Психология/Психология развития
Психол.ғ.к., доцент Аманова И.Қ.
Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
Казақстан Республикасы, Алматы қ.
ӨЗІН-ӨЗІ ТАНЫТУДЫ
АЙҚЫНДАЙТЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
СИПАТТАМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ШОЛУ
Тұлғаның
танытуын зерттеуге арналған көптеген жұмыстардың
арасынан, біздің пікірімізше, осы зерттеулердің төрт
бағытын бөліп көрсетуімізге болады. Бірінші
бағыттың шеңберінде тұлғаның
өзін-өзі кәсіптік жүзеге асыру және
өзін-өзі бекіту контекстінде тұлғаның таныту
ерекшеліктері зерттеледі. Екінші бағыт тұлғаның
қалыптасуы кезіндегі оның өзін-өзі таныту
феноменінің спецификасын, оның жас ерекшеліктерін суреттейді. Үшінші
бағыт әлеуметтенудің субъекттің әртүрлі
мәдениеттерде танытуына әсерін, олардың ерекше сипаттамаларын
зерттейді. Және де, ақырында, зерттеулердің төртінші
бағыты танытудың тұлғаның басқа
қасиеттерімен өзара байланысын анықтайды және талдайды.
Сірә, соңғы бағыт ең қиыны және
азырақ жете зерттелгені болса керек. Таныту мен оның корреляттарын
зерттеуге арналған зерттеулер тұлғаның таныту
деңгейіне тұлғаның сан көптеген
қасиеттерінің күрделі кешенінің айтарлықтай
әсерін тигізетінін куәландырып отыр, алайда аталған бағыт
шеңберінде жүзеге асырылған жұмыстардың
нәтижелері айтарлықтай қарама-қайшылықты болып
отыр.
Әлеуметтік
өмір салты жағдайларында жетекші құндылық болып
адамның тұлғасы табылады. Дәл сондықтан адам
потенциалын пайдалану мәселесі адам прогресінің,
тұлғаның және жалпы алғанда қоғам
дамуының факторларының бірі болып табылады. Мейлінше көбірек
жүзеге асырылуға және қоғамға пайда
келтіруге қабілетті дербес, белсенді, мақсатты, творчестволық
адамдар қажет. В.Ф. Сафиннің пікірінше, бұл жағдайда
субъектінің өз-өзіне қатысты творчестволық
бастауы айтарлықтай маңызға ие болады [1].
Осыған
байланысты адам туралы ғылымдарда, оның ішінде психологияда,
тұлғаның өзін-өзі дамыту, өзін-өзі
жүзеге асыру және таныту мәселесі жиі-жиі
қызығушылық тудыруда. Өзін-өзі дамыту және
өзін-өзі жүзеге асыру идеясы адам туралы көптеген
тұжырымдамалар үшін өте маңызды болып табылады.
А.А. Реанның
пікірінше, өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жүзеге
асыруға деген көкейтесті қажеттілік кемелденген
тұлғаның негіз қалаушы қасиеті, адамның
ұзақ жыл жасауының, оның ішінде кәсіптік
ұзақ жұмыс істеуінің қайнар көзі [2]. Осыған орай тұлғаның өзін-өзі
танытуының әртүрлі қырларын зерттеу ерекше
өзектілікке ие бола бастайды .
Жеке
басының өзіндік келбетінің және әлеуметтік орта
ерекшеліктерінің негізінде тұлға ішкі потенциалын
ашуға, яғни танытуға қабілетті. Өзін-өзі
таныту – бұл адамның өзін-өзі жүзеге
асыруға, өз потенциялдарын мүмкіндігінше
толығырақ дамытуға деген ұмтылысы (А. Маслоу). Танытуды
зерттеудің қиындығы оның өзіне бірқатар
жеке бас қасиеттерін қосатын кешенді де күрделі
құрылым болып келетіндігімен тұсіндіріледі. Теориялық
және эмпирикалық зерттеулер өзін-өзі танытушы
тұлғаға өзін-өзі құрметтеу,
өзін-өзі қабылдау, автономиялылық, өзіне
сенімділік, креативтілік және т.б. тән екендігін көрсетіп
отыр (Л.Л. Гозман, М.В. Кроз, И.Б. Дерманова, Н.Ф. Калина және т.б.). Бұл
мәліметтер, біздің ойымызша, одан әрі зерттеуді және
дәлдеп тексеруді қажет етеді.
Тұлғаның
өзін-өзі дамытуының үздіксіз үрдісі ретіндегі
өзін-өзі таныту тұлғаның өзін-өзі
таныту динамикасын зерттеуді қажет етеді (Р.К. Мамеркулова, Л.А. Рудкевич,
Е.Ф. Рыбалко және т.б.).
Психологияда
мазмұны бойынша өзін-өзі таныту ұғымына
жақын бірнеше термин қолданылады, олар өзін-өзі таныту
ұғымын толықтырып, оның мәнісін түсінуге
көмектеседі. Кей кездері таныту мағынасы бойынша жақын осы
ұғымдардің көмегімен түсіндіріледі. Олардың
арасынан «өзін-өзі жүзеге асыру», «трансценденция»,
«өзін-өзі бекіту», «өзін-өзі көрсету»,
«өзін-өзі жетілдіру» секілділерін бөліп көрсетуге
болады.
«Өзін-өзі
таныту» және «өзін-өзі жүзеге асыру»
ұғымдарының өзара байланыстарын
қарастырайық. Адамның таныту феноменіне қатысты
тұжырымдамалар өзін-өзі таныту мен өзін-өзі
жүзеге асыруды мәні бойынша жақын, синоним
ұғымдар деп сипаттайды. Адамның өз мүмкіндіктері
мен қабілеттерін толықтай анықтауға және
дамытуға ұмтылысы (гуманистік психологтар), өз дамуының
ішкі тенденциясын толықтай анықтауға және
дамытуға ұмтылысы (Ф. Перлз
бастаған гештальттерапевтер), адамның өзі бола алатын
тұлға болып шығуға ұмтылуы және басқа
да тұжырымдамалар осы екі түсінікті бір кешенде қарастыру
керектігін айтады. Олар бірін бірі толықтырып отырады және
көптеген жағдайларда синонимдер секілді қолданылады. Л.А.
Коростылеваның пікірінше, «өзін-өзі таныту» және
«өзін-өзі жүзеге асыру» терминдерінің
интерпретациясындағы кейбір айырмашылықтар
тұлғаның көрініс табуының әртүрлі
жақтарымен байланысты. Оның пікірінше, тұлға тіршілік
етуінің ішкі (субъективті) және сыртқы (объективті)
жағынан байқалады. Бұл жағынан алғанда таныту
үрдісі тұлғаның ішкі аспекті ретінде, ал таныту
сыртқы аспект ретінде көрініс табады. Онымен қоймай, Л.А.
Коростылева өзін-өзі таныту ұғымын өзін-өзі
жүзеге асырудың жоғарғы деңгейі ретінде
суреттейді. Оның пікірінше, «ең толық өзін-өзі
жүзеге асыру мән-өмірлік және
құндылық бағыттарын жүзеге асырудан тұрады,
яғни мәндік, аутентикалық өзін-өзі жүзеге
асыру – танытуға деген қажеттіліктерді өзінің
қабілеттері мен дарындарын жүзеге асыруға ұмтылу
ретінде жүзеге асыру орын алады. Мұндай өзін-өзі
жүзеге асыруды өзін-өзі беру, өзін-өзі іске асыру
деп атайды [3, 25 б.]. Өзін-өзі жүзеге асырушы
тұлғаның танытушы деп аталуы сирек емес. Таныту ықтимал
өзін-өзі жүзеге асырудың қайнар көзі
ретінде түсініледі. Алайда таныту – бұл әрқашан да
таныту, яғни өзін, сырттағы өзінің шынайы жаратылысын
көрсету болғаны секілді, өзін-өзі жүзеге асыру да
– бұл әрқашан да өзінің шынайы «Менін»
жүзеге асыру. Сондықтан да таныту мен өзін-өзі
жүзеге асыру көбінесе синонимдер ретінде қолданылады. А.А.
Реанның көзқарастарына сәйкес, «өзін-өзі
трансценденциялау феноменімен байланыстан тысқары алынған
өзін-өзі дамыту және таныту идеясы тұлғалық
кемелдену психологиясын құру үшін жеткіліксіз болып табылады [2,
35 б.]. Бұл үшін таныту мен өзін-өзі трансценденциялау
туралы бірыңғай үрдісте бірін бірі толықтыратын
ұғымдар секілді түсінік қажет болады. Адам потенциалын
ашуға, өзін-өзі сәйкестендіруге және өзін-өзі
қабылдауға қол жеткізуге басым бағытталуы бар
гуманистік психологияда потенциалды түрде эгоцентризм
тәуекелінің негізі салынған деген пікір бар. Бұл кезде
өзін-өзі трансценденциялау идеясы ұмыт қалғандай
болады. Өзін-өзі трансценденциялауды елемеудің қауіпті
екендігіне алғашқы болып назар аударған В. Франкл болатын. Ол
«гуманистік психология қаншалықты гуманистік» деген сауал
қойғанында, өзін-өзі таныту және
өзін-өзі трансценденциялау идеяларының ара
қатынасындағы дәл осы диспропорция жөнінде айтқан
болатын [4].
Өзін-өзі трансценденциялау адамның
өз «Менінің» шегінен шығуымен, оның
қоршаған адамдарға, өзінің әлеуметтік іс-әрекетіне,
басқаша жеткізер болсақ, қалай да болсын адамның
өзімен ұқсастыруға болмайтынның бәріне
басым бағыт-бағдар алуымен байланыстырады. Қалай
болғанда да, алайда екі альтернатива ретінде өзін-өзі
трансценденциялау мен танытуды үзілді-кесілді қарсы қою, А.А.
Реанның пікірінше, мақсатқа лайықты іс емес.
«Гуманистік қараудың күші және оның
дамуының болашағы осы екі бастауды етене байланыстырудан
тұрады» [2, 36 б.]. Батыс психологиясында гуманистік тұжырымдаманы
жақтаушылар (А. Маслоу, К. Роджерс, В. Франкл және т.б.)
әдетте таныту және өзін-өзі көрсету
ұғымдарін анық ажыратпайды. Олар көбінесе синонимдер
ретінде қолданылады және айтарлықтай мағыналық
айырмашылықтарға ие болмайды. Отандық психологияда осы екі
түсініктің айырмашылығына К.А. Абульханова-Славская акцент
жасауда, ол өзін-өзі таныту тек қана тұлғада
тұрақты Мен-тұжырымдамасы, Мен-бейнесі
қалыптасқан кезде, тұлға өзінің қабілеттері
мен мүмкіндіктерін толығымен ұғынған және
түсінгенде ғана жүзеге асырылады деп есептейді. Ішкі
дүние сезімін және дүниені қабылдауды негізге ала
отырып, тұлғаның сыртқы танытуы (өзін-өзі
жүзеге асыруы) немесе өзін-өзі көрсетуі де
ықтимал. Алайда өзін-өзі көрсету, ішкі
тұлғалық алғышарттарға ие болмай, танытудың
сыртқы атрибуты ретінде көрініс табуы мүмкін.
Көрсететін ештеме болмаған кезде, осылайша көпе-көрнеу
өзін-өзі көрсетуді К.А. Абульханова-Славская «жасы асып
кеткен инфантилизм» деп атайды [5].
Өзін-өзі
көрсетудің осыған ұқсас сипаттамасын В.С. Мерлин
береді. Ол өзін-өзі көрсету деп тұлғаның
мотивациялық бағытталу факторларының бірін түсінеді. Егер
А. Маслоу өзін-өзі көрсетуді танытумен
ұқсастырып, оны тіршілік әрекетінің алуан түрлі
салаларында, әртүрлі заттарға өзін-өзі
көрсету ретінде түсінсе, В.С. Мерлин өзін-өзі
көрсету деп шындыққа жалпылама қарауды, жалпы
алғандағы тұлғаның тіршілік
әрекетінің ортақ бағытталуын көкейде
ұстайды [6].
Батыс
психологиясында да, отандық психологияда да өзін-өзі
жетілдіру жеке бастың өсуі мен дамуының нәтижесі,
тұлғаның өзін-өзі танытуының, яғни
оның потенциалдық мүмкіндіктері мен
қабілеттерінің танылуының нәтижесі болып табылады.
К.А. Абульханова-Славскаяның
пікіріне сәйкес, танытуды өзін-өзі жетілдірусіз
қарастыру мүмкін емес, тек олардың диалектикалық
бірлігінде ғана қарастыруға болады. Өзін-өзі
жетілдіру деп К.А. Абульханова-Славская мәдениетке қосылу
үрдісін, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін үнемі
дамытып отыруды, өз білімдерінің деңгейін көтеруді
түсінеді [5].
Л.А. Коростылёва, осы ұғымдардің бірлігін баса көрсете
отырып, танытуды (өзін-өзі жүзеге асыруды)
өзін-өзі жетілдіру арқылы анықтайды. Ол былай деп
жазады: «өзін-өзі жүзеге асыру – бұл бір
өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу, яғни
тұлғаның ... өз мүмкіндіктерінің
үнемі өсуіне, осының негізінде жоғары жалпы
адамзаттық құндылықтар жатқан өз іс-әрекетінің
сапасын арттыруға бағытталған ең жоғарғы
қажеттіліктерінің бірі » [3, 38 б.].
Барлық
бөліп көрсетілген категориялар тұлғаның
танытуының әртүрлі жақтарын ой елегінен өткізу
нәтижесі болып келеді және бір бірінің мәнін
үйлесімді толықтырып отырады. Сонымен күрделі және
көпқырлы құбылыс ретінде өзін-өзі таныту
оны зерттеуде әр түрлі тұрғыны талап етеді.
Әдебиеттер:
1.
Сафин В.Ф. Психология
самоопределения. - Свердловск, 1986. -
186 с.
2.
Реан А.А. Самоактуализация и самотрансценденция личности // Психология
личности в трудах отечественных психологов. - Спб., 2000. - 480 с.
3.
Коростылева Л.А. Психология самореализации личности: затруднения в
профессиональной сфере. - СПб.: Изд-во «Речь», 2005. – 222 с.
4.
Франкл В. Человек в
поисках смысла. - М.: Прогресс, 1990.- 366 с.
5.
Абульханова-Славская
К.А. Стратегия жизни. - М., 1991. – 299
с.