Современные информационные технологии/ 2.Вычислительная техника и
программирование
Қоғамда
ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен
таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол
сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі
ықпал етеді.
Қазіргі заманғы оқыту интелектуалдык
ерекшеліктеріне сүйене отырып білім беруді жаңа инновацияларды
пайдалануды кажет етеді. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университетте «Ақпараттық технологялар, автоматика және
телекоммуникациялар» факультетінің
«Есептеу техникасы және информатика» кафедрасында «Функционалды
және логикалық бағдарламалау» және «Логикалық
бағдарламалау» таңдау бойынша үш кредитті пәндер
жүргізіледі. Бұл пәндерді оқытуда Пролог логикалық бағдарламалау тілі
қарастырылған.
Бағдарламалауда процедуралық әдістен басқа, оның өкілдері Бейсик, Паскаль, Си сияқты жоғары дәрежелі әмбебап тілдермен қатар, тағы екі бағыт - функционалдық (қызметтік) және логикалық бағдарламалау жатады.
Функционалдық бағдарламалау қарапайым идеяға негізделген, бүкіл информацияны өңдеу және соңында алынған нәтиже кейбір қызметтерді орындайтын салымды немесе рекурсивті функцияларды шақыру түрінде көрсетілуі мүмкін, сондықтан бір функцияның мәні екіншісінің аргументі ретінде қолданылады. Функционалдық бағдарламалау тілінің
өкіліне Лисп (Lisp proces – sing
– тізімдерді өңдеу) тілі жатады.
Логикалық бағдарламалау
жүйелер, тілдер, тәсілдер, анықтамалар шеңберінен
құралған. Оның негізінде қайсыбір логикалық
тілде тапсырманы түжырымдар жиынтығымен шешу идеясы жатыр,
және қайсыбір формальды дедуктивті жүйеде логикалық
қорытындыны құру жолымен тапсырманың (есептің)
шешімін шығару жатыр. Осы түрдегі ең әйгілі
жүйелерге Пролог (Program ming in logic – логика жүйесінде
бағдарламалау) тілін жүзеге асыру жатады. Пролог тілі Си, Паскаль,
Фортран, Бейсик сияқты,
алгоритмдерді жазу үшін арналған дәстүрлі
бағдарламалау тілдерімен салыстырғанда, мына ерекшкліктерге ие:
¨
Прологтағы
бағдарлама алгоритм емес, формальдық логика тілінде есеп шарттарын
жазу болып табылады;
¨
Пролог тілі есептеу
немесе графикалық есептерді шешу үшін емес, логикалық
есептерді, адамның логикалық ақылын қорыту процессін
моделдеу үшін арналған; есептеулер мен графикалық
құрылымдыр Прологта логикалық қорытындының
қосалқы өнімі ретінде орындалады;
¨
Пролог бағдарламашыдан
ерекше ойлау қабілетін талап етеді, ал бұл процедуралық
бағдарламаларға үйренгендердің оны оқуын
қиындатады, сондықтан да маман бағдарламашылар бұл
тілге өтуге құмарланбайды, бүл Пролог тілінің
дамуына кері әсерін тигізеді; бірақ көптеген елдерде
(Жапония, Англия, Франция, Германия, Израиль және т.б.)
бағдарламалауды оқытуда бірінші оқытылатын тіл ретінде білім
беруде Прологты практикалық қолдану көбейуде, Паскаль
типіндегі процедуралық тілдерге көшу бұл жағдайда
қиындықтарды туғызбайды.
Осының барлығы Прологты
жоғары дәрежелі тілдерге (тілге) жатқызады. XX –
ғасырдың 90 жылдарында 5-ші дәрежелі компьютерлерді (жасанды
интелектке ие) құрудың жапондық жобасында Пролог
аппаратты ұжымдастыру және бағдарламаны жасау негізі ретінде
қолданылған. Қазіргі Пролог, әрине, 5-ші дәрежелі
ЭЕМ-дерді бағдарламалау тілінің, соңғы вариантына
жатпайды және болашақта мәңгі дамуын алады. Ол
дискриптивті бағдарламалауда Бейсик ролін алатын шығар; оның
мәні мен даму мүмкіндігі, логикалық бағдарламалау
идеясының таралуы өте жоғары.
Пролог базасы үлгілерді салыстыру, мәліметтерді иерархиялық құрылыста көрсету және автоматты түрде қайтарудан құрылған механизмдердің шектелген тізбегінен тұрады, осы шағын тізбек ғажайып қуатты және икемді бағдарламалық аппаратты құрайды. Пролог тілінің жетістіктері мынаған
негізделген, бір жағынан, ондағы логикалық формулаларды
қолдану арқылы көптеген практикалық есептерді жазып
шығуға болады, ал екінші жағынан қарапайым
интерпретациялары формулалардың табылған және логикалық
бағдарламалау жүйесін жеткілікті дәрежеде тиімді жүзеге
асыру енгізілген, Пролог әсіресе, ішінде объекттері және
олардың арасында қатынастары болатын есептерді шешуге жақсы
бейімделген. Тіл құрылысында мәліметтер базасымен
қарапайым және тиімді жұмыс істеу мүмкіндіктері
қарастырылған, бұл оның негізінде әртүрлі
типтегі ақпараттық–анықтама және экспертті
жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Пролог
обьекттер және олардың арасындағы
қарым-қатынастары туралы есептерді шығаруға өте
қолайлы. Пролог дегеніміз- логика терминдерінде бағдарламалау.
Пролог тілі жасанды зерде жүйелерінде, эксперттік жүйелерінде
және мәліметтер базасында қолданылады. Жасанды
интеллект–бұл адам ойын
компьютерде бейнелейтін программалық жүйе.Сондықтан осы жүйе
ретінде Пролог программалау тілін студеттерге таныстырып және
мысалдар арқылы дебес компьютерде үйрету қарастырылған. Пролог тілінде
программалағанда
шешімді сипаттау біраз
жеңілдетіледі, және
студент есеп шешімдерін алгоритмдік
тілдерде
программалағандағыдай
шағын
қадамдарға бөліп
программалау
әдістерін
іздестірмейді,керісінше
тікелей есеппен айналысу
мүмкіндігіне ие болады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Хоггер К. “Введение в логическое
программирование”.