ӘОЖ 633.863.2:631.52

 

МАҚСАРЫНЫҢ ЖАҢА «САРША» СОРТЫ

 

К. ғ. қ М.М. Жамалбеков,  а.ғ.к М. Қоңырбеков Ғ қ. Н.Н. Оразалиев

anarbay_68@mail.ru

ЖШС «Красноводопад АШТС» Қазақстан, Шымкент

 

Қазақстан Республикасы Үкметінің жарлығымен, майлы дақылдар алқабын кеңейту арқылы елді мақсары майымен қамтамасыз ету.

 Оңтүстік Қазақстан обылысы Красноводопад ауылшаруашылық тәжірибе станциясы дәнді дақылдар, бұршақ тұқымдастары, көп жылдық шөптер және майлы дақылдар ішінде мақсары селекциясымен айналысады. Жер бедері теңіз деңгейінен 593 метр биіктікте, жартылай қамтамасыз етілген аймақта орналасқан. Жауын-шашын мөлшері 400-600 мм құрайды. Мақсарының өнімділігі жоғары сорттарына Нурлан, Акмай, Ииркас және Мөлдір жатады. Бес жылдық сорт сынау нәтижесінде іріктеу арқылы алынған мақсарының жаңа «Сарша» сорты шығарылды. авторлары; М Қоңырбеков., М.М Жамалбеков., Т.М Кубенова.

Ботаникалық сипатамасы. Бұл сорт мақсарының жұмсақ тікенекті түріне жатады. Мақсары айқас тозаңданады, бірінші сабақта аймақтың ылғалдылығына байланысты  12 - 16  дан  22 – 24 қорапшаға дейін жетеді,бірінші сабақшасы 40 – 50 см  құрайды, қорапшаның сыртқы жапрақшалары тікенекті күмбез секілді  диаметрі орташа есепен  2 -2,5 см болып келеді.

Бастапқы гүлдеу кезеңінде түсі ақшыл – сары ал пісу кезеңінде  ақшыл - сары қызғыштау келеді, дәндері ақ түсі күмбез тәрізді екі қырлы  мұртсыз болып келеді. Қорапшада шамамен 25 – 35 дән болады.

Шаруашылық құнды белгілері. Сортың пісу мерзімі орта, Көктемгі егісте вегетациялық мерзімі үйлесімді. Аязға шыдамды  күздік егіске жарамды. Мың дәнің салмағы орташа есепен  42 грамды құрайды. Дегенмен  ылғалдылықа байланысты  38 грамнан 49 -ға дейін аралығында өзгеріп отырады. Майлылығы 36 – 39 % -ды құрайды құрғақшылықа төзімді.

Сорт өнімділігі топырақ ылғалдылығына байланысты, 5,5 ц/га дан 18,8 ц/га дейін  өзгеріп отырады. 2011 жылы бәсекеге сынау  өсімбағында  үш жылдық егістің  өнім көрсеткіші орташа 13,1 ц/га немесе 27,1% -ға жоғары өнім берді (Кесте 1). 

Кесте – 1.  3 жылдық «Сарша» сортының өнімділік көрсеткіші.

 

Өсімбақтар

жыл

жауын шашын мм

Өнімділік, ц/га

НСР05

стандартқа +-

Нұрлан st

Сарша

ц/га

%

Бәсекеге сынау өсімбағы

2010

564,1

12,0

18,0

 

6,0

33,3

2011

321,4

9,5

12,7

 

3,2

25,2

2012

566,2

7,0

8,6

 

1,6

22,8

Орташа есеп

 

 

 

9,5

13,1

1,5

3,6

27,1

 

Түйін

Мақалада сафлордың жаңа "Сарша"сорты сұрыпталып  ботаникалық мінездемесі көрсетілген. 2010-2013 жылдар аралығында  бәсекеге  қаблетті стандарт «Нұрлан» сортына қарағанда жоғары өнімділігімен және ауруға төзімділігімен ерекшеленді. 3 жылдық көрсеткіштер бойынша, бәсекеге сынау өсімбағында   Нурлан сортына қарағанда  3,6 ц/га  ға артық өнім берді.

 

 Резюме

В статье описываются хозяйственно ценные признаки и ботаническая характеристика нового сорта масличного сафлора «Сарша», выделенного в 2012г зоне полуобеспеченной богары Красноводопадской СХОС новый сорт превосходит по 3х годичным данным конкурсного сортоиспытания стандарт Нурлан на 3,6 ц/га и устойчивы к болезням.   

 

Summary

 

This article describes the service valuable signs and botanical characteristic of a new type of oil of safflower "Sarcha" is selected in the poluobespečennoj zone of dry-2012 Krasnovodopadskoi SHOS new variety is superior to a 3 year competitive trials the data standard Nurlan at 3.6 kg/ha and ustojčiy diseases.

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылық  министрлігі «ҚазАгроИнновация» АҚ  «КРАСНОВОДОПАД АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ СТАНЦИЯСЫ»

Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан

АО «КазАгроИнновация»

ТОО«КРАСНОВОДОПАДСКАЯ

СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННАЯ ОПЫТНАЯ СТАНЦИЯ»

 

160914, ОҚО, Сарыағаш ауданы, Сарқырама е/м                                         160914, ЮКО, Сарыагаш.  р-н, п.Красный Водопад

            тел. 8-72537-74584,  факс 8-72537-74584                                                                 тел. 8-72537-74584,  факс 8-72537-74584

­­­­­­­­        

 ________        № _____

 

 

 

 

 «ҚазАгроИнновация» АҚ

Басқарма Төрағасының м.а.,

бас редактор Д.С.Ізбасаровқа

 

 

Сізден «Красноводопад АШТС» ЖШС «Жаршы» журналына кіші ғылыми қызметкердің М.Жамалбековтың және ғылыми қызметкердың Н.Оразалиевтың «Мақсарының жаңа Сарша сорты» атты мақаласын жариялауыңызды сұрайды.

 

 

Қосымша:

1.     Мақала – 2 бет

2.     Эксперттік қортынды.

3.     Пікір №

 

 

 

 

 

Құрметпен,

 

«Красноводопад АШТС» ЖШС

Директоры                                             _____________  М.Н.Жамалбеков