Абдильдинова
Найля Ермухановна
Қазақ экономика, қаржы және
халықаралық сауда университеті
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК
ЭКОНОМИКАНЫҢ ТҰРАҚТЫ
ДАМУЫНЫҢ ТЕТІГІ РЕТІНДЕ
«Қазақстан-2050»
стратегиясын тиімді жүзеге асыру мемлекет басшысының
индустриалды-инновациялық дамуда әрбір салада инновациялық
жүйені қалыптастыру барысында халықаралық
тәжірибені пайдалану инновациялық базаны ұйымдастыруға
септігін тигізеді. Бұл Қазақстанның экономикалық
дамуының нығая түсуіне әсер етіп, бәсекеге
қабілеттілігін арттырады. Нәтижесінде Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан-2050» стратегиясында айқындаған міндеттері Қазақстанның 30 дамыған мемлекеттің
қатарына енуіне ықпал етері сөзсіз.
Экономикасы
дамыған елдердің тәжірибесі бізге олардың
глобальды бәсекелестік жағдайындағы
әлеуметтік-экономикалық дамуы, өндіріске жаңа
технологиялар мен зерттемелерді енгізудің негізінде екенін
дәлелдейді. Әр түрлі бағалаулар бойынша осы елдердегі
өндірістегі өсулердің 70-100 пайызы инновацияларды
қолданудың негізінде болатынын көрсетеді. Міне, сол себепті
инновациялық кәсіпкерлікті зерттеп, оның даму стратегияларын
жасаудың Қазақстан экономикасының тұрақты
дамуын қамтамасыз ету үшін маңызы зор.
Й.А. Шумпетер
(1969) инновациялық кәсіпкерлікке келесідей анықтама берді – нарық
субъектілерімен «жаңа комбинацияларды (қиыстыруларды)» келесі
жағдайларда жүзеге асыру: жаңа тауар енгізуі,
өндірістің жаңа әдісін, жаңа нарық ашу,
жаңа шикізатты меңгеру, өндірісті қайта
ұйымдастыруды өткізуі деп айтып кетті.
Инновациялық кәсіпкерлік деп экономикалық пайданы инновацияларды жасау және
ұлттық экономиканың барлық сфераларында белсенді
таратумен байланысты ерекше коммерциялық қызметті түсіну
керек.
Инновациялық кәсіпкерлік
субъектілеріне инновациялық қызмет жүзеге
асыратын кәсіпорындар және ұйымдарды жатады.
Инновациялық
кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметi мыналарға:
- жаңа ғылыми
идеяларды әзiрлеуге немесе iздеуге және оларды
бағалауға;
- қажеттi
инвестициялық ресурстарды iздеуге;
- жобаны немесе
кәсiпорынды басқарудың тиiмдi модельдерiн
құруға;
- ақшалай табыс
алуға негізделген.
Қазiргi уақытта
Қазақстанда негізiнен шетелдiк капиталдың қатысуымен
iрi корпорацияларда, ұлттық компанияларда, екiншi деңгейлi
банктерде, қаржылық-өнеркәсiптiк топтарда
менеджменттiң жоғарғы деңгейi бар. Сонымен қатар,
технологияларды, теорияларды және құқықтық
қорғаудың тәжiрибесiн және зияткерлiк меншiктi
пайдалануды коммерциялизациялаудың iскери қағидаттарын
кәсiби меңгерген, инновациялық және жоғарғы
технологиялық жобаларды басқара алатын кәсiби
инновациялық менеджерлер — мамандардың институты мүлдем
жоқ.
Кез келген елде және
бизнестiң кез келген түрiндегi инвестордың негiзгi
тәуекелi барабар емес менеджментпен байланысты болғандықтан
бұл тәуекелдi барынша азайту басқару және
кәсiпкерлiк мәдениеттi көтерумен, барлық
деңгейдегi менеджерлердi сапалы оқытумен және қайта
даярлаумен, оларды қажетті қолдаумен (консалтинг және
ақпараттық) қамтамасыз етумен қол жеткізіледі.
Ұлттық
экономиканың дамудың инновациялық қорына көшуi
барлық қоғамның инновацияларды қабылдауынсыз
және инновациялық процестердi басқару мен инновацияларды iске
асыруды жүзеге асыруға қабiлеттi кадрлар жеткілікті
санының болуынсыз мүмкiн емес.
Инновациялық кәсіпорындардың
қызмет жасауының мақсаты болып
технологиялық немесе өнімдік инновациялардан пайда алу табылады. Алға қойылған
мақсаттарға жету үшін инновациялық кәсіпорындар
келесі тапсырмаларды жүзеге асырады:
- зерттемені немесе жаңа ғылыми ойларды
іздеу және оларды бағалау;
- қажетті
инвестициялық ресурстарды іздеу;
- нәтижелі
басқару үлгілерінің жобаларын жасау.
Қазақстанның
тәуелсіздік жылдарында өткізілген
әлеуметтік-экономикалық өзгерулер, кәсіпкерлік
қызметті іске қосу үшін жаңа мүмкіндіктер
ашты. Технологиялық инновацияларды нәтижелі басқару
негізінде тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды
қамтамасыз ету қазіргі таңда Қазақстан
Республикасының алдында тұрған негізгі проблемалардың
бірі болып табылады. Сонымен
қатар, нарық сұранысын қанағаттандыра алатын
жаңа өнімді өндіру кәсіпорын үшін
технологиялық жаңалықтарды енгізудің басты
мотивациялық себеп болып табылады.
ХХ
ғасырдағы инновациялық менеджмент теориясы мен практикасын
келесідей сипаттауға болады:
1. Технологиялық
инновациялар табиғи процес деп түсіндірілген және ол әр
экономикаға тән, сонымен қатар ол автоматты түрде
жүзеге асып отырады;
2. ҒЗТК
жұмыстардың коммерциализациялануы ғылыми зерттеуден басталып
кейін өңдеу, жобалау, қаржыландыру, өндіру, маркетинг
пен инновацияны тарату кезеңдерімен жылжуы автоматты түрде
технологиялық айналымға әлемнің барлық елдерін
еріксіз өзіне тартып алады деп шамаланады;
3. Ғылыми
зерттеу жұмыстарының нәтижесін нарыққа
шығаратын кәсіпорындар мен ұйымдардың арасындағы
рационалды байланысқа тиісті назардың болмауы;
4. Зерттеушілердің
көбі инновацияны технологиялық және техникалық
жаңалық сияқы тар түсінікпен ғана шектеліп,
өнімдік, техника-технологиялық және ұйымдастырушылық-басқарушылық
сияқты оның негізі үш типін бөліп қарастырмады;
5. Технологиялық
жаңалықтарды кәсіпорындарға енгізудің
мақсаты болып олардың тауарының сапасының
жақсаруы арқылы бәсекеге қабілеттілігін
жоғарылату, өзінідік құнның төмендеуі,
шығарылатын өнімдердің номенклатурасы мен ассортиментін
кеңейту болып саналады.
Сонымен
қатар, инновациялық кәсіпкерліктің даму деңгейіне
қарамастан республикадағы инновациялық потенциялды
толығымен қолдануға мүмкіншілік бермейді. Бұл
келесі себептермен түсіндіріледі:
- олардың технологиялары ғылыми зерттемелерінің
көпшілігі аяқталмаған және өнімдерді
нарыққа алып шығуға мүмкіншілігі жоқ
және бұл тұтынушылар тарапынан сұранысты
төмендетеді, ал ол өз кезегінде ұсынылып отырған
технологиялардың (немесе өнімдердің)
құндылығын потенциалды инвесторлардың көзінде
төмендетеді.
- технологиялық жаңалық енгізудің және оларды
нарыққа шығарудың заманауи механизмдерінің
болмауы. Нарықтық экономика жағдайында
жаңалықтарды игеру механизмі шағын инновациялық
бизнеспен тығыз байланысты, ал оған жоғары дәрежелік
тәуекелділік қана тән емес, сонымен қатар табысты
болған жағдайда өте үлкен қайтарым да тән.
- технологиялық парк, мамандандырылған бизнес-инкубаторлар,
тәуекелділікті қаржыландыру қорларының жүйесі
(венчурлік қорлар), кәсіпорынды жылдам даму кезеңіндегі
аранайы қаржылық қолдлау механизмі, кәсіпорынның
және интеллектуалды жеке меншіктің серитификатталған
бағалаушылар және т.б.
- ішкі нарықта алдыңғы қатарлы
технологияларға және өндірістік
жаңалықтарға төлем қабілеті бар
сұраныстың болмауы
Қазақстан
Республикасында инновациялық қызметтің басты
бағыттары болып жаңа технологияларды,
жабдықтарды, материалдарды енгізу және жаңа өнімді
шығару.
Сонымен, еліміз
инновацияның дамуы үшін инновациялық жобаларға
мемлекеттік гранттар береді. Отандық новаторлар үшін мемлекет
қолынан келгенше алдынан шығып, қол үшін беруде.
Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған
бағадарламасы 2020-сыншы жылға дейінгі
индустриялық-инновациялық дамуы жолындағы алғашқы
батыл қадамдарының бірі.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан
Республикасы Президентінің
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауы
2. Қазақстан
Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған «Үдемелі
индустриялық-инновациялық даму стратегиясы».
3. Қазақстан
Республикасының 2005-2015 жылдарға арналған
Ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру
және дамыту бағдарламасы.
4. Ниязбеков
Р.К., Рахметов Б.А., Байнеева П.Б. Кәсіпорын экономикасы: оқу
құралы/ Алматы: Экономика 2008 ж.
5. Рахметов
Б.А., Байнеева П.Т., Қалманова Н. Кәсіпорын экономикасы: оқу
құралы/ Шымкент: 2009 ж.