Ахметқали Т.А. – экономика ғылымдарының магистрі, оқытушы

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Қазақстан

Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің ерекшеліктері мен мәселелері

 

Мемлекеттің қаржылық жүйесі жалпы толық құрылуы ретінде мынадай ерекшеліктермен айқындалуы мүмкін, яғни біріңғай функционалдық жүйеге барлық қаржылық субъектілерге ұйымдасқан бірлестікке  біріңғайлауды қалыптастыру, қайта өндіру процесінің әрбір қатысушыларының қызығушылықтарын ескере отырып бөлу қарым-қатынастарын тиімді жүзеге асыруға бағытталған, қаржылық қатынастар субъектілерінің барлық топтарын біріккен мақсатты бағыттарымен қамтамасыз ету, қаржылық қарым-қатынас субъектілерінің жеке жүйелік топтарының ақша қорларын қалыптастыру мен пайдалану механизміндегі айрықша ерекшеліктерінің бар болуы табылады.  Осыған қарай отыра, жалпы қоғам өнімін тиімді бөлуді қамтамасыз ететін, мемлекеттің қаржы жүйесін қаржылық қатынастар субъектісін ұйымдастыру формасы ретінде көрсетеді, яғни әрбір жүйелік топ ақша қорларын қалыптастыру мен пайдалану ерекшеліктерін сипаттайды.

Қаржы жүйесі өз табиғаты бойынша бөлу болып табылады, яғни құнды бөлу ең алдымен субъектілер бойынша  жүзеге асырылады. Субъектілер мақсатты түрде ақша қорларын қоғамдық өндірісте қандай рөл алытынына, яғни оның тікелей қатысушылары болып табылатынына, сақтандыру қорғанысын ұйымдастыру немесе мемлекеттік реттеуді жүзеге асырылу тәуелдігіне байланысты қалыптастырады.

Нарықтық жағдайда кәсіпорынның нарыққа бейімделуі үшін аса маңызды рөлді тиімді қаржылық механизмдер ойнайды. Қаржылық жүйе оларды өзіне белгілі түрде қаржылық қатынастардың барлық сфераларының ұйымдасқан жиынтығы ретінде, яғни қорлардың топталу, бөлу және қайта бөлу механизмдердің жиынтығы ретінде көрсетеді. Қаржы жүйесінің келесі элементтерін немесе буындарын ажыратамыз (суретті қараңыз) [1].

ҚР қаржы жүйесі

Мемлекеттік бюджет және аймақтық бюджет,

 жергілікті бюджеттер жиынтығы бюджеттік жүйені көрсетеді

Мемлекеттік несие

Бюджеттен тыс қорлар

Әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы

 

Сурет - ҚР қаржы жүйесі және оның буындары

 

Қаржы жүйесі ұғымының мазмұны қаржылық қатынастардың әртүрлі салалар (буындар) жиынтығын көрсетеді, олардың әрбіреуі ақша құралдарының қорларын қалыптастыру мен пайдаланудағы ерекшеліктерімен, қоғамдық қайта бөлудегі әртүрлі рөлдерімен сипатталады. Бұл қаржылық жүйені субъектілердің ұйымдастыру формасы ретінде ашады және қайта бөлу процесіндегі әртүрлі рөлі мен орнына көңіл бөледі. Қаржы жүйесі көптеген белгілер бойынша сипатталады. Қаржылық қатынастар салалары бойынша мемлекеттің жалпы қаржы жүйесінде олардың қалыптасу деңгейіне байланысты мемлекеттік қаржылар саласы, кәсіпорындардың (шаруашылық субъектілер) қаржы саласы, үй шаруашылығының қаржы саласы болып бөлінеді.

Қаржы жүйесінің салалары өзара тығыз байланыста болады. Қаржы жүйесінің белгіленген сфералары мен буындарының арасындағы мәні олардың қызметтерін өзара қаржылық қамтамасыз етуден тұрады, өйткені дамыған нарықтық экономикада бұл субъекттердің біреуі де өзаражеткілікті бола алмайды, бұлардың арасында ресурстардың, соның ішінде қаржылық  ресурстардың қайта құйылымын жүзеге асыратын белгілі қаржылық қатынастар орнатылады.

Қаржылық жүйені жеке құрастырушылардың орны мен рөлі бірдей емес. Қаржылық  жүйенің басқа элементтері арасындағы алдыңғы орынды мемлекеттік қаржылар алады, өйткені қаржылық жүйедегі өзарабайланысқан элементтер мен буындардың рөлі анықтаушы болып табылады. Шаруашылық субъектілердің қаржысы қаржының негізін құрайды, олар қаржы жүйесінің бастапқы буыны болып табылады. Үй шаруашылығының қаржысы өзімен қаржы жүйесінің ерекше бөлігін көрсетеді. 

Осымен бірге әрбір белгіленген сферада қаржылық ресурстарды құру мен пайдаланудың айрықша формалары мен әдістері пайдалынады, олардың әрбіреуі қаржылық қатынастарының әрбір буындарының өз экономикалық мақсаттарына жетуге бағытталған ерекше функционалдық міндетке және жалпы қоғамдық өнімді қайта бөлуге сәйкес  қаржылық механизмге ие.

Қазіргі жағдайда кәсіпорындардың қаржысы елдің қаржы жүйесінің бөлінбейтін құрамды бөлігі болып табыла отырып, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қатынастарының біршама өзіндік саласы болып табылады. Бұл аларды ғылыми жүйеде микроэкономикалық деңгейде көрсететін жеке категория ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы ғылым ретінде шығындардың қалыптасу процестерін, айналым құралдарын ұйымдастыру мен пайдалануын, қаржылық жоспарлаудың принциптері мен шаруашылықтың тиімді бағасын және т.б. зерттейді [2].

Қаржы жүйесінің дамуы Қазақстанның экономика саясатының маңызды артықшылығы болып табылады. Қазақстан Республикасының қаржы секторын реформалау деңгейі бойынша тәуелсіз мемлекеттер одағының көптеген мемлекеттерге қарағанда озық болып келеді.

Соңғы жылдарда қаржы секторы дамуының жағымды тенденциялары байқалуда. Қаржы ұйымдардың активтері мен капиталы жоғарғы қарқынмен өсуде. Қаржылық қызмет көрсетудің спектрі кеңеюде, олардың сапалығы мен қолжетімділігі жоғарылуда.  Жақын шетел елдердің қаржылық нарықтарымен интеграциондық процестері жанданады. Бұл бағытта маңызды аспект болып еркін бәсекелестік жағдайында сапалы қызмет көрсетуді ұсынатын және қаржы ресурстарында экономиканың нақты секторының қажеттіліктерін қанағаттандыратын қаржы жүйесінің функциялануы жағдайы арқылы қалыптасатын Қазақстан қаржы секторы және қаржы ұйымдарының бәсекеқабілеттілігін жоғарлату қажеттілігі табылады. Қазақстан экономикасы жоғарылауының маңызды факторы болып қаржы жүйесінің  қаржы жүйесінің динамикалық дамуы табылады [3].

Бүгінгі күні өзекті және негізгі мәселелердің бірі болып қаржылық жүйені нығайту және ұлттық экономиканы әлеуметтік даму жолына шығаруды қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл мемлекеттік аппаратпен қатар, барлық қоғамның, ғалымдардың интеллектуалдық әлеуеті және кәсіпкерлердің  мақсатты жігерлігі сияқты күштердің бірігуін талап етеді.

Әдебиеттер:

1. Байдаулетова Г.О. Развитие финансовой системы в современных условиях // Аль-Пари 2010.№ 3,

2. Тургулова A.K., Айтпаева Л.У., Роль и место финансового менеджмента  в финансовой системе // Банки Казахстана 2012. -№ 4.

3. Казахстан в современном мире: реалии и перспективы. – Алматы: КИСИ при Президенте Республики Казахстан, 2008.