Бұхарбаева Ақмарал Жетібайқызы статистика мамандығының магистрі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Есеп және аудит» кафедрасының оқытушысы,

Базыл Ажар «Есеп және аудит» мамандығының 3курс студенті, Қазақстан Республикасы

 

Кәсіпорында басқару есебін ұйымдастыру мен әлеуметтік аспектілері

 

 

Оңтайлы басқару мен қаржылық шешімдерді қабылдау үшін өз шығындарыңды және бәрінен бұрын өндірістік шығындар жайлы ақпаратты талдай білу керек. Шығындарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаларды дұрыс қоюға, шығындарды реттеу мен бақылауға, пайда мен өндірістің пайдалы деңгейін жоспарлауға көмектеседі.

Кейінгі уақытқа дейін талдау мен есел «қазандық» деп аталатын тәсілмен жүзеге асырылып келді. Бір тұтас бухгалтерлік тізілімдеме барлық есепті кезең ішінде колдану орны мен қандай мақсатқа бағытталуына қарамастан, өндіріске жұмсалған барлық қаражат құралдар есептелді. Нәтижесінде шығарылған өнімнің ассортименті мен құрылымы ескерілмей нақты шығыстардың жалпы сомасы шығатын «Қазандық» тәсіл шығындарды азайту мүмкіндігін анықтамайтын шығындардың бағыты бойынша өндірістің шығындарын (кезең шығындары және т.б.), олардың пайда болған орындарын (цехтар, бөлімдер, қызметтер), шығарылатын өнім түрлері бойынша (орындалған жұмыс, көрсетілетін қызмет және т.б.) бақылауға арналған қажетті мәліметтерді алуға мүмкіндік бермейтін. Оның басты жетіспеушілігі ақпараттың иесіздігі. Өкінішке орай, көптеген шағын кәсіпорындар осы уақытқа дейін осы тәсілді пайдалануда.

Қаржылық дербестік оның толық өзін-өзі қаржыландыруынан, қаржылық стратегияны, баға белгілеу саясатын жасаудан тұрады.

Осыған байланысты бухгалтерлік қызметтің жеке саласы ретінде басқару есебін құру қажеттілігі пайда болды.

Бухгалтерлік басқару есебі - шаруашылық және қаржылық іс-әрекетпен шұғылданатын әркімге қажет білім саласы [1. 59 б.].

Шаруашылық қатынастардың қандай тобы көрсетілуіне байланысты бухгалтерлік есеп екі кұрамдас бөлікке бөлінеді: қаржылық есеп пен басқару есебі. Қаржылық есептің мәліметтері салыстырмалы және мекеменің қаржылық жағдайына, оның төлемге және несиеге қабілеттілігіне, оған инвестиция салудың пайдалылығына әділетті баға беру үшін ішкі пайдаланушыларға, инвесторларға, кредиторларға және басқа пайдаланушыларға қажетті ақпарат бөлуге тиіс.

Нарықтық экономика жағдайында елдерде бухгалтерлік есептің дамуы көрсетілген екі бағыт бойынша, өзінің методологиялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық дербестігін алды.

Біздің елімізде бухгалтерлік есеп орталықтандырылған мемлекеттік басқарудың ақпараттық қажеттіліктеріне бағынады. Сондықтан ақпараттық қажеттіліктерді дамытудың табиғи процесі ірі ішкі өндірістік маманданған және еңбек кооперациясының тармақталған жүйесі бар көп деңгейлі құрылымды кәсіпорындардың басқармалары жасанды түрде жоғарыдан тежеді. Нәтижесінде тұтастай ішкі өндірістік басқарма мен оның орталық буыны ішкі марка тұрақты қажеттілікті сезінді және әлі де сезінуде. 1937 ж. 1 каңтардан бастап жүрген мекеменің қаржылық шаруашылық қызметінің бухгалтер есебі шоттарының бас жоспары мен 2003 ж. 1 кантардан бастап қолданысқа енген. Шоттардың үлгі жоспары өндірістік басқаруды есептік-шаруашылық қамтамасыз ету деңгейін күмәнсіз көтеруге тиісті. Жалпы және басқару есебін бөлуді қарастырады. Сонымен қатар, басқару есебінің оқшауланып бөлініп шығуы нарықтық экономика принциптерінің бірі болып табылатын кәсіпорынның коммерциялық кұпияларын сақтауды қамтамасыз етеді.

Сондықтан басқару есебінің мәні мен белгіленген міндетін, оның ұйым есебінің жүйесіндегі орнын, ақпараттык қамтамасыз ету мен жүргізу тәсілдерін карау керек.

Басқару есебі қаржылық есепті кеңейтеді және ең алдымен кәсіпорынның ішкі операцияларында қолданылады. Оның мақсаты - басқару аппаратын, менеджерлерді, нақтылы шаруашылық мақсатына жетуге жауаптыларды ақпаратпен қамтамасыз ету. Басшылық пайдалануы үшін дайындалатын бухгалтерлік ақпаратқа тікелей кәсіпорында жұмыс істемейтін сыртқы пайдаланушыларға арналған ақпаратқа қарағанда, басқадай талаптар қойылады. Басқару есебінің мәліметтері кәсіпорынның коммерциялық құпиясы болып табылады [2. 108 б.].

Сонымен қатар, басқару есебі әдетте бухгалтерлік есептен мәліметтері сыртқы пайдаланушыларға (мемлекет, банк, іскер) арналмағандығымен, ішкі «қолданыс» үшін екендігімен айрықшаланады. Басқару есебінің мақсаты - басшының дұрыс шешім қабылдауына көмектесу. Сондықтан егер бухгалтер есеп беру мен нұсқаудың түрлерін қатаң сақтауға тиіс болса, ал басқару есебі жөніндегі маман талдаудың түрлерін, тәсілдері бастысы - кәсіпорындағы экономикалық процестер барысының мәнін дұрыс ұғыну мен басшыға уақытылы кеңес беру. Басқару есебі - жоспарлау, бақылау, шешім қабылдау сияқты түйінді салада менеджерлерге көмектесу мақсатымен қаржылық ақпарат беру, басқаруды ақпараттық қолдау жүйесінен басқа ештеңе емес.

Сонымен, басқару есебі есептеу, жоспарлау, бақылау, кіріс, шығыстарды жолдау жүйесі мен талдаушылық тұрғыдан қажетті шаруашылық іс-әрекеттің қорытындыларын, қыска мерзімді және ұзақ мерзімді келешекте кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін оңтайландыру мақсатымен әр түрлі басқару шешімдерін шұғыл қабылдау жүйесін көрсетеді.

Басқару есебінің негізінде каржылық, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді басқару жүйесі жатыр.

Нақты басқару есебі кәсіпорындағы міндетті іс-қызмет процестеріне тығыз байланысты методологияға негізделеді, оның үстіне басты назар, мысалы, бөлімшелер қызметін бағалау және өнім мен өндірістің пайдалылығын бағалау сияқты аспектілерге байланысты шығындарды басқару есебіне аударылады.

Осылайша, басқару мақсатымен есептің ақпаратты өзгерту қажеттілігіне байланысты нормативті есеп орнына, әрине басқару есебі келеді.

Басқару есебінің мазмұнын жалпылай алсақ, екі топқа: өндірістік ресурстар, шаруашылық процестері мен олардың нәтижелеріне біріктенуге болатын өндірісті басқарудың бүкіл циклі процесіндегі объектілердің жиынтығы жатады.

Шаруашылық процесстер мен олардың нәтижелері, жинақтай алғанда, кәсіпорынның өндірістік іс-әрекетін құрайды. Оларға іс-әрекеттің мынадай түрлері жатады:

- қамтамасыз ету - дайындау;

- өндірістік;

- қаржылық-өткізушілік;

- ұйымдастырушылық.

Бухгалтерлік басқару есебі - есеп процесі мен кәсіпорынды басқару арасындағы байланыстырушы буын.

Ұйымның өндірістік қызметі және оның жауапкершілік орталықтары деп аталатын жекелей құрылымдық бөлімшелері (сегменттері) бухгалтерлік басқару есебінің ісі болып шығады.

Жауапкершілік орталығы - шығындарды, кірістер мен ұйымдағы бизиестің осы сегментіне инвестицияланатын қаражаты, шығынды бақылайтын менеджер басқаратын құрылымдық бөлімше. Бұл көрсеткіш басшылықтын бөлімшесі үшін анықталады.

Басқару есебінде жауапкершілік орталығының төрт түрі атап көрсетіледі:

- шығын орталығы;

- кіріс орталығы;

- пайда орталығы;

- инвестиция орталығы.

Шығын орталығы - өндірістік ресурстардың шығындарын байқау, бақылау, басқару сондай-ақ оларды пайдалануды бағалау мақсатымен мөлшерлеу, жоспарлау және өндіріс шығындарды есептеуді ұйымдастыратын кәсіпорынның құрылымдық бөлімі.

Өнеркәсіптік өндіріс жағдайында шығын орталығы ретінде кұрылымдық бөлімшелерді бөлгенде мыналарды ескеру керек:

Әрбір шығын орталығы - жауапкершіліктің жеке өрісі, орталық оның басшысына кәсіпорынның барлық шығындарын жоспарлау мен анықтауға көмектеседі. Орталық бір типті машиналар мен жұмыс орындарынан тұрады. Бұл осы орталыққа шығыс орталығын үлкен қиындықсыз есептен шығару үшін біртекті сипаттағы шығындарға себепті болады. Сонымен қатар, ірі шығын орталықтары ұсақтан құралуы мүмкін. Әдетте, шығындар орталығының мөлшері үлкен болған сайын, жауапкершілік деңгейі де биік.

Шығындар орталығы екі бағытта жұмыс істей алады:

-   берілген қаржы деңгейінен ең көп шамада нәтиже алу;

-   берілген нәтижеге жету үшін қажетті  қаржыны ең аз шамаға жеткізу.

Алайда шығындар орталығы басшыларына өндіріс бағасы мен көлемін өз бетінше белгілеуге рұқсат етілмейді.

Кіріс орталығы - жауапкершілік орталығы, мұнда менеджер кірістерді алу үшін жауап береді, бірақ шығындар үшін (мысалы, сауда ұйымның көтерме сауда бөлімі және т.с.с.) жауап бермейді, оның басшыларының іс-әрекеті алынған кірістер негізінде бағаланады. Осы жағдайдағы басқару есебінің міндеті - жауапкершілік орталығының қызмет корытындыларын шығаруда нәтижелерді кесімді белгілеу.

Пайда орталығы - бұл да жауапкершілік орталығы. Оның басшысы бір уақытта өзінің бөлімшесінің кірістері үшін де, шығындары үшін де жауап береді, тұтынылатын ресурстар саны және күтілетін бүкіл мөлшері жөнінде шешім қабылдайды. Іс-әрекетті бағалаудың белгісі - алынған пайда мөлшері. Сондықтан басқару есебі жауапкершілік орталығына кірер шығындардың құны, осы орталық ішіндегі шығындар және сегмент іс-әрекетінің корытындылары шығарда түпкілікті нәтижелер туралы ақпарат ұсынуға тиісті [3. 186 б.].

Инвестиция орталықтары – кәсіпорын сегменттері, бұлардың менеджерлері өз бөлімшелерінің шығындары мен кірістерін бақылап қана қоймайды, басқа орталық басшылары шұғылданбайтын, инвестицияланған қаржыны тиімді пайдалануды да қадағалайды. Басқаруда ең үлкен өкілеттіктері бар инвестиция орталығының басшылары қабылданатын шешімдер үшін кәсіпорын әкімшілігі жекелеген жобалар бойынша бөлген қаражатты бөлу ең жоғары жауапкершілік көтереді.

Басқару есебінің мәні - шығындар мен кірістерді, мөлшерлеуді, жоспарлауды, бақылауды және кәсіпорьшың болашақ даму мәәселелерін үйлестіру мен шұғыл басқару шешімдері үшін ақпаратты жүйелендіретін таллдауға есеп жүйесін біріктіріп кірістіру (интеграциялау).

Ұйымды жауапкершілік орталықтарына бөлу мен оларды маңызына қарай іріктеуді кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы деп атайды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.      Хорнгрен Ч.Т. Фостер Дж., Ш Датар "Управленческий учет". Питер, 2007.

2.      Тайгашинова К.Т., Жапбарханова М.С. Тереңдетілген басқарушылық есеп.Алматы, Экономика, 2008

3.      Жуматов М.К.  Халықаралық қаржылық есептілігі стандарттарына сәйкес   бухгалтерлік есеп: Тәжірибе құралы. / М.К. Жуматов.- Астана, 2010.- 158 б