«ЭТНОПСИХОЛОГИЯ» ПӘНІНДЕ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ

 

Давранова Н. - ЕП-16-13р тобының студенті, Жунисбекова Ж.А., Абитиярова А.А., М.Әуезов ат.ОҚМУ, Шымкент, Момбиева Г.А. Абай ат. ҚазҰПУ, Алматы, Қазақстан

 

Қазақ халқының қарым-қатынас мәдение деген көзқарасының өзіндік ерекшелігі бар. Келешек ұрпақ тәрбиесіне мән беріп, қазақ отбасылары баласын мәдениеттілікке, халқының рухани құндылықтары мен әдет-ғұрыптарын бойына сіңіріп келген. Бұл мәселелер жөнінде алғаш еңбек жазған Н.Құлжанова болса, ал Қ.Т.Шерияздановамен оның шәкірттері қарым-қатынасты болашақ ұстаздарды кәсіби дайындауда қарастыр-ды.Жоғары оқу орындарында қарым-қатынас мәдениетін игеруін, оны студенттердің оқу-тәрбие үрдістеріне енгізу жастардың қарым-қатынас мәдениеті бүгінгі өмір талабына сай,ұлттық сипатта жүзеге асыру қажет. 

Мәдениет дегініміз не? – деген сұраққа сөздің этимологиясына, шығу тегіне тоқталайық. Қазақ тіліне бұл ұғым арабтың «Маданият» қала, қалалық деген сөзінен шыққан. Қазіргі заман сөздіктерінде:

а) мәдениет – белгілі-бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;

ә) мәдениет – адамзат қауымының белгілі-бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері;

б) мәдениет – адам әрекетінің белгілі-бір санасының жетілу деңгейі т.б.

Филисофиялық тұрғыда мәдени даму барысы қалыптас қан ойлау тәсілі, дүниетаным арқылы түсіндіріледі. Э.Кассирер, З.Фрейд және т.б. тұжырымдамаларын жатқызуға болады. ХХ ғасырдың ойшылдары мәдениетті тілмен теңестіре қарап, «тілді адам тірішілігінің негізі, маңызды анықтаушы деп бірауыздан қолдауы». Бүгінде тіл – негізгі коммуникативті құрал ғана емес, адамның бүкіл болмысын, адамның мәдениетін танытатын ұғым болып отыр.

Адам қарым-қатынасының маңызын, құрылымын, типологиясын қарым-қатынастың әлеуметтік тұжырымдамасы қарастырады. Қарым-қатынас жасудың адам өміріндегі қоғамдық, әлеуметтік және психологиялық негізі, адамның күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен байланысты.

С.Елеусізова қарым-қатынас орнатуды:

а) адамның ішкі дүниесіне қатысты қасиеттері, ойлауы мен саналы әрекеті;

ә) адамның жүріс-тұрысы мен өзгелермен тілдесіп, бірлесіп әрекет істейтін қатнас сипаттарын ашып көрсетті.

М.И.Лисина қарым-қатынасты екі немесе одан да көп адамның қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттері деп түсіндірді. С.А.Козлова, Т.А.Куликова өз зерттеулерінде қарым-қатынас мәдениетін мінез-құлықтық және жеке тұлғалық мәдениетінің құрамдас бөлігі екендігін ашып көрсетеді.

Біздің елімізде қарым-қатынас мінез-құлықтың және жеке тұлғалық мәселелермен Қ.Т.Шериязданова, С.М.Елеусізова т.б. ғалымдар зерттеуде. Қ.Т.Шериязданова студент жастардың қарым-қатынасындағы мәдениетін баспа сөз құралдары, кітап оқу, ертегі, әңгімелер тыңдау, кино, театр, мұражай, көрмелерге бару арқылы қалыптастыру жолдарын ұсынады. Қарым-қатынас  мәдениеті адамзаттың ғаырлар бойы қалыптастырған белгілі ережелерді сақтауға негізделеді. Бұл ережелер әдеп деп атаймыз. Әдеп – адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайы болу ережесі. Отбасындағы ата-ананың сөйлеген сөздері, мінез-құлықтарындағы олқылықтары жас адам бойында тұрпайы сезімдерді ұялатып, нашар мінездің қалыпт асуына себеп болады.

Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығының ең негізгі ұйытқысы болған – оның ғажайып тілі. Сұхбаттасқан адамның жан дүниесін тануға деген құлшыныс, оның ой сезіміне, әсәресе сырласының жүрек түкпіріндегі мұң-сырға ортақтасуға бейім тұру - әрбір қазақтың қарапайым қарым-қатынас мәдениетінен барша болмысына дейін айқын көрініс тауып отырады. Қазақ халқы өз жеті аталық зердесі көшпелі қазақтың өз шыққан тегі және рулық байланыстарын міндетті түрде білуі шарт болған. Жегжат-жұрағаттардың сондай-ақ ру аралық туыстық қарым-қатынастардың құқтары мен міндеттері, сый-сияпаттарының деңгей дәрежелері, қадір құрметінің шек-шекаралары тиым-талқыларының ауқым аясы әрббір адамға арналған қатал әдепке бағынып отырған. Әрбір қазақ өз қандастарының арасында туысқандық парызын неғұрлым терең тамырластықпен сезінсе, соғұрлым жақын жұрағатының аясы кеңейіп, өзгелердің де оған деген мейірім шапағаты молая түседі. Мұндай қарым-қатынастың аясы отбасы мен рудан әрі асып, тайпалық, жүздік, одан әрі бүкіл халықтық сипатқа енеді.

Жоғары мектепте өтетін «Этнопсихология» пәні сөйлеу, ойлау мәдениетінің қағидаларын меңгеру арқылы адамды рухани шынықтырып қана қоймай, ұлттық мінез-құлықты қалыптастырады. Студент жасындағы адамның қоғамдық белсенділігі артып, оның сана-сезімі өсіп, жан қуаттары шыңдала түседі. Қоршаған ортаға сын көзбен қарап, өз қарым-қатынасын бағалауға, рухани өмірге қызығу имандылық пен адамгершілік  қасиетінің кемелдене бастайды. Жас адамның жұртпен қарым-қатынасында, өзгелермен пікірлесуде дүние танымы мен көзқарасы дами түседі. Ұлттық мінез-құлықты қалыптастыруда мәдени қарым-қатынас этетикалық, әлеуметтік және моральдық талаптар сақталынады. Мәдени қарым-қатынас іскер адамдар арасында болады. Ол істі алға дамытып, өркениетке қол жеткізеді. Қазіргі іскер адамдарға мәдени қарым-қатынас өз ойларын түсіндіре, дәлелдей және жеткізе алулары қажет. Жоғары мектеп студенттеріне өтетін «Психология» пәнінен сөйлеу, ойлау мәдениетінің қағидаларын меңгеру арқылы адам рухани шынығып қана қоймай, ұлттық мінез-құлықты қалыптастырады.

 

Әдебиеттері:

1.  Габитов Т., Мүталіпов Ж., Құсариева А., Мәдениеттану негіздері / оқулық-Алматы,: дәнекер.2000.

2.   Нұржанов Б., Мир как игра языка в концепций // Алматы.; Атамұра, 1996г.

3.  Назарбаев Н., Тарих толқыныда // Алматы.; Атамұра, 1999-296 б.