Современные информационные технологии/1. Компьютерная инженерия.
Магистрант Боканова М.А.
Қостанай
мемлекеттік университеті, Қазақстан
Қазнет және қазіргі медиакеңістік
Сандық-сапалық талдау жүргізудің нәтижесінде
ҚР масс-медиасы Ресей, Қытай,
Еуропа елдері мен Солтүстік Американың пайдаланушылар санынан артта
қалғанын айтып кетуге болады, өйткені электронды
БАҚ-ң инвестициялық қажеттілігі төмен.
Халық
арасындағы салыстырмалы үлесі төмен пайдаланушылардың
жағдайын анықтаушы негізгі факторлар мынадай:
1)
Компьютерлік сауаттылық деңгейі;
2)
Компютерлендіру деңгейі;
3)
Интернетке қол жетімділік деңгейі;
Бір
жағынан, ресми статистиканың көрсеткіші бойынша, еліміздегі
компьютерлік сауаттылық
жоғары деңгейде. ҚР статистика агенттігінің
мәліметіне сүйенсек, халықтың 60 % қарапайым
пайдаланушылар, бұдан олардың интернет-браузерді қолдана
білетінің тұспалдап айтуға болады. Олай болса Интернетті пайдалануға қажетті
білімі бар халықтың жалпы үлесі 62,5 %
құрайтын болады. Бұл ретте, пайызы ең
жоғарғы компьютерлік
сауаттылық деңгейі,
Интернет-БАҚ саны көп
тіркелген облыстарға (Астана қ. – 92,0; Ақтөбе облысы –
90,6; Ақмола облысы – 76,3). келеді екен.
Бірақ, «Интернет желісі
қазақстандық сегментінің (Қазнет) бірыңғай
ақпараттық кеңістігін қалыптастыру мен дамытудың
2008 - 2012 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сәйкес Қазақстан халқының
жартысы (53,1 %) Интернетке
кірудің бірден-бір технологиясын
білмейді екен.
Егер
еліміздегі компьютерлендіру деңгейін қарастырсақ, IDC Central Europe GmbH мәліметінше 2008 жылы
Қазақстанда компьютерлердің орналастырылған саны 1,6 млн. құрады, бұл Интернет пайдаланушылардың потенциалды
санынан төмен деген сөз.
Қазақстанда
барлығы 10 341 (2 973 БАҚ белсенді жұмыс істейді) тіркелген
бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс
істеуде, олардың 250-ден астамы электронды БАҚ. Масс-медиа негізінен ірі қалаларда – Астанада,
Алматыда және облыс орталықтарында шоғырланған.
Әрі бұрынғысынша аудандық аз тиражды газеттерді
шығару ісі де жалғасып келеді.[1].
Қазақстанда басылымдардың негізгі бөлігі
(85-90%-дан астамы) мемлекеттік емес болып табылады. Мемлекеттік басылымдар жергілікті
әкімшіліктердің қолдауымен (билік органдарының
өкілдері) елдің барлық аймақтарында жұмыс
істеуде. Астана мен Алматыда бірнеше мемлекеттік республикалық
газет-журналдар шығарылады, республикалық мемлекеттік телевизия мен
радиостанциялар хабар таратады.
Ресми статистиканың
Қазақстандағы басылымдардың көпшілігін
тәуелсіз етіп көрсеткеніне қарамастан, БАҚ-ның
негізгі бөлігі билікке адал, оған масс-медиа иелерінің
билікке жақындығы, басылымдардың мемлекеттік қаражатты
алып отыруы және басқа да жағдайлар себепші болып отыр.
Соңғы жылдары
БАҚ-ның меншіктік түріне қарамастан, басылымда
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жариялау таралған, яғни
республикалық және жергілікті мемлекеттік органдар БАҚ-да
түрлі тақырыпта әлеуметтік маңызы бар ақпаратты
жариялау конкурсын жариялайды. Масc-медиа конкурсқа өтініш жібереді,
оның жеңімпаздары әдеттегідей билікке ыңғайлы
басылымдар болады. 2009 жылы Қазақстанның мәдениет
және ақпарат министрлігі бойынша БАҚ-ы мемлекеттік
әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 1,1 млрд. теңге (7,3 млн.
АҚШ доллары) алды. Және тек белгілі бір басылымдар жылма-жыл
мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу тапсырысын алушы
болып шығып отырады.
Қазақстандағы
бұқаралық ақпарат құралдарының меншік
иелері–көбінесе коммерциялық корпорациялар,
қаржылық-өндірістік топтар, ал аймақтарда ірі
және орта деңгейдегі бизнесмендер. Әдетте, меншік иелері
өздерінің БАҚ-ның иесі екенін жария қылмайды:
басылымдардың ресми меншік иелері жекеменшік компаниялар немесе делдалдар
болып табылады.
Республикада
бірнеше ірі медиа-холдинг бар, олардың иелері не
қаржылық-өндірістік топтар, не ірі бизнесмендер. Сонымен
қатар, холдингтерге мемлекеттік бұқаралық ақпарат
құралдары да біріккен («Арна медиа» холдингі – «Хабар», «Ел арна»,
«Қазақстан», CaspioNet телеарналары, «Қазақ радиосы»,
«Хабар», «Шалқар» радиостансалары, «Егемен Қазақстан»,
«Казахстанская правда» газеттері, «Қазинформ» ақпараттық
агенттігі және басқалар) және «Нұр
Отан» партиясы иелік ететін БАҚ бар («Астана» телеарнасы, NS және
РДВ радиостансалары, «Айқын», «Литер», «Түркістан» және
басқалар). Басқа холдингтер формалды құрылымдарға
жатпайды [2].
Сонымен, мынадай қорытынды
жасауға болады, қазіргі кезеңде Қазнетте
аймақтық интернет-БАҚ-ң барлық түрлері ұсынылған.
Оған қоса, мұндай ақпараттық-ресурстарға қойылатын
белгілі бір талаптар бар. Екіншіден, қостанайлық
дәстүрлі және Қазақстанның
интернет-БАҚ-ның ынтымақтастық деңгейі,
конвергенттік бастапқы
қалыптасу кезеңінде тұр. Үшіншіден,
Қазнеттің блогсферасы лайықты түрде дамымаған,
сондықтан аудитория шетелдік блог платформалармен, әр түрлі
әлеуметтік желілерге ауысып отыр.
Әдебиет:
1. Қазақстан
Республикасы Статистика Агенттігі. - URL: http://www.stat.kz
2. Домены./Доменный Казахстан.-10.05.2010. URL: http:/lexa.kz.