БАЛА ДАМУЫНДАҒЫ БЕЙНЕЛЕУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Пайыз И.
-ФИ-15-10қ2 тобының студенті, Койшибаева
Н.И. – к.п.н., доцент, Жунисбекова
Ж.А. – п.ғ.к., доцент, Рысбаева
С.Ж. – с.ғ.к., доцент, М.Әуезов ат.ОҚМУ, Шымкент қ.,
Қазақстан
Балалар
дамуындағы бейнелеу өнерінің рөлі мен маңызы
туралы зерттеулерді талдап және топтастыра отырып, Ф.Фебель, И.Люке,
Г.Кершенштейнер, Р.Арнхейм, А.М.Шуберт, А.Ф.Лазурский, В.Штер, Д.Селли т.б.
Олар баланың бейнелеуінің жас ерекшеліктерімен байланысты
эволюциялық өзгеру динамикасын зерттеген.
Э.Мейман,
Н.А.Рыбников, Ф.Гуденаф, А.М.Шуберт бала салған суреттерді олардың
ақыл-ой қабілеттілігін даму деңгейінің көрсеткіші,
дарындылығының, эмоционалдық дамуының және жалпы
психикалық даму көрсеткіші ретінде зерттеген. Бұл көзқарастар
бала дамуына оның бейнелеу өнермен шұғылдануының
ара қатынасы толық анықталмағанын көрсетеді.
Сондықтан баланың салған суреттерін түсіндіретін
бірнеше теориялар орын алуда.
Зерттеушілер
баланың бейнелеу әрекетін бірнеше кезеңдерге бөліп қарастырады.
К.Риччи оны екі кезеңге бөліп көрсеткен:
1 –
бейнелеуге дейінгі кезең
2 –
бейнелеу кезеңі
Бұл
кезеңдердің өзі бірнеше сатыдан тұрады деп көрсеткен.
Бейнелеуге
дейінгі кезеңнің бірінші сатысы – шимайлар сатысы, екі жастан
басталады. Бұл кездегі әрекет карандаш пен қағазға
қызығушылық нәтижесі болып отыр. Сондықтан ол қағазға
сызып жатқан кезінде тіптен басқа жақа қарап отыруы да
мүмкін. Бұл сатыда бала көзімен көрген заттар бейнелері
мен қағаз бетіне түсіріп отырған бедерлер арасында байланысы
бар екенін түсінбейді. Ол қимыл әрекет жасағанынан үлкен
ләззат алады. Бұл сатыда балаға бір нәрсені бейнелеуді
талап ету, жаңа уілдеуі дыбыс шығарудың ең қарапайым
түрі, баладан сөздерден тұратын сөйлем құруды
талап еткенмен бірдей.
Біртіндеп
қағаз бетіне түсіріп жатқан шимайларға бала назар
аударатын болып, салған шимайларына көп көңіл аударады.
Сапалық жағынан баланың өнері бұрынғыдан өзгермегенімен
оның ынтасы мен ықыласы өзгереді. Ол барлық әрекеттерінде
айқын байқалады, мысалы, аяқ киімін киіп, үстіндегі
киімдерінің түймесін түймелеуі т.с.с. Осы сатыда баланың
әрекетіндегі оң өзгерістерге көңіл аударып, оны
мақтап, марапаттап отырудың маңызы өте үлкен.
Бұл
кезеңнің екінші сатысы – салған суреттерін түсіндіру
сатысы - интерпретациялау. Бұл саты 2-3 жас аралығында орын алады.
Бұл сатыда баланың салған суреті сапалық жағынан
одан бұрынғы сатыдан айырмашылығы өте аз болады.
Шимайлар
сатысысында баланың сызықтар мен формаларды қағаз
бетіне түсіріп, өзінің моторлық әрекеттерінің
үйлесімділігін дамытуының мәні өте терең.
Келесі
кезең – бейнелеу кезеңі. Бұл кезеңнің бірінші
сатысында баланың салған суреттері өте қарапайым болады
(4-5 жас аралығында). Балалардың бұл кездегі суреттері
«мимикалық» болып келеді және бұл сатыны «мимикалық»
саты деп атайды. Олар суретті салған кезде онда не бейнеленген нәрселерді
мысалы, секірген лақ, жүгіріп бара жатқан ит-деп айтып
береді, ал бір-екі күн өткеннен кейін онда не салынғанын сұрасаң,
ұмытып қалады.
Екінші
сатысы (5-6 жас) - схематикалық, жеңілдетілген түрде, даяр қалыпқа
еліктеу арқылы бейнелеу сатысы. Бұл сатыны «графикалық» деп
атаған. Бұл кезде бала суретке түскен нәрселердің
секіруге, үруге қатысы жоқ екенін түсініп, барлық
заттар мен құбылыстарды оларға тән қасиеттермен
сипаттай бастайды.
Үшінші
сатысы – қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды
байқау нәтижелерін бейнелеу сатысы (6 жас). Оны көптеген ғалымдар
«Буквализм» деп атайды.
7-8
жастан бастап реалистік сурет салу кезеңі басталады. Бұл кезде
балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды
ақиқатқа сай сала бастайды. Мұны өткен ғасырдың
ортасына дейін бала дамуындағы үлкен жетістік деп есептейтін еді. Қазіргі
кезде баланың «шығармашылығының тоқырауы» деп
атайды.
АҚШ
психологы Г.Гарднер баланың сурет салуын екі кезеңге бөліп қарастырады.
Ол схемалық кезеңді «Бала суретінің алтын кезеңі» деп
атайды, ал формаларды келтіре бастаған шағын «Буквализм» немесе әліппелік
кезеңі.
Бұл
сыныптастыру бала дамуының ерекшеліктерін толық бейнелемейді, тек қана
олардың дамуындағы іс-әрекеттерінің бір түрінің
орта шамасын анықтайды.
Н.П.Сакулина
ұзақ уақыт зерттеу нәтижесінде 5 жастан бастап
балалардың сурет салу барысындағы мінез-құлық
ерекшеліктеріне сүйене отырып оларды екі типке бөлген:
1-тип -
жеке заттарды салуға көбірек көңіл бөлетіндер.
Олардың сурет салуға икемділігі тез дамиды.
2-тип –
сюжетті сурет салатындар. Олар салған суреттерін сөзбен түсіндіріп,
барлық әрекеттері ойынға айналады.
Баланың
сурет салу үрдісін ұйымдастыруындағы осы ерекшеліктеріне
байланысты Г.Гарднер оларды «коммуникаторлар» және «визуалистер» деп
топтастырған.
Бала
сурет салу барысында эмоционалдық жағынан өзін өте ыңғайлы
сезінеді, сондықтан кейбір олақтық, икемсіздік сезімінен қол
үзе бастайды. Ол өзінің қолынан бір нәрсе
келетініне сене бастайды. Оның шығармасы эстетикалық жағынан
құнды болмаса да, дамытулық жағынан өте жоғары
баға беруге болады.
Топтық арттерапияның бiрден-бiр танымал түрi
– ол бiрлесiп сурет салу. Әрбiр қатысушы жалпы бiр қағазда
немесе тақтада өз ойларына не келедi соны бейнелейдi. Қатысушыларға
өздерi жасаған бейнелерге комментарий жасаулары ұсынылады, ал
терапевт болса, қатысушылар арасындағы контактiлердi ретке
келтiруге көмектеседi
«Арт-терапия» термині (art - өнер, art therapy - өнермен
емдеу) адамның өзінің психикалық эмоциялық күйін
білдіруі мақсатымен пластикалық бейнелеу шығармашылығымен
емдеу дегенді білдіреді. Балалармен психологиялық және бос уақытын
өткізу жұмысының бір бағыты болып табылатын
«Арт-терапияның» негізгі міндеті арнайы техникалардың көмегімен
балаларға өздерінің сезімдерін білдіруді үйрету және
оларда дүниені позитивті тұрғыдан қабылдауды қалыптастыру.
Арт-терапиялық жаттығуды пайдалану баланың
гуманистік диапазонын кеңейтуге арналып, педагогикалық мақсатта
жеткізеді. Бұл әдісті пайдаланғанда сурет сала білу міндетті
емес, бірақ нәтижесінде қабілеті басқа қасиеттермен
бірге ашылуы мүмкін.
Сурет салып отырған адам жағымсыз, жаралы
бейнелерді есіне түсіреді. Сол уақытта туындаған қорқынышты,
ауыр жағдайларды қайта басынан өткізе отырып, сол кезде пайда
болған сезімдер мен арман-тілектерін сыртқа шығарып отырады.
Сол себепті, көптеген стресстік жағдайларда, қорқыныш
сезімін бастан кешу кезеңінде, невроздарда коррекциялық жұмыстар
жүргізу барысында және психологиялық қысымды төмендету
үшін сурет салдыруды пайдаланады.
Әдебиеттер тізімі.
2. Айдарова З. Изобразительное искусство. - Алматы,
2006.
4. Битянова М. Практическая психология. - М.,
1987.