Ислам
дініндегі жауапкершілікке қабілетті тұлға
Акурпикова
Гүлзат
Нұр
Мүбарак Египет ислам мәдениеті
университетінің
магистранты
Алматы қ. suraiiaa@mail.ru
1.
Қабілет
ұғымы.
Біз
күнделікті «қабілет» деген
сөзді жиі қолданамыз. Мысалы, «Мына бала мына нәрсеге
қабілетті екен» немесе «Сенің осы нәрсеге
қабілетің жетеді деп ойлаймын» деген сияқты
қолданыстағы сөздер өте көп. Бұл мысалдар әр
адамның әрекеттің бір түріне жақсы икемділігін көрсететін
дара ерекшелігі болатынын байқатады. Мұндай ерекшеліктер бір іс
–әрекетті орындау кезінде,
әсіресе іс орындалып, кейін нәтижесі жақсы көрінгенде
білінеді. Мәселен, біреу қолға алған ісін тез арада бітіріп
тастайды, ал екіншісі оны өте баяу қимылдап, әрі істі сапасыз
етіп жасайды. Бұл мысалда, бірінші адамның жұмысқа
қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлдеқайда
жоғары екендігі көрініп тұр.
Қабілет дегеніміз – адам баласының шамасына қарай, бір
нәрсеге «қабілетті» немесе бір нәрсеге «жарамды болуы»
дегенді білдіріп, бір істі орындауға қасиеті мен шама-
шарқы, күш - жігерінің
жететінін білдіру мақсатында қолданылады. Сонымен қатар ақылдың орамдылығы мен
сыншылдығы, кез келген нәрсені тез қағып алып, есте сақтауы,
зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық
т. б. осы секілді ақыл-ойға қатысты өзгешеліктер де
қабілет болып табылады [1,
151-б]. Қабілетті болуды - данышпандар асыл мұраға теңейді.
Өйткені кез келген адамда ерекше бір көзге түсетін
қасиет болады. Егерде сол адам оны қастерлеп, өмірімен
біте қайнасып жүруіне
үнемі жағдай жасап отырса, иесінің қолынан келмейтін
нәрсе жоқ.
Жалпы қабілетсіз адам болмайды. Қабілет,
ол біреуде күшті, біреуде орташа не шамалы болып келуі мүмкін, "тәжірибе
мен парасат адамдардың тең емес екенін дәлелдейді" - дегенде "теңдік" деп
адамдардың қабілеттерінің теңдігі немесе дене
күштері мен рухани қабілеттерінің бір екендігі
меңзеледі. Бұдан біз адамдардың тең емес екенін
білеміз. Қабілеттілік өлшемі белгілі бір істің нәтижелі
орындалуында көрініс табады. Қабілеттілік
ұғымы қай ғылым түрі болмасын, барлық ғылым саласында
қарастырылған.
2. Педагогика ғылымындағы қабілеттілік пен оған ие
тұлғаның
сипаттамасы. Бұл ғылымда былай жіктеледі Гностикалық
- танып білу, дидактикалық (түсіндіре білу, білім беріп, үйрете білу), коммуникациялық (қарым-қатынас, ынтымақтастық жасай білу),
конструктивтік (оқу-тәрбие материалын іріктеп ала білу, жобалай,
жасай білу), ұйыдастырушылық (шәкірттерін әр алуан
әрекет түрлеріне еліктіріп, тарта білу, қатысушылардың
бәрін біріктіріп, олардың мүдделерін қойылған
мақсатты орындауға бағыттай білу), перцептивтік
(баланың ішкі жан дүниесін ұғына білу, олардың сезімдері
мен жай-күйін түсіне білу, эмпатияға қабілеттілік), болжамдаушылық (педагогикалық
көрегендік жасай білу, педагогикалық қызметтегі өзара
әрекеттестік нәтижелерін болжай білу), суттестивтік
(мұғалімнің эмоциялық, ерік-жігерлік
иландырушылық ықпалы, нық айтылған жігерлі сөзбен
қажетті әсер нәтижесіне жете білу қабілеті),
экспрессивтік (мұғалімнің өзінің білімі мен
сенімдерін эмоциямен әсерлі етіп айтып жеткізе білуі, артистизмі, дауыс ырғағы, ым, ишара, оңтайлылық элементтерін жетік меңгеруі) [2, 384-б].
3.
Психология
ғылымындағы қабілеттілік ұғымы. Адамның мінез-
құлығын реттеп,оның
тіршілік етуіне қызмет етеді. Және қабілеттілікті
анықтайтын қасиеттерде бар олар: сезімталдық,
байқағыштық, зеркетік, көрегендік, ұғымдарды
салыстыруға, қиыстыруға, топшылауға бейімділік деген .
Қазақ халқының қысқа
да нұсқа нақыл сөзі болған
қабілеттілік тұрасында да бір мақалды келтіре кетсек, «Қабілет пен өнердің өрісі
ұзақ» деген екен. [3].
Қабілет мағынасын тағыда
ашықтап, кеңінен түсіндіруге Ұлы Абай атамыздың
бір асыл сөзін келтіре кетейік, «Құдайдың шын
мәнін түсіну - адамның қабілеті» деген екен [4, 26-б].
Қабілетті адамдардың бірі – зеректілігімен, екіншілері –байқағыштығымен,
тағы бірі – еске
сақтағыштығымен ерекшеленеді. Адам баласын
басқа жаратылыстардан ерекшелеп тұратын ең негізгі ерекшелік
– санасы мен қабілетінің болуы. Саналы болу, жақсы мен
жаманды ажырата білу, әрине
қабілеттілікті қажет етеді.
4. Ислам дініндегі қабілеттілікке
ие тұлға. Алла тағала адамзатты
сынау мақсатымен жер мен
көктегі барлық нәрсені аманат етіп, адам баласының
игілігіне ұсынған және оны сол аманаттар үшін жауапты
еткен. Аманатты жүктеудің өзіндік бір сыры да осы –
адамның қабілетті болуында. Алла тағала адам баласының
қабілетсіз емес екендігін және жәйдан - жәй жаратыла
салмағандығын былай деп баяндайды: «Сендерді бекерге жаратты
және жанымызға қайтарылмаймыз деп ойладыңдар ма?» -
делінген[5, 349-б].
Ислам дінінде қабілеттілік термині
«Әл әхлия» деп қолданылады.
Дінде құлшылықтарды орындауға ең әуелі
қабілеттің қажет екенін алға тартады. Қабілеттілік міндеті екі топқа бөліп
қарастырылады. Оның бірі араб тілінде «әхлиятул ужуб»
яғни тиісті болған қабілеттілік және «әхлиятуль
әдә» - орындай алу қабілеттілігі деп аталады. Бұл екі
қабілеттіліктің түрі барлық адамның бойында
болмауы мүмкін, себебі, адамның қабілеттілігін жоятын немесе
қабілеттілігіне кедергі болатын жайлары да кездеседі.
Тиісті
қабілеттілік екі тармаққа бөліп қарастырылады.
Алғашқысы «әхлиятуль ужубин нақыс» яғни – толық
емес қабілеттілік, бұл жатырда жатқан балаға қатысты
қолданылатын қабілеттілік түрі. Сәби әлі дүние есігін ашпаса
да, болашақта қабілет иесі ретінде қарастырылады. Ал екінші
түрі «әхлиятуль ужубуль кәмилә» деп аталып толыққанды,
бір істі орындауға қабілеттінің толықтай жетуін білдіреді.
Бұл баланың белгілі бір жасқа келіп, діни үкімдерді орынауға міндетті
болуын білдіреді [6, 26-б].
Мәселен, жеті жастан асқан
сәбидің оқыған намазы қабыл болады және
оқыған намазының сауабын алады. Сол сияқты оның
істеген барлық жақсы істеріне сауап жазылады. Жеті жасқа
келген сәбидің ата – анасы оған намаз оқуды
үйретіп, әдеттендіруі керек.
Амалдарды өтей алатын
бұл қабілеттіліктің түрі де, міндет болған
қабілеттілік сияқты екі қабілеттілік түрлерінен бөлінеді.
Толыққанды және толыққанды емес
қабілеттіліктер.
Толыққанды
қабілеттілік - аты айтып тұрғандай, бір істі жасауға
қабілетінің толығымен жетуін айтады.
Екінші түрі - толыққанды
емес қабілеттілік бұл - ақыл ойы мен адамның дене кемшіліктерінің
себебінен болады. Бұл қабілеттілік түрі ақыл мен
дененің кемшілігіне ғана қатысты айтылған.
Мысалға ислам дінінде бұл толыққанды емес
қабілеттілікке Алла Елшісінің (Алланы оған сәлемі мен
игілі болсын) «Үш адамға қалам жазылмайды (күнә
болып саналмайды) айыққанға дейін ақылынан
адасқан жанға, оянғанға дейін
ұйқыдағы жанға және балиғат жасына «(дін
бойынша кәмелет жасы) жетпеген балаға» - деген сөзін дәлелге алады [7, 216-б].
Алла тағаланың адам
баласына жүктеген жауапкершілктеріне байланысты, ал екінші түрі - адамдардың
өзара қарым – қатынасындағы құқықтарына
байланысты. Шариғат ілімдерінде бұл тармақты араб тілінде
«муғамәлә» дейді [8,
179-б].
Алла тағаланың жүктеген жауапкершіліктеріне қатысты қабілеттіліктің
түрлерінің мағынасын көрейік.
Біріншісі: Барлық зиян атауынан алыс болған жақсылықтың ең
жоғарғы дәрежесі - иман және оның
тармақтары сияқты мәселесінде. Иман - Алла тағаланың өсиетін және оның
елшісі пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың
оған игілігі мен сәлемі болсын) айтқандарының барлығын
жүрегімен толық қабыл алу. Әрине бұл жауапты іс қабілеттілікті
қажет етеді. Алланы танып, оған сенуде және оның
бұйырған үкімдерін, орындауға адамда ең алдымен
ақыл - ой санасы болуы керек
Екіншісі: күпірліктің
түрлері. Яғни оған ақыреттік үкімдер беріледі. Енді күпірлік дегеніміз не десек,
жамандықтардың ең жаманы – Алла тағалаға сенбеу. Ардақты
елшіміз Мұхаммед (Алланың оған игілігі ме сәлемі
болсын) ол жайлы былай деген: сенбеу – күпіршілік және Алла
тағалаға дұшпан болумен тең болады. Күпірлік
өзі ішінде 3 – ке бөлінеді:
1)
Надандық салдарынан көрініс табатын
күпірлік) естімегені білмегені үшін діннен шығады;
2)
Қырсықтық күпірі;
бұл топ біліп тұрса да
мойындамайтындарды қамтиды;
3)
Ислам діні құрметтеген нәрсені
аяқ асты ету, ал аяқ асты еткен
нәрсені құрметеу
сияқты.
Дінімізде
періштелердің, адамдардың және жындардың иман етулері,
сенулері әмір етілді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың
оған игілігі мен сәлемі болсын: «Алла тағаладан әкелген
нәрселерінің барлығына жүрекпен сену – иман деп аталады. Иманның орны –
«көңіл» (жүрек)
болып табылады. Көңіл - жүрек деп аталатын ет
бөлшегіндегі қуат. Иманды ауызбен айтуға бір кедергі
болған кезде, айтпауға болады. Мысалы: қорқытылған
кезде, ауру, тілсіз болғанда немесе айтуға уақыт таппай
өлген кезде, айту қажет емес. Түсінбей, біреуге еріп сену де,
иман болады.
Адам
баласы иманға қол жеткізу үшін «күпірдің
белгілері» деп білдірген нәрселерінен барынша өзін алыс
ұстауы керек.
Қорытынды
Қабілеттілік – белгілі бір іс-əрекеттің нəтижелі
орындайтындай тұлғаның жеке дара ерекшелігі. Ол іс-əрекетті
жылдам, тұрақты, сапалы орындаудың əдіс-тəсілдерімен
сипатталады. Оның жоғарғы деңгейі – таланттық,
дарындылық, данышпандылықпен жəне бəсекелестікпен
ерекшеленеді.
Ислам діндіндегі қабілеттілік – кәмелеттік жасына (балиғат) жеткен ер немесе қыз бала мукалләф болады,
яғни олардың міндеттері мен құқықтары пайда
болып, діни жоралғыларды орындауға
қабілетінің жетуін айтады.
1. «Әл Маусуға фиқхия», Кувейт
2. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы:
"Сөздік", 2006.
3. Қазақ мақалы
4. Абайдың қара
сөзі
5. Халифа Алтай
Құран аудармасы
7. Сунән Ибн Мәжә,
«Талақ бабы»
8. «Әт тәлуих илә кәшфи хақоиқ
Әттәнқих»
Лисәғди Әттәфтәзәни , - Бейрут