Р.Р. Оспанова
Қазақстанның Ресейге
қосылуының Қазақстанда тұрақты сауда
байланысының дамуына ықпалы
ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ
ғасырдың басында Қазақ шаруашылығындағы
өзгерістер орыс өкіметімен енгізілген еді. Қазақ елі
өзінің артта қалған шаруашылық экономикасын
өзінен экономикасы және мәдени дамуы жоғары
дамыған мемлекетпен байланыстыру арқылы көтеруді көздеді.
Бұл кезде мұндай мемлекет Ресей болды. Ресей мемлекеті ХVIII
ғасырдың 30 жылдарында батыс және солтүстік
Қазақстан жерлеріне жақындаған еді.
Отырықшылық және егіншілікпен айналысуды үйрете отырып,
Ресей бұл жерлерге өзінің саяси ықпалын жүргізбек
болды. Қазақстанның саяси-экономикалық дамуына Ресей
экономикасының жоғарылап өсуі себеп болды. XVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ
ғасырдың басында қазақтарда жер өңдеумен
айналысу жеке шаруашылық
көзі болған жоқ, тек қосымша еңбек
түрінде болды. Дегенменде қазақ шаруашылығы өз
халқының сұранысын толық өтей алмады.
Күнделікті тұрмысқа қажетті қарапайым
заттардың жетіспеушілігі орын алды. Негізінен мұндай күнделікті
тұтынуға қажетті заттар жәрмеңкелерде сатылды.
Сол себепті осы кезде кең етек алған сауда түрі ол – керуен
саудасы болды. Бұл қазақ жеріндегі
жәрмеңкелердің рөлін арттырды.
ХІХ ғасырдың басында айырбас
саудамен айналысқан орыс көпестерінің қазақ
ауылдарын аралап баратын қауіпсіз жолдары белгіленді. Олар бұл
жерлерде ұтымды келісімдерге
келді. Олар бастапқыда сұлтандар мен билерге сыйлық жасау
арқылы ауылдарда сауда жасауға рұқсат алған.
Саудагерлер өз тауарларын көбінесе шикізатқа айырбастау,
қазақ байлары өзара келісу арқылы орыс
көпестерінен тауар алып, ауылдарына апарып қымбатқа
сатқан [1]. Осы кезеңде қазақ ауылдарында сауда
байланысы дамып, тауар-ақша қатынастары еніп, Қазақстан
бүкіл Ресейлік және дүниежүзілік саудаға
тартылды. Қазақтар ауылшаруашылық өнімдерімен Ресейдің орталықтанған
өнеркәсіп аудандарын жүн, тері, мақта, ет, мал
және тағы басқа да шикізаттармен қамтамасыз етіп,
орнына орыс өнеркәсібінің тауарларын алды [2]. Патшалық
Ресейдің өндіріс саудасы бір жағынан осы жаңадан
қосылған өлке байлығы есебінен ілгері дамып, тағы
бір шикізат қорының көзін тапты.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында
Патшалық Ресей үшін отарлау саясатын жүргізу
мақсатының Қазақстанға енуінің шешуші
кезеңі болды. Патша үкіметі өзінің отарлау саясатын
іске асыра отырып, Қазақстандағы хандық биліктің
жойылуын жылдамдатты. Енді хандық билік басқарудың ескірген
түріне айналып, қазақ даласына 1822 жылғы
М.М.Сперанскийдің «Сібір
қазақтарын басқару» туралы ережесі енгізілген еді. Осы
ережеге байланысты қазақ сұлтандарының өзара
жерге таласушылдығы нәтижесінде округтар ашыла бастады.
Қазақ сұлтандарының орыс әкімшілігінен округ
ашуын өтінуіне патшалық үкіметтің қазақтар
арасындағы тәртіпсіздікті, барымтаны тоқтататын
уәделері себеп болды. 1822 жылы кіші және орта жүзде
хандық билік жойылып, әкімшілік басқару орыс шенеунігі
басқарған кеңестің қолына өтті. Жергілікті
жерлерде бір орталыққа бағындырылған
қазақтарға жаңа әкімшілік басқару
жүйенің қазақтар үшін қолайлы екені
жарияланып жатты. Ресей
әкімшілігінің алдында тиімді және ыңғайлы
жерлерде округтар ашып, онда мемлекеттік мекемелер ашып, бір орталықтан
басқару ісін іске асыру тұрды [1, 428-429 бб.]. Округтардың
құрылуы жекелеген көшпенді қауымдардың жерлерін
айқын белгілеп берді. Рулық және феодалдық
алауыздықтардың тыйылуына мүмкіндік туғызды. Ру
басыларымен сұлтандардың сайлануы, қажетті дәрежеде
жетілген болмаса да, жариялылыққа әжептәуір жол ашты.
Осымен қатар жарғы ережелеріне сәйкес округ
қазақтарына егіншілікке қажетті жерлер қарастырылып
берілді.
Батыс
Сібірдегі қазақ жерлерімен шекаралас жерлерде салынған
жаңа қала-бекіністер, өлкенің экономикалық
деңгейі көтерілгеннен кейін, Қазақстанды Орта Азия,
Шығыс Түркістан сауда қатынастарының дамуымен
байланыстырып, қазақ халқын орыс халқымен
жақындастырып, сауда-экономикалық қарым-қатынасын
кеңейтті. XVIII ғасырдың соңы мен ХІХ
ғасырдың басында Қазақстан мен Ресейдің саяси-экономикалық
байланыстары бір-біріне өзаралық сұраныста дамыды.
Патшалық
Ресей өзінің қоластына алған қазақ
жерлерінде өзіне қажетті сауда байланысын дамытуда әр
қала орталықтарында көпестер мен саудагерлерді көптеп
орналастыру арқылы оны нығайтуды көздеді. Осы мақсатта
Семей облысындағы Аякөз, Қапал, Көкпекті округтарына
көпестер мен мещандарды қоныстандыру мақсатында, оларға
қалалық жерлерден үй салуға жер, қолөнер
шеберханалары мен өнеркәсіп, шаруашылық орындарын ашып беру
уәде етілді. Сонымен бірге, оларға жерге салық төлеу
мөлшері аз болатындығы ескертілді. Ал көпестер
гильдиялық салықтан 10 жылға дейін босатылатын болды.
1-гильдиялық көпестерде-2 мың күміс капиталы болса, 2 -
гильдиялық көпестерде – 1 мың рубль, 3 - гильдиялық
көпестерде – 400 рубль болуы керек болды. Кейбір қала орталықтарының
көпестеріне сол жерлерде өз қаражаттарына базар
орталықтарын ашу жүктелді [3]. Әкімшілік жағынан басқаруға
ыңғайлы бір орталыққа бағындыру үшін
сыртқы округтарда қазақ болыстықтарын біріктіру
жұмысы басталды. Бұл өте баяу іске асырылды. 1839 жылы
сыртқы округтарда болыстықтар әлі орналастырылып бітпеген
еді. 1849 жылы ғана «ясак» салығы жергілікті халықтан
толық алына бастады. Осы уақыттан кейін ғана М.Сперанскийдің «Сібір
қазақтарын басқару»
туралы ереже қолданыла
бастады десек қателеспейміз. Бұл ереженің
қазақ жерін пайдалануда енгізген өзгерісі әкімшілік
актісінде қарама-қайшылықты көрсетті.
1838 жылдың 6 сәуірінде Сібір
қазақтарының Жеке басқармасының
бұйрығы бойынша қазақ даласында ашылған әр
округта қазына есебінен дүкендер мен базар орталықтары
ашылатын болды. Жаңа әкімшілік қазақтарды жергілікті
басқармамен тығыз байланыстырып, жалпы сауда пайдасын көздей
отырып енгізу керек болды. Алғашқыда қазақтардың
сұранысын сауда-саттықпен қамтамасыз ете отырып, келешекте
оларды өнеркәсіппен айналыстыру көзделді. Сондықтан
сауда орталығына Аякөз, Ақмола, Қарқаралы
округтары ыңғайлы болды. Қазақ даласында
тұрақты сауданы дамытуда жәрмеңке орталығы етіп
Көкшетау және Аякөз округтары 1842 жылы 1 қазанда
бұйрықпен бекітіледі [4]. Орыс әкімшілігіне
мұндағы жергілікті тұрғындармен орыс көпестері
арасындағы сауда байланысын нығайта дамыту басты мақсат
болды.
Қазақ даласын бір
орталықтан басқаруды жүзеге асырған Ресей сауда
байланысын өз мүддесіне қарай дамытуды көздеп, 1822
жылғы Сібір қазақтарын басқару ережесіне
өзгерістер енгізеді. Оның нәтижесінде Омбы және
Петропавл қалалары Тобыл губерниясына қаратылып, Семей мен
Өскемен қалалары Томск губерниясына қаратылады.
Бұрынғы Омбы облысының істер жөніндегі облыстық
бөлімі мен қаржыландыру бөлімі Тобыл және Томск
губернияларының шенеуніктері мен жаңадан құрылған
шекаралық басқарма ісіне беріледі [5]. Бұндай
саяси-әкімшіліктегі өзгерістер, жергілікті халыққа
бекіністер мен қалаларда саудамен айналысуға жағдай жасады.
Енді қазақтарға көпестік гильдияларға жазылып
ішкі округтарға қоныстануға рұқсат берілді.
1838 жылы 6 сәуірде “Жеке Сібір
казактарын басқару ережесінің” қабылдануы Шығыс
Қазақстан қалаларының сауда-әкімшілік
орталықтарына айналуының маңыздылығын арттырды [6]. 1842
жылы осы аталған округтардың қалағанында сауда
жасауға көпестер мен қазақтарға 6 шілдеге жинала
беруге болатындығы жарияланып жатты [7]. Бірақ бұл 1842 жылы
Ақмола, Аякөз, Көкшетау, Қарқаралыда
азиялықтар мен орыстар арасындағы 3 жыл көлеміндегі
тәжірибелік сауда ойлағандай еш нәтиже бермеді [8].
Жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайының
төмендігіне байланысты сауда орындарында күнде сауда жасалмады.
1840 жылы 1 қаңтарда Корпус
Командирінен Сібір қазақтарының Шекаралық шенеунігіне
келіп түскен бұйрықта, әр кезде әртүрлі
себептермен қазақ тәртіп бұзушыларынан алынған
заттарды сатуға Ақмола және Аякөз Приказдарында аукцион
ұйымдастырылсын делінді [9]. Өйткені аталған жерлер сауда
жолы үстінде жатқандықтан, бұл жерлерге саудагерлер
көптеп келетін болған. Бұл заттарды сату Семей мен
Петропавлде жүзеге асырылатын болып шешілді. Қазақ
тәртіп бұзушыларынан тартып алынған малдар, жақсы
қызмет атқарғандары үшін деп, сыйлыққа
қазақтардың өздеріне берілді.
Аякөз және Қапал
округтарында жәрмеңкелік сауда түрін дамытуда жергілікті
халықты отырықшылыққа бейімдеу мақсаты
көзделді. Сауданың бұл түрі Ташкенттен Ресейге
керуендердің өткен кезінде жасалатын болды [3;354-355б.]. Осылайша
Қазақстанның жәрмеңкелік саудасы Орта
Азияның транзиттік саудасымен ұштастырылды.
1854 жылы Өскемен және Семей
қалаларында Бийск саудагерлеріне Аякөз, Көкпекті, Қапал
бекіністерінде саудамен айналысуға арнайы рұқсат қағазы
берілген. Ал Семей мен Өскемен облысы саудагерлері Бийск округында ерекше
рұқсат қағазынсыз сауда жасай берген. Семей облысының шекаралық сыртқы округтары
Аякөз, Қапал, Көкпектіде сауданы бақылайтын
қоғамдық қалалық мекемелер басқармасы
ұйымдастырылмаған еді. Сол себепті Семей, Өскемен, Омбы,
Петропавловск жерлерінде көп
кездесетін жәрмеңкелер туралы 1856 жылы Манифест қабылданады.
Қапал, Аякөз, Көкпекті округтарындағы сауданы
қадағалау қалалық мекеме басқармасының
атаманына жүктелді. Енді басқа жерден келген саудагерлер мен
шаруалар қоғамдық қалалық мекемелерге
ақшалай салық төлеп саудамен айналысатын болды.
Семей облысының Әскери
басқармасында 1856 жылы 27 қаңтарда қабылданған №
293 бұйрық бойынша жергілікті тұрақты сауда
дүкендерінен облыстың
төрағасының
бекітуімен салық алынатын болды. Енді станицалық жерлерден
тыс жерлердегі жекеменшік жәрмеңкелердегі дүкендерден
жұмысқа жалданушылар мен жергілікті халықтың
келісімімен салық алу ұйғарылды [10]. Мысалы, 1854 жылы
Қосшы-Демян жәрмеңкесі 1-нен 15 қаңтарға
дейін болған. Мұндай жәрмеңкелер сыртқы
округтарда көп кездескен. Қаладан тыс болатын
жәрмеңкелерден қаланың қазынасына түсетін
салық алынып, ортақ өлшеуіш таразы
қадағалауға алынатын болды
1855 жылы 3 ақпанда облыс Әскери
Губернаторы Батыс Сібір Генерал-Губернаторынан
Семей облысының
қайта құрылған Көкпекті, Қапал, Аякөз қалаларында
өнеркәсіптердің ашылуынан ол жерлерде
қоныстандырылған көпес, мещан және қаланың
басқа тұрғындарына ұсынылған кепілдіктердің
пайдалы және пайдасызын жергілікті мәселелерге байланысты шешіп,
іске асырылуын қадағалауды сұрады. Бұл қалаларда
көпестер мен мещандар жеткілікті тұрақтандырылғаннан кейін,
олар қалалық шаруашылық бөлімінен қала
басқармасына қаратылды. Осы жағдайға байланысты
қала тұрғындары екі әлеуметтік құрамнан
тұрды: көпестер, мещандар, әртүрлі шендегілер
және казак әскерлерінен. Бұлардың
әрқайсысына өзіндік ерекше
құқықтары бекітіліп, олардан белгіленген
мөлшерде алынған салық қалалық кіріске берілетін
болып шешілді. Бұл қалалық жерлерде тұрып
жатқандардың жеке басы шенінің арқасында дүние-мүлкінің бекуі,
қалада үй салып орнығуына және өнеркәсіппен
айналысуға жер ала алатындығы, олардың сауда жасаудағы
кепілдіктері анықталып қалалық кіріс есебіне бекітілді.
Бұл қалалардағы берілетін кепілдіктер Семей облысының
Кеңесінің жобасында жеке қаралды. 1846 жылы 5 желтоқсанда
қабылданған Сібір Казак Әскерінің ережесіне
өзгеріс енгізбеу үшін, станицалардағы казак әскерлері
қала шенеунігіне бағындырылды. Казак әскерлері жергілікті
орындаушы биліктің құқығымен
станицалық шенеуніктерге қарады.
Казак станицалары мен станица шенеуніктері
жергілікті қала шенеунігіне ортақ заңмен бағындырылып,
қажетті жағдайда қала шенеунігі бұдан басқа да қалаларға осы
кепілдіктермен тұруға келіп жатқандарды бақылап отырды.
Осы кезде Семей облысының Қапал, Аякөз, Қарқаралы
қалаларында өндіріс орындарын ашу және көпестер мен
саудагерлердің құрамын көбірек келтіру мақсатында
көптеген жағдайлар жасала бастады [11]. Ондағы орыс
әкімшілігінің мақсаты Ресейдің ішкі
губернияларындағы зауыт-фабрикаларды арзан шикізат көзімен
қамтамасыз ете отырып, жерлері жоқ орыс шаруаларын жермен
қамтамасыз ету еді. Бұл Патшалық Ресейдің
қазақ даласын отарлаудағы басты мақсаты болды. Ал
жергілікті халық үшін қалалық орталықтарда
тұрақты сауда байланысының дамуы олардың
әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жақсаруына
ықпалдық етті. Қалай болғанда да аталған
кезеңде Қазақстанның Ресейге қосылуы
қазақ даласында тұрақты сауда байланысын дамытты.
ХІХ ғасырда
Қазақстанның Ресейге қосылуымен, орыс-қазақ
қарым-қатынасының кейіннен сауда-экономикалық
байланысқа ұштасуы Ертіс
өңіріндегі
қалалардың үлкен сауда орталықтарына айналуына
себеп болды. Қазақ қалаларындағы
әлеуметтік-экономиканың дамуынан ондағы халық саны
өсті. Бұған шикізат өңдейтін
өнеркәсіптердің жыл сайын көбейуі де көп
ықпалдық жасады. Қазақстан қалаларында халықтың тарихи дамуы мен
өсуі басынан бастап ХХ ғасырға дейін орыс
өнеркәсібінің дамуындағы сұранысын
өтеді. Патша үкіметінің отарлау саясатын
қазақ даласына енгізу
нәтижесінде қалаларда сауда қатынасы жылдам дамыды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Апполова
Н.Г. Экономические и политические связи Казахстана с России в ХҮІІІ-нач.
ХІХ вв. М., АНССР. 1960. – С. 67
2.
Чуланов
Г. Промышленность дореволюционного Казахстана. А., Изд-во Акад. Наук.1960. – С.
3-4
3.
Апполова
Н.Г. Хозяйственное и экономическое отношения Прииртышья в ХҮІІІ-нач. ХХ
вв. М., АНССР. 1960. – С. 276
4.
РФ
ООММ 3-қор, 1-тізбе, 2027-іс, 7,13-парақ
5.
Патканов
С. Статистические данные показывающие племенной состав населения Сибири, язык и
роды инородцев. С.-Петербург. СИР/УСЪ, 1906. – С. 264
6.
Материалы
по истории политического строя Казахстана. А., АН КазССР. Том 1. 1960. – С. 30
7. ҚР ОММ 374-қор, 1-тізбе, 1018-іс, 49-парақ
8. ҚР ОММ 374-қор, 1-тізбе, 4998-іс, 1-парақ
9. ҚР ОММ 374-қор, 1-тізбе, 619-іс, 15,30-парақ
10. ҚР ОММ 1-қор, 1-тізбе, 4-іс,
6,10-парақ
11. ҚР ОММ 15-қор, 1-тізбе, 5-іс,
14-парақ
РЕЗЮМЕ
В данной
статье рассматривается значение открытия внешних округов для развития
стационарной торговли в период присоединения Казахстана к России. Также
показана роль ярмарок как центров стационарной торговли, роль российских
законов в улучшении качества жизни казахского населения и получение
разрешительных документов на основе российских законов для местных торговцев.
Однако, на самом деле эти документы показывают истинную цель колонизации
казахской степи.
SUMMARU
In this article
value of opening of external districts for development of stationary trade
during accession of Kazakhstan to Russia is considered. The role of fairs as
centers of stationary trade, a role of the Russian laws in improvement of
quality of life of the Kazakh population and obtaining allowing documents on
the basis of the Russian laws for local dealers is also shown. However,
actually these documents show the true purpose of colonization of the Kazakh
steppe.