Магистрант Салгараев Е.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Қазақстан

Қазақстан Республикасында салықтық бақылауды   дамытудың өзекті мәселелері 

        Салықтық түсімдер есебінен бюджет табысының қомақты бөлігі құрылады. Сондықтан  қоғамның ортақ қазынасының толық қалыптасуы салық жүйесі мен салықтық бақылауға да байланысты.

Елімізде құқықтық қоғам құру барысында, салықтық заңнаманың орындалуы мен іске асуына бақылаудың жетілдірілуі, заңды және жеке тұлғалар мен салық органдары арасындағы салықтық мәдениеттің жоғарылауы, нәтижесінде ортақ қазынасының ұлғаюы мен мемлекеттік бағдарламалар мен шараларды жүзеге асыруға мүмкіндіктер артып отыр.

Қазір Қазақстан Республикасында салықтық бақылау мәселесі алдыңғы қатарға шығып және ерекше өзектілікке ие болып отыр. Себебі көпшілік шаруашылық субъектілер дербес болып, кәсіпкерлік даму үстінде, сонымен бірге орталықтандырылған ақшалай қорлардың қалыптасуы мен қолданылуы және оны бөлудегі қатынастар жүйесі өзгеруде.

          Жалпы мемлекеттің экономикалық жағдайын көтерудің негізгі шарты, ол өндірісті өркендету, кіші және орта бизнесті дамыту болып табылады.   Мысалы шағын бизнестің елдің әлеуметтік-экономикалық орны мен мүмкіндігін өндірісі дамыған елдер тәжірибесінен көруге болады. Кейбір экономикасы дамыған елдерде шағын немесе орта бизнес кәсіпорындардың 90-95% немесе ұлттық өнімнің 20-25% құрайды [1].

          Шағын бизнес нарық конъюктурасының өзгеруіне шұғыл сезімтал болып нарықтық экономикаға қажетті өзгеріс жасайды, халықтың қаржы немесе өндірістік ресурстарын қолдануды маңызды түрде реттейді.  Шағын бизнес белгілі бір тұтынушы талғамына бейімделгіш және оған жақын тұрып, тауарлар мен қызметтерге деген сұранысын дер кезінде  қамтамасыз етуге икемді.

             Бюджетке түсетін салықтардың басым көпшілігі аса ірі немесе орташа кәсіпорындардан түседі, бірақ шағын кәсіпкерлік жергілікті бюджеттердің түсімдерін көбейтуге өз үлестерін қосады.

         Осыдан шаруашылық жүргізуші субъектілерден ортақ қазына бюджетке салықтық түсімдердің толық түсуін қадағалау мақсатында салықтық бақылаулар жүргізіледі.          

          Шағын бизнес салықтық бақылауға қиыншылық туғызатын экономикалық салаға жатады, егер де ірі өнеркәсіп кәсіпорындары салық органдарының бақылауында болса, мониторинг обьектілері ретінде ылғи көңіл бөлінсе, онда шағын кәсіпорындар бұл бақылаудан тыс қалады. Кейбір мәліметтерге жүгінсек, салықтық құқықты бұзушылық шағын кәсіпорындарда жиі байқалатыны белгілі болып отыр. Әсіресе уақытында салық тіркеуіне тұрмау, уақытында салықтық есепті өткізбеу, түскен қолма-қол ақшаны есепке алмау, бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізбеу және тағы басқалары. Сондықтан да салықтық бақылауды күшейту қажеттілігі туындайды. Ол үшін салық органдары да шағын кәсіпкерлікпен айналысатын салық төлеушілерді тексеру барысында, алдымен олар туралы мәліметтерді жинап, қайсысы салық есебіне тұрғанын, қай салада қандай қызмет  атқарқарғандығын және барлық құқық қорғау орындарындағы оларға түскен мәліметтерді жинап, содан кейін салық тексерулерін жүргізеді. Ол салықтық бақылау сапасын арттырып, бюджетке қосымша салықтар түсуіне жол ашады, сонымен бірге:

-   әрбір салық төлеуші шағын кәсіпкерлік саласында тексеру ұйымдары алдымен қолда бар барлық шаруашылық-қаржылық есеп құжаттарына талдау жасау;

-   камералдық бақылау көмегімен   әрбір жеке есеп құжаттарындағы мәліметтерге сай  салық базасын анықтауға және есеп берудегі мәліметтердің салық декларациясында көрсетілген табыс көздерімен сай келуін қарастыра отырып, салық декларациясы мен бухгалтерлік есептегі  мәліметтермен  салыстырып, олардың дұрыстығын анықтауға болады.

            Одан басқа шағын бизнеспен айналысатын кәсіпкерлердің мәлімет көзін басқа да ұйымдардан, әсіресе оларға қызмет көрсететін банктер, энергиямен қамтамасыз ететін кәсіпорын, жол полициясы және кеден органдарының мәліметтерімен біріктіріп, содан кейін   салық тексерулерін өткізу орынды болмақ.

       Қазір еліміздегі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ инвестициялар көлемін өсіру және салықтық әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру есебінен ел экономикасын теңгерімді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында орта мерзім кезеңіндегі салық саясатының негізгі бағыттары анықталды, олар: 

· шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолдану аясын кеңейту және оларды ең алдымен, экономиканың шикізат емес секторына инвестициялар салуға тарту үшін шаралар қабылдау;

· салық төлеушілер үшін ақпараттық сервис әдістерінің көмегімен салықтық әкімшілендіру процестерін одан әрі жетілдіру және дамыту;

· талдау тәсілдері мен әдістерін және салықтық есептіліктің камералдылығын дамыту; 

· ақпараттық  қызметтерді біріктіру, мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-қимылды жетілдіру және оның тиімділігін арттыруға баса назар аударылған.  

        Осыған байланысты  Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында алға қойылған міндеттерді іске асырудың жолдарын белгілеу, салық заңнамасы мен салық әкімшілігін жүргізу нормаларын қолдануға қатысты мәселелерді түсіндіру мен талқылау, салық төлеушілер мен салық қызметі органдары  қызметкерлері арасында салық мәдениеті деңгейін көтеру негізгі мақсаттардың бірі болып отыр. Мысалы осындай іс-шараны жүзеге асыру үшін   корпоративті табыс салығы (КТС) бойынша камералдық бақылаудың көмегімен "қолма-қол ақшамен жұмыс істейтін" фирмалар мен біркүндік фирмаларды тексерудегі салық төлеуші мен оның сатып алушыларының КТС және қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша салық есептілігінде көрсетілген деректер арасындағы алшақтықтарды анықтауға мүмкіндік беретін модульдер жасалды. Одан кейін ол КТС бойынша салық есептілігінің камералдық бақылауы басқа да тексерулермен толықтырылған болатын.

       Сонымен бірге салық төлеушілер үшін жоспарланған электрондық қызмет көрсетулер қатарында ҚҚС төлеушілер мен жеке кәсіпкерлерді қашықтық тіркеуді, камералдық бақылау нәтижелері туралы хабарламаларды салық төлеушілерге қашықтықпен жіберуді, салық сомаларын қайтаруға немесе есепке жатқызуға салық төлеушілердің өтініштерін қашықтықта табыс етуді, салықтар мен төлемдерді банкоматтар мен wеЬ- дүңгіршіктер және басқа да қызмет көрсетулер арқылы төлеу механизмін енгізу қолға ала бастады.

         ҚҚС төлеуші мен жеке кәсіпкерлерді қашықтықта тіркеген кезде, салықтар сомаларын қайтаруға немесе есепке жатқызуға өтініштерін салық төлеушілер қашықтықта табыс еткен кезде салық төлеушілердің салық органдары  мамандарымен байланысы мейлінше азаяды және мемлекет алдындағы салық міндеттемелеріне байланысты мәселелер, қашықтықта, салық комитеттеріне бармай, шешімін табатын болады. Бұған қоса,   салықтар мен төлемдерді банкоматтар және wеЬ-дүңгіршектер арқылы төлеу механизмін енгізу    салық төлеуші үшін қолайлы. Өйткені төлеу орнын таңдау мүмкіндігін кеңейтеді, яғни екінші деңгейдегі банктердің есеп-касса бөлімдері арқылы ғана емес, сонымен бірге, мереке немесе демалыс күндеріне қарамастаң тәуліктің кез келген уақытында және аптаның кез келген күнінде кез келген банкоматтар мен weЬ-дүңгіршектер арқылы төлеуге болады.

Осыдан салық  саласындағы қызметтердің жүргізудің басты нәтижесі  мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін толтыру  үшін салықтық бақылауды жүргізу және оны талапқа сай орындаумен тығыз байланысты екені күмәнсіз

            Әдебиеттер

1.     КрамаренкоТ.Н.,Комбарова А.М. Салық және салық салу.-Астана: Фолиант,2007.- 104-121бб.    

2.     Смуригина И.А. Налоговый кодекс о налогооблажении малого бизнеса.// Налоговый консультант,2006. - №11.-10-11бб.