УДК 631. 352.94: 631.353. 72

СУЛАНДЫРУ КАНАЛДАРЫНЫҢ  ТИІМДІЛІГІ

                                     

Оразалиев Берикбай Тлеукабылович

 

        Мақала өзекті мәселе суландыру каналдарының тиімділігін арттыруға бағытталған. Каналдарды әртүрлі жұмыс құралдарымен тазалаудың өсімдіктердің келесі дамуындағы жиілігіне әсері анықталған. Мәселенің қазіргі жағдайын ескеріп, орын алған кемшіліктерді жою үшін оның себептеріне қарсы шаралар қолдану ұсынылған. Бұл каналдардағы өсетін өсімдіктердің өздігінен көбеюін тоқтату үшін, арнайы прибор қолданып өсімдіктердің даму фазасын анықтап, оларды тұқымдық дәндері шашылу фазасына дейін тазалау ұсынылған.

 

Ауылшаруашылығы өнімдері  өндірісінде суғармалы алқаптарға уақтылы және белгіленген көлемде су беру маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі кезеңде республикамызда жаңа шаруашылық экономикалық  қатынастарына өтуіне байланысты және судың жетіспеуінен суғармалы жерлер 40%-дан асатын шамаға кеміді. Таратып айтатын болсақ еліміз егемендік алғаннан кейін пайда болған кіші шаруашылықтардың үлкен егіс алқаптарын игеруге шамалары жетпейді. Судың жетіспеуі біріншіден мемлекетіміздің териториясында су көздерінің болмауынан, көрші мемлекеттерге тәуелділіктен, ал екіншіден бар немесе берілген суды тиімді пайдаланбаудан туындайды. Айтылған бірінші мәселе ауылшаруашылық мамандарына, жұмыскерлеріне тәуелсіз фактор, ал екіншісі- ол берілген су көлемін тиімді пайдалануға жеткілікті көңіл аудармауға тікелей байланысты болады.

Суды тасымалдауда жер негізіндегі каналдар кеңінен тараған, олардың кемшіліктері пайдалану барысында тасымалданатын судың көп ысырап болуында. Айтылған жағымсыз жағдай судың табиғи булануынан, жерге сіңуінен және өсімдіктердің жапырақтарынан транспирациясынан туындайды [1]. Бұл жоғалтылуларды шектеудің тиімді тәсілдерінің бірі каналдардың беттеріне сіңуге қарсы арнайы экрандарды орнату болып табылады. Арнайы экрандарды орнату қаржылық жағдайға байланысты кеңінен қолданыс таппады.

Каналдарда өсімдіктердің өсуі транспирацияға су шығынын ұлғайтумен қатар судың каналдағы ағуына кедергі келтіріп, суғармалы егіс алқаптарына уақытында қажетті көлемде су жеткізуге кері ықпалын тигізеді. Айтылғанмен қатар каналдардағы өсімдіктер тұнбаның пайда болуының бірден- бір себепкері болып табылады. Арналарды уақтылы өсімдіктерден тазалауға машиналардың жеткіліксіздігі және орындайтын жұмыстарының сапасыздығы мүмкіндік жасай алмайды.

Біздің ойымызша аталған мәселені шешудің келесі жолдарын атауға болады. Канал-дардағы судың жоғалтылуын төмендету мақсатында каналдардың жұмысшы беттерін бетондау немесе бетон науалардың құрылысы үлкен қаржылық шығындармен жүзеге асырылады. Оған қазіргі кездегі кіші шаруашылықтардың мүмкіндіктері келмейді. Екінші бір жолы каналдарға техникалық қызмет көрсету, яғни күтіп баптау жұмыстарын уақтылы жүргізу альтернативті бағыт екенін айтқан дұрыс. Аталған жұмыстардың құрамындағылардың ішінде кезеңді, жиі орындалатыны араналарды өсімідіктерден тазалау. Ол үшін мекемелерде науқанды қолданылатын машиналар кешені болуы тиіс. Ондай кешеннің болуы тек қосымша пайдалану және сақтау шығындарын туындатады.

Айтылғанға байланысты шығындарды төмендету мақсатында жоғарғы өнімділікті машиналарды пайдалану қолданылатын машиналардың санын төмендетуі мүмкін. Туындаған жағдайда арнайы арнайы химиялық дәрілерді өсімдіктерді жоюға қолдану тиімді әдістердің бірі ретінде қарастыруға болады. Бірақ тәжірибе көрсеткендей ол өсірілген өнім арқылы жануарлардың, адам ағзаларына белгіленген мөлшерден артық түскенде зиянды әсер тигізгендіктен тиімсіз болып есептеледі.

Қарастырылып отырған салада, басқа да салалардағы сияқты осы уақытқа дейін кемшіліктің нәтижелерін жою бағытында шаралар қолданылып келді. Ал себептерін алдын- ала тоқтату бойынша ешқандай жұмыстар орындалмады десе де болады. Осыған байланысты жүргізілген талдау негізінде мақсатқа жету үшін біз келесі мәселелерді қойдық:

-  әртүрлі жұмыс құралдарымен каналдарды өсімдіктерден тазалағаннан кейін өсімдіктердің жиілігінің өзгеруін анықтау;

-  каналдарды өсімдіктерден тазалаудың тиімді мерзімін анықтау;

-  канал тазалаудың тәсілін ұсыну.

Белгіленген мәселелерді шешу үшін суландыру каналының тәжірибелік бөлігінде өсімдіктерден тазалау үшін бір шөмішті экскаватор, фрез- барабанды (шнекті) каналтазалағыш, қарапайым жабдық және орақ қолданылды.

Бір шөмішті экскаватормен тазаланған бөлікте тәжірибелік бақылаумен екі айға дейінгі мерзімде каналдың құлама жағасында, жағасында қоршаған орта температурасына байланысты ешқандай өсімдіктердің өсінділерінің болмайтыны анықталды. Бұл бір ожаулы жұмыс құралымен тазалау жұмыстарын жүргізгенде өсімдік сабақтарын, оның тамырларын тіспен және кемерлермен кесіп зақымдайды. Бұндай әсер өсімдіктердің дамуын біраз уақыт бойы тежейді, бірақ каналда судың болуы, оның капиллярмен көтерілуі өсімдіктердің одан ары дамуына жағдай жасайды. Өз кезегінде экскаватор канал жағасымен қозғалып, топырақты тығыздап ондағы өсімдіктердің дамуын тежейді.

Каналдарды фрез- барабанды жұмыс құралды машинаны қолданумен тазалау бастапқыда сабақтарды кесіп, майдалап одан ары гидротехникалық құрылымға дейін сумен тасымалданады, аталған бөгет құрылымда жиналып грейфермен сыртқа шығарылады. Бұл тазалаудан кейін өсімдіктер әртүрлі пәрменмен өсіп жетіледі.

Шнекті жұмыс құралды машинамен каналдарды өсімдіктерден тазалағанда сабақтарды кесіп, майдалап құлама жаға бетімен тасымалдағанда өсінділердің топырақ бетіне өсіп шығуы уақыт бойынша кешігуі байқалды. Ол майдаланған массаның өсінді өсетін бетпен тасымалдануынан және жұмыс құралының әсерімен бетті әлдебір тығыздаудың нәтижесі.

Қарапайым құрал ретінде трактордың шынжыр табаны қолданылды. Бұл құралмен өсімдік сабақтарын жаншып, жұлып өткеннен кейін шамамен он бес күннен кейін жаңа өсінділер пайда бола бастады. Бұндай айтылған жұмыс құралымен каналдарды өсімдіктерден тазалау үлкен энергия шығынымен және  орындайтын жұмысының төменгі сапасынан кеңінен тарамады

Қол орағымен өсімдіктерді орып тазалағаннан кейін жаңа өсінділердің жер бетіне шығуы он- он бес күн ішінде байқалды. Байқалғаны алдындағы келтірілген жұмыс құралдарына қарағанда бұл тазалауда өсімдіктердің өсуінің пәрменділігі анықталды, өйткені бұнда топырақ бетіне құралдың әсері минималды болып өсінділердің өсуіне салыстырмалы жақсы жағдай туындатылады.

Айтылғанмен қатар тәжірибе барысында әр жұмыс құралымен тазалағаннан кейін өсімдіктердің жиілігінің өзгеруі де анықталды. Зерттеу үрдісінде барлық әдістерде әр тазалаудан кейін өсімдіктердің бір квадрат метрге келетін сабақтарының саны мен массасының төмендегені белгілі болды, бұл соңғы екі айда анық байқалды, өйткені аталған кезең өсімдіктің пісіп жетілу кезеңіне сәйкес келеді.

Бір бөліктерде ай сайынғы өсімдіктерді ору әлі шашақ пайда болмаған кезеңде жүзеге асырылса, ал екінші бөліктерде барлық сабақтарда шашақ пайда болғанда орындалды. 

Сонымен қатар келесі жылдары өсімдіктердің толық пісіп жетілген кезеңінде бір шөмішті экскаваторлармен тазаланған канал бөліктерінде өсімдіктердің сабақтарының бір квадрат метр ауданға келетін санының өскені анықталды.

Өсімдіктердің сабақтарының бір квадрат метрдегі саны тәжірибелік бөліктерде кеш тазалау жүргізілгенде өскені анықталды, өйткені бұл жағдайда пісіп жетілген өсімдіктердің тұқымдарының топыраққа сіңірілуі кеңінен жүзеге асырылды.

Әдетте суландыру каналдарындағы ең көп тараған қамыстардың тұқымдарының пайда болуы шілде айының ортасында немесе қоршаған орта температурасына байланысты одан да ерте болуы мүмкін, сондықтан көрсетілген мерзімге дейін арналарды өсімдіктерден тазалау тұқым шашу минималды болғандықтан тиімді болған болар еді.

Ал тазалау жұмыстарын кеш жүргізгенде өсімдіктердің  тұқымдық дәндері топыраққа түсіп өсіп өнеді, болмаса суға түскендері сумен тасымалданып суландыру алқаптарына жеткізіліп, онда арам шөптердің дамуына қолайлы жағдай туындатады.

Бір шөмішті экскаваторлармен каналды тазалағанда өсімдік сабақтары тұнба топырақпен бірге кесіліп, араластырылады да тұқымдық дәндердің төгіліп топырақпен араласуына қолайлы жағдай туындатылады. Бұндай үрдіс шнекті жұмыс құралдарын қолданғанда да орын алады, бірақ жоғалтылу деңгей біршама төмендеу болады. Қалған құралдарды қолдануда жоғалтылу, араластыру төмен болғанымен, олардың өнімділіктері өте төмен. Сондықтан өсімдіктердің канал аймағында өздігінен тұқым шашып көбеюін тежеу үшін ғылыми нақтыланған каналда өсетін өсімдіктердің пісіп жетілуін анықтау өзекті мәселе болып табылады.

Бес жыл ішінде жүргізілген тәжірибе жұмыс құралының түріне қарамастан каналдардағы өсімдіктерді олардың тұқым шашуына дейін тазалау сабақтардың жиілігін 12...18 %- ға дейін төмендейтіні анықталды (Сурет 1).

Ауылшаруашылығы өндірісінде өсімдіктердің пісіп жетіліуін анықтау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ол мәдени өсімдіктерді жинауда ысырапқа жол бермеуге, ал арам шөптердің тұқымын шашпай жоюға мүмкіндік туындатады.

Ұсынылған әдісте жинау алдындағы пісіуін анықтау мақсатында алдын- ала өсімдіктердің өнімділік бөліктерінің түсін толық пісу кезеңінде толық едентификациялайды да, автономды қабылдағыштың есте сақтау бөліміне енгізіп, алқаптағы өсімдіктердің түсіне сәйкес келгенде оны пісіп жетілген деп есептейді. Автономды қабылдағыштың түсі белгілі аралықтан қабылдау мүмкіншілігі болады.

Өсімдіктердің пісіп жетілуін анықтау тәсілін жүзеге асыратын құрылымда ақпаратты битті жазатын оптикалық есте сақтағышпен жабдықталған биомассаның масақтарының боялу пәрменділігін өлшеуге арналған автономды қабылдағыштың есте сақтағышы болады. Сонымен қатар автономды қабылдағыштың есте сақтағышы сигналды сандық камерада өңдеу сұлбасымен дайындалған.

Есте сақтаудың голографиялық жүйесінде күрделілеу оптикадан басқа келесі екі қосымша элементтердің болуы талап етіледі: ақпараттың екі массивін жасақтау, яғни басқарылатын транспарант және фотоқабылдағыш матрица. Голографиялық беттік жазбалы құрылымда лазерлік сәуле тірек және сигналды ағындарға бөлінеді. Сигналды сәуле басқарылатын транспарант арқылы өтіп, ақпарат тасығышқа келеді, онда тірек ағынымен әсерлесіп интерференциялық картина жасайды, ол тіркеу ортасында тіркеледі. Сәуленің әр ауытқитын жағдайы бүтін бетті адресациялау үшін қолданылады.

Оқуда сигналды сәуле қақпақпен блокирленеді; тіректі ағын оқитынға айналып, қалпына келтірілген ақпарат бетінің бейнесін қабылдағыштың матрицасына проекциялайды. Нәтижесінде оқу барысында ақпараттың бүтін беті электронды таңдауда қол жететіндей болады. Оптикалық жүйе тірек және сигналды сәулелердің жазу ортасында сәйкестігін және әртүрлі адрестерде жазуда сигналдық сәулелердің басқарылатын транспаранттарға салыстырмалы бұрылуын қамтамасыздандырады.

Цифрлық камераның жылдамдығы берілгендерді өңдеу және компрессия құрылымдарының жұмысына байланысты болады. Цифрлық камералардың жоғарғы сапасы оны іске қосқаннан түсіруге дейінгі уақыттың аздығы мен түсіру интервалының қысқалылығы үлкен мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік жасайды.

Сурет 1- Жұмыс құралының түріне байланысты каналды тазалағаннан кейін өсімдік сабақтарының жиілігінің өзгеруі

Каналдардағы ең көп тараған қамыс өсімдігінің тұқымдық дәндерінің төгілуін арнайы прибормен анықтағанда биомасаның пісіп жетілуіне байланысты келесі тәуелділік анықталды (сурет 2).

Сүттік пісу фазасында тұқымдық дәндердің төгілуі 20%- ды құрап тиімді еместігін көрсетеді. Қамыстың дәндік тұқымдарының 11%- дық төгілуінің өзі канал тазалаудың өте кештігін көрсетеді, өйткені тұқымдық дәндердің төгіліп өсімдіктің өздігінен көбею мүмкіндігі туындайды. Сонымен каналдарды тиімді тазалауды тек өсімдіктің сүттік пісу фазасында ғана жүзеге асыруға болады.

 

Сурет 2- Каналды өсімдіктерден тазалаудың тиімді мерзімін анықтау графигі

Жүргізілген зерттеулер негізінде ұсынылған арнайы прибор каналтазалағышқа орнатылып өсімдіктің пісу фазасын анықтайды. Негізінде бұл прибор машиналар мен басқада құралдарды пайдаланғанда да қолдануға болады.

Сонымен каналды өсімдіктерден тазалауды құрамында өсімдіктің пісіп жетілу фазасын анықтайтын приборы бар кешенмен жүзеге асыру, өсімдіктің өздігінен көбеюін тежеу арқылы каналдағы өсімдіктердің көлемін, яғни оған байланысты орындалатын жұмыс көлемін де төмендетеді. Бұл қарастырылып отырған қолайсыз жағдайларды туындататын себептерді тоқтатады.

 

Қолданылған әдебиет

 

1. Раимбаев А.Т., Оразалиев Б.Т.Методика и результаты исследования состояния оросительных каналов в условиях Джамбулской области/ Сборник научных работ, Саратов, Саратовский СХИ им.Н.И.Вавилова.1983 С 112...116