э.ғ.к., Қазбеков Г.К., магистрант Оразаева Н.М.

 

ҚР азық-түлік қауіпсіздігі саласында мемлекеттік саясаттың теориялық негіздері

 

Азық-түлік қауіпсіздігін ел экономикасының жай-күйі ретінде ұғыну қажет, атап айтқанда адам өмірін және әрекет ету қабілетін сақтау және қолдау үшін қажет көлемде және сапада азық-түлікке физикалық және экономикалық тұрғыда қол жеткізу, азық-түліктің сыртқы қор көздеріне мемлекеттің толық немесе барынша тәуелсіз болу шартымен бүкіл халықты, оның ішінде міндетті түрде әсіресе барынша тұрмысы төмен жіктерін жекеменшік өндірістің негізгі түрлері есебінен қамтамасыз ету мүмкіндігі орын алады.

         Егер тұтынатын азық-түліктің шамамен 80% ел ішінде өндірілсе, немесе еліміз азық-түліктің осы не өзге түрін шығаруға мамандандырылған жағдайда, экспорт азық-түлік бойынша сыртқы сауда балансының оңды айырмасын алуға мүмкіндік берген сәтте елдің азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Егер азық-түліктің қажетті көлемін өндірумен қатар, әлемнің дамыған елдері деңгейінде (тұтынудың жылдық көлемі 60 күн немесе 17%) сақтандыру қорын толықтыратын көлемде оның қосымша өнімі шығарылса, онда азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілген болып саналады. Азық-түліктің белгіленген түрлері елімізде өндірілмеген немесе оларды өндіру шектелген жағдайда, елдегі азық-түлік қауіпсіздігі оларды өзге елдерден сатып алу арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл ретте, жетімсіз азық-түлік бойынша экспорт өндіруші - елдерге азық-түлік, саяси тұрғыда немесе өзге тәуелділіктің орын алуына жол бермеу маңызды.  

         Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін ел экономикасының аграрлық секторына мемлекет тарапынан оңды әсер етусіз қамтамасыз ету мүмкін емес.

Агроөнеркәсіп өндірісін мемлекеттік реттеу ұғымын ауылшаруашылық өнімдерін, шикізатты және азық-түлікті өндіруге, қайта өңдеуге және сатуға мемлекет тарапынан заңнамалық, әкімшілік және экономикалық әсер ету жүйесі ретінде түсіну қажет.

          Агроөнеркәсіп өндірісін мемлекеттік реттеудің міндеттері келесідей:

-  агроөнеркәсіп өндірісін дамыту;

-  елдің          азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

-  ауылшаруашылық өнімдерінің, шикізаттың және азық-түліктің нарығын реттеу;

-  халықтың азық-түлікпен қамтамасыз етілуін жақсарту;

-  ауыл шаруашылығы және экономиканың өзге салалары арасында экономикалық  тепе-теңдікті ұстау;

-  ауыл шаруашылығы және экономиканың өзге салалары қызметкерлерінің кіріс деңгейлерін жақындастыру;

-  отандық тауар өндірушілерді қорғау.                                                    

Агроөнеркәсіп өндірісін дамытуды стратегиялық жоспарлау барысында Бүкіләлемдік Банктің бағалауы бойынша Шығыс Еуропамен салыстырғанда 5 есе төмен болатын еңбек өнімділігіне, ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігіне кері әсер ететін, бірқатар факторларды ескеру қажет:

-  Қазақстанның жер қыртысы өзінің табиғи жай-күйі бойынша өнімділік қасиеті төмен және үнемі жақсартып, құнарландырып отыруды қажет етеді;

-  Республика аймағының 66% шөлейт жермен қамтылған;

-  егіндік жерлермен 1/3 дейін көңі жойылған;

-  егіндік жер минералдық тыңайтқыштар енгізу нәтижесінде қол жеткізетінге қарағанда, 240 есе артық қоректендіру заттегін жоғалтады;

-  жазық даланың жусан басып кетуі жиналатын астықтың сапасын бірден төмендетеді, яғни ол өзінің сипатына сәйкес жем-шөп егістігіне айналады.

2012 жылы Республикада ауыл шаруашылық өнімі 953,7 млрд.теңгеге өндірілді, оның ішінде егін шаруашылығы 621,2 млрд.теңге, мал шаруашылығы 532,5 млрд.теңге. 2007 жылмен салыстырғанда ауылшаруашылық өнімін өндіру көлемі 1,8 есе жоғарылады. Келтірілген деректер Республика экономикасының аграрлық секторы дағдарыстан шығып, өсу кезеңіне қадам басқанын растайды.

Қазақстан елінің азық-түлікті пайдалану құрылымы ұтымсыз болып табылады. Маңызды азық-түліктің басым бөлігі ғылыми негізде қарастырылған нормалармен салыстырғанда едәуір төмен көлемде қолданылады. Атап айтқанда, нормамен салыстырғанда, балық және балық өнімдері – 2,5 есе, жұмыртқа – 2,7 есе, көкөністер мен бақша дақылдары – 1,8 есе, сүт пен сүт өнімдері -2,1 есе, ет пен ет өнімдері 2,2 есе, қант – 1,4 есе, картоп - 1,6 есе төмен қолданылады. 

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешу барысында елдің өзін-өзі азық-түліктің негізгі түрлерімен қамтамасыз етуі ерекше орын алатын маңызды мәселе болуы тиіс. Азық-түлікпен өзін-өзі қатамасыз ету сыртқы саудаға тәуелділігі барынша төмен ішкі жеткізулер арқылы қажеттілікті қанағаттандыруды білдіреді.

Елдің өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз етуіне қол жеткізу үшін сапалы өнім өндіру қажет, себебі оның көлемі шектеу қойылған деңгейдегі баға бойынша халықтың қажеттілігін қанағаттандыруға, ел аймағының бүкіл әлеуметтік топтары үшін өнімнің басым бөлігіне қол жеткізу кепілдігіне ықпал етеді. Бұл ретте, елдің өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз етуі туралы мәселенің мәні бүкіләлемдік нарықтан оқшаулану және өзін-өзі қамтамасыз ететін тұйықталған экономика құру саясаты тәрізді ұғым емес екендігін ескеру қажет. Әлемдік іс тәжірибе аталған мәселені шешуге қатысты бірқатар маңызды және сенімді тәсілдер қалыптастырды, оның ішінде – елімізде өндіруге мүлдем шек қойылған немесе өте тапшы өнімдерді өндіруге, азық-түліктің бүкіл импортын шығаруға, өндіру тиімділігі жоғары мұндай азық-түлікті экспортпен жабуға  мүмкіндік беретін отандық өндірушілерді икемді әрі тиімді қорғау, өзара қатынасты реттеу.

2004 жылы Республиканың өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі астық бойынша - 82,4%, ет - 59,8%, сүт – 74,3%, жұмыртқа – 52,7%, картоп – 137%, көкөніс және бақша дақылдары – 124%, жеміс-жидектер және жүзім – 17,7% құрады.[1]

Өзін-өзі қамтамасыз етудің ең жоғары деңгейі картоп бойынша қол жеткізілді, он бес жылдың ішінде (1990-2004жж.) халықтың жан басына шаққанда картоптың нақты өндірісі қолданыстағы тұтыну нормасынан 13 есе асып түсті (1997 және 1999 жылдардан басқа). 2001 жылдан бастап көкөністер мен бақша дақылдарының жекеменшік өндірісі Республикада белгіленген азық-түлік тұтынудың нормативтік деңгейінен жоғары. Сонымен қатар, 1992 жылдан бастап Республика сүт және сүт өнімдері бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуден оларды импортқа шығаруға айналды. [2]

  Қазақстан үшін негізгі болып табылатын экспорттық мәдениет – астыққа келетін болсақ, Республика өзін-өзі астықпен 1990 жылы (170,2%), 1992 жылы (175,1%), 1993 жылы (127,5%), 1994 жылы (101%), 2001 жылы (107,2%) және 2002 жылы (107,6%) қамтамасыз етті. 1995 жылы Қазақстанның астықпен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі - 95,6%, 2003 жылы - 92,2%, 2004 жылы – 82,4% құрады. Қарастырып отырған кезеңнен басқа жылдары Қазақстанның өзін-өзі астықпен қамтамасыз етуі нормативтік деңгейден едәуір төмен, ал 1998 жылы Республика халқының жан басына шаққанда астықтың жалпы жиынтығы нормативтік деңгейдің тек 41,2% ғана құрады.

Өзін-өзі қамтамасыз ету тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыруға бірқатар факторлар әсер етеді, оларды Республиканың агроөнекәсіп кешеніне мемлекеттік реттеу жүргізуде ескеру қажет:

- елдің әртүрлі топырақты-климаттық және экономикалық аймақтарының әлеуетін тиімді қолдану мақсатында, олардың мамандандырылуын тереңдетуді ескеру арқылы өндірісті ұтымды орналастыру және оның негізінде мамандандырылған азық-түлік аймақтарын құру;

- егін шаруашылығы өнімінің жемісін және мал шаруашылығының өнімділігін арттыратын технологияларды қолдану;

- әлеуметтік күйзелістердің және саяси тұрақсыздықтың ауыл шаруашылығына, сонымен бірге түрлі сипатта қоршаған ортаның нашарлауына әсер ету.

         Агроөнекәсіп кешенін мемлекеттік реттеудің жүйелі сипаты болуы және келесідей қағидаларға шоғырлануы тиіс: 

-  реттеу шараларының мақсатты сипаты;

-  билік деңгейлері бойынша реттеудің функцияларын және бағыттарын шектеу;

-  агроөнекәсіп кешенінде нарықтық ортаның бұзылуына жол бермеу, реттеу көлемдерінің шектелуі;

-  жанама тетіктерді барынша қолдану және тікелей әсер ету мейлінше төмен қолдану мүмкіндігі;

-  агроөнекәсіп кешенін реттеу үшін бөлінетін қаражаттардың барынша жоғары тиімділігін қамтамасыз ету;

-  макроэкономикалық жағдайларға, нарықтың жағдаятына, дүниежүзілік нарық үрдісіне қатысты өзгеретін аграрлық сектордың реттеу шаралары жүйесінің баламалылығы.

           Агроөнекәсіп кешенін мемлекеттік реттеудің міндеттерін жүзеге асыру үшін келесідей құралдар қолданылады:

-  агро-азық-түліктік нарықтың субъектілері үшін арнайы салық тәртіптері;

-  мемлекеттік қажеттіліктер үшін ауылшаруашылық өнімдерін және азық-түлікті сатып алу, сақтау, қайта өңдеу және сату;

-  ауылшаруашылық өнімдеріне және азық-түлікке мақсатты, болжамды, кепілді (кепілдік берілген), басымды баға белгілеу;

-  ауылшаруашылық өнімдерінің және азық-түліктің импортын және экспортын тарифтік және тарифсіз реттеу, ауылшаруашылық өнімдерінің және азық-түліктің экспортына қолдау көрсету;

-  ауылшаруашылық тауар өндірушілерге және агро-азық-түліктік нарықтың басқа субъектілеріне ақшалай жәрдем, мақсатты жәрдем, кепілдіктер және өтемақылар беру;

Жүргізілген зерттеулер нәтижелерінің негізінде, біз Республиканың агроөнекәсіп кешенінің тиімді қызмет етуін арттыруға ықпал ететін,  мемлекеттік реттеу шараларының келесідей жүйесін ұсынамыз:

-  ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, сатып алу, алғашқы және тереңдетіп қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау және сату аясында экономикалық қатынастар жүйесін жетілдіру;

-  агро-азық-түлік кешенінің ұсақ тауарын өндіру барысының мамандандырылған орта- және ірі тауарлы өндіріске өтуін, сонымен қатар мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы өнімдерін өндірудің өнеркәсіптік негізге ауысуын ынталандыру;

-  халықтың төлем төлеу қабілетінің сұранысын жандандыру мақсатында ауылшаруашылығы өнімдеріне қатысты бағаны мемлекеттік және нарықтық реттеуді оңтайлы үйлестіру, ішкі және сыртқы нарықта отандық азық-түліктің бәсекелестік қабілетін арттыру;

-   қайта өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын жаңарту және техникалық қайта жасақтау, озық технологияларды және сапаны басқару жүйесін енгізу (ИСО 9000, ИСО 14000);  

-  агроөнекәсіп кешенінің инвестициялық тартымдылығын арттыру, агроөнекәсіп кешенінің материалдық-техникалық қорын қайта жабдықтауға, өндірістің үздіксіз жүйесін қалыптастыруға, ауылшаруашылық шикізатын жинауға және қайта өңдеуге, оны қайта өңдеу кәсіпорнына және соңғы тұтынушыларға жеткізуге ықпал ететін, салық және өзге де жеңілдіктерді енгізу;

-  ауылшаруашылық өнімдерін және шикізатын қайта өңдеу кәсіпорнын елдің аймағы бойынша өндіріс жеріне барынша жеткізу арқылы ұтымды орналастыру, тікелей шаруашылықтарда кәсіпорын, цехтар және өндірістер құрылысын іс жүзінде кеңейту;  

-  қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының өндірістік қуаттарды оңтайландыру;

-  сыртқы нарыққа отандық азық-түлікті шығару үдерістеріне жағдай жасау және белсендіру, астықтың және оның қайта өңдеу өнімдерінің экспортын ынталандыру;

-  Республикада халықты тауарларды стандартизациялау және сертификаттау қызметінің жұмысын жетілдіру арқылы сапасыз азық-түліктерден қорғау және халықаралық стандарттар жүйесімен үйлесім табу мақсатында негізгі азық-түліктерге мемлекеттік стандарттар әзірлеу;

-  сатып алу және тауар басымдылығын ұйымдастыру арқылы азық-түлік нарығын тұрақтандыру;

-  агро-азық-түлік нарығының инфрақұрылымын жетілдіру, атап айтқанда, Республиканың ірі қалаларында муниципальдік көтерме азық-түлік нарығын құру;

-  ауылдық елді мекендерде дайындау бекеттерінің тармақталған желісін құру.

Агроөнеркәсіп кешенінің тиімді қызмет етуін арттыруға және соның негізінде Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, жоғарыда келтірілген іс-шаралар тізімінің ішінде ауылшаруашылық өнімдерін, шикізаттарын және азық-түліктерін өндірушілерден бастап тұтынушыларға дейін агробизнестің барлық шаруашылық субъектілерін тиімді біріктіруді қамтамасыз ететін көтерме азық-түлік нарықтарының жүйесін дамыту басымды бағыттағы іс-шара болып табылады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Кайгородцев А.А. Товаропроводящая система АПК как фактор продовольственной безопасности Казахстана / А. А. Кайгородцев. // Современный научный вестник. – 2006. – № 2. – С. 28-32.

2. Сапарова А. А. Производство и рынок потребительских товаров на пути стабилизации и развития / А.А. Сапарова. // Казахстан на пути к новой модели развития: тенденции, потенциал и императивы роста: Материалы Международной научно-практической конференции. Часть 4. – Алматы, 2003.