Базарбаева М.М.

«Әдебиеттану» мамандығының 2 курс докторанты

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., профессор Темірболат А.Б.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

bazarbayeva.meruyert@gmail.com

Билингв жазушылар шығармаларындағы көркем дискурсы

 

Көркем туындыны дүниеге әкелу – жазушы шығармаларындағы басты мақсат болып табылады. Кез келген әдеби туынды тілдік бірліктердің жүйелі сабақтастығымен, мәтінмен тиянақталады. Шығарманының тілдік семантикалық құрылымын анықтау үшін біз мәтінді ескеруіміз керек.

Мәтін дегеніміз – жалпы тақырып төңірегінде біріккен, сабақтастық пен тұтастықтан тұратын, түрлі деңгейдегі ақпаратты жеткізетін мағыналы сөйлемдердің тізбегі болып табылады. Мәтін сөзінің этимологиясына келетін болсақ, төмендегідей семантикалық құрылымдардан тұрады:

Қаламгердің туындысы, осы туындының ішкі элементтерінің өзара байланыстылығы және туындының сапасы, яғни ондағы шеберлік. Аталған үш семантикалық құрылымға сай оны үш пән – мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді. Мәтінтану қарастырылып отырған мәтіннің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтаса, герменевтика мәтінді түсіндірумен айналысады. Поэтика мәтіннің қалай түзілгенін, оның көркемдік бітімі мен композициясын зерттейді. Бұл аталған үш саланың зерттеу нысандары тұтаса келіп дискурсты талдауды жүзеге асырады. Эстетикалық нақтылық тұрғысынан шартты түрдегі бейнелі әлемді танытады. Бұл «бейнелі әлем» суреті әрбір көркем туындының басты ерекшелігі болып табылады.

Мәтін бейне мен бейнелілікті материалды тұрғыда ұстаушы, ол қашан оқылғанда ғана шығармаға айналады. Ал көркем шығарма болса өзін көркемдік тұтастыұта танытатыны белгілі. Әдеби көркем шығарма үнемі қозғалыс үстінде болатындықтан, біз оны оқимыз, санамен қабылдаймыз. Бәр ідеби шығарма басқа өнер туфндысының өмірге келуіне де ықпал етеді. біріншіден, әдеби шығарма әуелі өмірдің бейнесі болса, екіншіден, ақиқат өмірдегі нақты бір рухани зат болып табылады.

Филологиялық зерттеулер ХХ  ғасыр соңында мәтінмен қатар «дискурс» термин қолданыла бастады. «Дискурс» ұғымы тілдік қызметті, мәтінді, ой толғамды білдіретін көп сипатты термин.

 «Дискурс» термині көп мағыналы сөз. Дискурс теориясы антикалық риторикадан бастау алып, дербес сала ретінде ХХ ғ 60 жылдарында қалыптасты. Бұл терминді ғалымдар мынадай мағыналарда қолданады: Дискурс дегеніміз: 1) байланысқан мәтін; 2) мәтіннің айтылымдағы түрі; 3) диалог (сұхбат); 4) мағыналары жағынан өзара байланысқан сөздер тізбегі; 5) жазбаша немесе ауызша түрдегі сөйлеу шығармасы [1, 342].

Т.А.Ван Дейк тұжырымы бойынша, дискурс әлеуметтік-мәдени қарым-қатынастың маңызды бөлшегі, оған тән ерекшелік белгілер – мақсат пен стиль [2].

М.Л. Макаров дискурсты формальды, функционалды және ситуациялық интерпретация көзқарасы тұрғысынан түсіндіреді [3, 210].

Теоретиктердің көзқарасы бойынша, мәтін мен дискурс айырмасын талқылағанда «мәтін дискурстың ең кіші әрі негізгі бірлігі» дегенге көбірек тоқталады [4, 123].

Ресейлік ғалым Ю.С. Степанов: «...дискурсты жағдаяттық мәнмәтіннен ажырағысыз байланыста болатын мәтін деп түсіну керек: әлеуметтік, мәдени-тарихи, идеологиялық, психологиялық және т.б. факторлардың жиынтығында, адресатпен өзара қарым-қатынаста болатын автордың коммуникативтік-прагматикалық және когнитивтік ұстанымдар жүйесімен, түрлі деңгейдегі тілдік бірліктердің мәтінде берілуі кезінде ретке келтіруімен сипатталады» деп тұжырымдайды» [5, 38-39].

Француз философы, структуралист, семиотик Ц.В. Тодоров әдеби дискурс туралы: «В литературоведческих исследованиях правила, свойственные дискурсу, изучаются обычно в разделе «жанры» (иногда «стили» или «модусы» и т.п.)» [6, 368] деген ойды айтады. Сонымен қатар: «Каждый тип дискурса в свою очередь определяется набором правил, выполнения котрых он требует. Так, сонет это тип дискурса, характеризующийся дполнительными ограничениями, накладымаемыми на его метрику и рифмы» деген тұжырымына да назар аударған жөн  [6, 367].

Әдеби зерттеу еңбектерінде мәтін мен дискурсты ғылыми әдебиетте, бұл жіктеудің талас тудыратынына қарамастан, жазбаша (мәтін) және айтылым (дискурс) формасы түрінде жіктеген көзқарастар да баршылық. Лингвист ғалымдардың бірсыпырасы «дискурс» терминін оның этимологиялық мәніне қарай «әңгіме», «сұхбат», «дискуссия» мағынасында түсіндіруге ұмтылады. [7, 8].

В. Тюпа «Жанр и дискурс» атты зерттеуінде «дискурс» сөзінің екі түрлі мағынасын жанр туралы түсінікпен байланыстыра отырып, былай айқындайды:

«Дискурс 1 – это единичное (монотекстовое) коммуникативное событие, обладающее инвариантной жанровой структурой текстопорождения.

Дискурс 2 – это интертекстуальное коммуникативное простронство, как правило, разножанровое полевая структура, ограниченная регулятивными границами социокультурных практик [8, 40-41].

Н. Михайлов дискурс туралы зерттеушілер пікірін талқылай келе мынадай түйін жасайды: «Литературно-критический дискурс – это один из видовербально-когнитивной деятельности, именуемой литературой, и направленный на описание, классификацию, оценку и объяснение противоречивой природы ее произведений, именуемых литературными текстами, через изучение их функций, т.е. связей с реальностью, отражаемой в них, с языковыми кодами, использующимся в их производстве, с авторами, создавшими их, и читателями, для которых они предназначены» [7, 23].

Дискурс өзін түзеп шығаратын нақты мәтіннен тыс әрекет етсе де, түрлі мәтіндердің көмегі арқылы танылады. Мұндай жағдайда мәтінді «дискурсты тұтастық» және дискурстың материалды жүзеге асырылуы ретінде қарастыру дұрысырақ.

Сонымен, дискурс құрылымына жанрлық ерекшеліктен бастап, нарративтілік, яғни оқиған баяны, сол оқиғаға қатысушылар, оқиға өтетін мекеншақ, кейіпкерлерге берілетін мінездемелер кіруі заңды. Дискурсты талдау барысында мәтіннен шығармаға дейінгі аралықтағы барлық тілдік бейнелілік сипат қамтылады. Бұл жерде мәтін мәнмәтін шығарма байланысындағы негізгі желілер талқылаудың өзегіне айналады.

Қаламгер өз қиялындағы оқиғаны, көңіл-күйін мәтінге түсіргенде түрлі нұсқаларды туындатып, солардың ішінен таңдау жасайды.

Көркем шығарма әдебиеттану ғылымында мәтін деп қарастырылады. Бірақ, көркем мәтін бұл көркем шығарманың өзі емес. Тұсында Г.М. Мучник: «Көркем мәтін ол ауызша шығарманың коммуникативті бағыты, қабылдау үдерісі кезінде көрініс табатын эстетикалық құндылыққа ие дүние» [9, 98] – десе, В.В. Савельева:  «Көркем мәтін шығармашылықтың сырлы нәтижесі; талқылаудың және саралаудың нысаны; қаламгер мен оқырманның дүниеге деген өзіндік көзқарарасының нәтижесі; ол белгілі бір мәдениеттанудың феномены, лингвистикалық санаты; сублимацияның нәтижесі және невропатологияның куәлігінің айғағы; архетипиялық әлемі; психологиялық нақтылық» [10, 18].

XX ғасырдың жетпісінші жылдарына дейін лингвистика тарихы және құрылымдық тұрғыдан зерттеліп келген болатын. Лингвистика ғылымының жаңа зерттеу бағытының қалыптасуына қозғау салған күш тілді ой-санамен, таныммен, мәдениетпен, ұлттық құндылықтармен, жеке адамның (тілді қолданушының, сөйлеушінің) тұрмыс-тәжірибелік қызметімен тығыз байланыста қарастыру мәселесі деуге болады. Дискурстық талдау теориясы немесе дискурсология жаңа ғылым саласы ретінде тілді антропоөзектік парадигмаға сай зерделеуден туындады. Дискурсты арнайы зерттеуші ғалым К. Садирова: «Дискурс талдау теориясы пәнаралық сипаттағы ғылым саласы ретінде қалыптасты. Оның пәнаралық сипатта деп танылуының себебі дискурс коммуникациядағы ең маңызды, ажырамас агент болып саналатындығында, яғни дискурста мән, құндылық, бейне пікір, менталды және виртуалды білім тасымалданады. Сондықтан ол да лингвистиканың да, филолсофияның да, әлеметтанудың да, психологияның да, өзге де пәндердің зерттеу нысаны бола алады. Гуманитарлық және әлеуметтіксаясаттану ғылымдарында дискурс талдау теориясын түрлі методологиялық тұрғыдан зерттеп, белгілі дәрежеде аталған ғылым саласының қалыптасуына ат салысқан ғалымдар бар. Олар: Тойн А.Ван Дейк, Якоб Торфинг, В. Марианна Йоргенсен, Луйза Филлипс», деп көрсетеді [11, 160].

Дискурс негізінен коммуникативтік әрекет ретінде танылғандықтан, барлық көркем мәтіндерге де (көлемді де, шағын да) қатысты болып келеді және барлық жағдайда да адресат пен адресант факторы арасында лингвокогнитивтік-ментальдық құрылым болып есептелінеді. Басқаша айтсақ, дискурс коммуникативтік қатысым процесі ретінде анықталса, мәтін оның жемісі ретінде ұғынылады. Дискурсқа өзек болатын нәрсе ол, ең алдымен тілдік қауымға маңызды коммуникативтік жағдаяттар десе болады. Дискурстық формациялар құрамы әрдайым қандай да бір тарихи кезеңмен, сол дискурсты өндіруші мен қолданушының әлеуметтік, мәдени қажеттіліктерімен тығыз байланысты болып келеді немесе шарттасады. Дискурс проблемасын алғаш зерттегендердің бірі М.Фуко дискурсты авторлық ұстаныммен жан-жақты ұштастыра қарастырады. Бұл жерде автордың ұстанымын Фуко жалқы есім ерекшелігімен, «автор» қызметі мен оның ғылыми дискурстан көркем дискурсқа қарай ойысуын көрсетеді. Алайда көркем сөз қалай қабылдануы тиіс, оның мәдени мәртебесі қандай болуы керек деген мәселелерге Фуко тереңдей бермеген.

Шындық өмірдегі оқиғаның тура мазмұны көркем шығармаға сол күйінде көшіріліп қоймайды. Ол автор санасы арқылы жаңаша бейнеленіп, басқаша айтқанда, тілдік тұлғаның (автор) шығармашылық қиялы мен білімді оқырманның қабылдауы бірлескен шығармашылығынан туындаған, әрі күрделі ұйымдастырылған кешендік тұтастық [12, 187]. Көркем шығарма әлемінің құндылығы автор құрастырған тілдік бейне арқылы өз жандүниесінің шындығын дискурстық жүйе арқылы қалыптастыру. Ең жоғарғы дәрежедегі тілдік тұлға (мысалы, жазушы) жеке санасы негізінде өзіндік танымын оқырман немесе тыңдаушы санасында қайта жасайды. Қазақ мәтінінің құрылымын зерттеушілердің бірі Ж.Қойшығұлова да: «Дискурсты мәтін түзуші мәтін қабылдаушы үшеуінің тұтастығының негізінде қарастырған жөн» деп ескертеді. Мәтін түзуші мәтінді құрастырған кезде үнемі қабылдаушыны ойлап отырады. Ол қабылдаушыға мәтінді қалай жеткіізе алуды, барлық оқырман қауымға түсінікті етіп құрастыруыдң жолдарын қарастырады. Көркем мәтіннің таңдалған, арнайы қолданған тілдік құралдары арқылы автор әрбір оқырманды өзінің ішкі дүниесіне «үңілуіне», «өз тереңіне бойлауына», өзінің ішкі мүмкіндіктерін ашуға және оны санасына түюіне, оқырманның уэждік жүйесін вербалдық сипатта жаңғыртуға, сөйтіп, оқырманға өзінің «менін» танытуға бағыттайды. Осылайша көркем шығарманың көркемдік әлемі (танымы) мен көркем тілі арқылы айтушы мен оқырманды бірбірімен байланыстырады. Яғни оқырман автордың «таным әлемі» мен «тіл әлеміне» енеді. Соның нәтижесінде көркем шығарманы қабылдау мен әсерлену арқылы оқырман өз санасында дербес шындық көркемдік әлем жасайды. Түсініксіз көркем шығарма өмір сүрмейді, оның интерпретациясы оның мәтінінің құрамдас бөлігін құрайтын таныс ассоциация, образдардың және көркемдік шындықтың жинақталуы арқылы іске асады. Бұдан оқырманды қызықтыратын, автордың көркемдік әлемін бейнелейтін қайталанбас ерекше «тіл әлемі» пайда болады. Соның нәтижесінде коммуникативтікпрагматикалық сиптта автордың «көркемдік әлемі» мен «тіл әлемі» тоғысқан дискурстық жүйе қалыптасады. Қорыта келсек, көркем мәтінде (өзге мәтіндерде де) айтылатын ой, сезім тіл арқылы объективтенуге дейін де белгілі бір құрылым түрінде болады, сөйтіп барып, тілдік құрылымға (айтылымға, мәтінге) айналады, бірақ   тілдік коммуникация аяқталмайды. Өйткені мәтінді қабылдаушы (реципиент) мәтінде, айтылымда кодқа салынған тілдік, тілдік емес ақпараттарды ашу арқылы автордың коммуникативтік діттемін, мақсатын аңғарады. Осымен байланысты біз көркем мәтінді автор мәтін оқырман қатынасында алып зерттеуімізге болады. Бұл арада дискурс талдау теориясын басшылыққа аламыз, себебі көркем мәтінді зерттеуде лингвистикалық емес құбылыстар тыс қалса, ал дискурста лингвистикалық емес құбылыстар (әлем туралы білім, өзіндік пікір мен көзқарас, мақсат) ескеріледі.

«Көркем әдебиет дискурсы дегеніміз өмір шындығын, табиғат көркін, жағдаятты, экстралингвистикалық жағдайды, бейвербалдық әрекеттерді, бүкіл болмысты тілмен жеткізу оқырманмен диалогқа түсуі, оқырманның авторды түсінісуі, баяндалушы нәрсені қатесіз қабылдау» [13, 15].

Көркем шығарманың құндылығы қаламгердің астарлы ұстанымы болып табылады. Қаламгердің шығарма барысындағы шығармашылық ұстанымы онда көтерілген тақырыптың айқын немесе жасырын болуы оқырманның ұстанымының қалыптасуына тікелей әсер етеді. Бұл үдеріс қаламгер мен оқырман арасында шығармашылық байланыстың жүзеге асуына себепкер болады. Көркем мәтін мен автор арасындағы байланыс күрделі, ажырамас үдеріс. Бұл көркем мәтінді оқу барысында оқырманмен арада болатын көзге көрінбейтін шығармашылық үдеріс болып табылады.

Жазушы өз шығармасында оқиғаларды баяндауда әртүрлі тәсілдерді, троптарды, сөз тіркестерін қолданады. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлілігі үшін де керек тәсілдердің бірі құбылту болып табылады. Құбылту (троп) дегеніміз сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту. Құбылтудың түрлері өте көп. Солардың ішінде ұлғайту, яғни гиперболаға тоқталғымыз келіп отыр. Гипербола (грекше hyperbole – үлкейтілген, қомақты) деген мағынаны білдіреді. Бұл да қаламгердің тілі мен стиліне бірсыпыра бояу салып, сөздегі суретті түрлендіреді, өзгеше өрнектер төгіп, көркем шығарманың оқырманға әсерін арттыра түседі. Белгілі жазушы, қостілді қаламгер Әнуар Әлімжанов өз шығармасында гипербола тәсілін қолданған. Жазушы өзінің «Караван идет к солнцу» атты повесінде төмендегідей гиперболаларды көрсеткен:

«Раскрыв глаза, он увидел над собой небо, в голубой глубине плыла птица[14, 261]».

Орел раздвоился и растаял, у Аскара кружилась голова [14, 263].

Чистая, звонкая, как хрустальная родниковая вода, песня заполнила равнину и горы [14, 279]

Когда Аскар передал сверток от Калтая, Айслу залилась румянцем и, воровато оглянувшись по сторонам, чмокнула растерявшегося Аскара прямо в губы [14, 281].

Отец твой в гробу перевернется [14, 283].

Отныне не видеть тебе школы, как своего затылка [14, 283].

Көркем туынды да халық өмірінің ұлттық бейнесі, психологиясы көрінеді. Қаламгердің ұлттық, көркемдік ойлау ерекшелігі оның бүкіл шығармасының ішкі рухынан сезіледі. Жазушының рухани жан дүниесіне сәйкес оның көркемдік әлемі жасалады. Өмірді танып-білу, адамның табиғатын түсіну, қоғамдық талаптың биігіне көтеріліп, өз айнасының ұлттық сипаттарын ашу, характерлердің жанды, нәзік сырлауын бауып, қай тақырыпта жазса да, ол халқының бағалы мұрасына айналатындай болғаны жөн.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.  Николаева Т.М. Краткий словарь терминов лингвистики текста // Новое в зарубежной лингвистике. Лингвистика текста. – М.: Прогресс, 1978. – С. 479.

2.  Teun Van Dijk. Ideology: A Multidisciplinary Approach. – London: Sage, 1998. (http://www.sagepub.co.uk).

3.  Макаров М.Л. Основы теории дискурса. – М., 2003. – С. 312.

4.  Есембеков Т.О. Көркем мәтін талдау әдістері. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 149 б.

5.  Степанов Ю.С. Альтернативный мир, Дискурс. Факт и принцип Причинности // Язык и наука конца ХХ века. Сб. статей . – М.: РГГУ, 1995. – С. 432.

6.  Тодоров Ц. Понятие литературы: пер. Г.К. Косикова // Семиотика. – М.: Радуга, 1983. – С. 369.

7.  Михайлов Н.Н. Теория художественного текста. – М.: Издательский центр «Академия», 2006. – С. 224.

8.  Тюпа В.И. Жанр и дискурс. // Критика и семиотика. – М., 2011. – Вып.15. – С. 31-42.

9.  Мучник Г.М. Проблемы коммуникативной поэтики. – Алматы: КазНУ им. аль-Фараби, 1995. – С. 181.

10.        Савельева В.В. Психоантропология и современная художественная литература // Художественная литература и проблемы антропологии. – Караганда, 2002. – С. 128.

11.        Садирова К.Қ. Дискурс талдау теориясы жаңа ғылым саласы ретінде // «Жұбанов тағылымы» Х халықаралық ғылымитеориялық конференция материалдары. – Ақтөбе, 2009.  – 160 б.

12.        Кішкенбаева Ж.Қ. Көркем прозаны дискурстық негізде талдаудың жолдары // «Әдебиеттанудың теориялық мәселелері және Р. Нұрғали зерттеулері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция. – Астана, 2015. – Б. 181-188.   

13.        Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. – Алматы: Раритет, 2004. – 107 б.

14.       Алимжанов А. «Караван идет к солнцу». – Алма-Ата: Казахское государственное издательство беллетристики, 1973. – 168 с.