Экономические науки/ Туризм

Талапбаева Гульнар Едиловна

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

«Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к

Жаксылыкова Перизат Жүсіпқызы

«Экономика» мамандығының 4 курс студенті

 

Қызылорда облысында экологиялық туризмді дамыту мәселелері

(Қамбаш демалыс аймағы мысалында)

 

Экологиялық туризм қазіргі таңда айрықша салалардың бірі және ол экономиканың тұрақты дамуына мүмкіндік береді. Қазақстанның негізгі туристік өнімі экологиялық туризм болып табылады. Экологиялық туризмге деген әлеуетті қызығушылық халықаралық нарықта 8,9 млн. адамды (немесе жалпы әлеуеттің 63%) құрайды. Бұл туристік өнім әлемдік туризм нарығында ең үздік тұғырға ие және Қазақстанда дамыту үшін негізгілердің бірі болуы тиіс.

Экотуризмді дамытуда Қызылорда облысының әлеуеті жеткілікті. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік  көлік дәлізі бойында 16 жол бойы инфрақұрылымы объектілерін салу орны анықталып, инвесторлар жұмыс жасауда, техникалық тапсырмаларға сәйкес мотель, мейрамхана, дүкен, жанар жағар май бекеті, техникалық қызмет көрсету орталықтыры, туристік ақпарат беру пункті, медициналық пункті бар 16 кешен салынатын болады:

- Қармақшы ауданында «Қорқыт Ата мінәжат ету орталығы» ашылады.

Туризм саласында жүзеге  асырылатын жобалар:

- Арал ауданындағы «Қамыстыбас» демалыс аймағы» жобасы;

- Байқоңыр қаласындағы «Ғарыш планетариі» жобасы

Қазіргі таңда облыс бойынша туристік қызметті жүзеге асыратын және тұруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді ұсынатын субъектілердің барлық саны 57 құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,6% өскен. Оның ішінде туристік қызметті жүзеге асыратын субъектілер саны 11 ( 8 туристік фирма мен 3 дара кәсіпкер), тұруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді ұсыну бойынша 46 (кәсіпорындар саны – 15 ке, дара кәсіпкерлер 31-ге) тең.

Диаграмма 1. Қызылорда облысында туризм түрлері бойынша қызмет көрсетілген келермендердің саны (адам)

Ескерту – Қызылорда облысының статистикалық мәліметтері негізінде автор құрастырған

 

Негізінен Қызылорда облысының тұрғындары аймақта Қорқыт Ата, Жаңақорған шипажайы, Қамбаш көлі сияқты демалыс орындарымен таныс. Камбаш көлі Байқоңыр, Арал және Әйтеке би кенті тұрғындарының  дәстүрлі демалыс орны, сонымен қатар жаздағы, сондай-ақ қыстағы балық аулау және аң аулау орны болып табылады. Бұл қалалардың Қамбаш өзеніне жақындығымен түсіндіріледі. Бірақ сұраған адамдардың төрттен бірі ғана Қамбаш көлінде болған. Бұл біріншіден көлде қазірге дейін инфрақұрылымның қалыптаспағандығымен байланысты – арнайы жағажайлардың, қонақ үйлердің немесе туристер тұратын басқа да орындардың, туристерді демалыс орнына дейін жеткізетін және кері бағыттағы арнайы транспорттардың, сондай-ақ басқа да қызметтер мен ойын-сауық ұйымдарының жоқтығымен байланысты. Қазіргі таңда Қамбаш көлінде демалу төтенше жағдайға толы «жабайы» туризм деген атпен таныс. Көлдің жағасында тек балаларға арналған жазғы демалыс лагері орналасқан. Кейде келушілерге арнайы тапсырыспен киіз үйлер тігіледі.

Қызылорда қаласынан Қамбаш көліне дейінгі қашықтық – 430км, Байқоңыр қаласынан – 150км-ден астам, Әйтеке би кентінен – 50 км, Арал қаласынан – 80км. Көлден  2км қашықтықта 2500тұрғыны бар Қамыстыбас станциясы орналасқан, 5км қашықтықта «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік магистралі бар. Сондықтан көлде дамалғысы немесе балық аулағысы  келетіндер жеке автокөлігімен немесе поездбен жетеді.

19-60жас аралығындағы 109 тұрғынынан алған  сауалнама және маркетингтік зерттеу нәтижесінде тұрғындардың 91%-ы Қамбаш көлінде демалғысы келеді, олардың 27%-ы көлге барып көрген.

Тұтынушылардың қалауы

Барлық әлемде тұтынушылар сапалы тауарлар мен қызметтерді ұнатады. Туризмге келер болсақ, бұл ұсынылатын туристік қызметке, демалыс мезгіліне, байланыс пен транспорттың болуына, демалыс орнына жақындығына, достармен, отбасымен, балалармен демалу мүмкіндігімен байланысты.

2 диаграмма көрсетіп отқандай,  жазғы мезгіл-77,4%, қысқы мезгіл - 3%, көктемгі мезгіл - 3%, күзгі мезгіл 16,6%. Ең қолайлы демалыс мезгілі – жаз мезгілі.

Диаграмма 2. Ең қолайлы демалыс мезгілі

Ескерту – Зерттеу мәліметтері негізінде автор құрастырған

 

Қамбаш көлінде демалу мүмкіндігі көбіне ұсынылатын тұрғын үйдің түріне және оның жабдықталуына тәуелді.       

Осылайша туристердің таңдауы бойынша  көпшілігі 32,4%-ы – шағын үйлер мен пәтерлер, жабдықталған жайлы қонақ үйлер – 21,7%, киіз үйлер мен шатырлар – 16,2%,  орташа немесе шағын қонақүйлер – 17,2%, хижин және кемпинг – 12,5%.

 

Диаграмма 3.  Көлде демалу кезінде тұратын жерді таңдауы

Ескерту - Зерттеу мәліметтері негізінде автор құрастырған

 

Қамбаш көліне демалыс орнына бару жиілігі әр түрлі себептерге байланысты, оның ішінде:

·                        Төлемқабілеттілік

·                        Демалуға бос уақыттың болуы

·                        Демалыс орнында жетілдірілген инфрақұрылымның болуы

·                        Туристерді теміржол станциясынан немесе үйден демалыс орнына дейін жеткізетін транспорттың болуы.

Орналасатын жері мен тамақтанудан басқа, қосымша қызметтер де айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Сондықтан сауалнамаға жауап берушілерге кандай қосымша қызметтерді қалайтындығы туралы сұрақ қойылды. Сауалнама негізінде маңызды қосымша қызметтер:

Диаграмма 4. Маңызды қосымша қызметтер

Ескерту – Зерттеу мәліметтері негізінде автор құрастырған

Сауалнамаға жауап берушілер фотосалон, суда жүзуге арналған құрал-жабдықтарды жалдау, душ кабинкаларын, биотуалет, масадан қорғанатын шымылдықды ұсынды.

Жағажайда міндетті шарттар боп арнайы күннен қорғаныштар – шатыр, қалқандар, шезлонг, арнайы ағаш тапшандар болып табылады.

 

Диаграмма 5. Айрықша маңызды емес қосымша қызметтер

Ескерту – Зерттеу мәліметтері негізінде автор құрастырған

Туристерге сервистік қызметтермен қатар ойын-сауық шараларды ұсынуға болады. Сауалнама нәтижесінде респонденттер қажет деп таныған  ойын-сауық түрлері:

Диаграмма 6. Көлде демалу кезіндегі ұсынылатын ойын – сауық түрлері

Ескерту – Зерттеу мәліметтері негізінде автор құрастырған

Осы зерттеуде сауалнамаға жауап берушілер яхтамен, парашютті катермен серуендеу, дайвинг сияқты ойын-сауық түрімен көпшілігінің таныс болмауы себепті мұндай ойын-сауық түрлері туралы айтылмаған.

Осылайша, әлеуетті туристер үшін ерекше қызықты ұсыныстар боп катамаранмен жүру, жағажай волейболы, жағажай футболы, су спорт түрлері, балық аулау болып табылды.

Бағалық талаптар

Көлде бір күндік демалу ақысының көлемі ұсынылатын қызметке және оның сапасына, сонымен қатар демалушылардың төлемқабілеттілігіне байланысты.

7 - диаграмма көрсетіп отқандай, бір күндік тұрудың ең қолайлы құны 2000тг шамасында. Туристердің кейбір бөлігі бір күнге 3000тг төлеуге дайын. Дегенмен, 5000 тг сауалнамаға жауап берушілер үшін өте жоғары.

Диаграмма 7. Көлде 1 күндік демалыс құнының қолайлысы

Ескерту – Зерттеу мәліметтері негізінде автор құрастырған

 

Әлеуетті туристердің саны

Сауалнамаға жауап берушілер арасында Қамбаш көлінде дем алуды қалаушылар 91%-дан астам. Бірақ бұлардың барлығы демалуға барады деп айтуға келмейді. Көбіне бұл азаматтардың төлемқабілеттілігіне, жетілдірілген инфрақұрымның болуымен байланысты. Сондықтан әлеуетті туристерді анықтай отырып, қала тұрғындарының 27%-ы немесе шамамен 90000адам демалыс күндері немесе  жылдық демалысында жыл сайын Қамбаш көліне барып демала алады.Кейін демалыс аймағын дамыта отырып, Қазақстанның басқа да аймақтарындағы және шет елдердегі туристерді тартуға болады.

Тұру мезгілі мен шарттары

Жүргізілген зерттеу нәтижесінде демалуға ең қолайлы кезең – жаз мезгілі. Сондықтан жаздық демалу түрлерін дамыту керек – әр түрлі ойын-сауық түрін ұсынатын жағажай демалысы,балық аулау. Болжам бойынша жаздық кезең 20-мамырдан басталып, 15-қыркүйекте аяқталады, яғни 115күнді құрайды.Әлеуетті туристердің ¼ бөлігі таңдаған жабдықталған отельдер құрылысы мол қаражатты қажет ететіндіктен бұл әзерге ерте.

Сервистік және ойын-сауық қызметтер

Тұратын мекен мен тамақтанумен қатар сервистік қызметтер мен ойын-сауық шаралар маңызды болып табылады.Туристерді вокзалдан немесе үйден демалыс орнына дейін жеткізетін және кері бағыттағы арнайы транспорттық маршруттар, жеке көлігімен келгендер үшін көлік тұрақтарын ұйымдастыру керек. Туристер отбасыларымен компаниядағы достарымен бірге демалатын болғандықтан күнделікті тұтынатын тауарларды, тамақ өнімдерін, сусындар сататын дүкен қажет болады. Сондай-ақ жаздық кафелер мен кәуап дайындайтын орын ұсынуға болады.

Сату көлемі

Көлде бір күндік демалу ақысының көлемі ұсынылатын қызметке және оның сапасына, сонымен қатар демалушылардың төлемқабілеттілігіне байланысты. Әлеуетті туристер Қамбаш көлінде демалыстарының 1 күніне адам басына 1000-нан 2000теңгеге дейін төлеуге дайын. Туристердің бір бөлігі бір күніне 3000теңгеге дейін төлей алады. Сондай-ақ ересектерге қарағанда балалар үшін 1,5-2есеге төмендетуге болады.

Нарық стратегиясы

Нарықты жаулап алу үшін қолайлы баға мен маркетингтік белсенділік керек. Нарық сегментін анықтау барысында тұтынушыға жақынын, олардың төлемқабілеттілігін ескеру керек.Қамбаш көліндегі туризм қызмет көрсету нарығында өз орнын алу үшін барлық бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалау керек. Қазақстанның басқа да аймақтарындағы және шет елдердегі туристерді тарту үшін туристік көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу керек.

Қорытындылай келе, Қызылорда облысында туризмді дамыту үшін төмендегідей  ұсыныстар ұсынамыз:

ü                     «Туризм» аймақтық кластерін қажетті туризм түрлері бойынша дамытудың инновациялықжәне инвестициялық жобаларын жүзеге асыру;

ü                     аймақтың туристік қызметтердің ішкі және халықаралық нарығындағы орнын айқындапотыру үшін тұрақты маркетингтік зерттеулер жүргізу;

ü                     халықаралық және республикалық туристік көрмелер мен жәрмеңкелерде аймақтыңқайталанбас туристік бірегей тартымдылығын инновациялық жолмен көрсетіп отыру;

ü                     Қамбаш көліндегі туризм қызмет көрсету нарығында өз орнын алу үшін жарнамалық бейнероликтерді жасау және әлемнің жетекші телеарналарында көрсету, шетелдік жетекші БАҚ өкілдері үшін ақпараттық турлар өткізу;

ü                     облыс халқының барлық жіктерінің туристік ресурстағы қол жеткізуін қамтамасыз ету, туристік қызмет көрсетулерге қажеттіліктерді барынша қанағаттандыру;

ü                     Туристерге қызмет көрсетерлік мамандарды арнайы даярлықтан өткізіп, білімдерін шыңдау.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қызылорда облысының әкімінің жылдық қорытынды есебі– 2012ж.

2. Қамбаш көлі болашақта туристердің демалыс орнына айналатын болады// Табиғат тынысы – 2010 жыл №11(31)

3.http://kyzylorda-stat.kz Қызылорда Облысының Статистика Департаментінің сайты