныптар үшін
пайдалы.
Математикалық
сауаттылық дегеніміз:
- математиканың әлемдегі рөлін
анықтау және түсіну;
- әртүрлі формада берілген сандық
ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру;
- дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар
айту;
- есептерді шығарудың тиімді
тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзітексеру, өмірмен байланыстыру
керек.
Оқушылардың математикалық сауаттылығын
арттыруда PISA есептерін қолданудың тиімділігі:
PISA зерттеуіндегі математикалық тапсырмалар нақты өмірлік
мәселелерге жақын, қоршаған өмірдің түрлі
аспектілерімен байланысты және өз шешімдері үшін математикалық
талдауды талап ететін, мектептің өмірі, қоғам,
оқушының жеке өмірі, кәсіби қызметі, спорт
және тағы басқалар туралы мәлімет ұсынады.
Математикалық сауаттылықты
қалыптастыру үшін:
- теорияны білу , оны логикамен ұштастыру
- есепті шығаруда тиімді жағын көруге
баулу
- математикалық сайыс сабақ, пән кеші,
апталықтарды математиканың даму тарихымен байланыстыру,
- ақпараттық оқыту технологиясынан
математика сабақтарында интерактивтік тақтаны қолдану.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдай тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару
тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына
кіреді, әдістің
жүзеге асуына көмектеседі.
Мысалы,
төменде есептер үлгілері көрсетілген:
1.
Лента: Ұзындығы 2/3 м лента бар. Осы лентадан ½ м
ұзындықтағы бөлігін кесіп алу керек. Өлшеу
құралынсыз қалай кесуге болады?
Шешімі: 2/3-1/2=1/6 ; 2/3:1/6=4.
Бар лентадан ½ м ұзындықтағы бөлігін ашу
үшін 1/6 м кесіп тастау керек. Ол бөлік бастапқы лентадан 4
есе кіші. Лентаны ортасынан бүктейміз. Алынған бөліктерді
тағы ортасынан бүктесек, лента 4 бөлікке бүктеледі. 1
бөлігін кесіп аламыз.
2.
Бошке толы май: Қоймада сыйымдылығы 10 л
және 17 л бөшкелерде 223 л май сақтаулы. Май
құйылған неше бөшке бар?
Шешімі: 10 саны соңы 0-мен аяқталатын сандарға ғана
бөлінетіндіктен 3санын 17-ге байланысты іздейміз.
9* 17+7*10 =223.
3.
Қанша дана: Оқушы 24 қалам мен дәптерді 1420 теңгеге сатып
алды. Қалам 30 теңге, ал дәптер80 теңге тұрады.
Әрқайсысынан қанша данадан алды?
Шешімі: Дәптер қаламнан 50 теңге
қымбат. Егер 24заттың әрқайсысын 30теңгеден алса,
онда 720теңге жұмсар еді. Демек артық төленген 1420-720
=700 теңге дәптерге төленген. Онда дәптер саны
700/50=14, ал қалам 10 екендігін аламыз.
Оқыту әдістерінің басты қызметі- оқыту,
ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Математика – барлық ғылымдардың
логикалық негізі, демек, математика – оқушының дұрыс ойлау
мәдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі және
әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға
көмек береді. Математика сабағында оқытудың әртүрлі
әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық
ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында
теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін
дамытуға болады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда,
математиканың негізін қалыптастыру, ұғындыру,
түсініктерін тереңдетуде бастауыш сынып мұғалімдерінің
математикалық білімдері терең болуы керек.
Оқушыларды ізденіске баулу
мақсатында Ж.А.Қараевтың «Деңгейлеп оқыту»
технологиясының элементтерін пайдаланып, әр оқушының
қабілетіне қарай жұмыс жүргіземін. Осы
жұмыстардың нәтижесінде жан-жақты дамыған,
өз пікірі бар жеке тұлғаны қалыптастыруды мақсат
етіп қоямын.
Қолданылған әдебиеттер
1.
Журнал
«Математика Қазақстан мектебінде» №6, 2013 ж.
2.
Журнал
«Творческая педагогика»№3, 2010 ж.
3.
Ж.А.Қараев
«Деңгейлеп оқыту технологиясы»