Кеңесбекова С.А, Аюпова А.Е
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті, Қазақстан, Қарағанды қаласы
Мектеп жасына дейінгі балаларды
балабақшаға бейімдеу
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы
14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
Жолдауында: «Білім мен кәсіби машық – заманауи білім беру,
кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарларын атап көрсете
отырып «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту;
баланы жан – жақты дамыту; білім беру саласындағы әлеуметтік
жауапкершілік жүйесін дамыту; білім беру
әдістемелерін жаңғырту; инновациялық зерттеулерді
дамытудың жолдарын» белгіледі [1].
Баланың әлеуметтенуі бірінші отбасынан басталса, екінші
бейімделу жолы ол- балабақшаға келгенде. Балаға тәрбие
беруде адам ең бірінші өз тәжірибесіне сүйенеді. Ал
адамның өз тәжірибесі – оның жүріп өткен
жолы, көрген-білгені. Бірақ әр адамның жолы тура жол,
бала тәрбиесінде қатып қалған осы жолмен жүру
керек деуге де болмайды. Ол жолдың тек дұрысын ғана
таңдап алу керек. Балаға міндетті түрде өзіңді
қайталату мақсат емес, өзіңнен асырып түсіру
мақсат. Бала кейде сенің ойлағаныңнан да артық
затты немесе қиялына ерік берсе ешкімнің ойы түгіл
түсіне де кіре бермейтін идеяларды дүниеге әкелетіні рас.
Сондықтан педагогтың өз тәжірибесіне сүйенуі
аздық етеді. Расында да балабақша табалдырығынан аттаған балаға
тәрбие беру үшін тәрбиеші маманның өзі
тәрбиелі, білімді, өнерлі болғаны жөн. Тек баламен
ғана емес ата-анамен де дұрыс қарым-қатынасты
дұрыс орната білуі басты міндет болып табылады. Екінші жағынан,
ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып
тәрбиелеу. Халқымыздың баға жетпес құнды
қасиеттерін жастайынан санасына сіңіріп өскен бала
өскенде ұлтжанды, халқының намысын
қорғайтын азамат болмасына кім кепіл?
Әдетте балабақшаға бейімделу
көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ
ішпейді, ұйықтамайды, балалармен және үлкен адамдармен
араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген
қызығушылығы төмендейді, ойыншықтарды
ойынға қатыстырмайды [2].
Баланың
балабақшаға қиын бейімделу себептері: басқа
адамдармен бұрын қалып көрмегендіктен; дәретке
өзі отырып үйренбегендіктен; кейбір тағамдарды жеу
дағдысы жоқ, мысалы қызылша, орамжапырақ, қатты
тамақты шайнап үйренбеген (картоп, нан); балабақшаға
келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу
керек. Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып, баланы
күні бойы балабақшада қалдырады. Осының
нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда
болады. Балаңызбен үйде сөйлесесіз бе, оны
мақтайсыз ба, оны жақсы көретініңіз туралы
айттыңыз ба? Ата-аналардың балаға эмоцияналдық
әсері көбінесе жағдайды қиындатады. Әр отбасында
бейімделудің үш түрі бар: жеңіл түрі –
баланың мінез-құлығы 10-15 күнде қалпына
келеді; орташа ауырлық бейімделу – 1 айдың ішінде; ауыр бейімделу –
2 айдан 6 айға дейін өтеді [3].
Қобалжулары қатты ата-аналардың
балалары да балабақшаға қиын бейімделеді, өйткені
ата-анасының қобалжуын көріп, баланың
қорқынышы ұлғая бастайды. Осы кезде ата-аналар
балаға көмек беруі керек.
Ертеңгілік қоштасуды жеңілдету
тәсілдері:
- Баламен тез қоштасып
үйреніңіз. Қоштасуды созбаңыз. Бала сіздің
қобалжығаныңызды көріп, тыныштануы
ұзаққа созылады.
- Балаңыз сізге сенсін
десеңіз, балабақшаға әкеліп, көрінбей қашып
кетпеңіз.
- Балаңызға
ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз және соны
қатал ұстаныңыз.
Балаға анық түсінік беру керек. Бір
рет болсын баланың дегенін істесеңіз әрі қарай баланы
көндіру өте қиынға түседі. 2-3 жастағы
балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі
құбылыс. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық
жағдайы көп өзгеріске түседі.
Сондықтан кеңес береміз:
- Үйдегі
жағдайды балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей
етіп ұйымдастыруға жұмыстаныңыз.
- Балабақшаның
тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі
тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін
қосыңыз.
- Үйдегі
жағдайда баланың өзіне-өзі қызмет етудің
алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын
сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде
қасықты пайдалану, горшоққа сұрану. Киімдері
міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не
болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.
- Баланың
«әлеуметтік көкжиегін» кеңейтіңіз, ауладағы
өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз,
жолдастарына қонаққа барсын, әжесінеде
қонуға қалсын т.с.с. Осындай тәжірибе
жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер
арасында тез үйренісіп, тіл табысатын болады.
- Баламен
жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол
көбіне ата-ана жағынан болуы қажет, балабақша туралы,
оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп,
аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз.
Есіңізде болсын – Сіз көбірек осындай жылылық
білдірсеңіз сіздің балаңыз балабақшаға тез
бейімделеді. Балаңыздың көзінше балабақша туралы
өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ
болыңыз.
- Бірінші
күні балабақшаға серуенге келген дұрыс,
тәрбиешімен танысып, балаңызға жаңа достар
табуға. Сондай-ақ балаңыздың сүйікті
ойыншығын балабақшаға беріп жібергеніңіз абзал.
- Жоспарлаңыз:
балабақшаға бірінші келген мезгілінде балаңызды бірінші
күні-ақ күн ұзағына қалдырмауды.
Балабақшаға жаңадан келген балалар алғашқы аптада
3-4 сағат, одан әрі түске дейін, айдың аяғына
таман егер тәрбиеші кеңес берсе күні бойына
қалдырылады.
- Кейбір
балалар үшін аптаның ортасында жүйкесін тоздырмау үшін
«демалыс» алуға болады. Бейімделу мерзімінде үйде демалыс кезінде
баламен көп шұғылдануды қажет етеді, серуен жасау,
күн режимін сақтау, ямоциялық жүктемесін түсіру
қажет.
Балабақшаға келетін көптеген балалар
үшін бұның барлығы олардың өмірлеріндегі
алғашқы үлкен күйзеліс болып табылады. Үйде
ата-анасының қамқорлығында өсіп келе жатқан
бала үшін балабақшаға бару үлкен көңіл
аудару мен сүйіспеншілікті қажет етеді.Бала сізге басына сипап,
құшақтап, еркелетіп сөйлеуіңізге мүмкіндік
береді. Тіпті ересектер мұқият қарап,
сақтық шараларын қабылдаған жағдайда да, ол
ауырып қалуы мүмкін, себебі бала әрдайым күйзелісте,
депрессияда болады.Бала әрдайым өзінің назарын
үлкендерге аудара,олардың қарым-қатынасына,
көңіл күйін бақылап отырады. Себебі бейімделу
ол-бірте-бірте дамитын күрделі процесс болып табылады. Әрине
уақыт өте келе бала өзіне көптеген достар тауып,
тәрбиешімен жылы қарым-қатынас орнатып,өзін
үйінде жүргендей сезініп, балабақша өміріне бейімделіп
бағына бастайды.Сондықтан да балабақшаға
бейімдеудің бірден-бір міндеттерінің бірі- баланы балабақша
мейлінше тез бейімдеу, ортаға үйрету, балаға
сүйіспеншілік пен жылулық сыйлау, баланың өзін сенімді
қылу. Егер де бала осының барлығын сезе білсе, балада
балабақшаға деген сүйіспеншілік, сенімділік орнайды. Сол себепті барлық ата-аналарға: «Баланы бірте-бірте бала
бақшаға үйрете беріңіз. Тәрбиешілерге
баланың әдеттері мен қылықтары жайлы хабарлаңыз.
Балаға балабақшада не күтіп тұрғанын айтып
отырыңыз. Балаға зейінді , жанашыр және сабырлы
болыңыз»дегім келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандарты. Астана – 2009.
2. Выготский Л.С. Собр.
соч. Т.4. Детская психология. Москва, Педагогика, 1984.
3. Рубинштейн С.Я.
Экспериментальные методики патопсихологии и опыт применения их в клинике.
Москва, 1970.