Жақсылыққызы
Қ.
«Аударма ісі»
мамандығының 2 курс магистранты
Ғылыми жетекшісі:
ф.ғ.к., доцент Сейденова С.Д.
әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті
karo_147@mail.ru
Д. Гринвудтың «Өгей бала» атты повесіндегі
орыс-қазақ фразеологизмдері
Кез келген халықтың
фразеологиялық қоры аса құнды лингвистикалық
мұра болып табылады. Мұнда сол халықтың
дүниетанымы, ұлттық мәдениеті, менталитеті, болмысы,
салт-дәстүрі, наным-сенімі, қиялы,
әдет-ғұрпы мен тарихы жатыр. Фразеологизмдерді зерттеу
арқылы тек тілдің өткенін, түптамырын ғана емес,
сол тілді қолданушы халықтың мәдениетінің
тереңін білуге, тілінің тарихымен кеңінен танысуға
болады.
«Фразеология
(гр. phrasis – cөйлеу оралымдары, logos – ғылым) –
құрамы мен құрылымы тұрақты, сөйлеу
кезінде бөлшектенбей, даяр қалпын сақтай отырып
қолданылытын, мағына тұтастығы мен тіркес
тиянақтылығы тән бейнелі тұрақты
тіркестердің қазіргі күйін және тарихи қалпын
зерттейтін тіл білімінің саласы» [1, 123]. Ал фразеология саласының
негізгі зерттеу нысаны фразеологизмдер болып табылады. Фразеологизм дегеніміз –
екі немесе бірнеше сөздердің тіркесуі арқылы тұтас бір
мағына білдіретін тұрақты сөз тіркестері.
Тілдегі фразеологизмдер әр
халықтың өзіндік ұлттық ерекшеліктерін
көрсетіп отырады. Ә.Болғанбаевтің пікірінше, «фразеологизмдер
– жансызға жан бітіретін бейнелеу құралы» [2, 52].
Фразеологизмдер – кез келген тілдің, ұлттың айшықты да
мәнерлі, бай саласының бірі, халық өмірінің
айнасы, ұлттық-мәдени өмірі мен ұлттық
болмысының басты көрінісі. Тілдегі фразеологизмдер
өзінің суреттеме, бейнелік, әсерлік,
экспрессивті-эмоциялық, көркемдік қасиетімен басқа
тілдік бірліктерден ерекшеленеді. Осындай көркем, бояуы
қанық, алуан түрлі тұрақты тіркестер халық
тарихын, ұлттық болмысын, мәдени
құндылығын, сал-дәстүрі мен
әдет-ғұрпын ұрпақтан-ұрпаққа
ғасырлар бойы жеткізіп келеді.
Фразеологияның зерттейтін
пәні – кез келген халықтың сөздік қорында
кездесетін сол халықтың мәдениетін,
салт-дәстүрін, тарихын ажарлайтын фразеологизмдер.
Фразеологизмдерге қатысты тіл білімінде қалыптасқан терминдер
көп: фразеологиялық единица, идиома, тұрақты тіркес,
фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірліктер,
фраземалар, фраземика, фразеотіркес және т.б.
Тіл
білімі сөздігінде бұл терминнің ғылыми атауын
фразеологизмдер деп, аталған терминге былайша анықтама берген:
«Фразеологизмдер (грек. phrasis – сөйлеу, logos – сөз; ағыл.
Phraseological unit, locution phrase, formula) – кемінде екі сөздің
тіркесуінен жасалынған, құрамы мен құрылымы
тұрақты, сөйлеу кезінде конструкцияланбай, даяр қалпын
сақтай отырып жұмсалатын біртұтас, мағына жағынан
идиоматикалық единица» [3, 413].
М.М. Копыленко
фразеологияның негізгі зерттеу нысаны ретінде «фразеотіркес»
(фразеосочетание) терминін ұсынған, яғни фразеология
объектісі болып табылатын – «лексемалар тіркесі» тұжырымдамасының
негізін қалаған.
Р. Авакова «Фразеология теориясы»
атты еңбегінде «қандай да бір тілдің фразеологиялық
бірліктерін фразеология деуден гөрі (себебі ғылым саласымен
омонимдес болып қалады) морфемика, лексика терминдеріне сәйкестендіріп
фраземика деп атаған жөн» [4, 14] – деп «фраземика» терминін
ұсынады. Фраземика термині тіл білімінде синоним ретінде жарыса
қолданылып жүрген фразеологиялық оралым, фразеологиялық
единица, фразеологиялық бірлік, тұрақты сөз тіркестері
атауларының орнына қолданылады. Терминді алғаш рет
Ресейдің фразеолог ғалымы Н.Ф. Алефиренко ұсынған.
Тіл
біліміне қатысты сөздіктерде фразеологизм ұғымына
бара-бар қолданылып жүрген терминдерге төмендегідей
анықтамалар берілген. Мысалы: «Фразеологиялық единица» (грек.
рhresis – сөйлемше, logia – ілім) – фразеологизмдермен бара-бар. Ал
«фразеологиялық тіркес немесе идиома» – семантикалық жақтан
ажырамайтын, біртұтас мағынасы құрамындағы
сыңарларының негізгі номинативті мағынасынан мүлдем
басқа мағына беретін сөздер тізбегі. Мысалы, аузы-мұрны
қисаймау – ұялмастан. «Идиома» (грек. idioma – ерекше
сөйлемше; ағыл. idiom, idiomatic expression) – идиоматизм,
идиоматикалық тіркес, фразеологизммен бара-бар, басқа бір тілге
сөзбе-сөз аударуға келмейтін, стилистикалық та,
семантикалық та айшықты ерекшеліктері бар тілдік единицалар.
«Тұрақты сөз тіркесі» – фразеологиялық бірлік
ұғымымен бара-бар.
Ағылшын тілінде де
фразеологизм терминіне бірнеше балама бар. Мұны ағылшын тіліндегі
«The New Oxford Thesaurus of English» [5] жиілік сөздікте идиома
терминімен қатар бір мағынада қолданылатын бірқатар
терминдерден байқауға болады. Мысалы, «idioms», «collocations» «set phrases», «set expressions», «phraseological units», «fixed phrases», «idiomatic expression», «turn of phrase», «phrase», «locution» (formal). Ең жиі
таралған термин – «idioms». Ағылшын және америка тіл білімінде
«фразеологиялық бірлік» (phraseological unit) термині көп
қолданылмайды, кең қолданысқа ие – «set expressions» және «idioms». Ағылшын
тіліндегі сөздіктерде идиома терминіне төмендегідей анықтамалар
берілген. «Idiom»
– is a phrase or expression whose total meaning differs from the meaning of the
individual words. Idioms come from language usage generally cannot be
translated literally (word by word). [6, 47] Idiom – 1. the characteristic form of expression of a
language; 2. an expression that cannot be understood from the meanings of its
separate words but must be learnt as a whole. [Webster’s New Encyclopedic
Dictionary.1787р.]. Ағылшын
тілінің фразеологиялық қорын сипаттауда «idioms» термині
барлық тұрақты тіркестерді толығымен айту үшін
қолданылады.
Ағылшын тілінің
фразеологиялық қорын теориялық тұрғыда
қарастырған лингвист Н.Н. Амосова фразеологизмдерді «идиомалар»
және «фразалық тіркестер» деп екіге бөліп қарастырады.
Н.Н. Амосованың пікірінше:
«фраземы – это единицы постоянного контекста, в котором указательный
минимум, требуемый для актуализации данного значения семантически реализуемого
слова, является единственно возможным, не варьируемым», ал «идиома» терминіне зерттеуші былайша анықтама береді:
«единицы постоянного контекста, в которых указательный и семантически
реализуемый элемент нормально составляют тождество и оба представлены общим
лексическим составом словосочетания и которые характеризуется целостным
значением, условимся назвать идиомами» .
Фразеологизмдер формасы
жағынан және қолдану тұрақтылығы
жағынан да мақал-мәтелдерге ұқсас келеді. Сол
себепті де кейбір лингвист ғалымдар (М.Н. Шанский, Р. Сәрсенбаев)
мақал-мәтелдерді фразеологизмдер құрамына енгізіп,
оларды фразеологиялық сөйлемшелер деп атап жүр. «Мақал
– ағыл. proverb –
үйлесімді құрастырылған, ғибрат айтып, бейнелі
аяқталған ойды қысқаша түсіндіріп беретін
тұрақты сөз орамы. Ол тура мағынасында да, ауспалы
мағынасында да жұмсалады, өз алдына аяқталып
тұрған жеке сөйлем» [1, 25]. Мақал-мәтелдің
фразеологизмдерге ұқсастығы ең алдымен
құрамындағы компоненттерінің
тұрақтылығынан көрінеді, яғни
құрамындағы сөздердің орнын мүлдем
ауыстыруға келмейді. Көптеген зерттеушілер осы жағдайды
ескере отырып, мақал-мәтелді фразеология аясына енгізуді
дұрыс санайды. Біз бұл пікірмен келіспейміз.
Мақал-мәтелдерді тіл жүйесінде өз орны бар жеке
құбылыс ретінде қарастыру керек. Себебі
мақал-мәтелдер мен фразеологизмдердің
әрқайсысының құрылысында, қолданысында
өз ерекшеліктері, айырмашылықтары болады. Мысалы, морфологиялық-құрылымдық
жағынан алып қарайтын болсақ, мақал-мәтелдер ерте
кезден тілде құбылмай, өзгермей қолданылып келеді, ал
фразеологизмдер бұл ережеден ауытқып отыратынын ескеру керек.
Фразеологизм құрамындағы сөздерді түрлендіріп
қолдануға болады, бұл кезде сөздер морфологиялық
өзгеріске ұшырайды. Мысалы, жүрек
жалғады (жеңіл-желпі тамақтанды) деген фразеологизмді жүрегін жалғап алды немесе жүрек жалғаудың қамы
деп жіктік жалғауын жалғап, аталған фразеологизмнің
тұлғасын өзгертуге, құбылтуға болады екен.
Осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ,
мақал-мәтелдер мен фразеологизмдердің морфологиялық,
синтаксистік айырмашылықтарын байқауға болады. Сол себепті де
бұл екі ұғым – мақал-мәтел және
фразеологизмнің әрқайсысының жеке ғылыми
тұрғыда қалыптасқан нақты терминдік атауы бар,
екеуін екі бөлек тілдік бірлік деп қарастыруды жөн
көреміз.
Фразеология – құрамы
мен құрылымы тұрақты, сөйлеу кезінде
конструкцияланбайтын, әрдайым даяр қалпын сақтай отырып
қолданылатын, мағына тұтастығы мен тіркес
тиянақтылығына, құрылымы жағынан
тұрақтылыққа ие бейнелі фразеологизмдердің
қазіргі күйін және тарихи қалпын зерттейтін тіл
білімінің саласы.
Фразеологизмдер – айтылатын
ойға ерекше мән, әр мен мәнерлілік беріп, көркем
шығарма тілін жандандыратын, астарлап, бейнелей суреттеудің тілдегі
дайын құралы. Бұлар халық даналығынан
суырылған образды ойлау тілінің үлгісі болып саналады.
Көптеген тілдерге
ортақ, әмбебап құбылыс болып табылатын
фразеологизмдердің тақырыптық топтастырылуы бір тілде
басқа тілдер фраземасының семантикалық ерекшеліктерін,
әр тілдің фраземаларының бейнелілігін, өзіндік
көркемдігін нақты көрсетуге мүмкіндік береді. А.Т.
Қайдаров, Р.Е. Жайсақова секілді тілтанушылар қазіргі
қазақ тілінің фразеологизмдерін
пәндік-тақырыптық тұрғыда классификациялауда
соматикалық фразеологиялық бірліктер (СФБ) тобын ерекше бөліп
қарастырады. Мұндай топтастыруды фразеология саласын
жан-жақты зерттеп жүрген Р.А. Авакованың [4, 290]
еңбектерінен де байқауға болады.
Джеймс Гринвуд – (ағыл. James
Greenwood; 1833—1929) — британ жазушысы және журналист. Ол – шағын
қызметкер отбасында дүниеге келген. Бұл болашақ жазушы
он бір ағайынды болған. Үш еркек ағайынды – Фредерик,
Джеймс және Уолтер типографияда теруші болып жұмыс істегеннен кейін
бағынышсыз өмірлері басталады. Бірнеше жылдан кейін Фредерик
және Джеймс газетте қызмет жасайды, Уолтер болса туберкулёзбен
ауырып, жинақ кассасында қайтыс болады. Соңында Фредерик
едәуір ақша жинап, үлкен бір газеттің редакторы болады.
Джеймс көкейтесті тақырыптар жазатын журналист әрі
әдебиетші болады. Ол – Pall Mall Gazette және Daily Telegraph
газеттерінде жұмыс жасайды. XIX ғасырдың 60-70 жылдары
Гринвудтың есімі Англияның лондондық түнейтін
үйлері туралы очерктер сериясы арқасында жақсы танымал болды.
Очерктер лондондық кедейлер оналасқан қала бөлігін ұзақ
зерттеулерден кейінгі ойлар арқылы жазылған(Гринвуд бір кездері сол
аймақтарда түнеп, қаңғыбастармен бірге
болған). Редактор Гринвудтың осы ашулардан кейінгі жарияланымдар
арқасында газет тиражы екі есеге өсті. Көп кешікпей очерктер
басқа газеттерде жарияланып қоғам арасында үлкен
жаңғырық орын алды. Гринвуд бұдан басқа
көркем шығармалар да жазды. Олардың айтарлықтай
бөлігі теңіз өміріндегі әзіл-оспақ повестер мен
жасөспірімдер романы. Ол тақырыпқа байланысты
шығармалардың бірі Даниэля Дефоның «Робинзон Крузоның
оқиғасына» ұқсас «Борнео аралындағы
даяктардың тұтқынында он жеті жыл мен төрт ай
болған Робин Дэвиджердің оқиғасы» (1869).
Гринвудтың келесі шығармалар топтамасы жануарлар жайлы
әңгімелер мен повесттерден тұрмақ. Мысалы, «Өздер
айтып бергендей, жеті орман төртаяқтылар оқиғасы».
Дегенмен Гринвудтың ең үлкен шығармалар топтамасы
әңгімелер, очерктер, повестер және лондондық қала
кедейлер мекендеген қайыршы, қаңғыбас, жұмыссыз,
қолөнершілер, фабрика жұмысшылары мен бағусыз балалар
жайындағы романдардан тұрады. Д. Гринвудтың «Өгей бала»
атты повесі 25 бөлімнен тұрады. Хикаятта панасыз жетім
баланың басынан кешкен күндері сөз болған. Өгей
шешеден көрген қысымы мен қатыгез әкенің
қорлығына шыдамай үйінен қашып шыққан
баланың басынан кешкен қиын тағдыры баяндалған. Жазушы
жоқшылық пен кезбеліктің адамдарды қылмыс жасауға
итермелейтінін көрсеткен. Хикаяттың өне бойында
шарасыздықтан шырғалаңға түскен баланың
қиын тағдыры шынайы суреттелген.
«Өгей бала» атты повесте
төмендегідей фразеологизмдер кездеседі.
Өй,
оңбаған! — деп даусын көтереді әкем. —
Айналсоқтап шықпай, бір ай бойы тісіне ет тимегендей, кісінің
аузын бағады. Бар, ұйықта, мешкей неме. Әйтпесе
таяқ жейсің.
Аш құрсақ күйімде
ұйқыға кетемін. Ақталуға да дәрменім
жоқ [7, 3].
– Экий негодяй! –
кричал отец. – Вертится тут да смотрит мне в рот, точно не ел целый месяц!
Пошел спать, обжора, пока я не отхлестал тебя розгой! Я ложился спать с пустым
желудком, не смея произнести ни слова в свое оправдание [8, 6].
Оның көз жасы мені тебірентіп, «қарғам»
деген жылы сөзі жүрегімді елжіретіп жіберді. Мен өгей шешеме
жақындап келіп, оны жұбатып, қандай көмек керегін
сұрадым.
– Сен мұны айтып қана тұрсың
ғой, Джимми, – деді ол, – ал ойлағаның басқа. Әрі
мені аямайтының да рас, мен сені еркелеткен емеспін. Шіркін, осы
қырсықтан бір құтылсам, мен сені
саусағымның ұшымен де түртпес едім.
Өгей шешемнің мүләйімсіп,
кінәсін мойнына алғаны мені одан әрі қатты тебірентті [7, 6].
Ее слезы тронули меня, и
сердце мое растаяло от нежного названия «голубчик». Я пошел к мачехе, старался
утешить ее и спрашивал, не могу ли я чем-нибудь помочь ей. – Это ты так только
говоришь, Джимми, – сказала она, – а думаешь совсем другое. Да и
правда, ты не можешь меня жалеть: я всегда дурно обращалась с тобой! Ох, уж
только бы миновала эта беда, я пальцем тебя больше не трону!
Смиренное раскаяние мачехи еще
сильнее растрогало меня [8, 8].
Көңілім күпті болғанымен мен кете
бардым. Бұл кеште мен үйге әдейі асыққан
жоқпын. Өгей шешем жоғалған ақшаның тарихын
әкеме айтып үлгерсін деймін [7, 8].
Я нарочно не спешил в этот
вечер возвращаться домой, чтобы мачеха успела рассказать отцу историю о
потерянных деньгах. Когда я вошел, отец стоял у дверей с ремнем в руке [8, 10].
Фразеологизмдер – кез келген
тілдің, ұлттың айшықты да мәнерлі, бай
саласының бірі, халық өмірінің айнасы,
ұлттық-мәдени өмірінің көрінісі.
Бұлар өзінің бейнелік, әсерлік,
экспрессивті-эмоциялық, суреттеме қасиетімен ерекшеленеді. Осындай
көркем, бояуы қанық, алуан түрлі тұрақты
тіркестер халық тарихын, ұлттық болмысын, мәдени
құндылығын ұрпақтан-ұрпаққа
ғасырлар бойы жеткізіп келеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, Ғылым.1986. – Х Т,
414 б.
2. Болғанбаев Ә.
Анатомиялық атауларға байланысты фразеологизмдер. Кітапта:
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін жасау
тәжірибелері. – Алматы: Ғылым, 1989. – 87 б.
3. Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік. –
Алматы, Арыс. 2007. – 800 б.
4. Авакова Р. Фразеология теориясы. Алматы,
Қазақ университеті. – 2009, 290 б.
5. Oxford university Press, 2000. – 1087 р.
6. The World Book Encyclopedia. London. Volume 10, 1994.
– 526 p.
7. Гринвуд Д. Өгей бала. Орыс тілінен аударған
Р.Әдуов. – Астана, 2011. – 200 б.
8. Джеймс Гринвуд.
О Джеймсе Гринвуде и «Маленьком оборвыше» //
Маленький оборвыш. — Ленинград: Детская литература, 1967. – 192 с.