Маңғыстау облысының мәдени тарихи
нысандары
Туризм көп
елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша
жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда
балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары
туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі. Туризмнің
маңызы жылдан-жылға өсуде, оның халықаралық
байланыста және валюталық түсім көз ретінде
маңызы артуда. Елдердің
шикізат көзі азайлады, ал туристік индустрия қалпына келетін
ресурстармен жұмыс істеген. Туризмнің басқа да
салаларға тигізетін әсері мол, оның 32 салаға жанама
ыкпалы бар (турфирмалар, көлік түрлері, мейманхана кешендері,
демалыс үйлері, санаториялар, ұлттық парктер, тамақтану
сферасы, т.б.). Бұл дегеніміз -әлемдік өндірісте әр 9
адамның жұмыс орны деуге болады. Туризм индустриясының
мемлекеттік бюджетке түсіретін валюталық түсімі, орта
және шағын бизнеске көмегі, тауар мен қызмет
көрсету нарығы арқылы аймақтардың экономикасының
дамуына ықпалы өте зор. Сонымен қатар, туризмнің
қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық дамуы келесі
көрсеткіштермен сипатталады. Ішкі және халықаралық
туризмнің жалпы шығыны әлемдік ұлттық ішкі
өнімнің 12%-ін құрайды, жыл сайын 1,5млрд. Ішкі және
халықаралық саяхаттау тіркелді.Халықаралық
туризмнің үлесіне жыл сайын әлемдік экспорттың 7%
және қызмет көрсетудің 25-30% келеді.
Халықаралық туризмнің жылдық өсуі 4,0%, ал
болашақта бұл көрсеткіш көтерілмек. Туризм
саласының дамуына ықпал ететін факторлар:
- кез-келген елде, Қазақстанда да
туристік рекреациялық ресурстың болуы;
- туризмге тура немесе жанама салалардың
және кәсіпорындардың дамуы;
- сыртқа шығу туризмнің елге
шетелдік валютаны тартуы;
- аз мөлшерде шығын шығарып
табыс табу;
- алғашқы өндіріс факторын
қамтамасыз етудегі шығынның болмауы; -халықты
жұмыс орнымен қамтамасыз ететін орта және шағын
бизнестің дамуы;
- қызмет көрсету секторының
өсуі;
- елдің әлемдік
қауымдастыққа белгілі болуы және бет-бейнесінің
қалыптасуы.
Қазақстан ерекше табиғи мүмкіндіктер
мен мәдени-тарихи нысандар мұрасына иелік етеді.
Қазақстанның 14 облысының әр қайсысы
қонақтарды көрікті көріністерімен,
халқымыздың бай мәдениетінен хабардар ететін ежелгі
ескерткіштерімен таңғалдыра алады. Туристер 700-ден
астам бағыт-бағдарды таңдай алады.
Қазақстанның солтүстік, оңтүстік,
шығыс, батыс және орталық аймақтары
туризмнің қолданыста бар – танымдық,
ойын-сауықтық, этникалық,
экологиялық, сауықтыру, балалар, спорттық,
аңшылық, атты, шым-шытырық оқиғалы, тағы
басқа да түрлерінің бәрін ұсынуға
әзір.
Батыс
Қазақстан – бұл
екі құрлықтың тоғысқан жерінде
орналасқан 4 облыс: Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау
және Батыс Қазақстан. Осында планетаның ең
төменгі екінші нүктесі – Қарақия ойпаты
орналасқан. 2000 жыл бойы Маңғыстау жерінің
аумағынан Ұлы Жібек Жолы кесіп өтті. Қазір енді
бұл туристік қызықты бағыт-бағдарлардың
бірі. Оған қоса, Батыс Қазақстан саяхатшыларды
балық шаруашылығымен, аң-құсы мол
саятшылыққа қолайлы жерлерімен, су спорты
түрлерінің дамыған инфрақұрылымдарымен
қуантады.
Шақпақ - Ата жер асты мешіті. Бұл осы
аймақтағы ең ежелгі сәулет ескерткіші. Мешіттің
барлық сәулет құрылысына қарағанда,
Шақпақ – Атаның X ғасырдан бұрын салынған.
Батыс Қазақстан - Батыс Қазақстан, Атырау,
Маңғыстау және Ақтөбе облыстарын қамтиды.
Өңір Республиканың қиыр батысы мен оңтүстік
батысында орналасқан. Оның үлкен аумағы
солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км және
батыстан шығысқа 1 300 км созылып жатыр.
Маңғыстау
аумағы бойына 2000 жыл бойына Ұлы Жібек Жолы өтті,
қазір бұл өте қызықты туристік бағдар.
Үстірт қорының түрлі жануарларымен бірге бірегей жер
бедері, бірегей табиғат ескерткіштері мен тарихи және мәдени
ескерткіштерінің көптігі, Каспий жағалауының әсем
орындары әлеуетті турист үшін үлкен
қызығушылық тудырады.
Қарағия ойпаты - Қазақстан мен ТМД ең төмен
нүктесі (теңіз деңгейінен 132 м төмен). Ол бірегей
әсемдігімен ерекше.
Маңғыстау
облысының ең тартымды туристік бағдарларының бірі
Ұлы Жібек Жолы бойымен саяхат, ол Маңғыстаудың
бүкіл аумағынан оңтүстіктен солтүстікке,
әрі қарай солтүстік батысқа, Үстірт даласы,
Шетпин қақпалары арқылы Каспий жағалауына келген. Осы
жерде керуен сарайлар, шағын қалалар: Сарташ, Алта, Кетік
сақталған. Аңызға бай қасиетті тау Шерқала,
ал одан жақынырақта - Шыңғысхан ұлы Жошының
қорған орны. Осы мекенде тарихи - сәулеткерлік ескерткіштер
көп: шыңнан қашалған Бекет - Ата, Шақпақ
Ата жерасты мешіттері және Есет Батырдың мемориалдық кешені.
Ақтау
жақын маңда Форт-Шевченкодан 35 шақырым жерде Тамшалы
атауымен жәннат бұрышы орналасқан. Жасыл дала, тобылғы,
үйеңкі, бұталармен жабылып, сұр - еспемен
көмкерілген. Осы жерде жалбыз бен қара бүлдірген жапқан
көл. Су биік жақтаумен асылған кең тас платформа
астынан шығып. Тамшылап тасты соғады. Осы жерде жылауық
тастар туралы аңызды естуге болады.
Маңғыстаудың
киелі жері – тек қана қазба байлықтары емес,
Қазақстанның тарихи және мәдени
мұрасының ішінде Маңғыстау ескерткіштерінің
алатын орны ерекше. Маңғыстаудың ескерткіштерін діни
сәулет, азаматтық сәулет, тарихи, табиғи, монументтік,
археологиялық ескерткіштер тобы құрайды. Аталған ескерткіштердің
уақыттары тас ғасырынан бастап, қазіргі заман
кезеңдерін қамтиды. Маңғыстаудың тас
сәулет өнері туындыларының бүкіл Еуразия
құрлығында қайталанбауы қазақ халқы
ғасырлар бойы жасаған сәулет ескерткіштерінің өте
ерте заманнан тамыр тартатын ерекше құбылыс екенін
айғақтай түседі. Басқа аймақтарда
әлдеқашан бүлініп, қирап, топыраққа
айналған көне заман жәдігерліктерінің осы өлкеде
мұрты бұзылмай әлі күнге сақталып келуіне
бұл ғимараттардың ерекше сапалы жергілікті тастармен өрілуі
себеп болса керек. Сондай-ақ осындай қайталанбас бірегей өнер
туындыларының қалыптасуына бірнеше табиғи және тарихи
факторлар себеп болды:
- Бір жағы Каспий
теңізімен, екінші шеті Үстірт шоқыларымен көмкерілген
Маңғыстаудың географиялық оңашалануы діни
сенімдер мен рухани, материалдық мәдениетке негізделген осы
өлкеге ғана тән қайталанбас төл
дәстүрлі мәдениеттің ұзақ дәуірлер
бойы сақталуына себеп болды;
- Тарихи дәуірлерде табиғаттың жиі
өзгерістерге ұшырауы, экологиялық қалыпты
жағдайлар мен қолайсыз қуаңшылықтың ауысып
отыруы аймақта көшпелі мал шаруашылығының
қалыптасуына себеп болып, оның өзі көшпелілер
мәдениетінің ерекше болмысын қалыптастырды;
- Арал-Каспий теңізді аймағының ежелден
Солтүстік пен Оңтүстіктің, Шығыс Европа мен
Орталық Азияның мәдениет әлемін,
отырықшылық дәстүр мен көшпелілер
өркениетін байланыстыратын орталық аймақ болуының
өзі Маңғыстау мен Үстіртте ерекше мәдени-тарихи
ескерткіштердің қалыптасуына ықпал етті.
Маңғыстауда
тас дәуiрiмен белгiленетiн адам тұрақтарының молынан
табылуы бір кезде түбектегi ауа-райының неғұрлым
жұмсақ, табиғаты адам тұрмыс-тіршілігіне
ыңғайлы болғанын айғақтайды. Сол заманнан
бастап-ақ жергiлiктi тұрғындар табиғи тасты үй,
әртүрлi шаруашылық құрылыстар салуға
пайдалана бастаған.
Менің айтқым келіп отырғаны Батыс Қазақстан
соның ішінде Маңғыстау облысы табиғи,мәдени
және тарихи нысандарға бай.Сондықтан бұл жер
туристтерді қызықтыратын жаңа бағдарламалар ойлап
табуға болады.Тарихи ескерткіштер,мәдени
құндылықтарды алдымен өзіміз бағалай
білсек,келесі ұрпаққа бұл мұраларды сақтап
қалуымызға болады.Тарих- ол шексіз дүние,сондықтан
ағайын ұлттық құндылықтарымызды
жоғалтпайық ешқашан!
Пайдаланған
әдебиеттер
4. http://www.portaktau.kz/kz/encyclopedia/mang/
5. http://www.mangystau.gov.kz/kz/