Мукушева С.К.

 «Менеджмент» кафедрасының оқутушысы

Т.Рысқұлов ат. ҚазЭУ

 

 

Кәсіпорынның даму стратегиясы

 

Кез келген кәсіпорынның шаруашылық қызметінің стратегиялық жоспарлауы барлық нарықтық жүйенің орындалуымен тығыз байланысты болады. Қазіргі кезде нарықтық қатынастың еркін дамуы мен оның үзіліссіз әрдайым жетіліп отыруына, сондай-ақ кенді өнім көлемінің жоғарылауына стратегиялық жоспарлау әсер етеді. Сондықтан да стратегиялық жоспарлау кәсіпорындардың ұзақ мерзімді дамуына бағытталуы қажет. Р.А. Акоффтың айтуы бойынша өсу және даму бір құбылыс емес. Өсу құбылысының дамуы да, дамымауы да мүмкін. Көп жағдайда өсу объект санының немесе өлшемінің жоғарылауын білдіреді. Кәсіпорын қызметінің ұлғаюы келесі көрсеткіштер арқылы көрінеді: кәсіпорын көлемі, нарықтағы орны, қызметкерлер саны, сату көрсеткіші, таза кіріс және т.б. Кәсіпорынның ұйымдық жүйе ретінде өзінің өсуіне мақсатты түрде бағытталған таңдау арқылы жағдай жасауға мүмкіндігі бар, мысалы: өтім нарығының ұлғаюы, инвестицияның қатыстырылуы және т.б. Даму адамдардың қажеттілігі мен өз тілегін қанағаттандыратын индивидтің тілегі мен жағдайының асып отыруымен болатын әрекет. Бұл материалдық берекенің болуын емес, адам потенциалы мен қабілеттілігінің көбеюін қажет етеді, яғни мәселен байлықта емес, білім алуда, ынландыруда, түсіністік пен сана сезімнің болуында. Сонымен, стратегиялық жоспарлау кәсіпорынның ұзақ мерзімді кезеңде даму деңгейі мен экономикалық өсу қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажет. Қазіргі кездегі кәсіпорындар экономикалық жүйенің бір бөлігі бола отырып, ол қызметі мен тауар өнімділігіне бағытталған ұйымдастырылған жүйе ретінде сипатталады. Әрбір жүйенің жалпы элементтері ретінде өзіндік экономикалық мақсаты бар адамдар, қызметкерлер топтары қарастырушы. Яғни кәсіпорынның даму деңгейі адамдардың мінезіне байланысты болады. Кәсіпорын қызметін ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлау кезінде мақсатқа жету үшін жауапкершіліктің үш тәуелсіз деңгейін атап өтуге болады: ұйым, қызметкерлер және мемлекет. Стратегиялық жоспарлауда мемлекеттік реттеу маңызды рөл атқарады. Жоспарлау теориясына бағынсақ, кез келген өнімдік жүйенің белгілі экономикалық өсу мен даму потенциалы болады. Осыған орай, экономикалық жүйенің, оның ішінде мемлекеттің үш негізгі даму түрі бар: кемшіліксіз даму – экономикалық өсудің тұрақтылығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ететін алдағы ғылым мен профессионалдық тәжірибеде қажеттілігінше мөлшерлік өзгерістер енгізілетін жүйенің даму түрі. Нақты – қызмет ету барысында басты кемшіліктердің көрінуінен кейін экономикалық жүйенің жарым-жарты реформалануын байқатады. Радикалдық түрі қазіргі жүйе ресурсының негізгі институциалды құрылымның өзгеруімен болған реформаның қажеттілігінің мүлдем жойылған кезінде қолданады. Осындай жағдайда экономиканы жоспарлы мемлекттік реттеу арқылы қамтамасыз ету қажет.

Қазіргі уақытта стратегиялық жоспарлаудың мазмұны мемлекеттік деңгейде экономиканы үкіметтік реттеу, экономикалық жобалау және индикативтік жоспарлаудың бір-бірімен ара-қатынасында анықталады. Аталғандардың ішінде мемлекеттік реттеу маңызды болып табылады. Себебі, әртүрлі кәсіпорындар мен өндіріс орындарының қызметіне тура немесе жанама түрде әсерін тигізеді. Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей нарықтық экономикасы дамыған елдерде корпорация мен кәсіпорындардың қызметінің ұзақмерзімді стратегиялық жоспарлауға мемлекеттің әсер ететіні белгілі. Ол жайлы мынандай теориялар қалыптасқан: америкалық кәсіпорындардағы ұсыныс экономикасы, скандинав елдеріндегі ынтымақтастық экономикасы, жапония кәсіпорындардағы өнеркәсіптің даму экономикасы, дамыған және т.б. елдерде сұраныс экономикасы. Микродеңгейдегі стратегиялық жоспарлау, шетелдік тәжірибе көрсеткеніндей, көптеген ішкі және сыртқы экономикалық үрдістердің, факторлар мен көріністердің қарым-қатынас негізінде болады. Біріншіден, стратегиялық жоспар кәсіпорынның дамуына болашағы бар бағыттар ұсынады, кәсіпорын қызметінің негізгі түрлерін анықтайды, маркетингтік жобалық, өндірістік және қаржылық қызметті бір жүйеге үйлестіреді және де қажетті құрылымды жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Екіншіден, жалпы кәсіпорынның даму стратегиясы ұйымның барлық  бөлімшелеріне нақты және анық мақсатты қояды. Үшіншіден, ұйымның барлық қызметтік орындары жүйесін үйлестіруді қамтамасыз етеді. Төртіншіден, стратегиялық тәсіл кәсіпорын менеджерлерінің өз күштерінің мықты және осал жақтарын бәсекелестер көзқарастарымен, мүмкіншіліктермен, қоршаған ортаның өзгеруі мен шектелуін жақсы бағалауға ынталандырады. Бесіншіден, жоспар ұйымның альтернитивті қызметін ұзақ мерзімді кезеңге бағыттайды. Алтыншыдан, шектелген экономикалық ресурстарды бөлу үшін негіз құрады. Жетіншіден, жоспарлаудың, басқарудың, кәсіпорын қызметін бақылау мен бағалаудың негізгі қызметтерін қазіргі заманғы менеджментті бірыңғай жүйе ретінде тәжірибелік қолдануының маңыздылығын анықтайды. Төменде келтірілген стратегиялық жоспарлаудың үлгісі ірі, орта және кіші, тауар өндіретін және қызмет көрсететін, коммерциялық және коммерциялық емес барлық отандық кәсіпорындарда пайдаланылады.

 

 

 

Ұзақ мерзімді стратегияны анықтау

 


Нәтижені бақылау

Тарату әдісі

Маркетинг стратегиясын жасау

Жағдайлық талдау

Стратегиялық бөлімшелер құру

Маркетинг мақсатын негіздеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 сурет - Кәсіпорындағы стратегиялық жоспарлаудың үлгісі [1]

Әрбір кәсіпорын үшін жоспарлаудың әр кезеңінің өзіндік ерекшеліктері болады. Алайда толассыз стратегиялық жоспарды қолдану барлық кәсіпорындар мен фирмалар үшін тиімді болуы мүмкін. Фирманың жалпы немесе негізгі мақсаттары стратегиялық жоспарлау процесінде жоғарғы басшылықтың және барлық бөлімшелердің келісімімен орнатылады. Жоспарлау қызметтері әр бір кәсіпорынға ұзақмерзімді кезеңге алғашқы көрсеткіштердің таза пайда беру нұсқасын ұсынады. Оларды қарастырып болғаннан кейін бөлімшелер өз ұсыныстарын береді, сонымен қатар стратегиялық жоспарлаудың жалпы мақсаттарын жүзеге асырудың алғышарттары құрылады. Бекітілген жоспарларда фирманың жалпы мақсаты еске алына отырып, жергілікті нарықтағы орны, басқарудың ұйымдық құрылымы, кадрлық саясаты, өндірістік стратегиясы, жаңа өнімді таңдауы, өтімнің жалпы саясаты, қаржылық нәтижелері, инвестиция көлемі және т.б. анықталынады.

Қазіргі кездегі жоспарлауда қызмет жасаудың сегіз негізгі саласын көрсеткен жөн. Оның шеңберінде әр бір кәсіпорын өзінің басты мақсаттарын анықтайды. Оларға ұйымның нарықтағы орны, инновациялық қызмет, өндіріс деңгейі, өндірістік ресурстардың болуы, тұрақтылық дәрежесі, басқару жүйесі, әлеуметтік жауапкершілік пен қызметкерлердің мамандандырылуы жатады. Отандық тәжірибе көрсетіп отырғандай  кәсіпорынның экономикалық тұрақты болуы нарықтық жағдайда қаржыландыру мақсатына тікелей байланысты. Төмендегі кестеде американдық фирмалардың жоғарғы менеджерлердің негізгі мақсаттардың социологиялық сұрақ-жауап арқылы берген бағасы көрсетілген.

Кесте 1 - Қазіргі кездегі фирмалардың негізгі мақсаттарының көрінісі [2]

Негізгі мақсаттардың атауы

Мақсат бағасы

Ранг

%

Пайда

1

89

Өсу

2

82

Нарық үлесі

3

66

Элеуметтік жауапкершілік

4

65

Қызметкерлердің әл-ауқаты

5

62

Қызмет пен өнімнің сапасы

6

60

Ғылыми зерттеу мен жұмыстар

7

54

Диверсификация

12

31

Өнімділік

8

50

Қаржылық тұрақтылығы

9

49

Ресурспен қамсыздандыру

10

39

Менеджмент жүйесінің дамуы

11

35

Халықаралық компанияға айналуы

13

29

Бірігу

15

17

Басқа мақсаттар

14

18

 

Стратегиялық жоспарлаудың басты ерекшелігі мақсатына жету үшін, басшылық ұйғарған іс-әрекеттер мен шешімдердің жиынтығын іске асыру болып табылады.

Кәсіпорын дамуының стратегиясын таңдау нарықтық қатынастар жағдайында басқару қызметінің негізі болып табылады. Ұзақ мерзімді жоспарлау кезінде кәсіпорын тауар өңдеу, өндіріс тұрақтылығы, нарыққа ену, бағаның өзгеруі, шығынның қысқартылуы және барлық басқа қызметтік немесе мақсаттық стратегиялар (маркетингтік, өндірістік, қаржылық, бәсекелестік) сияқты атақты стратегияларды пайдаланады. Олар кәсіпорын экономикасының тиімділігін қамтамасыз ететін басты құралдар болып табылады.

 

Әдебиеттер тізімі:

1.     К.Бердалиев «Менеджмент». Лекциялар курсы. Алматы, Экономика, 2005 ж.

2.     И.Ю.Бенке «Стратегическое планирование в деятельности фирмы». Учебное пособие. Алматы, 2010г.

3.     Ричард Дафт «Менеджмент» 8-издание. Питер-2010г.