Қазіргі кезде экологиялық білім беру мәселесі білім жүйелері дамуының өзекті бағыттарының бірі. Экологиялық білімсіз қоғамдық экологиялық сана құру мүмкін емес.

Қоғамдық экологиялық сана қоғамның экологиялық проблемаларымен күресуде мықты фактор болып табылады. Мысалы, Жапония - табиғатты қорғау саясатында үлкен жетістіктерге жеткен мемлекет.

 60-шы жылдардың соңындағы үлкен экологиялық қарсылықтар мемлекеттік табиғат қорғау жүйесін құруға алып келді. Ол кездегі жүргізілген саясат тек экономикалық өсуді ғана алға мақсат етіп қойып, қоршаған ортаның жайы еш ескерілмеді.

 70-ші жылдардың бас кезінде қоғамдық пікірлердің қысымымен Ұлттық экологиялық стратегия іске аса бастады. Қазір Жапония экологиялық саясаты жағынан дүние жүзі бойынша алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі.

60-70-ші жылдардағы АҚШ-тағы осындай жағдай да үкіметті экологиялық проблемаларды шешуге мәжбүр етті

         Заман талабына сай экологиялық білім беру - балабақша, орта мектеп, лицей, гимназия, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесі.

       Экологиялық білім беру - бұл табиғатты пайдаланудың дайындау, іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі - табиғатты қорғау білімімен тығыз байланысты.

Ол кәсіби мамандарды дайындауға ықпал етіп, кадрларға білім беру, оларды дайындау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Заңдар бойынша экологиялық тәрбие мен білім берудің бәріне ортақ, кешендік және үздіксіз болуы қарастырылған   

         Қазіргі заманғы экологиялық білім берудің негізгі мақсаты - қоғамдық сананы экологизациялау болып табылады. Міндеті - адамның тіршілік барысында қалыптасатын рухани ортасын сақтау. Ол өз кезегінде өмірдегі қоғамдық мәселелермен қатар, өзі тіршілік ететін ортаны басқаруды да белсенді, көрегендікпен шеше алатын жеке тұлғаның дамуына ықпал ету.

Экологиялық ақпараттар алуға және қоршаған ортаны қорғау саласында шешімдер қабылдауға қоғамның қатысуы бойынша Қазақстан қол қойған Орхус Конвенциясы халықтың экологиялық саясатқа қатысуына үлкен жол ашады.

Қазіргі таңда экологиялық дайындықтан өткен тәрбиешілердің, мұғалімдердің жеткіліксіз болуына және оқу құралдары мен бағдарламалардың болмауына байланысты 323 000 бала экологиялық тәрбие беру жүйесінен шет қалып отыр. 3 млн-нан аса оқушылар оқитын республика мекетептерінде экология сабақтары жүйелі түрде өткізілмейді. Оқу процесінде пайдаланатын экология пәні бойынша оқулықтар мен оқу құралдары ескірген, қазіргі таңдағы Қазақстандағы экологиялық проблемалардың ерекшеліктерін көрсете алмайды. Осы күнге дейін елімізде экологиялық білім берудің біртұтас бағдарламасы және экологиялық арнайы мектептер, гимназиялар, лицейлер жоқ деп айтуга болады.

               Жоғары оқу орындарында экологиялық білім беру біршама кәсіби деңгейде жүргізіледі. Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарында экологиялық пәндері бар факультеттер бар. Айта кетерлігі, халықаралық талаптар бойынша эколог-мамандарды даярлауда тек жетекші университеттер ғана есепке алынады

Қазіргі экологиялық білім берудің креативтік технологиясы әр түрлі елдер арасында ақыл-ой ресурстарының сапасына деген бәсекелі күрес белең алды. Қоғамымыздың әлеументтік, экономикалық, саяси, мәдени салаларында болып жатқан терең өзгерістер Республика білім беру жүйесіне де ықпал етпей қалмады. Оқыту мазмұнын жетілдіруде, мектептегі оқыту ісін оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қызығуын ескере отырып ұйымдастыруға жан-жақты мүмкіндік туды.

         Экологиялық білім беруді жалпы мектептердің әр бір кластарына арналған немесе курстар бойынша жүргізілетін пән кіргізілуі керек. Бұрынғы уақытта жалпы экологиялық білім көтеріле қоймағаны өздеріңізге мәлім. Ал қазіргі уақытта яғни бүгінгі таңда нақты және маңызды бөлек пән ретінде немесе пән аралық байланыстар ретінде пайдалану мектептер үшін өте қажетті және керек. Мектеп қабырғасында сыныптарға нақты мысалдар келтіре отырып қарасақ экологиялық білім беру қазіргі уақытта материал жеткілікті.

Сонымен экология оның ішіндегі дүниежүзінің экологиясын сөз ететін енді өз елімізге көз салып тоқтаса кететін болсақ, еліміздегі экологиясы алаңдатып отырған негізгі аймақ Арал.

 Арал теңізінің кешегісі, бүгінгісі және ертеңі туралы көп айтылып, көп жазылып жатыр. Мәселені бүгін шешпесек, ертең шешеміз немесе келешек шешеді деп көп айтамыз. Олай болса біздің келешегіміз мектеп қабырғасында отырған мына сіздерсіздер! Арал апаты деген жан түрлерін сөз бірден пайда болған жоқ. Өйткенге бір сәт көз тастап кетейінші. Арал теңізінің тартылуына әкеліп соққан жағдайлардың бірі, Амудария мен Сырдария өзендерінің суларын жол – жөнекей бұрып алып, халық шаруашылығының түрлі салаларына ысырапсыз көп жұмсаудан болды деп айтсақ қателеспейміз. Өзбекстан мен Қазақстан жерінен өтетін екі өзен мыңдаған жылдар бойы өзінің табиғи ағысымен ылғи да Арал теңізі арнасының толып тұруына ықпал тигізіп келгені мәлім.

ҚР Конституциясының 31-бабында «Мемлекет адамның өміріне және денсаулығына қолайлы жағдай жасап,қоршаған ортаны қорғау мақсатын көздейді» делінген. 15.07.1997 жылы қабылданған ҚР «қоршаған ортаны қорғау туралы» заңның 73-74 баптарында экологиялық білім мен тәрбие берудің жалпыға бірдейілігі,үздіксіз болуы  қарастырылған.Бұл ережелер ҚР-ның «Білім туралы» заңында да көрсетілген.Қазақстанда көпшілікке,жас өспірімдерге экологиялық білім берудің құқылық негізі соңғы жылдары жедел түрде  жасала бастады

         ҚР президентінің жарлығымен қабылданған «ҚР стратегиялық тұрақты даму жолына арналған 2030 бағдарламасы» (1996ж), «ҚР экологиялық білім мен тәрбиенің ұлттық стратегиясы» (1998ж), «Экологиялық білім бағдарламасы» (1999ж), т.б құжаттар осының айғағы.Қоршаған орта материалдары негізінде оқушыларды рухани дамытуда   орта мектепте, оқушылардың ерекшелігі-қоршаған орта туралы білімдерін жинақтап қана қоймай,құбылыстың мәнін жете түсінеді және оларға деген өзіндік  көзқарасы қалыптасады.

Экологияның өзі табиғатты  қорғаумен байланысты екендігі түсінікті.     Экология табиғаттың толық тазалығын,табиғаттың сұлулығын,табиғаттың мол байлығын  сақтап,қорғай  отырып,табиғатты адам қажетіне толық пайдаланудан тұрады делінген анықтама берген.

Жас ұрпаққа экологиялық білім беру мәселесі қазір дүниежүзі халықтарының,ғалымдарының,педагогтардың,саясат қайраткерлерінің назарын аударып отыр.Қазіргі кезде жер шарында жаппай экологиялық апаттың таралуы және оның алдын алу мақсатында табиғат қорғау жүмыстарын түбірімен жаңа негізде жетілдірудің қажеттігі экологиялық мәселенің  өзектілігін көрсетеді.

Ғалым эколог Дмитрий Иванович Зверовтің пікірінше,экологиялық білім мен тәрбие  берудің мақсаты мен мәні-қоршаған ортамен,табиғатпен қарым-қатынастың барлық түрлерінде оқушылардың жауапкершілікпен қарайтын көзқарасы мен сенімін қалыптастыру.

Анатолий Никифорович Захлебный экологиялық білім берудің мақсаты-қоршаған ортаға құқық нормалары мен моральдік ұстанымдарынан туындайтын жауапкершілік  қатынастың негізінде экологиялық мәдениет қалыптастыруға болатындығын айтады. Осы орайда,орта мектептерде экологиялық бағыттағы білім беруде,сыныптан тыс          жүргізілген    жұмыстың   пайдасы ерекше.        

 Мұғалім оқушылардың  әрқайсысының  табиғатты қорғауға  тәрбиелеуде дәрістер,этнографиялық әңгімелер,сол сияқты табиғатқа саяхат,экология үйірмесі (жас натуралистер станциясына қамқорлық),факультативтік сабақтар және сыныптан тыс тәрбие жұмыстары оқушылардың азаматтық борышын     қалыптастыратын ғылыми білім болып табылады.Қазіргі  кезде оқушыларға   экологиялық білім мен тәрбие  беруде көбірек               қолданылатын  сыныптан тыс жұмыс түрлеріне ашық тәрбие  сағаттары мен тақырыптық кездесу кештері жатады.

      Сыныптан тыс  жұмыс –балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі түрі.

      Сыныптан тыс жұмыста балаларға  табиғат құбылыстары мен заттары туралы жазылған әңгімелер,өлеңдер,жұмбақтар т.б. көркем шығарма туындылары,

түрлі түсті суреттер,слайдтар сияқты көнекі құралдар кеңірек пайдалану керек.Қазіргі таңда көптеген экологияға байланысты жұмыстар жүргізілуде.Мектептерде табиғатты қорғауға байланысты кеш,апталық,дәріс, т.б өткізу мәселесі өркендеуде.Көптеген өркендеге елдерде  экология  жеке пән ретінде жүргізіледі,ал біздің оқу жүйемізде экология ғылымның тек кейбір элементтері мен терминдері ғана жаратылыстану  пәндерінде қосымша берілуде.Ертедегі нақыл сөздер,мақал-мәтелдер,жастарды табиғатты сүюге,олардың    экологиялық   мәдениетін   қалыптастыруда құнды құрал  болып саналады.Экология  тәрбие беруде,табиғатты қорғауға баулуда, халықтық педагогиканың ролі ерекше және оның саласы мол.Олар-табиғатты қорғау дәстүрі,оған сену,сыйыну ырымдары,жан-жануарлар мен өсімдік түрлеріне байланысты әдеп-ғұрыптар т.б.Қазақ халқының табиғатты тануы,оған көзқарасы ұзақ жылдар бойы қоршаған ортаға жүргізген бақылау нәтижесінде тәжірибе елегінен өтіп шыңдалып, сұрыпталған.Бақылау тәжірибесінде жинақталған жаратылыстану түсініктері мен білімдері негізінде халық табиғат жемісін пайдалану әдістерін,дағдыларын ғана емес,оны қорғау дәстүрлерін де дамытты,оларды жетілдіру жолдарында жөн-жорықтар мен  ырымдарды қалыптастырды.Сол ереже-ырымдар  арқылы жас буындарды   сергектікке,байқампаздыққа баулып,қатерлерден сақтандырады. Халық табиғат жүдеуіне жол бермейтін тыйым ережелерін қоғамдық сана деңгейіне дейін көтерген.

   Сонымен қатар,оқушы бойына экологиялық тәрбиені сіңіруде ескеретін жағдайлар:

А) Адамның,қоғамның  табиғатқа әсер ету ортасындағы білімнің ғылыми жүйесін қолдану

Ә)Тұлғаның адамгершілік дүниетанымын тәрбиелеу

Б) Экологиялық іс-әрекетте білім,тәрбиенің жүзеге асуына ықпал ететін жан-жақты факторлар қарастыру.

Адам ежелден өсімдіктерді өз қажетіне пайдаланып келеді,пайдалана береді.Бірақ адамның шаруашылық мақсат үшін өлшеусіз,көп пайдалануынан,кей жағдайларда орынсыз,ойланбай немесе білмесміктен істегені бар,әйтеуір,жер бетіндегі өсімдіктер әлемі қазір елеулі зардап шегуде.Еліміздің ормандары  сирей бастады.Өсімдіктер әлемінің,соның ішінде орман-тоғайлар азайды.Әсіресе қалалар төңірегі күшті өзгеріске ұшырады.Қоқыс пен қалдықтар үйіндісі көбейеді.Су қоймалардың көпшілігінде су ішуге жарамсыз болып қалды.Судың, ауаның, топырақтың ластануынан табиғи қатынастар бұзылды.Бұл сияқты өзгерістер біздің елімізде ғана емес,барлық елдерде бар.Адам табиғатты зерделеп терең білген сайын,зиянды өзгерістердің әрі қарай бола беруі жердегі тіршілікке қауіпті екенін жақсы  түсінді.Сондықтан табиғатты,өсімдіктер әлемін қорғау елімізде үлкен мақсат етіп қойылып,елеулі жұмыстар істелуде.Табиғат қорғау,оның байлығын тиімді пайдалану Қазақстан Республикасы   Конституциясында жазылған. Орта мектептерде оқушыларға экологиялық білім беру бірнеше арнайы талапты қажет етеді.

Табиғат баланың дүниетанымын ақыл-ойын,тілін,танымдық қызығушылығын 

  қалыптастыратын құрал.

 

Экологиялық білім беру төмендегі іс - әрекеттердің дамуына бағытталған:

 

·        табиғи ресурстарды үнемдеу;

 

·        қоршаған ортаның ластауын тоқтату;

 

·        табиғи экожүйені сақтау;

 

               Экологиялық білім беруді дамыту педагогика ғылымының басым  бағыты екенін көрсетіп отыр.

Оқушылар   топырақтағы,өсімдіктердегі бүлінген,ластанған   аймақтарды жоюға   әрекет жасайды.Оларды жою   шараларын   төмендегідей түрде ұсынуға болады.

Ағаш астындағы  топырақ   тапталған

Көк патруль    бақылауын   ұйымдастыру

Бастауыш сынып   оқушыларына   табиғатта   жүру   тәртібі туралы   баяндау

Ағаш  астында   шөп  қабатының   болмауы

Жерді қопсытып,шөптерді өсіру бұл  топырақты   құрғақшылықтан   сақтайды.

Ағаш астында  оттың   қалдықтары

Оқушыларға  органикалық  тыңайтқыш  ретінде   жапырақты   пайдалануды   түсіндіру

Ағашта сынған бұтақтар

Сынған   бұтақтарды  түбінен кесу және кесілген   жерін әкпен,бояумен   өңдеу

 

 

Қазіргі оқушылардың экологиялық білімі мен тәрбиесін қалыптастыру - заман талабы. География пәнін оқытудағы экологиялық қағида оқу құралдарына қосымша ұғымдарды енгізуді емес, керісінше, түбегейлі қалыптасқан ұғымдарда жаңа көзқарастар айқындалып, олардың мазмұндық жағын тереңдетуді талап етеді. Экологиялық принциптің мазмұнын нақтылай түсетін табиғат пен қоғамның өзара ықпал аясындағы мынадай негізгі бағыттарды бөліп көрсетуге болады: қоғам дамуындағы табиғаттың рөлі, шаруашылық жұмыстары салдарынан табиғаттың өзгеруі, табиғи ортадағы өзгерістердің әлеуметтік – экологиялық зардаптары, табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланысты жақсартудың тиімді жолдары, аймақтық ерекшеліктерді ескеріп табиғат байлығын ұтымды пайдалану.Оқушылардың экологиялық білімін қалыптастыруда үйірме жұмыстарының педагогикалық маңызы зор.Экологиялық мәселелердің нақты іс - тәжірибесімен танысу мақсатында ауылшаруашылық немесе өндірістік обьектілерге методикалық жағынан дұрыс ұйымдастырылған экскурсия оқушыларға экологиялық білім беруде басты міндеттердің бірін шешуге, қазіргі заманғы өндірістердің ғылыми негізін терең түсінуге, табиғат пен қоғам арасындағы қарым – қатынастардың проблемаларын молырақ білуге ықпалын тигізеді. Мұндай экскурсияның оқушыларға көп пайдасы бар. Қазіргі заманғы өндірісте ғылыми білімнің зор роль атқаратынын көрсетеді. Оқушылар экскурсия барысында өндірістік жаңашылдармен кездеседі. Мұндай кездесулер оқушыларға адамгершілік жағынан да жақсы әсер етеді.

 

«Табиғаттың - әр беті терең мазмұнға толы бірегей кітап» - деген И. Гёте. Олай болса, мазмұнға толы табиғатымызды сақтап қалу экологиялық білімді талап етеді.

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

 

1.    Асқарова Ұ. Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау, Атматы – 2004

2.    Бродский А. К. Жалпы экологияның қысқаша курсы, Алматы, 1998

3.    Баешов А. Экология және таза су проблемалары, Алматы, 2003

4.    Бейсенова Ә. С. Экология, Алматы - 2001

5.    Бейсенова Ә. Экология – ел тағдыры//Егемен қазақстан, 2005, 13 шілде

6.    «Экология және қоршаған ортаны қорғау» Ұ.Б.Асқарова (Алматы, 2007)

.