C. Жұмаділлаева, А. Құрманбек, К. Аманова

А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ–түрік университеті, Қазақстан

 

3-МЕТОКСИ-4-ОКСИБЕНЗАЛЬДЕГИДРАЗОНДЫ КАТАЛИТТІК АЛУ ӘДІСІН ЗЕРТТЕУ

 

Карбон қышқылдарының гидразондары физиологиялық активті заттар, мономерлер, жартылай өнімдер, өсімдіктердің өсу реттегіштері ретінде кеңінен қолданылады. Изоникотин қышқылының гидразондары фтивазид және метазид туберкулезге қарсы қолданылатын маңызды эффективті препараттар болып саналады [1]. Гидразондарды өздеріне сәйкес карбон қышқылдарынан және олардың туындыларынан синтездейді, ал бұл қосылыстарды негізінен көмірсутекті шикізатты калий перманганатымен немесе азот қышқылымен сұйық фазада  тотықтыру арқылы алады. Мысалы, өндірісте изоникотиноил-(3-метокси-4-оксибензаль)-гидразонды (фтивазидті) алты сатылы процесс арқылы синтездейді [2]. Бұл әдістің кемшіліктеріне процестің көп сатылы жолмен жүруі, жанама өнім ретінде қауіпті жарылғыш нитроқосылыстардың түзілуі, коррозияға төзімді  қымбат қондырғыларды қажет етуі жатады.Анағұрлым преспективті әдіс гидразондарды гетерогенді катализатор қатысында синтездеу болып табылады. Сондықтан гетерогенді катализаторларды қолдану арқылы пиридинкарбон қышқылдарының гидразондарын синтездеу өзекті мәселе болып табылады.

Қарастырылып отырған жұмыстың мақсаты – алғашқы рет изоникотин қышқылы гидразидінен әлсіз негізді анионит АН-31(ОН) қатысында изоникотиноил-(-3-метокси-4-оксибензаль)-гидразонды синтездеудің тиімді әдістерін ойластыру, яғни процестің оңтайлы жағдайларын анықтау болып табылады.

Сулы ортада изоникотин қышқылы гидразиді (ИҚГ)                                        3-метокси-4-гидроксибензальдегидпен әрекеттесіп, реакцияның негізгі өнімі ретінде изоникотиноил-(3-метокси-4-оксибензаль) гидразон түзіледі:

 

 

Бұл процеске әртүрлі факторлардың (3-метокси-4-гидроксибензальдегид (БА) концентрациясының, су және катализатор мөлшерінің, реакция ұзақтығының) әсерлері зерттелді. Бастапқы қоспада 0,3г ИҚГ-не алынған 3-метокси-4-гидроксибензальдегид мөлшері жоғарылаған сайын гидразонның шығымы (87%-ға дейін) артады (сурет 1.). Гидразон шығымына 3-метокси-4-гидроксибензальдегид мөлшерінің тәжірибе ұзақтылығының әсері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                     

 

             

 

 
ИҚГ:Кт:Н2О=1:2:29 (мaсс.)

t = 2сағ;  t=950С

Сурет 1. Гидразон шығымына 3-метокси-4-гидроксибензальдегид мөлшерінің     әсері

 

Бірақ бұл  реагент концентрациясының ары қарай жоғарылауы процестің селективтілігін төмендетеді. Бұл жағдай гетерогенді сілтілі катализ кезінде байқалатын жанама конденсация процестерінің жүруімен байланысты болуы мүмкін.

Реакцияның толық аяқталуына 2 сағат бойы реакциялық қоспаны араластыру жеткілікті болады,өйткені жанасу уақытын ары қарай көбейту гидразон шығымының елеулі өзгерісіне әкелмейді. Процесте қолданылатын су мөлшерін 6-12г аралығында жоғарылатқанда, оны 10 граммнан артық алудың қажеті жоқ екендігі анықталды, бұл кезде  реакциялық қоспадағы ИҚГ және                                          3-метокси-4-гидроксибензальдегид концентрациялары сұйылту нәтижесінде төмендеп, гидразон шығымы азаяды.

Гидразон түзілу процесіне катализатор мөлшерінің әсері зерттелді. Реакцияға қатысатын анионит АН-31(ОН) мөлшері жоғарылаған сайын гидразон шығымы төмендейді (55%). Бұл жағдай анионит мөлшерін арттырғанда реакция өнімінің анионит бетіндегі адсорбциясының күшеюімен түсіндіріледі.

Изоникотин қышқылының гидразидінен фтивазидті АН-31 аниониті қатысында синтездеу процесін ИҚ-спектроскопиялық әдіспен зерттелді.   ИҚГ-нің ИҚ-спектрінде 1300-1700 см-1 сіңіру аумағында жиілігі 1330 см-1 және 1675 см-1 интенсивті жолақтар байқалады, олар С-N және С=O топтарының валенттік тербелістеріне сәйкес келеді. Жиілігі 1420, 1500 және 1600 см-1 жолақтар пиридин сақинасының скелетті тербелістерін сипаттайды, ал жиілігі 1630 см-1 жолағы NH2-тобының тербелістерінен пайда болады.     

        Изоникотиноил-(-3-метокси-4-оксибензаль)-гидразонның ИҚ-спектрінде жоғарыда аталған сіңіру жолақтары байқалады, сонымен бірге мұнда 1380-1500 см-1 сіңіру аймағындағы жолақтар бензол сақинасының скелетті тербелістеріне, 1600-1700 см-1 сіңіру жолақ ОН- тобының деформациялық тербелістеріне жатады. Жиілігі  1610 см-1 интенсивті жолақ С=N тобының деформациялық тербелістеріне сәйкес келеді. Жиілігі 1100 см-1 сіңіру жолағы N –N байланысының валенттік тербелістеріне жатады.

         Сонымын, алғашқы рет практикалық маңызды изоникотиноил-(-3-метокси-4-оксибензаль)-гидразонды анионит АН-31 (ОН) қатысында синтездеу мүмкіншілігі көрсетілді.

 

Әдебиет

1.     Китаев Ю.П., Бузыкин Б.И. Гидразоны. М.:Наука, 1974,406с.

2.     Рубцов М.В., Байчиков А.Г., Синтетические химико-фармацевтические препараты-М.:Медицина, 1971.-184с.